Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


Қазақ жерлерінің Қазақ Кеңестік Автономдық Социалистік Республикасы (ҚКАСР) құрамына біріктірілуі (1924-1925 жж)



бет20/21
Дата01.07.2023
өлшемі112,3 Kb.
#103916
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
қ тарих жауаптары

34. Қазақ жерлерінің Қазақ Кеңестік Автономдық Социалистік Республикасы (ҚКАСР) құрамына біріктірілуі (1924-1925 жж).

Қазақстанда 1921—22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілген шаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің аумағында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты нәтижесінде Қазақстанда жер мәселесі өте құрделі мәселелердің біріне айналған еді. Осыған байланысты Қазақ автономиясы құрамында жер саясатын жүргізші жетекші орган - Жер комитеті құрылды. Ол қазақ автономиясы аясында қазақ жерлерін біріктіру мақсатымен 1921 жылы 7 ақпанда декрет қабылдады. Қазақ АКСР-нің Жер комитеті қабылдаған бұл декрет бойынша кезінде көш-қон қорына (переселенческий фонд) тартып алынып, пайдаланылмай тұрған Семей, Ақмола, Торғай және Орал облыстарындағы бос жатқан жерлер, олардың 1917 жылға дейін алынғанына қарамастан қазақтарға қайтарылады. 1921 жылы 19 сәуірде Жер комитеті кезінде патша үкіметінің Сібір және Орал казак әскерлерінің тартып алған жерлерін қазақтарға қайтару туралы шешім қабылдады. Осы декретке сай қазақтар Ертіс өзені бойында 177 мың, Орал өзені жағалауында 208 мың десятинадан астам жерлерді қайтаруға тиіс болды.




35. ЖЭС-ке көшудің әлеуметтік-экономикалық және саяси негіздері, мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері.
1921 жылы маусымда Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды.
Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты (ЖЭС-ті) іске асыру 1921 жылғы Қазақ АКСР Орталық Атқару комитетінің азық-түлік салығына көшу туралы шешімі негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Шарулардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл-селолардың қалалармен байланысын нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.

Империалистік, азаматтық соғыс Қазақстан халқының шаруашылығына ауыр шығын әкелді. Мемлекеттің 250 кәсіпорны ғана жұмыс істеді (барлығы 307) Мұнайдың өндірілуі 4 есеге, Қарағанды көмірінің өндірілуі 5 есеге қысқартылды. Шаруашылық өнімінің 6,3%-ы ғана өнеркәсіптің үлесінде болды. 29,9 млн. малдан 16,3 млн. мал ғана қалды. 1921 жылы наурызда коммунистік партияның X съезі азық-түлік салғыртынан азық-түлік салығына, әскери коммунизмнен жаңа экономикалық саясатқа көшу жөнінде қаулы шығарды. Мемлекет халыққа ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға көмектесті. Мысалы, 1924–1925 жылдары 415 трактор сатып алынды. Қазақстанның егістік көлемі 1928 жылы 4 млн. гектарға жетті. 1928 жылы мал саны 41 млн. болды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет