Қазіргі түркі тілдеріндегі сөзжасамдық Үдерістер шойбекова ғазиза бейсенбекқызы



Pdf көрінісі
бет7/54
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#35309
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54
Оң ~ оң және өң ~ өң ~ өң сөздерінің 
транспозицияланып, семантикалық тәсіл арқылы 
дамуы. 
І. Оң. сын. 1. Солға қарама-қарсы. 2. Теріс емес, дұрыс, 
жөн. 
ІІ. Оң. ет. Жөнді болу, жетісу. 


51
ІІІ. Оң ет. Бояуы қайту, өңі, түсі кету [Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі]. 
“Оң” сөзінің жіңішке варианты “өң” сөзінің де арасында 
мағыналық байланыс бар. 
Өң 1. Адамның бет-пішіні, бет әлпеті. 2. Заттың теріс 
жағына қарсы жылтыр жағы, оң жағы. 3. Адамның 
ұйықтамаған кезі [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі]. 
Қазіргі тіліміздегі оң-өң сөздерінің мағыналық қырлары 
ортақ семаның бар екенін растайды. Бұл сөз көне түркі 
сөздігінде екі түрлі сөздік ұяда берілген: 
І. Өң
түр-түс. 
ІІ. Өң 
алды, алдыңғы жақ. 
ІІІ. Өң 
бұрын, алдын ала. 
ІҮ. Өң 
оңу, өзгеру, түсін кетіру. 
Ү. Өң 
қол сұғу (біздіңше, бұл өңмеңдеу болса 
керек). 
Бірінші сөздік ұядағы тізбектің берілуі осындай. 
Мұндағы – қол сұғу мағынасы тіл дамуында пайда 
болған коннотациялық мағына. Себебі онда 
эмоционалдық мән басымырақ. 
І. Оң
оң, оң жақ. 
ІІ. Оң
оң, шын. 
ІІІ. Оң 
жеңіл, ыңғайлы, қолай. 
ІҮ. Оң 
оңалу, түзелу. 
Ү. Оң
оңу, ағару [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі]. 
Көне түркі тіліндегі Өң І түр-түс мағынасы Өң ІІ 
жұбында – оңу, ағару, түсі кету болып, қимыл 
мағынасына ауысқан. Қазіргі қазақ тілінде “өңі өрт 
сөндіргендей” деген коннотациялық мағыналы тұрақты 
тіркесі  Оң Ү мағынасына сәйкес келеді. Әдетте, өрт 


52 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
сөндірген кісінің кейпі тәуір болмайтыны белгілі. Ал, 
“өңменінен өткендей” тіркесінде көзімен ішіп-жеп, 
тесірейіп қарау мағынасы сақталған. Оң – түр-түс
заттық мағынасы – Өң ІІ –  алдыңғы жақ, Өң ІІІ – 
бұрын, алдын ала мағыналары екінші сөздік ұядағы Оң 
ІІ оң жақ, оң сөздерінің мағыналарында сәйкестік 
байқалады. 
Денотаттың оң, оң жақ мағынасы шын, оң 
сигнификаттық мағыналарының дамуына себеп болған. 
Осыған қарап  дұрыс, шын мағыналарының синонимдік 
қатарда дамығаны көрініп тұр. «Туынды мағыналар 
арқылы жасалған көпмағыналы сөздің әрбір жеке 
мағынасы өзара мәндес басқа сөздермен қарым-
қатынасқа түседі де, соның нәтижесінде синонимдік 
сөздер пайда болады» [Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім 
синонимдер. А., 1988].  Өң сөзінен тараған  оң, дұрыс, 
шын сияқты мағыналық қырлары сын есімдер 
синонимиясын құрап тұр. Сонымен қатар үшінші сөздік 
ұяда жеңіл, ыңғайлы сындық мағыналары екінші сөздік 
ұядағы оң, оң жақ мағыналарынан тараған деуге 
болады. 
Түйіндей келе, өң, оң сөздеріне тән бастапқы мағына – 
алды заттық мағынасы да,  ортақ мағына  оң, оң жақ, 
дұрыс болу мағынасы болса, одан тараған антонимдік 
мағыналары – дұрыс емес, оңған, өзгеру, түсі кету 
сынды мағыналық қырлары. Белгілі бір заттың алдыңғы 
беті  оң жағы  –  заттық мағына болады да,  беті бері 
қарап тұрған түзу, оң жағына уәжделген сындық 
мағынасы дұрыс, шын жағы болады, өңмеңдеу  
мағынасы коннотациялық мағынаға сәйкес келеді. 


53
Тіл біліміндегі семантикалық тәсіл арқылы жасалған 
туынды сөздер мен олардың транспозициялануы, сөз 
таптарына қатысы орыс тіл білімінде жан-жақты 
зерттелген. Орыс ғалымдары сөздің лексикалық 
мағынасын, атау жасау теориясын қарастырса да, 
уәждеме теориясын зерттесе де, сөз таптарын жекелей
сөз етсе де сөздердің мағыналық жақтан дамып, бір сөз 
табынан екінші сөз табына ауысуына тоқтамай өте 
алмаған. Сондықтан біз зерттеп отырған мәселеміз 
бойынша да сөз таптарымен байланыстыра қараймыз. 
Сөздердің жаңа мағыналық реңк алып, екіншілік 
номинацияның 
тууы 
адамдардың 
қажеттілігінен 
туындайды десек, сол адамдар белгілі бір қоғамда өмір 
сүріп жатқан соң, ол қоғамның да сұранысы болып 
есептеледі. Осы себептерді ескере отырып, жаңа сөздің 
жасалуын екі түрлі сипатта қарастыруымызға болады:
– тіл иесінің қажет еткен жағдайы;
– тіл иесі өмір сүріп отырған қоғамның қажеттілігі, 
сұранысы.
Сөздердің 
мағыналық 
ауыспалылығы 
жекелеген 
лексемалардың уәжделуімен байланысты. Олардың 
мағыналық жолмен даму кейпін академик Н.Я. Марр 
«неограниченной 
экспрессивной 
потребности 
в 
общественном процессе общения», - деп анықтайды. 
Қоғам мен тілдің арақатынасы жайлы оның идеясы өзге 
ғалымдар арасында қолдау тапқан жоқ. Н.Я.Маррдың 
бұл пікірін орыс ғалымы В.М.Никитевич кемшілік 
(деффект Марра) деп түсіндіреді. Дегенмен, академик 
Н.Я.Марр көптеген тілдік фактіге қатысы бар қоғамдық 
мәселелерді көтерген. Ғалым Қ.Жұбанов Н.Я.Маррдың 
грамматика саласында түрлі пікірлер айтқандығын 
ескерте келіп, академиктің құнды саналатын мына бір 


54 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
ойын жазады: «Ерте дәуірдегі тіл грамматикалық 
категорияларға бөлінбеген; ым тілі мен сөз тілі аралас 
болған; есімдер, яғни зат атаулары аталған, ал етістік 
ұғымдарын ыммен білдірген. Бұрынғы кезде сөз 
мағынасы қимылмен орындалғаны осы күнгі сөздердің 
бірқатар семантикалық мазмұнынан көрінеді».
Академик В.В.Виноградов: «Проблема перехода частей 
речи в другую тесно связана с проблемами выделения 
частей речи в языкознании. Оно имеет отношение к 
словообразованию, так как конверсия представляет 
собой один из способов словообразования» деп жазып, 
тіл біліміндегі сөз таптары мәселесінің сөзжасамның 
конверсиялық, яғни семантикалық тәсілімен байланысы 
бар екенін пайымдаған. Мұндай көзқарасқа қарсы пікір 
айтқан ғалымдар да болды. Солардың ішінде ағылшын 
тіліндегі 
конверсияны зерттеген орыс 
ғалымы 
А.И.Смирницкий
«не 
нужно определять 
ее 
(конверсияны айтып отыр) как переход одной части 
речи в другую. Это определение ничего не дает, 
поскольку совершенно неизвестно, что значит в данном 
случае «переход», каково отношение этого «перехода» к 
системе словообразования» – деп жазады. Зерттеушінің 
бұл пікірі сөзжасам саласын қарастырып жүрген қай 
ғалымды болса да қанағаттандырады. Сөз таптарына 
ауысу тілдің синхронды қарастырылуын қолдаса, сөз 
мағыналарының 
конверсиялық 
жолмен 
ауысуы 
диахрондық аспектіден бағамдалады.
Диахрондық аспектіден қарастырғанда сөз мағыналары 
дамуының сипаты анық көрінетіндігін ескере келіп, 
ғалым В.Н.Ярцева былай деп жазады: «В диахронии 
легко видеть, как при передвижке из одного класса в 
другой данное слово не сразу приобретает все признаки 


55
нового класса, а иногда не приобретает их целиком, 
образуя разряда». Автордың бұл пікірінен сөз бірден сөз 
табына ауыса салмайтындығын байқауға болады екен, 
бұл да уақыт шеңберінде орындалатын процеске 
жатады. Сондай-ақ ғалым осы мақаласында ағылшын 
тіліндегі конверсиялық сөзжасам тәсілімен жасалған 
туынды сөздерді сөз таптарымен байланыстыра отырып, 
орынбасар сөздер «слово-заместители» деп атайды.
Сөздердің 
туынды 
мағыналарын, 
мағыналық 
құрылымдарының 
ерекшеліктерін 
зерттеуде 
ономосиологиялық аспект көмекке келеді. Орыс 
лингвисі Е.С.Кубрякова сөздерді сөз таптарына бөлуді 
ономосиологиялық принципке жатқызады. Оның адам 
танымы мен білігінің даму деңгейіне байланыстылығын 
айтады. Сөзді ономосиологиялық принципке сүйене 
отырып зерделеу – транспозицияны бағамдау деген сөз, 
яғни атаудың тууы, жасалуы, дамуы жайлы зерттеу. 
Транспозиция – тілімізде үлкен, кең түсінікке ие ұғым. 
Бұл ұғымды тек сөз таптарының бір-біріне ауысуы деп 
қана түсінсек қате болар еді. Транспозицияға сөздердің 
семантикалық тәсіл арқылы туындаған екіншілік 
мағыналары, метафоралы, метонимиялы мағыналары, 
сөйлем ішінде белгілі бір жағдайда пайда болатын
контексте келетін мағыналары, сондай-ақ өзінің 
лексикалық мағынасынан өзге туынды окказионалды 
мағыналары да осы ұғымның ішіне енеді. Сондықтан 
бұл өте кең ұғым деп саналады. Атаулардың сөз 
таптарына бөлініп, бір-біріне ауысуы үшін тіліміздегі 
сөздердің осындай этаптардан өткеннен кейін барып 
іске асатындығына уақыт куәгер болады. Себебі уақыт 
төрелік етпейінше олар бір сәтте бүгінгі қалыпқа 
келмегені белгілі. Бұл жұмыста осы процестер 


56 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
диахрондық тұрғыдан сараланады. Ғалымдардың 
пікірінше: «Транспозиция – мостик между частями речи 
– разрешает языку отразить известную зыбкость границ 
между предметом и процессом или признаком» 
[Кубрякова Е.С. Части речи в ономасиологическом 
освещении. М., 1978]. Орыс ғалымының ұғымында 
транспозиция – зат пен оның қимылының, белгісінің 
арасындағы байланыс, демек сөздің, атаудың пайда 
болу жолдары.
Сөздер атаулық мағынадан қимылдық мағынаға, немесе 
керісінше, қимылдық мағынадан атаулық мағынаға, 
сондай-ақ 
сындық-сапалық 
мағынадан 
атаулық 
мағынаға немесе керісінше, атаулық мағынадан 
сындық-сапалық мағынаға ауысуы адамның ойлауы, 
танымы, болмысы, пікірі, санасы негізінде іске асады.
Сөз табын қай тілдік категорияға жатқызу керектігі 
жөнінде ғалымдар арасында қарама-қайшы пікірлер 
болған. Морфологиядағы сөз таптары категориясы бір 
парадигмалық шеп құрап, тілдің құрылымына енеді де, 
осы құрылым тілдік жүйені құрайды. Осы белгісіне 
қарап, орыс тіл білімінде А.А.Шахматов, Л.В.Щерба, 
Н.А.Савченко сөз таптарының бөлінуі олардың 
мағыналық топтарына байланысты деп таниды. 
Мағыналық 
топ 
дегенді 
ғалымдар 
қимылдық 
мағынасына қарай етістік сөз табы, атаулық 
мағынасына қарай зат есім деген секілді дәлелдемелер 
келтіреді де, семантиканы негізгі критерий етіп алады.
Л.В. Щерба «Избранные работы по русскому языку» 
деп аталатын еңбегінде сөз таптарының табиғатын 
түсіндіруде: «Однако в вопросе о «О частях речи» 
исследователю вовсе не приходится классифицировать 
слова по каким-либо ученым и очень умным, но 


57
предвзятым принципам, а он должен разыскивать, какая 
классификация особенно настойчиво навязывается 
самой языковой системой, или точнее, ибо дело вовсе не 
в «классификации», под какую общую категорию 
подводится то или иное лексическое значение в каждом 
отдельном случае, или еще иначе, какие общие 
категории различаются в данной языковой системе» деп 
келтіріп, сөз мағынасына назар аударудың қажеттілігін 
атайды. Тілдегі транспозиция құбылысын лингвист 
ғалымдардың 
бірқатары 
«аралық 
категория» 
(межкатегориальный) терминінің аясына сыйғызса, енді 
бір ғалымдар сөз таптарын құрайтын сөз топтарының 
арақатынасын 
«ішкі 
категориалды» 
(внутрикатегориальный) 
терминінің 
қызметтік 
құқығына иелік ететіндігін жазады. Тілдік жүйедегі 
әрбір сөз қай категорияның иелігінде болғанмен өз 
мағынасын сақтауға ұмтылады. Ол сөздердің арасында 
генетикалық-семантикалық 
код 
жоғалмайды 
деп 
түйіндейміз. Орыс тіл білімінде сөз таптары мен 
сөздердің 
мағыналық 
дамуларын 
сөз 
еткен 
А.Н.Тихонов, 
В.В.Мигирин, 
И.А.Стернин, 
А.А.Уфимцева сынды ірі-ірі ғалымдар жалпы сөз табы 
категориясын, сонымен бірге жекелеген сөз таптары 
негізінде сөз етті. 
Сөзжасамның семантикалық (конверсиялық) тәсілі – ең 
көне тәсіл саналады, себебі конверсияның негізінде, 
өзегінде мағына жатады. Қазақ тілі – мағыналық 
құрылымға 
сүйенген 
тіл. 
Сондықтан 
тілімізде 
мағыналық жақтан дамыған сөздер көптеп саналады.
Транспозицияланған сөздерді семантикалық аспектіден 
қарастырған дұрыс. Бұл үшін сөз таптарын, оның 


58 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
құрамындағы 
сөз 
мағыналарының 
сәйкестігін 
салыстырмалы түрде зерттеу қажет.
Сөздердің заттық, сындық, сапалық, сандық, қимыл 
мағыналарына ауысуы уәжделу негізінде іске асады. 
Тілдегі сөздердің заттық мағынаға көшуі жайлы 
түркологтар Н.А.Баскаков, А.Н.Кононов, Н.К.Дмитриев, 
Э.В.Севортян, Б.М.Юнусалиев, Б.А.Орузбаева айтып 
өткен болатын. Ескерткіштерді зерттеу барысында 
ғалымдар есімдер мен етістіктердің тұлғалық жағынан 
бөлінбегенін байқаған. Сол процесс осы күнге дейін 
жалғасып келеді. Кейінгі зерттеулер бұл құбылыстың 
көне ескерткіштер құрамында ғана емес, қазіргі түркі 
тілдерінің барлығында дерлік кездесетіндігін айтып 
жүр.
Алғашқы кезде адамзаттың тілді қолдануында сөздер 
ешқандай категорияға тәуелденбеген. Қазақ тілінде 
мағыналары 
дамуы 
нәтижесінде 
сөздер 
транспозицияланып, заттану, сын-сапалану, сандану, 
шылаулану, 
үстеулену, 
етістіктену, 
есімдену 
процестерін бастан кешіреді. Сөйтіп қазіргі тіл 
тұрғысынан бір сөз табынан екінші сөз табына ауысады.
Қазақ тіліндегі сөздерді сөз таптарына бөлудің алғашқы 
соқпақтарын 
салған 
Н.И. 
Ильминский, 
П.М. 
Мелиоранский екендігін лингвист ғалым Т.Қордабаев өз 
мақаласында жазады. Ал қазақтың төл ғалымдарының 
ішінен морфологиялық құрылым жайлы жазылған 
еңбектің бастауы – А.Байтұрсыновтың 1920 жылы 
жазылған «Тіл – құрал» атты оқулығы. Ол сөздерді 
атауыш сөздер мен шылау сөздер және одағай сөздер 
деп үш топқа бөледі: 


59
Атауыш сөздерге: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, 
етістік жатса; 
Шылау сөздерге: үстеу, демеу, жалғаулық; 
Одағайға: еліктеуіш, лептеуіш сөздерді жатқызған. 
Бұл күнде тіл біліміндегі сөз таптары категориясы 
біршама зерттеліп, толық грамматикалық категория 
екені айқын болып отыр. Сөздердің бір категориядан 
екінші категорияға өтуін зерттеудегі аса тиімді жол – 
семантикалық 
сөзжасам. 
Осы 
категориялардың 
семантикасы мен қызметі бір арнаға тоғысуы керек. 
Егер де сөздердің мағынасы заттың, сапаның, 
қимылдың 
жеке 
лексика-грамматикалық 
категориялардың абстракциялануы, уәжделуі арқылы 
пайда болса, ол тілдің дамығандығын көрсетеді.
Қазақ тілінде төс (адамның мүшесі), төс (құрал), төс+е 
(қимыл атауы), без (адам денесіндегі зат), без 
(шошыну), без (қашу, зыту), жел (табиғи құбылыс), жел 
(жүгіру, желу), жел (суықтан болатын ауру) сөздерінің 
түбір күйінде, омонимдік қатар құрып бір түбір сөздің 
қимылдық мағынада да, атаулық мағынада да келіп 
ұғынылатындығын сөзжасам саласын зерттеп жүрген 
ғалымдар жазып жүр. Көне тілімізде етістік – есім 
корреляттары молынан кездеседі. Қазіргі біздің 
тілімізде қолданып жүрген семантикалық тәсілмен 
дамыған сөздер – сол байырғы, көне ғасырлар жемісі. 
Бүгінгі тіліміздің жай-күйінде мұндай процесс өте аз 
жүреді, себебі біздің бүгінгі тіліміз жалғамалылық 
дәуірінде өмір сүріп жатыр.
Қазіргі қазақ тіліндегі семантикалық тәсіл арқылы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет