Қимылдың объекті мен субъектіге қатысын білдіретін етістіктің түрін етіс дейміз.
1. Өздік етіс.
2. Ырықсыз етіс.
3. Өзгелік етіс.
4. Ортақ етіс.
Өздік етіс қимылдың әрекет иесіне бағытталғанын білдіріп, -ын, -ін, -н жұрнақтарының негізінен сабақты етістікке жалғануы арқылы жасалады: жу-ын-ды, көр-ін-ді т.б.
Өзгелік етіс қимылдың тікелей тыңдаушы арқылы емес, екінші бір бөгде адам (агенс) арқылы істелетінін көрсетіп, -дыр, -дір,-тыр,-тір, -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -т қосымшаларының сабақты етістікке жалғануы арқылы жасалады: сал-дыр, бас-қыз, сөйле-т т.б.
Ырықсыз етіс қимылдың иесі сөйлемде бастауыш қызметін атқарып, етістік сонымен қиысып қимыл иесі көрінбей, -ыл, -іл, -л жұрнағы арқылы сабақты етістіктен жасалады: кір жу-ыл-ды, сабақ сұра-л-ды т.б.
Ортақ етіс қимыл бір емес, бірнеше ие арқылы жүзеге асатынын білдіріп, -ыс, -іс, -с жұрнағы арқылы жасалады: әкел-іс-ті, хат жаз-ыс-ты т.б.
ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫ
ЕТІСТІКТІҢ РАЙЛАРЫ
Шартты рай қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмауы шартын білдіріп, етістік түбірлерге, етістіктің етіс, күшейтпелі, болымсыз етістік тұлғаларының үстіне -са, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады да, жіктеліп қолданылады: бар-са, кел-се, сөйле-се т.б.
Бұйрық рай қимылдың, іс-әрекеттің орындалу-орындалмауында біреуге бұйыру, тілек ету, түрткі болу сияқты мағыналарды білдіреді. Бұйрық райдың арнаулы жұрнағы жоқ. Сондықтан бұйыру түбір етістіктің өзінен көрінеді: кет, кел, сөйле т.б.
Қалау рай айтушының қимыл, іс-әрекетті жүзеге асыруға бағытталған ниетін, тілегін, ынтасын, үмітін білдіріп, етістік түбірлері мен етіс, күшейткіш, болымсыз етістік тұлғаларына -ғы, -гі, -қы, -кі қосымшалары жалғанып, олардың үстіне тәуелдік жалғауы -м, -ң, -сы, -мыз, -міз, -лары, -лері қосылып кел көмекші етістігі тіркесіп немесе етістік түбір -са, -се игі еді, -ғай, -гей, -қай, -кей, еді , -са, -се екен тәрізді күрделі форматтар арқылы жасалады: бар-ғы-м келеді, бар-ғы-сы келеді, бар-ғы-мыз келеді, бар-ғы-лары келеді немесе бар-ғай еді, бар-са екен т.б.
Ашық рай қимылдың, іс-әрекеттің белгілі бір мезгілде болу-болмауын нақты көрсетіп, осы, өткен және келер шақта тұрады. Сондықтан ашық рай етістіктің шақ категориясынан көрінеді. Олар қазақ тілінде үшеу: осы шақ, келер шақ және өткен шақ.
Достарыңызбен бөлісу: |