«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет4/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134

 

 

 

 

32 

 

32 



 

12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП 

 МҰҒАЛІМІНІҢ МОДЕЛІ 



 

Ербосын Гүлдана Ермұханқызы 

Астана қаласы, Гуманитарлық колледж 

Ғылыми жетекшісі: Қалыбекова Э.С. 



 

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң 

қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» 

                                                                                                    Сократ 

  

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.  Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 



Жолдауында  «Бәсеке  басы  білім,  ел  басқаратын  болашақ  жастардың  білімділігі  мен 

біліктілігінде» деген. Ендеше, ұстаздар қауымы ел басқаратын болашақ жастардың білімін 

қамтамасыз ету керек. Сондықтан да мектептегі оқу үрдісінің барысы әр түрлі педагогикалық 

әдіс  -  тәсілдермен  жүйелі  түрде  оқушылардың  шығармашылық  ойларын  дамытып, 

 

ғылыми  


көзқарасы   мен   белсенділігін  

арттырады. 

 

Бүгінгі  күні  мемлекетіміздің  өркениетке  жету  жолындағы  өр  талабына  тұғыр 



боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап 

етіп  отыр.  Мектеп  құрылымында  болып  жатқан  өзгерістер,  білім  беру  мақсаттарының 

алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты 

мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және 

кәсібилікті   талап  етеді. 

 

Қазіргі  кезде  біздің  республикамызда  білім  берудің  жаңа  жүйесі  жасалып,  әлемдік 



білім  беру  кеңістігіне  енуге  бағыт  алуда.  Бұл  педагогика  теориясы  мен  оқу  -  тәрбие 

үрдісіндегі  елеулі  өзгерістерге  байланысты  болып  отыр.  Білім  негізі  бастауыш  мектепте 

берілетіні анық. Сондықтан да бастауыш сынып мұғалімі бағдарлама көлемінде ғана білім 

беріп  қоймай,  пәндер  арқылы  баланың  жан  -  жақты  дамуын  қамтамасыз  етуі  керек.  Күн 

тәртібінде қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді әлемдік 

деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі - 

12  жылдық  оқыту  моделі.  Кезінде  Елбасы  «21  ғасырда  білімін  дамыта  алмаған  елдің 

тығырыққа тірелері  анық» деп айтқан болатын. Егемен еліміздің әлемдік білім кеңістігіне 

кірігуі,  Қазақстан  Республикасының  12  жылдық  білім  беру  жүйесіне  көшуі,  білім  беру 

жүйесіндегі қазіргі уақытта болып жатырған соны өзгерістердің көрінісі болып отыр. 

 

Қазіргі кезде Еуропа кеңесінің (1992) Декларациясына сәйкес 12 жылдық білім беру 



жүйесіне  дүниежүзінің  138  жуық  мемлекеттері  енген.  Олардың  ішіне  дамыған  елдерден 

АҚШ, Жапония, Германия, Франция және т. б. кіреді. ТМД елдерінен 12 жылдық орта білім 

беру мерзімін Өзбекстан, Латвия, Литва, Эстония, Украина, Молдова таңдады. Қазақстан 12 

жылдық білім кеңістігіне енді ғана еніп жатыр.  

Бұл  жүйенің  басты  мақсаты  -  жүйені  ашық,  заман  талабына    сай    негізде  дамыту. 

Қазіргі  қоғамның  өзекті  мәселелерінің  бірі  -  әлеуметтік,  экономикалық  өзгермелі 

жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал 

ететін  жеке  тұлғаны  қалыптастыру.  Мұндай  тұлғаға  қойылатын  бірінші  кезектегі  нақты 

талаптар:  шығармашылық,  белсенділік,  әлеуметтік  жауаптылық,  жоғары  интеллектілік, 

терең білімділік, кәсіби шеберлік.   

Білім беру жүйесіндегі  өзгерістерді  талап ететін әлемдік дамудың негізгі  үрдістері: 

қоғам  дамуының  қарқындылығы;  постиндустриалдық,  ақпараттық  қоғамға  көшу; 

мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі; халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде 

шешілуі  мүмкін  ғаламдық  проблемалардың  туындауы;  қоғамның  демократиялануы; 

экономиканың  қарқынды  дамуы,  бәсекелестіктің  өршуі;  адам  капиталы  мәнінің  артуы. 

Осыған  сәйкес  дамыған  елдердің  білім  беру  жүйесінде    білім  беру  философиясы  мен 



33 

 

33 



 

әдіснамасының жаңаруы, білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру жүйесінде 

жетілдірілген үлгілердің жасалуы,  білім беруді басқарудың тиімді тәсілдері ұсынылып отыр. 

Сонымен қатар 12 жылдық білім беруге көшу төмендегі мәселелерге   ерекше көңіл бөледі:  

 

жаңа білім технологияларының енгізілуі; 



 

оқытудың  дәстүрлі  өнімсіз  стилін  ығыстырып,  оқушылардың  танымдық 



белсенділігі  мен  өзіндік  ойлауын  қамтамасыз  ететін  дамытушы,  сындарлы 

білім беру моделіне көшуі;  

 

терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы; 



 

-оқушы 



жастарға 

азаматтық-патриоттық, 

рухани-адамгершілік, 

көп 


мәдениеттілік,  денсаулық  сақтау  және  экологиялық  тәрбие  беру  рөлінің 

күшейтілуі; 

 

-өмірлік бағдар ретінде адам бойындағы құндылықтарға қажет жағдайда түзету 



енгізу және жаңадан жасау; 

 



білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы. 

 Демек, 12 жылдық білім берудің мақсаты қоғамның мүддесіне өзін өзі белсенді етуге 

дайын,  жаңа  өмір  сүруге  бейім,  бәсекеге  қабілетті,  шығармашыл,  білімді  тұлғаны  дамыту 

және қалыптастыру. 

12 жылдық мектепке ауысу бірқатар мәселелердің шешілуін талап етеді: 

 

1.Бұл өзгерістің экономикалық негізделуі; 



2.Бағдарламалық-әдістемелік  қамтамасыз  етілуі  (мемлекеттік  стандарт,  жаңа 

кітаптар); 

3.Жаңа  жүйеге  лайық  мұғалімдер  даярлау,  мұғалімдерді  қайта  даярлау  жүйесін 

жетілдіру; 

4.Жалпы және орта білім беру мектебінде нормативті-құқықтық базаның жетілдірілуі; 

5.Санитарлық-гигиеналық нормалар және негізгі ережелеріне өзгерістер енгізу

6.Мектепке  дейінгі,  бастауыш,  орта  жалпы  және  жоғары  бейіндік  білім  беруде 

сабақтастықтың болуы; 

7.Білім саласын елдің тарихи дәстүріне, мәдениетіне бейімдеу.  

 

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап 



келеміз»,- деген сөзі жай айтыла салған жоқ.  Еліміздің болашағы мен көркеюі, өркениетті 

елдер  қатарына  қосылуы  бүгінгі  ұрпақ  бейнесімен  көрінеді.  Осыдан  барып  жас  ұрпақтың 

бойындағы іскерлік пен қабілеттерін ашу және шығармашылыққа баулу мәселесі туындайды. 

Онсыз мектептің инновациялық үдеріс сатысынан өтпей дамуы мүмкін емес екеніне көзіміз 

жетіп  отыр.  Себебі,  мектеп  келешек  ел  басқарар,  жер  -  суына  иелік  етер,  ел  -  халқын 

гүлдендірер, мерейін өсірер жасампаз жандарды шыңдар бірегей  

орта,   киелі   орын  

екенін  


білеміз. 

 

Еліміздің  ертеңгі  болашағы  -  бүгінгі  мектеп  қабырғасынан  алған  білім  нәрімен 



сусындаған оқушы. Ал білім негізі бастауыш сыныптан бастап қаланатыны бәрімізге белгілі. 

Сондықтан қазіргі таңда оқушыларға сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіру өзекті 

мәселелердің  бірі  болып  отыр.  Оқушылардың  өз  -  өзіне  сенімін  арттыру,  олардың 

шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтың оқу - материалдарын терең ұғына білуге баулу, 

ой - өрісін дамытатындай логикалық ой тастау - мұғалімнің шеберлігіне байланысты. 

Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: 

Өзінің және қоғамның мүддесіне өзін - өзі белсенді етуге дайындау, өзгермелі даму 

үстіндегі ортада өмір сүруге бейімдеу, бәсекеге қабілетті және шығармашыл, білімді 

тұлғаны дамыту және  

қалыптастыру. 

Міндеті: 

1.Баланы өзіне жақын  

тарту. 

2.Оқушының  жан – жақты  дамуы. 



3.Өз пікірі мен ойын ашық  жеткізуі. 

34 

 

34 



 

4.Келешегін   айқындауға   саналы  түрде дайын болуы 

5. Шығармашылық әлеуетін толық іске асыруы. 

 

Бастауыш мектеп – бұл жалпы білім беретін мектептің оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, 



дамыту және өзін - өзі іске асыруына қолайлы жағдай туғызатын негізгі буыны. Сондықтан 

мектептегі  тұтас  педагогикалық  үрдісі  заман  талаптарын  қанағаттандыратындай  деңгейде 

ұйымдастырылуы, ғылыми негізделуі және әдістемелік қамтамасыз етілуі тиіс. Жалпы білім 

берудің ірге тасы болып саналатын бұл буынның өзіндік ерекшелігі, мәні мен маңызы зор. 

Білім беру саласындағы өзгерістер де алдымен бастауыш сатыдан басталады. Осы аталған оң 

өзгерістерді жүзеге асыру үшін бастауыш сынып мұғалімі сол білімдермен өзі қаруланған 

болуы  тиіс. 

 

12  жылдық  білім  беру  жүйесіне  көшу  -  қоғамдағы  елеулі  өзгерістер  мен  адамдар 



арасындағы қарым – қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды 

қалыптастыруды   көздеген  

заман  талабы. 

 

12 жылдық білім мазмұнының негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі 



қоғамда  өмір  сүруге  икемді,  жеке  басының,  сондай  -  ақ  қоғам  пайдасына  қарай  өзін  -  өзі 

толық  жүзеге  асыруға  дайын  білімді,  шығармашылыққа  бейім,  құзіретті  және  бәсекеге 

қабілетті  

тұлғаны  

қалыптастыру. 

 

12 жылдық білім берудің басты ерекшелігі – баланың жан - жақты дамуына, өз пікірі 



мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық 

іске  асыруына  ықпал  ететін,  өзін  -  өзі  танып,  келешегін  айқындауға  саналы  түрде  дайын 

болуға, саяси өмірге араласуға  

мүмкіндік   береді. 

 

12  жылдық  білім  беру  жүйесінде  білім  мазмұнын  түбегейлі  жаңартумен  қатар, 



оқытудың  тың  әдістемесін  дүниеге  әкелетін,  құнды  идеялардан  туындайтын  жаңа  оқыту 

технологияларын   енізуді  

талап  етеді. 

12 жылдық білім беру жүйесінде білім беруді ұйымдастырудағы Халық педагогикасын, салт 

– дәстүрін, әдет – ғұрыптарды жан – жақты, терең білетін 12 жылдыққа көшу мәселесі – біздің 

еліміздің,  ұлттық  өнеріміздің,  нұрлы  болашағымыздың  мәселесі.  Біздің  мемлекетіміздің 

бүгінгі  жайы,  ертеңгі  даму  көкжиектері  Қазақстан  Республикасының  тұтастай  даму 

болашағын 

айқындайтын 

бірден 


– 

бір 


фактор 

деуге 


болады. 

  

А.Байтұрсынов: 



«Мектептің  жаны  –  мұғалім.  Мұғалім  қандай  болса,  мектеп  һәм  сондай  болмақшы. 

Яғни мұғалім білімді болса, білім біліп шықпақшы. Сондай болған соң, ең әуелі мектепке 

керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім.» 

 

 



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

 "Ғылым туралы" 2001 ж. 9 шілдедегі № 225-II ҚР Заңы 

1.

 

Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика. Оқулық. Алматы: «Заң әдебиеті», 2007 



2.

 

Бұзайбақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері. Оқу құралы. Алматы: «Білім», 



2009. 

 

 



2 СЫНЫПТА ӘДЕБИЕТ ПЕН МУЗЫКАДАН КІРІКТІРІЛГЕН САБАҚ 

 

Максутов Ныгмет Максутович музыка пәнінің мұғалімі 

Кошикова Магрипа Балтабаева бастауыш сынып мұғалімі 

Қарағанды қаласы, № 66жалпы білім беретін орта мектеп 



Сабақтың тақырыбы:  

Құрманғазы ата. Күй атасы – Құрманғазы. 



Сабақтың мақсаты

35 

 

35 



 

Оқушылардың  түсініп,  дұрыс  оқуын  дамыта  отырып  ,  Құрманғазы  өмірі  мен 

шығармашылығы  жайлы  түсінік  беру,  күй  тыңдату  арқылы  атадан  қалған  күй  өнерін 

насихаттау. 

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ ( Әдебиет пен музыка) 

Күтілетін нәтижелер: 

Пәндік нәтиже:   

Құрманғазы Сағырбайұлы туралы қосымша тереңірек ақпарат беру арқылы оның өмірі 

мен  шығармашылығын  білуге  қызығушылықтарын  туғызу.  Қазақ  күй  өнері  туралы 

дүниетанымдарын кеңейту  



Жүйелі іс-әрекет нәтижесі:  

Оқушыларға  Құрманғазы  туралы  өлеңін  оқытып,  талдатып,  күйлерін  тыңдатып, 

мазмұнын ашу  арқылы ойлау, жүйелі  әңгімелеу, дұрыс сөйлеуге бағыт беру. Күй жанрын 

түсіне білуге үйрету. 



Тұлғалық нәтиже:  

Құрманғазы өнері арқылы оқушыларды мәдениетке, өнерге баулу. Атадан қалған күй 

өнерін насихаттау арқылы тарихын, ғұрпын  құрметтеуге баулу. Музыка арқылы әсемдікті 

сезінуге, рухани нәр алуға жетелеу,музыканы тыңдай білуге,сүюге, түсіне білуге тәрбиелеу; 



Әдіс-тәсілдер:  СТО  технологиясының  стратегиялары,АКТ,  оқыту  мен  оқудағы  жаңа 

тәсілдер, диалогтық оқыту әдісі 

Бағалау: формативті бағалау әдісі. 

Оқу нәтижесі:  

Түсініп,  дұрыс  оқулары  дамиды,  Құрманғазы  өмірі  мен  шығармашылығы  жайлы 

білімдері толығады. Күй өнері арқылы тарихын, ғұрпын құрметтеуге үйренеді. 

Ресурстар:  Әдебиеттік  оқу,  музыка  оқулықтары,  М.Бұралқыұлы.  Қазақ  тілінің 

түсіндірме  сөздігі,  интербелсенді  тақта,  Қ.Сағырбайұлы,  Б.Серікбайұлы  жайлы 

слайдтар,Құрманғазы  атындағы  академиялық  ұлт  –  аспаптар  оркестрінің  орындауында 

Құрманғазының  күйлері  «Адай»,  «Сарыарқа»,  «Балбырауын»  бейнежазба,  музыкалық 

аспаптар,маркерлер, кері байланыс «Жетістікбаспалдағы» парақшасы. 

Сабақтың кезеңдері: 

І. Психологиялық дайындық: 

Сыныпқа оқушылар Құрманғазы Сағырбайұлының «Адай» күйімен кіру; 

Сәлемдесу, бір –біріне сәттілік тілеу; 

Қуанамын мен де, 

Қуанасың сен де,  

Қуанайық , достарым, 

Арайлап атқан күнге. 

 

II.Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: 

Музыкалық аспаптар: домбыра, қобыз, шертер, сылдырмақ арқылы топқа бөліну, топ 

ережесін қайталау; 

 

ІІI.Үй тапсырмасын пысықтау. 

III. a).«Серпілген сауалдар» стратегиясы. 

-Мәтіндегі басты кейіпкерлер кімдер? 

- Кейіпкерлер өмір сүрген заман қандай еді? 

 -Шоқан Уәлиханов туралы не білдіңдер? 

- Мысық туралы не айтасыңдар?  

- Шоқан Мысықпен қай жерде кездесті? 

- Мысықтың негізгі ермегі не? 

- Мүсін деген не? 

- Мысық ненің мүсіндерін жасады? 

- Шоқанның Мысықпен дос болуының себебі неде деп ойлайсың? 



36 

 

36 



 

- Шоқан Мысыққа қандай жақсылық жасады? Неліктен? 



III. ә).  Мағынаны тану. «Диалогтық оқыту» әдісі:  

 

1 топ:Оқулықтағы Шоқан мен әкесінің диалогын оқу. 

Әкелерімен  қабаттаса  атқа  мінген  Шоқан  кешегі  Мысыққа  айтқан  уәдесі  бойынша 

құдық  басына  тартты.  Шыңғыс  баласының  жалғыз  кетіп  бара  жатқанын  көріп,  шақырып 

алды. 



 



Сен жалғыз қайда бара жатырсың?-деп себебін сұрады. 

 



Атеке, кеше Мысыққа, әлгі мүсінші балаға, келем деп уәде бергем. Соған барам. 

 



Кейін–ақбармайсың ба, немене, олбіржаққакетіпқалардеппеедің?-дегенәкесөзіне: 

 



Уәдеайтып, артымнаналдасам, ұятболадығой. Бұдан былай ол менің сөзіме сенбейді 

ғой,-деді. 

Шыңғыс Шоқанға ойлана қарады да: 

 



Ә, жарайды, бар. Екі айтпаған жақсы,-деді. 

Шыңғыстың өңінде баласына іштей разыланған ажар бар еді. 



2 топ:Шоқан мен Мысықтың диалогын оқу. 

Шоқан құйғыта шауып құдық басына келгенде, 

Мысық алдынан қарсы шықты. 

Ол қолына ұстаған жаңа мүсіндерін жоғары көтере көрсетті: 

 

Міне, Шоқан, істепқойдым. Мен сені келмей қалардеп ем!.. 



 

Жоқ,  мен  айттым  ғой  келемін  деп,  неге  келмеймін.  Уәде  етпеу  керек,  уәде  еттің  - 



орында. Міне, сен де кеше уәде еттің, айттың, орындап, тосып отырсың, - деп, Шоқан досына 

өзінің әдетін түсіндірді. 



3 топ: Шоқан мен Мысықтың  диалогын  оқу. 

Мысықтың  бұл  мүсіндері  құстың  (қаршығаның)  тұлғасын  бейнелепті  және  пәуеске 

арбаның  бейнесін  жасапты.Жаңадан  көргенін,  жаңа  нәрсені  тез  танығыш  Мысықтың 

зеректігі Шоқанға сондай ұнады. Мына жасаған мүсіндерді әлі тобарсымаған, босаңдау екен. 

Қолына алып, ұстап көрді де: 

 



Сен мүсіндерді күн көзіне қойып тобарсыт, қазір алуға әлі жас екен. Мен саған ертең 

келем,- деп, Шоқан үйден Мысыққа  алып шыққан қант, бауырсақтарын берді. 

Жарайды, тағы да көп қылып істеп қоям, - деп Мысық бауырсақтан бір-екеуін аузына 

тоғытып жіберіп, жымыңдап қойды. Шоқан құнанына міне салып, Айғаным аулына қарай 

құйғыта жөнелді. 

4- топ:Шоқан мен апасының диалогын оқу. 

Ауыл  күзектен  көшер  алдында  Шоқан  Мысықтың  еркіне  қоймай  үйіне  ертіп  келді. 

Күздің  салқын күнінде  аяғында  етігі  жоқ,  үстіндегі  шапаны  далбаланған  Мысық  жағынан 

боздағы шығып тоңып жүр екен. Жаны ашыпкетті. Апасына еркелене: 

 

Мына Мысыққа менің ана қоңыр шапанымды, жеңілетігімді беріңізші, кисін,-деді. 



 

Ә, Шоқанжан, осы баланы өзіңе досқылыпалдыңғой. Жарайды, көңілің түскен екен, 



алсын, - деді сары бәйбіше. 

Киімдерін  бүктеп  қолына  алған  Мысықты  Шоқан  ертіп  үйден  алып  шықты.  Мал 

шетінде жатқан иттерден қорғап, біраз жерге ұзатып салды. 

III. б). «Топтастыру» стратегиясы. Кейіпкерлерге мінездеме беру. 

І топ: Шоқанға мінездеме 

Шоқан – қайырымды,әділ,уәдеге берік, Мысықтың өнеріне қызығады, бағалайды. 



ІІ топ:  Мысыққа мінездеме 

Мысық - өнерлі, зерек,мүсін жасайды, көргенін пайымдай алады; 



III. в). «Болжау» стратегиясы

ІІІ топ: 

-Егер,осы қазір сендердің орталарыңда Шоқан болса, қандай бала болар еді? Өз өнерін 

қалай дамытар еді? 

IV топ: 


37 

 

37 



 

Егер,  осы қазір сендердің орталарыңда Мысық болса, қандай бала болар еді? Өз өнерін 

қалай дамытар еді? 

ІV. Жаңа сабаққа дайындық :  

Музыка

Мысық өнерлі бала, мүсінші , ал тағы да өнердің қандай түрлерін білесіңдер?  

-Балалар, музыка сабағында қандай жанрлармен таныстыңдар? 

-Ән, би, күй, жыр жанрлары неге жатады?  

 

V.Жаңа сабақ: 

V.а).Қызығушылықты ояту: 

АКТ , бейнежазба (Қ.Сағырбайұлы «Сарыарқа» күйі) 

-Қандай жанрды тыңдадыңдар? 

- Күй тартатын адамды кім дейді? 

- Күйші 


Күй  - домбырада және басқа да халық  аспаптарында орындалатын  музыкалық 

шығарма. 

Күй  шығарып,  оны  домбырада  орындайтын  адам  -  ол  күйші.  Сендер  жаңа 

«Сарыарқа»күйін тыңдадыңдар. Бұл күйді шығарған ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлы. 

Ендеше,  бүгін  сендер  Құрманғазы  Сағырбайұлының  өмірі,  шығармалары  жайлы  түсінік 

аласыңдар. 



V.ә). Слайд «Құрманғазы Сағырбайұлы» 

V.б). Мағынаны тану: 

1.Оқулықтан мәтінді оқу; («Қүй атасы - Құрманғазы» мәтінін оқу) 

2.«Балбырауын» күйінен үзінді тыңдау; 

3.Сұрақтарға жауап: 

- Күй қандай екпінмен орындалды? (жылдам, шапшаң) 

- Қандай музыкалық көңіл –күйді білдіреді? (қуанышты, жігерлі, серпінді) 

V.в). Әдебиет:  Слайд (автор Б.Серікбайұлы) Құрманғазы ата. 

Бүгін  біз  Байбота  Серікбайұлының  «Құрманғазы  ата»  жайлы  өлеңімен  танысамыз. 

Құрманғазы  ата өзі өмір сүрген  заманда қоғамдық - әлеуметтік қайшылықтарға, зорлық – 

зомбылыққа қарсы күресіп өткен адам. 



V.в). Слайд. ( Өлеңнің авторы Б.Серікбайұлы) 

VI. Ой толғаныс: 

VI а).Топтық жүмыс: 

 

1 топқа тапсырма: 

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігімен жұмыс: дауылпаз, данышпан, бұғау; 

 

2 топқа тапсырма: 

Өлеңнің 1 – ші шумағын оқып, талдау, қара сөзге айналдыру

 

3  топқа тапсырма: 

Өлеңнің 2 – ші шумағын оқып,талдау, қара сөзге айналдыру; 

 

4 топқа тапсырма: 

Өлеңнің 3 – ші шумағын оқып,талдау, қара сөзге айналдыру; 

 

VI ә).Музыка: «Ақын орындығы» Ұйқас бойынша өлең құрау. домбыра.  

сен ғана. 

Құрманғазы атамнан, 

сен ғана



 

38 

 

38 



 

VI«Домбыра сазы» атты өлеңді әнімен орындату. 

VII.Жаңа сабақты қорытындылау үшін: 

Топтардың бір –біріне сұрақ қоюы, бірін –бірі бағалауы. 

-Құрманғазы Сағырбайұлы кім болған? 

-Құрманғазының ұстазы кім? 

-Құрманғазының шәкірті кім? 

-Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерін білесіңдер? 



 

VIII.Бағалау: Формативті бағалау. 

IX.Үйге тапсырма. 

Әдебиет: 

1.«Құрманғазы ата» өлеңін мәнерлеп оқу. 

2.Ойдан Құрманғазы туралы төрт жол өлең құрастыру. 

Музыка: 


1.«Күй атасы - Құрманғазы» мәтінін оқу. 

2. Әр топ Құрманғазының бір күйінің шығу тарихын дайындау. 



 

X.Рефлексия: 

Кері байланыс: «Жетістік баспалдағы» парақшасы. 

Балаларға баспалдақ суреті салынған қағаз таратылып беріледі де, сол баспалдақтағы 

өзінің орнын белгілеу тапсырылады. Егер оқушы өзін сабақта жақсы сезініп, сабақты жақсы 

түсінсе,  баспалдақтың  ең  биік  жеріне  күннің  суретін  салады.Ал  егер  сабақты  дұрыс 

түсінбесе,  сабақ  ұнамаса,  баспалдақтың  төменгі  жағына  бұлттың  суретін  салады.  Сабақта 

оқушының  көңіл-күйі  орташа  болып,  кейбір  нәрселерді  түсінбесе,  онда  баспалдақтың 

ортасына бір жағы ашық, бір жағы боялған бұлттың суретін салады. Осылайша оқушының 

өзін-өзі бағалауы мен мұғалімнің сабағы бағаланып, өзара кері байланыс жүзеге асырылады. 

Оқушылар берілген баспалдаққа өздеріне ұнаған суретті салады.  

 

 

4-5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН 

ДАМЫТУ 

 

Даирова К.Т., Досмаганбетова А.А.,  

Қарағанды қаласы, КМҚК «Толағай» балабақшасы 

 

 



Білім беру және ғылым саласына  елеулі  өзгерістер енгізіп қазіргі кезеңде мектепке 

дейінгі  білім  беру  ісін  жаңа  сапалық  деңгейге  көтеру  міндеті-бүгінгі  күннің  көкейкесті 

мәселесі.  Осы  өзгерістер  білім  саласының  алғашқы  сатысы  болып  саналатын  мектепке 

дейінгі  ұйымдарда  болашақ  ұрпақтың  дүниетанымын  дамытуға,  жеке  ұлға  ретінде 

қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеу мен білім беруге 

аса жауапты қарауды басты міндет  етіп қойып отыр. Бала тәрбиесі  от  басынан басталады 

десек  те  ғылымға  негізделген  әдіс  –тәсілдермен  берілетін  тәлім-тәрбие  ісі  көбіне 

балабақшадан  басталып,  мектепте  жан-жақты  педагогикалық  өрісін  табады.  Дер  кезінде 

алынған мектепке дейінгі білімнің әр бүлдіршін үшін маңызы зор. Әсіресе, балабақшадағы 

тәрбие  мен  білім  бала  табиғатына  өшпестей  із  қалдырады.  Ал  менің  қазіргі  қойған 

мақсаттарымның  бірі  метеп  жасына  дейінгі  балалардың  интеллектуалдық  қабілеттерін 

дамыту.  Алдыға  қойған  мақсаттарды  жүзеге  асырудағы  біздің    жұмысымыздың  келесі 

бағыты жаңа технологияларды меңгере отырып бүлдіршіндердің ақыл-ой қабілетін дамыту 

мақсатында  бағдарлама  жазып  шығару  еді.    Ол  бағдарламаға  қысқаша  түсінік  хат  беріп 

өтейік.    


39 

 

39 



 

Ұлы педагог В.А Сухомленскийдің сөзімен айтқанда:"Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты 

дамуы да жоқ және болуы да мүмін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе 

іспетті, ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзі қоршаған орта 

туралы  түсінік  алады.  Ойын  дегеніміз  -  ұшқын,  білімге  құмарлық  пен  еліктеудің  маздап 

жанар  оты",  деп  айтқандай  ойын  -  балалардың  оқуға  еңбекке  деген  белсенділігін 

арттырудағы  басты  құрал,  баланың  психологиясында  сапалы  өзгерістер  тудырады.  Бала 

зейінінің, жадының қалыптасуына ойлау, қиялдау қабілетінің дамыуына әсер етеді. Ойлау 

шығармашылығының және таным әрекетінің негізі болып табылады. 

Мектеп жасына дейінгі балалардың жан - жақты дамуы үшін логикалық ойындардың 

орны  ерекше.  Ойын  –  мектеп  жасына  дейінгі  кезден  басталып  адаммен  өмір  бойы  ілесіп 

жүретін  ерекше  қызмет  түрі.  Ойын  –  балалардың  оқуға,  еңбекке  деген  белсенділігін 

арттырудағы  басты  құрал,  баланың  психикасында  сапалы  өзгерістер  тудырады:  бала 

зейінінің,  жадының  қалыптасуына  ойлау,  қиялдау  қабілетінің  дамуына  әсер  етеді.  Ойлау 

шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады 

Баланың  мектепке  дейінгі  кезеңде  бойына  сіңірген  дағдылары,  біліктілігі  ересек 

жасында – мектепте білім алу және қабілетін дамыту үшін іргетасы болып қаланады. Осы 

дағдылардың ішіндегі маңыздысы да логикалық ойлай білу, «ақылмен әрекет ету» қабілеті 

болып табылады. Логикалық ойлау әдіс-тәсілдерін игермеген балаға алға қойған міндеттерін 

орындау  қиынға  соғады,  жаттығуларды  орындаудың  өзі  көп  уақытын  алып,  күш-жігерін 

сарқиды.  Нәтижесінде  баланың  денсаулығына  нұқсан  келуі  мүмкін  және  оқуға  деген 

қызығушылығы әлсірейді немесе тіптен жоғалады. 

 

«Ойнада,ойлан» вариативтік компонент бөлімінде  балалар бойында өзін-өзі дамыту 



қабілетін қалыптастыру үшін жағдайлар туғызады. Барлық сабақтар ойын түрінде өткізілетін 

жаттығулар  мен  тапсырмаларға  негізделеді.  Бағдарламада  математикалық  ойындар:  әзіл-

есептер,  жұмбақтар,  бас  қатырғыштар,  ауызша  ойындар,  саусақ  ойындары,  байлап  ойнау 

ойындары,  лабиринттер,  кеңістікті  сезінуді  дамыту  ойындары  кеңінен  беріледі.  Олар  тек 

өздерінің  мазмұн-дылығы  және  қызықты  болуымен  ғана  емес,  сонымен  бірге  балаларды 

ойлау, пайымдау қабілеттерін дамытып, дұрыс жауап беруге үйретеді. Балалардың өз бетімен 

әрекет  етуін,  байқағыштығын,  тапқырлығын,  зеректігін  дамытуға  ерекше  көңіл  бөлінеді. 

Бұған әртүрлі логикалық ойындар ойнату, есептер шығару, жаттығулар орындау көп әсерін 

тигізеді. 

Интеллектуалды еңбек 

күрделі.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  жас 

ерекшеліктерін  ескере  отырып,  педагогтардың  негізгі  дамыту  жолдары  мәселе  бойынша 

ізденістер. Ал басты ұйымдастыру формасы- ойын.  

Мектеп  жасына  дейінгі  педагогикада  баланың  интеллектуалдық  дамуына  қажет  көптеген 

әдістемелік  материалдар,  технологиялар  бар.  Біздің  де  ұсынып  отырған  осы 

бағдарламамыздың негізгі мақсаты – бүлдіршіндерді қызықтыратын нақты бір жүйеде ақыл 

ойды дамытатын  ойын түрінде оқу іс әрекеттерін ұсыну.  

Ал басты міндеттері мыналар.  

 

Логикалық  ойлау  қабілеттерін  дамыту.  Математикалық  түсініктер  жайлы  елестерін 



қалыптастыру.  

 



Обьектінің түсімен, формасымен, өлшемімен таныстыру.  

 



Кеңістікті бағдалай білуге үйрету.  

 



Практикалық  тапсырмаларды  өз  бетімен  шешуге    білімдерін,  дағды  мен  шеберліктерін  

дамыту.  

 

Қиындықты  жеңіп,  мақсатқа  жетуге  ынталандыру.  Белсенді  болуға,  өзіне  қызмет  етуге  



тәрбиелеу.  

 



Ойлау операцияларымен танымдық процестерін дамыту.  

 



Тілдік іс әрекетке байланысты психикалық функцияларын дамыту. 

Осындай  міндеттерді  орындап  шешу  балалардың  қабілетін  ашып  жан  жақты 

дамытады. Мектеп жасына дейінгі балалардың  интеллектуалдық қабілеттерін тиімді  дамыту 

жаңа  заманның  басты    мәселелерінің    бірі.  Қазіргі  өмірдің  өзінен  туындап  отырған 



40 

 

40 



 

талаптарды  орындау,  жаңалыққа  жаршы  болу  үзіліссіз  тәрбие  негізінің  бастау  бұлағы-

мектепке дейінгі ұйымдардан, яғни балабақшадан  басталады. Интеллектісі дамыған мектеп 

жасына дейінгі бала материалды жылдам қабылдап, жылдам есте сақтайды, байланыстыра 

сөйлеуі жетілген, сөздік қоры мол, өз күшіне сенімді, жаңа ортага тез бейімделетін, мектепке 

дайындығы жоғары тұлға болады.  

Интеллектуалды еңбек 

күрделі. 

Мектеп 

жасына  дейінгі  балалардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  педагогтардың  негізгі 



дамыту  жолдары-  мәселе  бойынша  ізденістер.  Ал  басты  ұйымдастыру  формасы-  ойын. 

Алдыға  қойған  міндеттерді  жүзеге  асырудағы  біздің    жұмысымыздың    келесі  бағыты  – 

мектепке дейінгі мекеме педагогтарына, алдындағы бүлдіршіндерді, жан жақты дамытатын 

қызықты  ойынның  түрлерін  ұсыну.  Ол  санамақтар,  математикалық  есептер,ертегілердегі 

математика , математикалық өлең-әзілдер, логикалық –дидактикалық ойындар. 

4-5  жастағы  балаларға    арналған  математикалық,  логикалық  мазмұнды    ойындар 

ұсынамыз.  Ойын  барасында  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  математикалық 

түсініктері  мен  ойлаудың  қарапайым  логикалық  құрылымын  қалыптастыруға  әсер  ететін 

тапсырмалар шешіледі. Бұл ойындар келешекте балалардың оқуында математиканың негізін 

ойдағыдай меңгере алуына көмектеседі.  

Санамақтарды  халық  негізінен,  жас  балаға  сан  үйрету  мақсатымен  шығарған. 

Санамақтар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортадағы дүниені тану мен 

қатар  халқымыздың  атадан  қалған  салт  дәстүрін  де  санау  арқылы  үйренеді,  әрі  дүниені 

таниды.  Баланың  қисынды  ойлауы  мен  математикалық  ойлау  қабілетін  дамытады.  Атау 

ұйқастырып  санау  арқылы  бала  санауды  үйренеді,  әр  санға  ұқсас  заттарды  танып 

біледі.Санамақтарды  әртүрлі  мағынада  ұсынып  отырмыз.  Осындай  санамақтар  арқылы 

балалардың  тілін  дамып,  санау  қабілеті  артады.  Санамақтағы  әрбір  сөзді,  атауды  есінде 

сақтаса, олар білімді, жеті атасын білетін, болашағынан үміт күттірер азамат болып өседі деп 

ойлаймыз.  Саусақ  санау  ойыны  баланы  сан  үйренуге  қызығушылығын  арттырады.  Осы 

санамақтарды  бос  уақытта,  күннін  екінші  жартысында  жаттату  арқылы  мағыналарына 

түсінік береміз. Санамақтар балаларға ұлттық нақышта тәрбие жұмыстарын жүргізумен бірге 

оларды мектепке даярлайды.   

Ғұлама ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, 

бай,  күшті  болуымыз  керек,  күшті  болуға  бірлік  керек.  Осы  керектердің  жолында  жұмыс 

істеу  керек»  дегендей    егерде  біз  аянбай  жұмыс  істесек,  жан  жақты  дамыған    елімізді 

көркейтуге  ат  салысатын  болашақ  білімді  ұрпақ  тәрбиелейміз.  Ұсынылып  отырған 

бағдарламада мектепке дейінгі мекеме педагогтарына маңызды  міндеттер тұр, яғни баланың  

ақыл  ой  қабілетін  жетілдіру,  логикалық  ойлауын  дамыту,  өз  пікірін,  көз  қарасын  айтып 

жеткізе  алатын,  талқыға  сала  білетін,  оны  дәлелдей  ала  білетін  қабілеттеріндамыту. 

Бағдарламада    бала  қызығатындай  ойын  түрлері,  оларға  қажетті  көрнекіліктер  сан  алуан 

болғандықтан,ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, ойындағы тапсырманы орындауға 

деген қызығушылығы, ұжыммен тату тәтті ойнай білу мүмкіндігі анық байқалады. 

Мектептегі  математикалық  білімді  меңгеруде  көптеген  балалардың  қиналатыны 

белгілі.  Мұның  себебі  көп.  Солардың  бірі  математика  пәніне  қызығушылықтарының 

болмауы.  Сондықтан  да  осы  жас  аралығында  ойын  арқылы 

математикалық  ой-  өрісін, 

қызығушылығын, 

арттырып, 

ішкі 

табиғи 


қабілеттерін 

дамытып 


 

жетілдіру 

керек.

Балабақшаға келген әр бір бала келешекте сауатты қызыға қарайтын жеке тұлға болып 



шығуы  керек.  Ол  үшін    әр  бір  баламен  жұмыс  істейтін  педогог  білімді,  өз  ісіне 

жауапкершілікпен  қарайтын,  баланы  шексіз  сүйетін,  ойлампаз,  белсенді,  әр  балаға 

творчестволық  ыңғай  таныта  білетін,  еңбекқор  адам  болу  өте  маңызды.  Сондықтан  әр 

педагог ойнап отырып, ой-өрісін дамитын ойындарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде, 

күннің екінші жартысында бағдарламаға сай балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты 

әр-түрлі    ойындарды  пайдаланса  жақсы  нәтижеге  жетеміз.  Ойын  процесінде  кішкентай 

балаларды  оқытуда  біз  ойын  іс-әрекетіндегі  қуанышын  бірте-бірте  оқу  іс-әрекетіндегі 

қуанышқа  ауысуына  ықпал  етуіміз  керек.  Сонда  бала  қуанып  жүріп  білім  алады.  Осы 

жастағы  балалардың    ойлаудың  логикалық  құрылымы  қалыптаса  бастайды.  Ойын  кезінде 


41 

 

41 



 

сұрақтың  жауабын  іздей  отырып,  өзінің  ой  қортындысын  бір  логикалық  тізбекке  құрады 

және  қателесуден  қаймықпай  жинақтап  қорту  арқылы  дұрыс  жауапты  табады.Санамақты 

көбінесе шағын топ құрып ойнауға болады. Айтуға оңай, жаттауға жеңіл.  Бүлдіршіндерге 

сан үйретіп қана қоймай, тіл ширатуға да себін тигізеді.Ауыз әдебиетінің бұл түрі баланы 

диалог  түрінде  сөйлесе  білуге,  өзіне  қойылған  сұраққа  жауап  беруге  жаттықтыру  ісінде 

басты  рөл  атқарады.  Осы  жастағы  балаларға  санамақтар  жаттау  арқылы  тура,  кері  санай 

білуге  үйретіп,  сандарды  бекітеміз.  Санамақ  арқылы  көркем  сөзді  мәнерлеп  жатқа  айтуға 

жаттықтырып, еске сақтау қабілеттерін дамытамыз. 

Жоғарыда  айтып  өткендей  қазіргі  таңда  баланы  дамыту  мен  тәрбиелеуде  баланың 

жеке  ерекшеліктерін,  қабілетін,  дарыны  мен  талантын  ашуға  әр-түрлі  методикалық  әдіс 

тәсілді  қолданудың  маңызы  зор.  Сондықтан  біз  өзіміздің  көп  жылғы  іс-тәжірибелерімізді 

пайдалана отырып балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты «Ойна да ойлан» вариативті 

бөлім  бағдарламасын  шығардық.  Бұл  бағдарламадағы  ойындардың  көбіне  жаңа 

технологияларды  пайдаландық.  Мысалы:  Математикалық  сиқырлы-  әлем  бөлімі  бойынша 

«Сандармен  танысайық»,  «Қай  затқа  ұқсайды»,  «Поезд»,  «Үйшіктер»,  «Қанқызын  тап», 

«Реттік  санау  деген  не?»,  «Сиқырлы  монеталар»  атты  оқу  қызметтерінде  интерактивті 

тақтаны пайдаландық.  

Біздің жазып шығарған бағдарламадан күтілетін нәтиже: Тура және кері санауды.  Уақыт, 

кеңістік  туралы  қарапайым  ұғымдарды  түсініп,  геометриялық  пішіндерді  біліп  оларды 

қоршаған  ортадағы  заттармен  салыстыруды.  Обьектінің  түсімен,  формасымен,  өлшемімен 

тануды ,заттың кеңістікте орналасуын анықтауды (оң жақта, сол жақта, ортасында) Тәулік 

бөліктерін  өзіне  қатысты  тұрғыда  айта  алады.  Санау  таяқшаларынан      пішіндерді  үлгі 

бойынша  қоя  біліп,    шаршыдан  ұшбұрыш,  таяқша  қосу  арқылы  ұшбұрыштан  шаршы, 

шаршыдан  тік  төртбұрыш  жасай  біледі.  Пішіндерді  қағаз  бетіне  дұрыс  орналастырып, 

жапсырып  өз  ойын  байланыстыра  әңгімелеп  жеткізе  алады.  Заттардың  қасиеттерін 

ажыратады, сыртқы белгілері бойынша ұқсас және әр-түрлі заттарды таба алады. Қоршаған 

ортадағы  заттарды  салыстырады  (заттардың  қасиеттерін  ажыраты,  сыртқы  белгілері 

бойынша ұқсас және әр-түрлі заттары таба алады). Қасиеттері ортақ заттарды бөлшектерге 

бөле  алады.  Әр-түрлі  заттарға  қатысты  қандай  да  бір  әрекетті  қолдана  алады.  Дұрыс 

көрсетілмеген  қарапайым  әрекеттердің  қателерін  таба  алады.  Үлгі  бойынша  санап,  екі 

топтағы заттарды теңестіруді, заттың орналасқан орнын анықтап сөзбен баяндауды игереді. 

Үлкен,  кіші,  кішкентай  деген  сөздердің  мәнін  түсініп,  оларды  сөз  арасында  қолдануды, 

затардың    ұқсас  белгілерін  (көлемін)  тауып  сол  белгілерін1-ден  5-ке  дейінгі  сандардың  

құрамын, белгілі бір санның алдындағы, артындағы сандар туралы түсініктерді игеріп, осы 

сандарды,  алып  қоса  алады.  Игерген  материалдарды  есте  сақтайды,  елестетеді.  Ойындық 

тасырмаларды өз бетінше орындау, соңына дейін тиянақты аяқтай білу дағдысын,  қойылған 

сұраққа толық және байланыстыра  жауап бере білуді, жолдастарының сөзін бөлмей тыңдай  

білу  дағдылары  мен  түсініктерді  менгерді.Қиындықты  жеңіп,  мақсатқа  жете  білу 

дағдыларын меңгереді.Жұптасып, топтарға бөлініп жұмыс істейді.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет