Этнолингвистика



бет1/4
Дата12.10.2022
өлшемі1,03 Mb.
#42601
  1   2   3   4

Этнолингвистика

Зерттеуші: Ардақ Арайлым Ардаққызы

Топ: 108

Ғылыми жетекші: Ақыш Ботагөз Өтегенқызы

Жоспар:

  • 1. Этнолингвистика туралы мәлімет.
  • 2. Тіл және этнос.
  • 3. Этнолингвистика және антропологиялық лингвистика.
  • 4. Диахрониялық және синхрониялық лингвистика.
  • 5. Тіл және мәдениет.
  • 6. Объективтік шындық, тілдік таңбалау, кеңістік және уақыт.
  • 7. Әлемнің тілдік бейнесі.
  • 8. Тіл және стереотиптер.
  • 9. Қорытынды.

Этнолингвистика

  • Этнолингвистика – этностың болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тіл арқылы ғасырлар бойы қалыптасқан рухани-мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге ауысып келе жатқан дәстүрлі мирасты жаңғыртып, танымдық мәнін ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тіл білімінің күрделі де құнарлы саласы. Этнолингвистика – жалпы ғылымға тән дифференция процесінің тіл біліміндегі бір көрінісі іспетті іштей жіктелудің нәтижесінде пайда болған. Тіл білімінің экстролингвистика, психолингвистика, паралингвистика, т.б. салаларымен қатар тұрады. Этнолингвистикалық көзқарас алғаш 19 ғ-дың 2-жартысында В.Гумбольдт, А.А. Потебня зерттеулерінде пайда болды. Сондықтан Э-лық зерттеулердің бірде сөздік қордың қойнауында сақталып көне дәуірден келе жатқан байырғы лексиканың мазмұнын ашуға бағытталғанын білсек, бірде этнос болмысынан, дүниетанымынан туындаған тілдік фактілердің сырын ашып, пайда болуын айқындауды мақсат еткенін көреміз

Этнос

  • Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).
  • Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М. Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ". Бүдан кейін де көптеген зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін ортақтығының негізінде өзінше анықтама беруге тырысты. Алайда, Л. Н. Гумилевтің пікірінше, аталған белгілердің бірде-бірі жалпыға бірдей, кез келген этносқа қолданыла бермейді, мүнымен бірқатар зерттеушілер келісті.
  • Этнос ең алдымен, мәденитілдік қауымдастық. Этностың пайда болуында аумақ және әлеуметтік қарым-қатынас тілінің ортақтығы шешуші фактор болып табылады. Саяси кеңістіктің ор¬тақтығы мен халықтың әлеуметтік және шаруашылық әдістерінің ортақтығы да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.
  • Этникалық ұйысудың басты тетігі салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде мүраға қалатын мәдениет болып табылады. Этникалық қауымдастық мағынасындағы этнос ретінде көбіне бірыңғай атауы, ортақ мәдениет элементтері бар, тағдарлас тарихы бар, ерекше географиялық ортадағы топтық ынтымақтастық танытатын адамдар тобын атауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет