62 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
Көне дәуірлерде де, орта ғасыр ескерткіштер тілінде де
ор сөздерінің мағыналары өзгермеген. Сондай-ақ
мағыналық дамуға түсу арқылы тіл баюының бір
сипатын көрсететін тілдік бірліктер қатарынан орын
алады деп есептеуге негіз бар. Демек, ор ор ор
сөздері семантикалық тәсіл арқылы дамып, жеке-жеке
сөз құрап, сөздік ұяға ие болып, қазақ тілінің сөздік
қорын байытып тұр.
Тілімізде өте ертеден келе жатқан байырғы сын есімдер
және туынды сын есімдер көптеп саналады. Сын есім
категориясын сөз еткенде ең бірінші, салыстырмалы
түрде түр-түс атаулары көзге ілігеді. Себебі олар
барлық түркі тілдеріне ортақ. Мысалы жасыл (яшыл),
ақ, сары (сарығ), көк, қызыл (қыр, қыз) т.б. Қазіргі түркі
тілдерінің барлығында кей жағдайларда фонетикалық
өзгерістерге ұшырап қолданылатын сын есімдер сөйлеу
тілімізде бірінші анықтауыштық қызметке ие болып,
соңынан сындық мағынаға ие болған.
Қазіргі қазақ тілінде сындық мағынада қолданылып
жүрген
жөн сөзінің транспозицияланып, семантикалық
Достарыңызбен бөлісу: