Қазіргі түркі тілдеріндегі сөзжасамдық Үдерістер шойбекова ғазиза бейсенбекқызы



Pdf көрінісі
бет26/54
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#35309
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54
Қаз ~ қаз және қазық ~ қасық ~ қазық (жер) сынды 
сөздердің семантикалық тәсіл арқылы дамуы. 
Qas – қабық. Заттың сырты сылынып алынып 
тасталынатын сыртқы жамылғышы. 
Qacan – қазушы адам, қырушы. 
Qasіq – қазылған жер. 
Qasі – қасу, тырнау, қышу. 
Qasuq – қасық. 
Qaz – қазу, ою. 
Qazan – жер атауы (Татар елінің астанасы болуы 
мүмкін).
Qaz ~ uq – қазық. 
Qaznaq – қазына, яғни қазылып алынған байлық. 
Qaznaq ur – қазына жинау, байлық. 
Qazuq – қазылған, ойылған жер.
Qazі – қазы. Араб тілінен енген сөз деп берілген [ДТС]. 
Біздің ойымызша, бұл сөздің мағыналық көрінісі өз 
тілімізде де бар, яғни қазбалап сұрап, әділетке жетуші. 
Көне түркі Qas және Qaz сөздері сондай-ақ Qazuq
Qasuq, Qaz ~uq, сөздері семантикалық тәсіл арқылы 
дамыған. Qaz сөзі қазу, ою қимыл мағынасын берсе, Qas 
сөзі атаулық қазылған жерден алынған артық топырақ 
немесе қабық секілді мағыналар орын алған. Ал 
қазылған жер, қазық сөздерін білдіретін Qazuq, Qazuq 
лексемалары да семантикалық тәсіл арқылы дамып 
отыр. Мұнда қазылған жер мен жерді қазу үшін 
пайдаланылатын құрал атауы да дәл осындай тұлғада 
аталған. 
Qas, Qaz, Qіr сөздерінде айырмашылық тек сыртқы 
тұлғасында 
ғана 
болмаса, 
ішкі 
мағыналық 
құрылымында өзгерістер байқала бермейді. Бәріне 
ортақ қимыл мағынасы – затты қырнау, сыру, күреу, 


120 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
қазу, ою. Демек, осындай бірнеше мағыналар негізінде 
микросемалар жіктеліп сөзжасауға қатысқан. Көне түркі 
тілінде 
олардың 
денотаттық, 
сигнификаттық, 
коннотативтік мағыналары және денотаттық мағына 
негізінде пайда болған коннотативтік мағыналары 
ажыратылып көрсетіледі. Ол мағыналар бір-бірін 
уәждеп, жаңа туынды мағыналы сөз жасайды. Көне 
түркі 
тілінде 
коннотативті 
мағыналардың 
көп 
болғанына тілдік деректер жауап беріп отыр. 
Коннотативті мағынаның көп болуына қарап, бұл сөздің 
өте көне замандардан бері өзге сөз жасауға көбірек 
қатысқан сөздер қатарына жататындығын байқауға 
болады. 
Денотаттық, 
сигнификаттық 
мағыналар 
нәтижесінде 
жасалған 
туынды 
коннотативті 
мағыналардың бар екендігін мына сөздер дәлелдей 
алады: таза болу – қырылып, сылынып алынып 
тасталған нәрсенің орнының таза қалыпқа келуі 
мағынасы болса, ол мағына кедей болу мағынасын 
уәждеп, жаңа семалық өрісті өрбітіп отыр. Сөйтіп 
тазалану семасы кедей болып жоқшылық кейіпке енуді 
сипаттап көрсеткен.  Кедей болу мағынасы келесі  жоқ 
болу мағынасын уәждеп коннотативтік мағынаның ары 
қарай өрбітеді. Осылай адам миының ойлауы мен 
танымдық деңгейінің нәтижесінде мағыналар дамып
жаңа туынды атау тудыруға себін тигізеді. Ал сараңдық, 
ақымақтық, қайралу секілді тілдік бірліктердің 
жасалуында да  жоқ болу семасының үлесі бар. Сараң 
адам бар дүниесін жоққа санап, бергісі келмесе, бұл – 
ақымақтық белгісі. Ендеше сараңдық, ақымақтық 
сөздерінен архисема қыру, қазу мағыналарының алатын 
орны ерекше деп ұғынуымызға болады. Қайралу 
мағынасына келер болсақ, өткірлеу, шыңдау үшін 
бірінші қырнап, қырып, үшкірлеп барып, екінші, 


121
қайралған заттың, мысалы, пышақтың, бәкінің, 
кетпеннің  жүздері қайрала-қайрала желіну сипатына 
ие болуы негіз болған. Сөйтіп көне түркі тіліндегі 
сөздер ассоциациаланып, жаңа мағыналы туынды 
сөздер жасауға қатысады. Ал қазіргі қазақ тіліндегі 
мағыналарындағы ерекшеліктер мен ұқсастықтарды 
қарастырып көрейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет