Қазіргі шешендік өнер қандай?



Дата25.11.2023
өлшемі17,66 Kb.
#127986

Қазіргі шешендік өнер қандай?

«Шешен» сөзі қазақ тілінің этимологиялык сөздігінде былайша түсіндірілген: "Шечан // сәсән сөзі қырғыз, қаракалпақ, өзбек, башқұрт тілдерінде де қазақ тіліндегідей мағынада қолданылады. Түркі тілдерінің бұл тобында шешен сөзінен туған шешенсу, шешенсіну сөздері кездеседі. Өзбек тілінде чечан сөзінің “неге болса да ұста, шебер”, тува тілінде (чечен) "әдемі, көркем» деген қосымша мағыналары бар. Моңғол, бурят-моңғол, қалмақ тілдерінде қәқән, сэсэ(н), цэцэ сөзінің "данышпан, ақылғөй, дана, тапқыр» деген мағыналармен қатар "мерген», дәл тигізетін, дәл басатын деген де мағынасы бар. Чечен // сасан сөзінің бұл мағыналары алтай, якут, тува тілдерінде де кездеседі. Б.О.Оразбаева қыргыз тіліндегі чечерке сөзін талдай келіп, бұл форма моңғол тiлдерiнен ауысқан болу керек дейді. “Шешен сөзi – шеш (чеч, сэс, цэс, цэц) түбірі менен қосымшасынан тұратын түрік, моңғол тілдеріне ортақ сөз болуы мүмкін” (Б.С.) (“Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі”. А. 1966, 222-б.).


Бiз бұл пiкiрге косыламыз. Б.О.Оразбаева айтқан сияқты, шешен, моңғол тілінен ауысқан сөз болмауы керек. Осы сөздің түркі тілдерінің барлығында қолданылғанына қарап және түркі, моңғол тілдерінің түбі бірлігін ескерсек, түркі-моңғол тілдеріне ортақ сөз болып шығады.
Шешен сөзі қазақ тiлiнде өте ертеден колданылып келеді. Бұл сөздің мағынасы алдында шешіліп сөйлейтін түйінді мәселелердi шешiп сойлейтін данышпан, акылгөй, дана деген ұғымдармен өзектес. Шешен сөзі қазақ тілінде сөзшең, айтқыш, тапқыр, суырып салма, ділмар, қызыл тілге жүйрік дейтін сөздермен катар қолданыла береді. Шешен сөзін халықаралық терминмен атасақ, “оратор” деген сөз. "Оратор” латынның "очаче” – "айту”, "сойлеу” деген сөзінен шыққан. Дальдің түсіндірмелі сөздігінде “оратор” вития (ділмар), краснослов (кызыл сөз), речистый человек (сөзшең адам), мастер говорить (сөйлеудің шебері). Осының бәрінде де шешен (оратор) әсерлі, әдемі, бейнелі, көркем, ойлы сөйлей алатын адам деген мағынаны білдіреді.
Ал казiргi орыс тiл бiлiмiнде шешен деген сөз көпмағыналы: 1) шешендік өнермен айналысатын адам; 2) жиналыста т.б. көпшілік алдында сөйлейтiн адам; 3) кызыл тілді меңгерген шешен сөйлеуге қабілетті адам. Осы себепті де бұл сөздің әр жақты түсініктемесі пайда болды. Тіпті орыс тіл білімінде "оратор” деген сөзге анықтама тіркеп айту да бар: жақсы шешен, жаман шешен, талантты шешен, жалынды шешен т.б.
Осы мағыналардың қайсысын негізгі ұстаным етіп аламыз десек, айтарымыз: Шешен дегеніміз мол білімімен, айшықты, әсем тілімен окырмандарына әсер ететін, бір нәрсе туралы сендiрiп, бiр нәрсеге ұмтылдыратын, сөзге тапқыр, ойы терең, білімдар адам.
Кез келген адам шешен бола ала ма? Осы сұрақтың төңірегінде таласты пікірлер бар. Біреулер ол Алланың берген сыйы, таланты, жаратылысынан болады десе, екіншілері шешенге кажетті касиеттерге дамытумен, тәрбиемен, көп окумен жетуге болады дейді. Бұл бүгінгі күннің таласы емес, шешендік өнер тарихында үнемі туып отырған сұрақ. Көне Римнің мындаған жылдар бұрынғы әйгілі шешені және теоретигі Марк Туллий Цицерон айткан: "Ақын болып туады, шешен болып шыгады ("поэтами рождаются, ораторами делаются»). Ұлы шешен акындыкка талантты болып туу керек екенiн, ал шешендiкке коп окып, коп iзденiп, көп сойлеп жаттыгып, күш-қуат жұмсаудың кажеттігін айтты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет