Набатат сөзін жазып біткеннен соң, нәбатат сөзін алып, оны набататқа



Дата02.12.2023
өлшемі182,66 Kb.
#131711
Байланысты:
срс лингво


15) Набатат сөзін жазып біткеннен соң, нәбатат сөзін алып, оны набататқа сілтейді де, Абайдан мысал келтіреді. Содан кейін НА деген жуан буыннан басталатын сөздерге кайта ауысады. Ал НӘ буынына барғанда нәбатат сөзін тағы алып, бұл сөзді үш мағынаға бөледі. Оның 2-ші, 3-ші мағыналары артық. 1-ші мағынаға набатат сөзіндегі Абайдан алынған әлгі мысалды қайта береді. Сонда Абай қайсысын қолданған: набатат деп пе, нәбатат деп пе?
16) Құрылымдау сөзіне «құрылымда етістігінің қимыл атауы» деген анықтама берілген. Дұрыс-ақ делік. Бірақ құрылымда түбір етістігінің өзі сөздікке алынбаған.
17) Біраз сөздердің анықтамада көрсетілген мағыналарына оның мысалдары сай келмей жатады. Мәселен, «бағзы» сөзіне «кейбір, қайсыбір, бірқатар, бірсыпыра» деген синонимдік анықтама берілген. Оған берген мысалы «Бағзы уақытта, төлдің алғашқы дәуірінде…» деп келеді. Бұл мысалдағы бағзы сөзі - «кейбір, қайсыбір» дегенді емес, «баяғы, бұрынғы, ертедегі» деген мағынаны білдіріп тұр.
18) Кейде атау сөз сөздікке алынады. Бірақ оған анықтама берілмей, тек мысалын беріп, өте шығатын жағдайлар да кездеседі (Шамасы, анықтаманы қалай берерін білмеген болу керек). Бұған дәлелді кершақат, көдекте, пайтахты, түмен (2-ші мағынасы) атау сөздері мен шулан тарту тіркесінен табасыз. Жазылған анықтама аяқталмай қалған жерлер де жоқ емес, Мысал үшін бәрпі2, мойнақ2 сөздерінің анықтамаларына қараңыз.
19) Кейде сөзге (мағынаға) берілген мысалдың қайдан алынғандығы көрсетілмей кетеді. Әлдеқашаннан, түйесіңір (2-ші мысалы) сөздерінің мысалдары сондай кінәраттарға ұшыраған.
20) Егер сіз он бес томдық ТС-те ұқыпсыздық пен жөнсіздікке көзіңізді жеткізгіңіз келсе, мен құсап сөздіктің әр томын ақтарып, оның әр бетін оқып, әуре болудың қажеті жоқ, тек 9-шы томның 573 бетін ғана ашсаңыз жетіп жатыр. Атау сөздердің әліпбилік ретін сақтамау (қисында- су-қисыққанат), біріктіріліп жазылатын сөзді бөлек жазу (қисық төс), бөлек жазылатын сөзді біріктіріп жазу (қисықсызық - бұл сөз орфографиялық сөздікте бөлек жазылған), бір сөзді екі рет алу (қисын - 573, 574; қисындасу
- 573, 575), бір сөз тіркесін біріктіріп жазып, бір рет (қисықсызық), бөлек жазып, екінші рет алу (қисық сызық), бір сөз тіркесін бөлшектеп, екі не үш сөз тіркесіне айналдыру (қисық табан, қисық табан етік), сөз тіркесі бола алмайтын тіркестерді сөз тіркесі ету (қисық бетті, қисық жорыды), сөздікке алынуға құқысы жоқ сөз бен сөз тіркесің сөздікке алу (өтпелі қисық сызық) дегендердің бәрін осы томның осы бетінен табасыз.
21) Сөз мағыналары сараланғанда кейде 1-ші мағына деген цифр тұрады, бірақ ол сөздің 2-ші, 3-ші мағыналары жоқ болып шығады немесе бір деген цифрдан кейін екінші деген цифрды тастап кетіп, үшінші мағынаны жазады. Болмаса үшінші мағынадан кейін тағы да үш деген цифрды қайталап қойылып, келесі мағынаға ауысады.
Бұларға мысал сөздіктің мына беттерінде бар: 3,207; 6,219; 6,498; 7,150; 8,325; 8,366; 8,723; 14,200; 15,266; 15,443 т.б.
2 2) Әдетте атау сөзге берілген мысалда сол сөз тұруы керек. ҚӘТС-ті жасаушыларда атау сөзі бір басқа, мысалдағы сөзі екінші басқа болып келеді. Немесе әлгі атау сөздің өзі мысал ішінде жоқ болып шығады. 7-кестеге қараңыз:


23) Түсіндірме сөздікке алынған сөздер мен сөз тіркестерінің барлығы әліпбилік жүйе бойынша орналасатындығы белгілі нәрсе. Солай бола тұрса да. 15 томдықтағы атау сөздердің, сөз тіркестерінің әліпбилік жүйелері әр уақыт сақталына бермейді. Мәселен, 4-томдағы дәбірле сөзі мен дәз сөздерінін аралығына дегбір сөзі, оның тұрақты тіркестері кіріп кеткен. Бұл - сөздік жасаушылардың кейбіреулері әліпбилік жүйені жақсы білмейді деген сөз.


Мұндайлар 15 томдықта аз емес. Сондықтан біз әліпбилік жүйесі бұзылған кейбір томдарды, олардың беттерін көрсетіп қана өтелік: 1,98; 1,309; 1,418; 1,667; 2,580; 3,15; 3,109; 3,143; 3,303; 3,313; 3,731; 3,738; 4,540; 6,65; 6,91; 6,137; 6,141; 6,209; 6,272; 6,607; 7,164; 7,237; 7,512; 7,703; 8,44; 8.166; 8.208; 8,484; 9,152; 9,573; 10,504; 11,225; 11,314; 11,418; 11,419; 11,480; 11,523; 12,25; 12,329; 12,409; 12.652; 12,689; 12,705; 12,706; 12,748; 13,416; 13,652; 14,49; 14,123; 14,668; 14,686; 14,707; 15,53; 15,195; 15,231; 15,299; 15,423; 15,565; 15,746 т.б.
24) Омоним сөздерді бір-бірінен ажырататын белгі - олардың шекесіне койылған нөмірі. Неге екені белгісіз, тұлғасы бірдей есім сөздер мен етістіктер қатар келсе, 15 томдықты жасаушылар есім сөздердің шекесіне 1, 2, 3 деген сияқты омонимдік белгілерді қояды, ал етістіктерге ондай белгі қоймайды. Шамасы, олар етістіктер есім сөздермен омоним бола алмайды деп түсінетін сиякты.
25) Омонимдерге белгі қоюға байланысты екінші кемшілік - сөздің шекесінде «бір» деген белгі тұрады. Соған қарап, екінші омонимді іздесең, ондай омоним сөздікте жоқ болып шығады. Мыс.: бөбек, жоргем, жүйе, көшірме, қорыл, мойын, мұндар, төстабан, түйме, түлек, үсті, шақай т.б.
26) Кейде тіпті омоним сөздер сөздікте қатар тұрады, бірақ олардың ешқайсысының шекесіне омонимдік белгі койылмайды. Мыс.: албырат, аршыл, кекірт, кешіл, тыным, тыныс, тырқылдақ, шатынауық т.б.
Міне, 15 томдықтағы ұқыпсыздық, құнсыздық, немкеттілік дегендердің көріністері осындай.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет