Қазіргі таңда ғылымға берілетін анықтама


Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлерін сиппатаңыз



бет15/24
Дата23.01.2023
өлшемі55,07 Kb.
#62405
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
29. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлерін сиппатаңыз
Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлеріне: ғылыми баяндамалар, рефераттық жұмыстар, зертханалық және практикалық тапсырмалар, эксперимент жүргізу, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар жатады.
Ғылыми баяндамалар- аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат.
Реферат (латын. referat – баяндасын, refero – баяндаймын) – кітап мазмұны, ғылыми жұмыс, ғылыми зерттеу қорытынды-лары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау; Белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндама. Реферат ғылыми-ақпараттық сипатта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында ізденушілерді ғылыми ізденіс пен талдауға баулу мақсатында қолданылады.
Қойылған мақсаты мен мазмұнына қарай рефераттарды төмендегідей типтерге бөлуге болады:
Ақпараттық рефераттар. Мұнда автор бір немесе бірнеше жұмыстың мазмұнын қысқаша баяндайды.
Бағалаушы рефераттар белгілі бір проблема бойынша бірнеше ғылыми әдебиеттер негізінде жазылады және проблемаға түрлі көзқарастар, түрлі жұмыстардағы ғылыми тұжырымдамалардың сыни талдамасы келтіріледі, реферат авторының ұстанымы анықталады.
Зертханалық және практикалық жұмыс- кез-келген пән бойынша белгілі бір сұрақтарды немесе міндеттерді шешу барысында студенттер жүргізетін жеке, топтық, ұжымдық іс-әрекет.
Эксперименттік жұмыс- нақты жағдайды есепке ала отырып, педагогикалық үдерісті немесе белгілі бір құбылысты, мәселені зерттейтін ғылыми тәжірибе. Педагогикалық экспериментке сүйеніп, зерттеуші оқу-тәрбие үдерісінің тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін, формаларын, мазмұнын тексере алады.
Эксперимент (лат. eksperimentum - тәжірибе ) -ежелден қалыптасқан ғылыми-зерттеу әдістерінің бірі болып табылады. Эксперимент алғашқы кезде адамдардың қоршаған ортаны бақылау, танып білулерінен бастау алды. Ол бақылау әдісімен тығыз байланысты. Алайда эксперимент пен бақылау бір нәрсе емес. Эксперимент барысында зерттеуші құбылысты жай ғана бақылап қоймай, сол құбылыстың өзгеруіне де мүмкіндік береді.
Курстық жұмыс студенттердің шығармашылық қабілеттерін танытады, педагогикалық ойлауын дамытып, ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастырады. Курстық жұмыстың мақсаты- студенттердің логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерінің оқу-тәрбие үдерісіндегі дағдысын, ғылыми-зерттеушілік шеберлігінің деңгейін, теорияны практикамен ұштастыра білу мүмкіндігін практикада қолданып, қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет