Қазіргі түркі тілдеріндегі сөзжасамдық Үдерістер шойбекова ғазиза бейсенбекқызы



Pdf көрінісі
бет32/54
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#35309
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54
Байланысты:
ҚАЗІРГІ-ТҮРКІ-ТІЛДЕРІНДЕГІ-СӨЗЖАСАМДЫҚ-ҮДЕРІСТЕР

қалыптастыратын, тіліміздегі барлық сөздердің 
алғашқыда танымдық уәжделу арқылы, кейіннен тілдік 
(фонетика-семантикалық, семантикалық, синтетика-
семантикалық, аналитика-семантикалық) уәжделу 
арқылы 
туындайтын 
мағыналары 
нәтижесінде 
адамзат 
баласының 
тілдік 
қажеттілігін 


141
қанағаттандыратын заңдылық 
деп 
тануымызға 
болады.
Сөзжасам процесі танымдық қасиеттермен тығыз 
байланысты, сөздің жасалуы екінші жағдай деп ұғынуға 
болады: 
– белгілеуші таңба мен белгіленуші таңба арасындағы 
танымдық деңгей;
– таныған нәрсесін ойша сарапқа салу деңгейі;
– белгіленуші таңбаның белгілеуші таңба арқылы 
негізгі белгілерін анықтап, бағыттау деңгейі;
– негізгі белгі арқылы затқа атау беру деңгейі секілді 
бірнеше уәждемелік деңгейлерден кейін жаңа сөз, жаңа 
атау жасалады. Алғашқы екі деңгей атау жасауға 
қажетті информацияны тауып берсе, соңғы екі деңгей 
табылған ақпарат көздерін іске қосып лингвистикалық 
бірлік пайда болуына жол ашады. Бірінші және екінші 
деңгей бір номинативті актіні түрлі белгілеріне сай 
жіктеп берсе, соңғы екі деңгей жіктелген негізгі белгі 
арқылы айырушы семаны белгілеп атау жасауға 
көмектеседі. Мұндай уәждемелік деңгейлер таныммен, 
тікелей, сондай-ақ сатылап байланысады.
Уәждеме туралы жазылған еңбектер мен ғылыми 
зерттеулерде күрделі сөздердің немесе аффиксация 
тәсілі арқылы жасалған туынды сөздердің уәжделуі 
беріледі де, семантикалық тәсіл арқылы жасалған 
туынды сөздердің уәжделуі сирек сөз болады. 
Семантикалық тәсіл арқылы жасалған сөздердің 
уәжділігін айқындауда О.И.Блинованың сөзжасамдық 
құрылымына сәйкес атауларды жік-жікке бөліп 
қарастыру қиындық туғызады. Себебі ғалымның 
сызбасы синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды 


142 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
сөздердің 
қалыбына 
сәйкестендіріліп 
жасалған. 
Мысалы, «қойшы» сөзі «қой» сөзі мағынасы негізінде 
уәжделіп тұр. Мұнда «қой» – уәждеуші сөз; -шы 
қосымшасы уәждеуші тұлға қызметін атқарып, 
«қойшы» сөзі уәжделуші болып, номинативтік ерекше 
белгіге ие болып тұр. Ал семантикалық тәсіл арқылы 
дамыған бір буынды сөздердің уәжделуіндегі ерекшелік 
мағынаға негізделеді. Қарапайым ғана бір мысал 
келтірейік:  қол – адамның қолы;  қол – соғыста қол 
күшінің роль ойнауына негізделген атау; қол – адамның 
қол әрекетіне байланысты аталған жазуы, мысалы, қолы 
жақсы екен – жазуы жақсы екен. Бұл айтылғандардан 
байқайтынымыз: уәжделудегі басты нәрсе мағына, 
семантикалық ерекшелік екендігі. Сөздердің уәжделуі 
тілдегі сөздердің өзге тілдің есебінен толығып, 
шұбарлануына жол бермейді. Керісінше, өз тілімізде 
бар сөздердің мағыналық баюына, толығуына әсер 
етеді. Тілдік бірліктердің тарихи кезеңдерді басынан 
кешіргенмен, олар ішкі семантикалық салмағын 
жоғалтпайды. 
Сонымен 
бірге 
бір-бірінің 
мағыналарының тууына уәж болып, дамуға түседі.
Адамзат баласы өзін қоршаған шынайы әлемді танып, 
оған атау беру арқылы лексика-семантикалық жүйені 
толықтырып отырған. Бұл ретте адам бейнелеуші де, 
қоршаған ортадағы түрлі заттар мен құбылыстар 
бейнеленуші қызметін атқарады. Мұның бәрі адам 
сезімі арқылы іске асып жатады. Жекелеген сөздерге 
атау беруде сезім, көзқарас, ұлттық дүниетаным мен 
болмыстың ролі зор.
Мысалы, «өріс» сөзінің түрлі салада қолданатындығын 
біле тұра, оны алғаш айтқан кезде қай салада айтылып 
тұрғанына мән бермейміз. Бірақ «өр» сөзінің негізінде 


143
жасалып тұрғаны анық. Мүмкін онда малдың өрісі 
туралы, бәлкім магниттік өріс, сонымен қатар ол 
семантикалық өріс не концептуалды өріс шығар. 
Барлық сипатта да ол «өр» сөзінің уәжделуі арқылы 
жасалып тұр. Бірақ мұны әр ғылым саласындағылар 
өзінше түсінуі ықтимал. Сонымен бірге өріс~өріс~өріс 
сөздерінің арасында белгілі бір байланыс бар екені 
айқын құбылыс.
Сөздің тууы, мағыналық жақтан дамып, өмір сүруі 
тілдік қажеттіліктен пайда болады. Бір семантикалық 
ұяда парадигмалық шеп жасап жатқан сөздердің 
мағыналық даму жүйесі күрделілеу болып келеді. 
Олардың 
мағыналары 
бір-біріне 
тәуелді 
және 
семантикалық даму арнайы сема арқылы байланысады 
да, сөзжасамдық норма мағыналық туыстығы жақын 
сөздерді бір лексикалық, сөзжасамдық ұяға топтап, 
жинақтайды. Мысалы «өр» сөзінің семантикалық дамуы 
сөзжасамдық жүйеге сәйкес келеді. Егер уәждеуші 
сөздер мен туынды сөздердің арасын жалғастырушы 
кілтті білмесек, сөзжасамдық жүйе бұзылады. Бүкіл 
туынды екіншілік мағыналар сөзжасам жүйесімен 
жасалған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет