Қазіргі заманда жастардың, әсіресе оқушылардың агрессивті болып келуінде осы сусындардың үлесі зор



бет2/2
Дата11.12.2023
өлшемі18,88 Kb.
#136995
1   2
Жазасы жоқ қылмыс

Әлеуметтік бейімделудің бұзылуы, мазасыздықтың, депрессияның және суицидтік ойлардың жиі болуы, өзін-өзі бағалаудың төмендігі, жалғыздық пен оқшаулану сезімі, ал кейде тіпті өлімге де апаратын – буллинг.


Қазақстанда 6,8% бала 2-3 айда, 17,5% бала жиі буллингке тап болатындарын айтқан. 11-15 жас аралығындағы балалардың 14,1% -ы өз қатарластарына жәбір көрсетуге қатысқандарын мойындаған. Ашық мойындап отырғандарының себебі жазаның болмауы.
Бірінші қыркүйекте Қазақстан Президенті өзінің Жолдауында кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны қатаңдатуды талап етті. Сол күні Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева елдегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасын ұсынды. Десе де, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс те, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстері де баланың полицияға немесе прокуратураға жүгінуіне тыйым салмайды, бірақ іс жүзінде бірде-бір мемлекеттік орган кәмелетке толмағандардан өтініштер қабылдамайды. Буллингпен дәл осылай күресеміз.
Көп жағдайда оқушылар арасындағы физикалық және психологиялық қысым көрсету туралы мектеп қызметкерлері мен ұстаздар хабардар болады. Дегенмен ешқандай іс-шара қолданбайды. Керісінше бұндай жағдайларды Ақтөбе қаласындағы 60 мектептегі іс сияқты жасыруға тырысады. Айта кетсек, 4 сынып оқушысын 3 сыныптасы сабақ үстінде ұрған. Нәтижесінде жәбір көрген бала бас сүйегінің жабық жарақатын алған. Мектеп әкімшілігі болған жайдайды жылы жабуға тырысқан. Зәбір көрушінің анасы полицияға жүгінгенде мектеп директоры орынбасары айыпты жарақаттанған балаға жапқан. Сіз бен бізге белгілі оқиғалар саны жалпы көрсеткіштің аз ғана бөлігін құрайды.
Буллинг бұл балағат сөз айту, ортаға қоспау ғана емес, ұрып-соғу, білім алуға кедергі жасау, психологиялық қысым көрсету.
Бұл 2018 жылдан бері оқушылар арасындағы түйінді мәселеге айналды. Буллинг не себепті орын алады? Түр-келбетке - 19%, Киетін киімге байланысты - 14%. «Әлсіз» болғаны үшін -16%. "Әлсіздер" деп отырғаным өзін-өзі қорғай алмайтын емес, кикілжіңге түскісі келмейтін немесе тәрбиеленуі басқа балалар.
Буллинг тек Қазақстанға тән нәрсе емес. ЮНЕСКО-ның мәліметі бойынша жыл сайын әлемде 246 млн балалар мен жасөспірімдер өз қатарластарынан жәбір көреді. Дегенмен еуропалық мемлекеттерде буллингке қарсы іс-шаралар қолданылады. Бұл мектептердегі арнайы қызметкерлер, түрлі онлайн-анонимді платформалар, мектепішілік сауалнамалар.
Ал, бізде платформалар түгілі арнайы қызметкерлердің бұл іске немқұрайлы қарауы мәселенің бір орыннан қозғалмауына себеп болып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет