Қазіргі түркі тілдеріндегі сөзжасамдық Үдерістер шойбекова ғазиза бейсенбекқызы



Pdf көрінісі
бет33/54
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#35309
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54
Өр – өр – өр – өр семантикалық тәсіл арқылы жасалған 
туынды сөз тізбегі. 
І. Өр 1. Таулы, дөңді жерлердің етегінен биіктеп 
көтерілетін, ылдиға қарама-қарсы жер. 2. Ауыс. Жоғары 
нысана, мақсат. 3. Ауыс. Өжет, батыл, өр мінезді. 4. 
Өркөкірек.
ІІ. Өр 1. Малдың жайылымға шығуы. 2. Ауыс. Көп 
адамның бір жерден шығуы. 


144 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
ІІІ. Өр Қайыс, шаш, жіп тәрізді заттарды тарамдап алып, 
айқастыра біріктіру, қосу [ҚТТС].
Көрсетілген атаудың үшеуіне де ортақ мағына –
қозғалыс жасау, қимылдық мағына. Мысалы, а) Өр ІІ – 
адамның, малдың, өруі, жайылуы мағынасы, яғни 
қозғалыс жасауы, ә) Өр І – биік жер, жер өлшемі, 
қозғалыстың нәтижесінде пайда болған заттық атау, б) 
Өр ІІІ – шаш, жіп өру – 1) шашты жинақтау, көлемін 
кішірейту, өріп ұзарту, 2) жіпті үлкейту, ұзарту 
мағыналары бар.
Өр ІІ сөзіндегі қимылдық мағына тарамдалып, ұқсас, 
ұштас ұғымдарға атау болып, жаңа сөз туындап, 
уәжделген. Демек, алғашқы Өр сөзі мағыналар шоғыры 
жинақталған, макросемалы сөз болған деген тұжырымға 
келеміз.
Өр І, Өр ІІ, Өр ІІІ макросемалы сөздеріне тән ортақ сема 
іс-әрекеттің орнынан қозғалуы деп айтуымызға болады. 
Өйткені үш сөздің мағыналарында ортақ қимылдық 
мағына байқалады. Өр сөзінің қимыл мағынасының 
құрамында малдың тау мен тасты, жайылымды аралап 
жайылуы, өруі, адамның топталып жүруі мағынасы, 
сондай-ақ қайысты, шашты, жіпті өру мағынасы 
қамтылған. Сондықтан өр сөзі – макросемалы атау. 
Бірақ екіншілік мағына пайда болып, ол жеке лексемаға 
айналғанда алғашқы мағына өз бауырынан бөліп 
шығарғанмен, екіншілік мағынамен теңесе алмайды. 
Себебі ол екінші заттың атауы немесе екінші заттың 
белгісі, сыны, сипаты, түрі, түсі, қимылы қызметін 
атқарады.
Көне түркі сөздігінде Өр сөзінің мынадай мағыналық 
қырлары берілген: Өр І – клинья в руковой кафтан. Өр ІІ 


145
– көтерілу, биіктеу, өрлеу. Өр ІІІ – өру, тоқу [ДТС]. М. 
Қашқаридың “Диуани лұғат ат-түрк” еңбегінде бір 
сөзжасамдық ұяда төрт мағынасы беріледі: Өр І – 
қамзолдың қолтығы. Өр ІІ – өру. Өр ІІІ – а) пайда болу, 
ә) бет алу, жүру, б) малды жіпсіз жіберу, Өр ІҮ – тоқу. 
Мұндағы Өр ІІІ – бірнеше мағыналы сөз. Бұл – ХІ 
ғасырдағы М.Қашқаридың өр сөзіне беріп отырған 
анықтамасы. Ал ХХ ғасырдағы «малдың өруі» 
мағынасындағы өр сөзі дербес, жеке мағынаға ие болып 
отыр. Салыстыра алып зерделер болсақ, көп адамның 
бір жерден шығуы мағынасындағы өр сөзіне себепші 
негіз болып отырған сөз – «малдың өруі» 
мағынасындағы өр сөзі.
ХІХ ғасырдағы «Опыт словаря тюркских наречии» атты 
сөздікті құрастырушы В.В.Радлов Өр сөзінің мынадай 
мағыналық қырларын көрсеткен: Ө І өре, өрө. 1. 
Жоғары, биіктік; 2. Биік жер; 3. Өр, төбе; 4. Өрлеу, 
көтерілу. Өр ІІ 1. Қатты сөйлеу, өрекпу; 2. Өркөкірек. 
Өр ІІІ Өру. Сөздіктерде берілген  өр сөзінің мағынасы 
генетикалық сипаттағы ортақ сема арқылы айқын 
көрінеді. Өр тұлғасының алғашқы «жоғары қарай 
қозғалыс жасау» мағынасы «малдың, адамның өруін» 
меңзеп, кең қанат жайып қозғалу мағыналарын 
иемденіп негізделген. Алғашқы, негізгі мағынаның 
әсерінен Өр – биік жер, екінші Өр – биік жерге шығып 
малдың өруі семалары жіктеліп, осы мағынаның 
негізінде адамның көбейіп, ұзыннан ұзақ шұбыруы, 
ұзын етіп жіпті, шашты, қайысты т.б. өру, жоғары 
мақсат, нысана, өжет, батыл, өр, өркөкірек мағыналары 
жіктелген. Сөйтіп уәжделу нәтижесінде туынды 
парадигмалық шеп құрайды.


146 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
Өр сөзінің биіктік мағынасы мынадай сөздердің тууына 
себепші болған: өргелең (диалект), өрдеш (сөйлеу тілі), 
өркеш, өрлеу, өрлік (өр мінезділік), өрлік (диалект), өре, 
өрелес, өрелі, өресіз, өрелік, өрен, өркөкірек, өргелең 
(диал.), өрдеш (сөйл.) т.б.
Өр сөздерді негіз болған сөздердің семантикалық 
сөзжасамдық тізбегін жасағанда төмендегідей сипатта 
көрінетіндігіне көз жеткіздік. 
Өр ~ өр ~ өр семантикалық сөзжасамдық тізбегі. 
Өре ~ өре ~ өре семантикалық сөзжасамдық тізбегі. 
Өрлік ~ өрлік семантикалық сөзжасамдық жұбы. 
Өріс ~ өріс ~ өріс ~өріс ~ өріс семантикалық 
сөзжасамдық тізбегі. 
Өрмекші ~ өрмекші семантикалық сөзжасамдық жұбы. 
Өрім ~ өрім семантикалық сөзжасамдық жұбы. 
Өрмек ~ өрмек семантикалық сөзжасамдық жұбы. 
Жеке-дара жұптардың нәтижесінде синтагматикалық 
қатынасқа түсіп, бұл сөздер сөзжасамдық тізбектер 
құрайды. Сөздердің уәжделу процесіне қатысатын 
сөздер, кем дегенде, екі тілдік бірліктен тұруы керек. 
Алғашқысы уәждеуші сөз деп аталса, соңғысы 
уәжделуші тұлға саналады. Уәждеуші тұлға мен 
уәжделуші тұлға сөзжасамдық жұпты құрайды. Демек, 
сөздердің уәжделуіндегі ең ерекше ұғым сөзжасамдық 
жұп деп аталады. Ал сөзжасамдық жұп құралғаннан 
кейін уәжделуші тұлға өзі жеке тұрып өзге сөздердің 
уәжделуіне негіз болады. Сөйтіп уәжделуші қатарлар 
саны үшеуге (кейде одан да көп болуы мүмкін) жетеді. 


147
Мұны сөзжасамда сөзжасамдық тізбек деп атайды. 
Мысалы, қимыл мәніндегі өр сөзі атаулық мәндегі 
биіктік мағыналы сөз өрді уәждесе, бұл – сөзжасамдық 
жұп деп аталады. Ал биіктік мағыналы өр атауы 
адамның мінез-құлқын сипаттайтын өр сөзін уәждеп 
олар да өзінше сөзжасамдық жұп құрайды. Ал екі 
сөзжасамдық жұп біріксе сөзжасамдық тізбек пайда 
болады. 
Осыған 
қарап 
уәждеме 
теориясында 
сөзжасамдық ұядан, сөзжасамдық тізбектен бұрын 
сөзжасамдық жұптың атқаратын қызметі ерекше 
саналады. Демек, сөзжасамдық жұптар ғана уәжделу 
сипатының алғашқы көріністері болып есептеледі. 
Мұны мынадай сызба арқылы түсіндіруімізге болады: 
Өр (қимыл мағынасы) ~ өр (биік жер – атаулық 
мағына): өр – өр сөзжасамдық жұбы. 
Өр (биік жер) ~ өр (өр адам): өр – өр сөзжасамдық 
жұбы. 
Өр (қимыл мағынасы) ~ өр (биіктік мағынасы) ~ өр 
(мінез құлықтағы ерекшелік) – сөзжасамдық тізбегі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет