Интерактивті тақтамен жұмыс істеу – ол заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипатын, сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактика
Интерактивті тақтамен жұмыс істеу – ол заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипатын, сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс.
Бұл технологияны пайдаланудың негізгі мақсаты:
1. Ақпараттық-технологияларды пайдалана отырып оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру, оқу-тәрбие жұмысына жаңашылдық енгізу:
-сабақты қызықты етіп өткізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
-білім сапасының көтерілуіне жағдай жасау;
-оқыту процесінің сапасын арттыру;
-пәнаралық байланысты тереңдету;
-қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.
2. Оқушыны заман талабына сай жан-жақты дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге икемдеу, даярлау.
-коммуникативтік қабілеттерін дамыту;
-өздігінен ізденуге, шешім қабылдай білуге бағыттау;
-компьютерлік графика, мультимедиа технологиясын пайдалану, киноларды, видеороликтерді көрсету, сабаққа байланысты музыкаларды тыңдату арқылы эстетикалық тәрбие беру;
-пәнаралық байланыс орнату;
-ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, ақпаратты өңдей білуге үйрету.
Ақпараттық-коммуникативті технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің мұғалім үшін тиімділігі неде?
Сабақты тартымды түрде қызықты етіп өткізуге мүмкіндік туады;
Оқушы өз бетімен жұмыс жасайды;
Аз уақытта көп білім береді, уақытты үнемдейді;
Шығармашылық жұмыстар жасайды;
Қашықтықтан білім беру мүмкіндігі туады;
Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге ықпал болады;
Оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастырады;
Сабақта этнопедагогикалық тәрбие беруге мүмкіндік туады;
Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді т.б.
Ақпараттық технология – ізденімпаздыққа үйретеді. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда ақпараттық-коммуникативтік технологиялар құзыреттілігін арттырып, пайдалану арқылы ғылымның кез-келген саласын жылдам дамытып, одан нақты тиімді нәтиже алуымызға болады.
Ақпараттық технология – ізденімпаздыққа үйретеді. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда ақпараттық-коммуникативтік технологиялар құзыреттілігін арттырып, пайдалану арқылы ғылымның кез-келген саласын жылдам дамытып, одан нақты тиімді нәтиже алуымызға болады.
Бүгінгі заман талабына сай жаңа технологиялармен сабақ жүргізуде ақпараттық-коммуникативті технологияларды пайдалану өте тиімді.
Дәстүрлі білім берумен қатар, қазіргі білім беру және ақпараттық технологияларды негізделген дәстүрлі емес оқыту амал-тәсілдері кеңінен қолданыла бастады. Бұл интернет-технологиялар немесе электронды білім беруге негізделген ашық және қашықтан оқыту жүйелері.
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе – тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативті технологияның бір өзі атқара алады.
Қазіргі кезде білім беру саласын, оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдаланусыз елестету мүмкін емес. Сондықтануақыт талабына сай білім мазмұны жаңарту – бүгінгі күннің басты міндеті. Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде.