Елімізде "қуат береді", тіпті "қанаттандырады" деп жарнамаланатын сусындардың саудасы қызып тұр. Оны тұтыну көлемі нақты белгісіз. Десе де Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елімізде минералды және газдалған суларды қоспағанда, алкоголсіз сусындарды ішу көлемі 2018 жылғы 1 млрд 329 млн литрден 2022 жыл қорытындысында 2 миллиард 387 миллион литрге дейін күрт өскен. Соның ішінде энергетикалық сусындардың үлесі жоғары.
Қазіргі заманда жастардың, әсіресе оқушылардың агрессивті болып келуінде осы сусындардың үлесі зор.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда 11–15 жас аралығындағы қазақстандық жасөспірімдердің шамамен 45%-ы энергетикалық сусындарды татып көрген. оқушылардың 17,5%-ы күн сайын не аптасына бірнеше рет "энергетик" ішпесе тұра алмайды. Оның үстіне мұндай оқушылар санының өсімін көреміз.
Жасөспірімдердің бұл сусындарға тез тәуелді болуының өз себебі де бар. өндірушілер бұл сусынның құрамына әдейі кофеинді көп қосады: литріне 150 миллиграмнан астам. Бұған қоса, құрамында қант, психостимуляторлық заттар қоспалары, нақтылағанда, матеин, гуарана, женьшень, шөп сығындылары, цикламат, сахарин, сукралоза болады. Осы жан шошырлық қоспа адамдарда, әсіресе, балалар мен жастарда жан төзбес тәуелділік тудырады. "Энергетиктер" адамның орталық жүйке жүйесіне стимулятор ретінде әрекет ететіндіктен, психикалық және физикалық денсаулығына теріс әсер ететіні белгілі.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев энергетикалық сусындарды жасөспірімдерге сатуға толық тыйым салып тастау туралы тапсырманы бергеніне 1 жылдан астам уақыт болды. Үкімет осы өнімдерді шетелден импорттаушылардың шылауынан шыға алар емес. Президенттік тапсырма сол бойы орындалмады.
"Газдалған тәтті сусындардың, энергетикалық сусындардың адамға түк пайдасы жоқ. Керісінше, оларды шектен тыс көп тұтыну онкологиялық аурулардың дамуы қаупін төндіреді. Бұл зиянды сусындар жүрек-қан тамыр жүйесіне және жүйке жүйесіне кері әсер етеді. Қазақстанда адамдардың үлкен бөлігі дәл сол дерттер кесірінен ерте дүние салады. Бұл – ғылыми дәлелденген.
Біз заңды қайта қарап, әлі шешім таппай жатқанда, көрші Қырғызстан бұл салада Қазақстанды артта қалдырып, озып кетті. Қырғызстан энергетикалық сусындарды импорттауға, өндіруге және сатуға түбегейлі тыйым салуға тырысып жатыр. Бұдан біраз бұрын энергетикалық сусындарды кәмелетке толмағандарға сатуға тыйым енгізді. Ал Қазақстанның билігі болса, тіпті Президенттің тапсырмасы мен ерік-жігері бола тұра, бірнеше жылдан бері лоббистердің қарсылығын еңсере алар емес.
Қазақстанда сол бойы заң үстемдік құрмағанын ескерсек, тіпті осы заң қабылданғанның өзінде оның лайықты орындалатынына, яғни оқушылардың энергетиктер мен тониктерді ары қарай сатып алмасына сенім жоқ. Себебі, республикада арақ-шарапты, темекіні 21 жасқа толмағандарға сатуға қатаң тыйым салынған. Қатаң тыйымды айналып өтетіндер саны көбеймесе, азаяр емесі анық. Мұндай қарқынмен аймақтағы ұлты мен ұрпағы деградацияға ұшырағаны Қазақстан болып кетпесе, жөн.
Кейде бұл бейсаналық болса да, оның таңдауы болуы мүмкін. Кейде оны құнды нәрсеге немесе қарыз төлеуге айырбастауы мүмкін. Кейде ол дәстүр құрбаны болуы мүмкін. Десе де бәрінде бір қортынды балалық шаққа есік жабық. Себебі бала баламен неке қиып, нәрестені дүниеге әкелуде.
ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша, бүгінгі күні бүкіл әлем бойынша 650 миллионнан астам әйел бала кезінде үйленген. Жыл сайын кем дегенде 12 миллион қыз 18 жасқа толғанға дейін тұрмыс құрады. Яғни, әр минут сайын 28 қыз. Ең аз дамыған елдерде бұл көрсеткіш екі есеге артады, қыздардың 40% - ы 18 жасқа дейін, ал 12% - ы 15 жасқа толғанға дейін отбасылы болады.
Ал Біздің елімізде кәмелет жасына толмай некеге тұрған қыздардың саны 984 болса, жігіттер саны 70-ке тең. Тіпті мемлекеттің заңмен тыйым салуына қарамастан бұл сандар азаятын емес.
Балалық шақтағы неке-бұл қыздардың білімін, денсаулығын шектейтін, адами құқығынын түбегейлі бұзатын жайт. Ересек болып қалыптаспаған баланың дүниеге бала әкелуі денсаулыққа, психикаға, тіпті өмірге қауіп төндіретінін еске салу керек пе? ҚР-да бұл мәселе іс жүзінде айтылмайды, отбасын ерте құру біздің дәстүрімізде, тарихымызда бар делініп, жылы жабылады. Әсіресе ауылды жерлерде. Статистика көрсеткіштері Африка елдеріндегідей жоғары болмаса да, құқық қорғау органдарынан мұндай мәселенің болуы және заңды тіркелмеуі туралы сұрау қажет деп ойлаймын.
Себебі, жыныстық еркіндік пен жыныстық қол сұғылмаушылық жеке тұлғаның конституциялық-құқықтық мәртебесінің құрамдас бөлігі және Қазақстан Конституциясымен кепілдендіріледі.
Қылмыстық заңнамада он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу және жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер үшін жаза қарастырылған. Тіпті екіжақты келісіммен жасалса да.
Ерте жаста отбасы құрғандар бұл шешімдеріне махаббат арқау болды дейді. Өздерінің үйленгенін, жүктілігін жасырмай, керісінше, Instagram желісінде жар салуда. Тіпті кездесіп, отбасы болуының ертегідегідей әдемі оқиғаларын айтып беріп жатады. Осындай жас отбасы құрғандардың бірнешеуіне тоқталып кетсек. Л. атты кейіпкеріміз Instagram желісінде тойынан бір-екі үзінді мен жарының суреттерімен бөліскен екен. Ал «жасыңыз нешеде?» деп сұрағанымызда «13» деп қысқа қайырды. Келесі кейіпкерлеріміз өздерінің жасын ай, күніне дейін (18.03.05/31.03.05) жасырмай жазып та қойған. Парақшасына кірсеңіз, көзіңізге түсері айна алдындағы сурет. Ол суретте кәмелет жасына толмаған қыздың жүкті екені бірден байқалады. 8-інші айы екен. Ал постында былай деп жазады: «16 жаста жүктілік қалай болып жатыр? Иә, барлығы таңғалады қиын емес пе, ұят емес пе, әлі ерте ғой деп…». Жас қыздың мектептегі білімнен гөрі махаббатты жөн көргені сөздерінен кеткен қатеден байқалады. Болашақта ажырасу мәселесімен бетпе-бет келсе, білімсіз ана не істемек? Ал пост астындағы пікір білдірушілерді екі санатқа бөлуге болады. Бірі «Не сұмдық? Әлі ерте емес пе? Ата-анаң қайда қарап жүр? Заман не болып барады…» десе, енді бірі бақыт тілеп, қолдап жатыр.
Отбасын құру үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Ал ақ пен қараның аражігін ажырата алмайтын жастардың отбасылы өмірге аяқ басуы дұрыс емес. Ерте жаста неке қию – сіз бен бізді алаңдатар мәселенің бірі.