Жалғаулық шылау түрлерінің кестесі:
Сұраулық демеуліктер
|
Күшейт-кіш демеу-ліктер
|
Шектік (тежеу) демеулік-тері
|
Болжалдық демеулік-тер
|
Болымсыздық немесе қарсы мәнді, салыстыру демеуліктері
|
Нақтылау демеуліктері
|
ма, ме, ба, бе, па, пе, ше
|
-ақ, -ау, -ай, да, де, та, те
|
ғана, қана, тек, -ақ
|
-мыс, -міс
|
түгіл, тұрсын, тұрмақ, екеш
|
қой, ғой,
-ды, -ді
|
Одағайға тән негізгі белгілер:
1. Лексикалық мағынасы болмайды;
2. Сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді;
3. Сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайды.
Көңіл күй одағайлары шаттану, таңырқау, ренжу, өкіну, қуану мәнінде қолданылады: пәлі, алақай, пай-пай, уһ, әттеген-ай, қап.
Жекіру одағайлары тыйым салу, жекіру мәнінде айтылады: тәйт, тек, жә.
Шақыру одағайлары хайуанаттарды, жан-жануарларды қуу, шақыру мәнінде жұмсалады. Жылқыға қатысты құрау-құрау, моһ-моһ; сиырға қатысты ауһау-ауһау, әукім-әукім; қойға қатысты пұшайт-пұшайт; түйеге қатысты көс-көс; ешкіге қатысты шөре-шөре; итке қатысты кә-кә, айтақ-айтақ; мысыққа қатысты пырс, т.б. одағайлар қолданыла
ды.
Достарыңызбен бөлісу: |