137
тарихы тым ертеден (көне дәуірден) басталатындығы
мәлім. Ендеше «мына атау бірінші шықты», «ана атау
екінші шықты» деу үшін сол халықпен бірге туып, бірге
жасасып, әр сөздің шығу тарихына жылнама жазу керек.
Сонда ғана біз жоғарғы сұраққа дәл жауап бере алған
болар едік. Бұл, әрине, ешкімнің қолынан келмейтін
нәрсе. Сондықтан біз ең байырғы өсімдік атауы не
ағаш пен бұтаның, не жеміс пен жидектің, болмаса
астық тұқымдастарының біреуінің атауы болуы мүмкін
деп жобалаймыз». Ғалымның пікіріне біз де қосыламыз.
Себебі ғылымда біріншілік, екіншілік атауға қатысты
түрлі болжамдар болғанмен, олардың жүріп өткен
жолдарына тек тарих қана куәлік ете алады. Зерттеуші
еңбекте
өзгелердің
өсімдік
атаулары
туралы
көзқарастарына өзіндік дәлелдерін келтіріп, олардың
жасалу жолдарына, уәжділігіне танымдық, тілдік
тұрғыдан талдап, сипаттама береді. Бір өсімдік атауына
түрлі атаудың берілуін автор өсетін орны, жеріне қарай
Достарыңызбен бөлісу: