«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» курсы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері.
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» оқу пәнінің негізгі мақсаты-Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейін негізгі кезендері туралы оның этногенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.
Курстың мақсаты-Европа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихының деретанулық проблемаларын зерттеу. Курсты белгілеу қазіргі кезеңдегі шет ел және отандық деректанудың теориясы мен әдісін, Европа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі тарихы бойынша тарихи деректерді іздестірудің шеберлігімен белгіленеді. Осыған байланысты курста тарихи құжаттардың қалай және қайда сақталуы туралы ақпарат түсінігі беріледі, аталған мамандықтың проблемалары бойынша маңызды публикациялар мен библиографиялық дерктер бойынша анықтама беріледі. Жаңа және қазіргі замандағы Батыс елдерінің деректері аймақ және ел бойынша іріктелген.
Тарих - бұл адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы, кеңістік-уақыттық өлшемдегі қоғамдық өмірдің дамуының заңдылықтары туралы ғылым. Тарихтың мазмұны - бұл адам өмірінің құбылыстарындағы көрінетін тарихи процесс, тарихи ескерткіштер мен деректерде сақталған мәліметтер болып табылады. Бұл құбылыстар әртүрлі, яғни шаруашылықтың дамуына, елдің ішкі және сыртқы қоғамдық өміріне, халықаралық қатынстарына, тарихи тұлғалардың қызметіне қатысты болып келеді.
Тарих - ғылым бір-біріне сәйкес көп жақты, ол тарихи білімнің жеке салаларынан қалыптасады, дәлірек айтқанда: экономикалық, саяси, әлеуметтік, азаматтық, әскери, мемлекет пен құқық, дін т.с.с. Тарихи ғылымдарға халықтардың тұрмыс-салтын зерттейтін этнография, және ежелгі дәуірдің заттай деректер - еңбек құралы, үй жиһаздары, әшекей заттар, қоныстар, молалар т.б. зерттейтін археологияның да қатысы бар.
Тұжырымдаманың мақсаты мемлекеттік саясаттың тарихи сананы қалыптастырудағы негізгі басымдықтарын айқындау болып табылады.