«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет134/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   134

Литература

1. Бабушкин Г.Д. Специфика деятельности тренера. Омск: ОГИФК, 1985.-68с. 

994 

 

994 



 

2.  Кайнова  Э.Б.  Общая  педагогика  физической  культуры  и  спорта.  М..ИД  «ФОРУМ»: 

ИНФРА-М, 2007.-208с. 

3. Корх А.Я. Тренер: деятельность и личность: Учеб. Пос. – М..Терра-Спорт, 2000.-120с. 

4. Матвеев А.П. Теория и методика физической культуры .-М..Физкультура и спорт, 1991.-

543с. 


 

 

СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ БАЛАБАҚША 



БІЛІМ ЖҮЕСІНДЕГІ МАҢЫЗЫ  

 

  «Бол ашақ » Ак ад емиясын ың аға оқ ыт ушысы   

Арунова Ж.А. 

«Бәйтерек » КМҚК балабақшасының маманы  

Нуртаева Г.К. 

Қарағанды қаласы 

 

Қазақстан  Республикасы  көк  туын  желбіретіп,  тәуелсіз  ел  атанғанына 



міне  25  жыл  да  толып  отыр.  Тәуелсіздікпен  қатарласып,  дүние  есігін  ашқан 

еліміздің азаматтары мен азаматшалары да қазір бір -бір кіші мемлекет(отбасы) 

иесі, білім ордасының түлегі, белгілі бір маман иесі атанып, қазаіргі таңда ел 

мерейін  асқақтатып  жүрген.  25  жыл  біреуге  көп,  біреуге  аз  көрінер.  Ал  осы 

жылдың  аралығында  Елбасымыздың  берік  ұстанған  саясатының  арқасында 

дамыған  іреуге  көп,  біреуге  аз  көрінер.  Ал  осы  жылдың  аралығында 

Елбасымыздың  берік  ұстанған  саясатының  арқасында  дамыған   елдердің 

қатарында  бой  түзеп,  экономикада  да,  саясатта  да,  білім  мен  мәдениет  және 

спорттан  да  бүкіл  әлемді  мойындатып  келе  жатқанымызды  шүлдірл еген  бала 

да кішкентай жүрегімен сезінеді.   

Бүгінгі  күні  тәуелсіздікке  қол  жеткізіп,жас  мемлекет  атанған  елдерге 

өркениетке жету жолында әрбір қадамына тұғыр боларлықтай білім жүйесінде 

алға  қойған  міндеттер  жеткілікті.  ҚР -ның  білім  беру  бағдарламасының 

мақсатындағы тұжырымдамада  білім беру жүйесінің барлық деңгейінде өзін -

өзі дамытуға, ойындағы пікірін сауатты жеткізе алатын азамат тәрбиелеу.   

Білім  жүйесіндегі  өзгерістер  өте  баяу  жүреді,  дегенмен  өзінің  қойған 

мақсатына  жетеді.  Кейінгі  жылары  барлық  педагогтар  Білім  министрлігі 

тарапынан қабылданған реформа бізге қажет  пе, жоқ па, реформа қалай жүреді, 

оған қанша уақыт қажет және қалай іске асырамыз деген сұрақтар жаудырады. 

Иә, өйткені біздер алғашқы қадамның жасалып қойғандығын байқап отырмыз. 

Бірқатар  білім  алушылар  енді    ақпараттарды  есте  сақтап  қана  қою  қажет  деп 

қабылдамайды,  ендігі  міндет  олардың  нағыз  интелектуалды  жұмыстар  жасап, 

өмір  тәжірибесіндегі  тапсырмаларды  орындауға  өз  білімдерін  қолдануына 

тура келеді. 

Қазіргі  жаңа  заман  талабына  қарай  мұғалім  өз  сабағында  демократиялық 

принциптерге  негізделген  оқу  қауымдастығының  үлгісін  құра  алса,  білім 

жүйесі табысты бола алар еді. Ал осындай реформамен жұмыс жүргізіп жатқан 

білім  ұйымдарының  жетістіктері  аз  деуге  келмейді:  Балалардың  оқуға  деген 

қызығушылықтары  оянып,  топпен  жұмыс  жүргізу  кеңірке  қолданылатын 

болды,  бір  оқу  қызметінде  үш  немесе  төрт  баланың  білімін  ғана  естіп  қалу 

деген  жоқ,  керсінше  барлық  бала  өз  деңгейінде  берілген  тапсырмаға  жауап 

беріп,  ойымен  бөліседі,  ал  оқытушы  болса  оқу  әре кетін  қызықты  өтуін 



995 

 

995 



 

бағдарлап, жылдық жоспарын жаңа қырдан жазады, оқытудың көп бөлігін есте 

сақтауға емес, ұғынып, еске сақтауға арнайды.  

ХХІ  ғасырдың  талаптарын  жақсылап  о рындап  шығуға  мүмкіндік  беретін 

және  оқып  үйренуімізге  тереңірек  мән  беретін  ол  –  сыни  тұрғыдан  ойлау 

реформасы  екендігі  белгілі.  Дей  тұрғанмен  де,  сыни  ойлау  дегеніміз  не? 

Бұрынғы  дәстүрлі  білім  беру  әдісімен  жүріп  келген  мамандар  әдіскерлерге, 

біліктілікті арттыру курстарында осындай сұрақтарды жиі қояды. Бұл реформа 

бойынша еліміздеегі барлық мамандар арнайы білім де алмаған. Ал сыни ойлау 

реформасы жөнінде түрлі анықтамалар мен пікірлер көптін қасы.   

Алдымн  осы  реформаның  анықтамасына  тоқталмас  бұрын  сыни  ойлауға 

жатқызуға болмайтын ой әрекеттерінің бірнеше түрлерін атап өтейік. Жай ғ ана 

есте  сақтаудың  сыни  ойлауға  жатпайтындығымен  келісуге  тура    келетін  

шығар.  Есте  сақтау  –маңызды  ойлау  операциясы  да,  онсыз  оқу  қызметін, 

сабақты  көз  алдымызға  елестету  мүмкін  емес,  бірақ  сыни  ойлаудан  оның 

түбегейлі  айырмашылығы  бар.  Адамдардың  ойлау,   есте  сақтау  қабілетіне 

қарағанда  копьютердің  есте  сақтауы  ерекше,  бірақ  оны  да  сыни  ойлауға 

жтақызбаймыз.  Сыни  ойлау  оқушының  ақыл  ойының  терең  жолдарына 

бағытталған. Тіпті мектепте алгебра, геометрия, химия пәндерінен өтетін кей 

тақырыптарды  түсіну  үшін  оқушылар  терең  ойланады,  балабақшада  тәрбиеші 

балаға геометриялық пішіндер және логикалық тапсырмалар бергенде балалар 

терең ойланып қалады,  бірақ бұл кезді де сыни ойлаға жатқызу мүмкін емес.  

Дэвид  Клустердің  анықтамасы  бойынша  сыни  ойлауды  төрт  фактор 

бойынша анықтауға болады [1.48-б.]: 

Біріншіден,  сыни  тұрғыдан  ойлау  өзіндік  және  жеке  ойлауболып 

табылады. Ал оқу қызметін сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне  негізделеген 

болса, әр бала өз ойларын, пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз 

құратын  болады.  Ол  балалар  үшін  оның  досы  немесе  ата -анасы  ойлап  бере 

алмайды,  барлық  нәрсені  біз  өзіміз,  өзіміз  үшін  жасаймыз.  Сонымен  қатар 

ойлау  өзіндік  сипатқа  ие  болғанда  ғана  сыни  тұрғыдан  ойлағандық  болып 

табылады.  Өз  басымен  жұмыс  жасап,  оқытушының  берген  та псырмасын  өзі 

шешуіне  жеткілікті  түрде  бостандық  берілуі  қажет.  Осыған  бір  мысал 

келтірейік, оқытушы балаға «Шалқан» ертегісін оқып берді де, ол ертегіні дәл 

солай  кім  мазмұндап  беретіндігін  сұрады.  Ол  дәл  кітапта  автордың  сөзімен, 

ойымен  ұсынды.  Балалар  ол  ертегіні  жатқа  есте  сақтап  алды.  Ал,  екінші  бір 

оқытушы  сол  шығарманы  сахналық  қойылым  арқылы  көрсетіп    және  ол 

ертегідегі  әр  бір  кейіпкердің  ісін  талдатып,  ойларын  сұрап,  олардың  өмірлік 

тәжірибесіне  осындай  жағдай  кездескенде  қандай  әрекет  жасалғандығы ,  өз 

ойларын ортаға салып сол баланың деңгейінде шағын пікірталас ұйымдастыра 

отырып ұсынды.  

Екіншіден,  ақпарат  сыни  тұрғыдан  ойлаудың    соңғы  емес,  бастапқы 

пункті  болып  табылады.  Яғни,  оқытушының  жұмысы  тек  сыни  тұрғыдан 

ойлауға  үйретумен  шектеліп  қана  қ оймайды:  біз  балалардың  жаңа  тү сініктер 

мен  сөздердің  мағынасын  саналы  түсініп,  әр  түрлі  мәселелерді  есте  сақтауға 

дағдыландырамыз.  Сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету  –  бұл  оқытушының  көп 

жақты  жұмыстарының  бірі  ғана.  Кез  келген  жаста  сыни  тұрғыдан  ойлауға 

болады:  ол  үшін  мектеп  жасындағы  балалар  мен  студенттердің  ғана  емес, 

ересек,  ортаңғы  тіпті  екінші  кіші  топ  балаларының  да  өмірілік  тәжірибелері 

мен білімдері жетіп жатыр. Әрине, оқу барысында балалардың о қу қабілеттері 

жетіле түседі, бірақ бөбектер де өз тұрғы сынан сыни ойлай алады (баласы бар 

ата-аналар оны  жақсы түсінеді, бірақ оны теориялық тұрғыда  сыни ойлау деп 

саналатындығын  ескеріп  жатпайды).  Тек  сыни  тұрғыдан  ойлаудың  арқасында 



996 

 

996 



 

дәстүрлі  танып  жүйесі  жекелік  сипат  алып,  саналы,  үздіксіз  сипатқа  ие 

болады.  

Үшіншіден,  сыни  тұрғыдан  ойлау  сұрақтар  қойып,  шешім  табуды  қажет 

ететін  мәселені  анықтаудан  басталады.  Жалпы  адамзат  баласы  тумысынан 

бәрін  білгісі  келіп  тұрады.  Егер  де  бала  жаңа  бір   нәрсені  байқай  қалса,  оның 

не екендігін білгенше сұрақ қойып мазалай ды. Ал егер керемет әдемі үйшікті 

көрсе  соның  ішіне  кіріп,  әр  затты  ұстап,  көруге  ұмтылады.   Дегенмен  нағыз  

таным  процесі  өзінің  кез  келген  кезеңінде  мәселелерді  шешу  мен  өзінің  жеке 

қызығушылықтары  мен  қажеттіліктерінен  пайда   болатын  сұрақтарға  жауап 

беруге  деген  талпыныспен  сипатталады.  Міне  сондықтан  сыни  тұрғыдан 

ойлану  баланың  қоршаған  әлемдегі  заттарды  жақсы  танып  білуіне 

көмектесуден  тұрады.  Сыни  тұрғыдан  ойлауды  балабақшада  барлық  оқу 

қызметімен  байланыстыра  отырп  жүргізуге  болады.  Мысал  ретінде  экол огия 

қызметін  алсақ. Тақырып  «Қар», қар  жайында оқытушы балаға  суретті  әліппе 

арқылы  ұғымын  ашты,  сонан  кейін  тәжірибе  жасау  арқылы  балаға  қардың  не 

себепті  еріп  суға  айналатындығы,  қардың  қаншалықты  адамға  пайдалы 

екендігін  сұрақ  қою  арқылы  пысықтайды ,  суретті  венн  диаграмасын   т.б. 

қолданып жұмыстар жүргізеді. 

Төртіншіден,  сыни  тұрғыдан  ойлау  көңілге  қонымды  дәлелге  ұмтылады. 

Яғни,  өзіне  берілген  тапсырманың  дәл  шешімін  тауып,  оның  неліктен  солай 

екендігін  түсіндіріп,  дәлелдеп  беру.  Иә  көбіне  оқытушылар  бұ л  анықтаманы 

ересек  топтармен  жүргізген  оқу  қызметтерінде  қолданады.  Осы  жағдайдан 

мысал  ретінде    келтірерім  ересек  топта  «Ертегілер  әлемі »  атты  оқу  қызметі 

өтті.  Түрлі  ертегілер  кейіпкерлерінің  әлеміне  саяхатқа  аттанарда  балалардың 

алдынан екі түрлі жол пайда болды.  Олар жолдың ұзақ, қысқа, бір аяқты жол 

немесе    үлкен  жол  екендігін  байқап,  неліктен  үлкен  жолды  та ндағандарын 

дәлелмен  келтірді.  Үлкен  жол  тегіс,  әрі  ұзын  және  ол  бізді  үлкен  қайын 

ағашына  апарады.  Ал  екінші  жол  өте  қысқа,  жарықтары  бар ,  ол  жолмен 

жүргенде  барлығымыз  өте  алмаймыз,  уақытымыз  да  жетпейді  және  ол  бізде 

ешқайда  апармайды  себебі  жол  соңында  ештене  көрінбейді  деген  секілді 

ойларын  оқытушының  көмегінсіз  талқылап  айтты.   Қазыргі  кездері 

балабақшада  тәрбиешілер  сыни  тұрғыдан  ойлау  реформасының  мынадай 

түрлерін оқу қызметтерінде қолданып жүр:  

 

Топтық шығармашылық жұмыс  



 

Ыстық орындық/пирамида 



 

Диалог 



 

Видеролик 



 

Суретті Венн диаграммасы  



 

Әлемді  шарлау  (балалар  өткен  тақырып  бойын ша  алаған  білімдерін  топтық 



жұмыста суреттерді жапсыру, шығармашылық жұмыс)  

 



Болжау 

 



Бір –біріне сұрақ қою т.б. 

 



 

Сонымен  сын  тұрғысынан  ойлау  арқылы  оқытушылар  шыдамдылық  пен 

басқаны тыңдай білу және өз көзқарасына деген жауапкершілік секілді өнімді 

ой  алмасуға    өте  қажет  болатын  сапаларға  ие  болуды  әсте  назарда  ұстайды. 

Осындай  қасиетке  өз  тәрбиеленушілерін  де  тәрбиелей  отырып  мәдениетті  де 

өз ойын жасқанбай айта алатын ұрапқ тәрбиелеуге ат салысады.  

Соңғы  жылдары  елімізде  ата  түрік  бабамыздың,  Төныкөктің  ұс танған 

саясаты  «Мәңгілік  ел»  стратегиясы  қолға  алынып,  жас  ұрпақтың  бойындағы 

патриттық  сезімін  одан  әрі  өрістеткені  анық.  «Мәңгілік  ел»    білім  мен 

мәдениеті  өркендеген,  бәсекеге  төтеп  беретін,  демократиялық  мемлекет 



997 

 

997 



 

ұрпағы  бар  ел.  Біз  сөз  етіп  отырған  сыни  ойлаудың  демократиямен  қандай 

байланысы  бар  деген  де  сұрақтар  туындайды.  Демократия  анықтамасына  сай 

«сөз бостандығы» деген мағынаны білдіреді. Сыни ойлауда оқытушы мамандар 

баланың ойын бүктірмей, сөз бостандығына еркіндік береді. Болашақ ұрпақты 

демократиялық  қауымдағы  өмірге  дай ындаудың  қандай  маңызы  бар?  Оларды 

жауапкершілік  пен  бостандық  шараларын  анықтай  білуге  бала  кезден 

үйретудің  қаншалықт  дұрыс  екендігін  қарастырып,  зеттеудің    қажеті  жоқ. 

Себебі,  ол  күнделікті  өмір  талабы,  жасқа,  балға,  қартқа  қарамайды.  Осы 

бағытта  жұмыс  жасап  келе  жатқан  мамандар  болашақ  жастарды  бостандықты 

жауапкершіліктен қашпау екендігін өз тәжірибелері бойынша түсіндірулеріне 

көмектесулері қажет [2.13-б.].  

Сыни  тұрғыдан  тәрбие  мен  білім  алып  қалыптасқан  тәрбиеленушінің 

бірінші  сыныпқа  батыл  қадам  басып  баратындығы  да  айқын.  Сөзі  мен  ойын 

еркін  де,  өзін  мәдениетті  ұстай  білетін  бүлдіршін  мектептің  талабын  сол 

қалпында  қабылдауға  психологиялық  және  физиологиял ық  тұрғыдан  дайын 

болады.  

Сыни  сауаттылық  –  сыни  ойлау  жүйе  болып  табылатын  білімдегі  ағын. 

Сыни  сауаттылық  ол  бос  сөз  емес,  балаларға  өз  қоршаған  ортасын  бақылай 

алуға  көмектесуді  білдіреді.  Бұл  дегеніміз  басқаша  айтқанда  өзінді  қоршаған 

әлемнің  бәрі  үшін  жауаптысын  дегендей,сен  өзіңнің  отбасынның,  өмір  сүріп 

және    еңбек  етіп  отырған  қоғамның,  тұтас  әлемнің  бір  бөлшегі  екендігін 

сезінесін.  Австралия,  Жаңа  Зерландия  т.б.  елдерде  сыни  сауаттылықты 

мойындайтын кез келді деп есептейді  [3.45-б.].  

Сыни  тұрғыдан  білім    беру  балалардың  бірге  тізе    біріктіре  отырып  

жұмыс  жасап,  талпыныстарын  біріктіру  арқылы  және  жіберген    қателіктерін 

түсініп,  ой  елегінен  өткізіп,  оқытушыны,  досының  дұрыс  пікірін,  ойын 

қабылдай  алатындығы  күмән  келтірмейд.  Дәстүрлі  оқытуда  оқыту шыны 

балалардың 

жаңа 


тақырыпты 

игеруде 


пайыздық 

көрсеткіші 

төмен 

болатындығын,  ал  қазіргі  таңда  барлық  балалар  ойларын  еркін  білдіріп, 



оқытушы да балаларға бала көзімен қарай отырып өз сұрағына ұтымды жауап 

алып,  білім  деңгейінің  көрсеткіштік  пайызды  да  өс кендігін  атап  өтті.  Қазақ 

балаларында жиі кездесетін ұяндық, тосылып қалу, білгенін айтпау т.б. сияқты 

қасиеттерден    арылған  бүлдіршіндерді  көріп    жүрекке  қуаныш  орнайды. 

Балалық шақтан құйылған білім мен тәрбие баланың білім сатысының алғашқы 

фундаменті,  сондықтан  сыный  тұрғыдан  ойлау  әдісінің  балабақшадағы 

мамандардың  да  қолданысқа  енгізіп  жүргені  қуантарлық  жағда й.  Шәкәрім 

Құдайбердіұлы:  «Адамның  жақсы  өмір  сүруіне  үш  сапа  жақсы  негіз  бола 

алады,  барлығынан  басым  болатын  адал  еңбек,  мінсіз  ақ,  таза  жүрек .  Бұл 

қасиеттер  адамды  дүниеге  келгеннен  бастап  тәрбиелейді»,-деген  [4.55-б.]. 

Рухани  құдылықтарға  баланы  баулу  –  баладүниеге  шыр  етіп  келгеннен 

басталса  керек.  Сол  періштенің  қоғамдық  ортада  адам  болып  қалыптасуына 

ата-ана  мен  тәрбиешінің  ролі  зор,  яғни  б алабақша  білім  жүйесіне  жүктелетін 

жүк те жеңіл емес. 

 

 

 



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:  

 

1.



 

Кәсіби  даму.  СТО  әрекеттері  философиясы  мен  әдістері.  («Демократиялық  

мектеп» авторы Л.Джюин)  ИздатМаркет-Алматы,2004. 


998 

 

998 



 

2.

 



«Балабақша  мен  отбасы»  Р еспубликалық  журналы.  №2,  14  ақпан  2012ж. 

(«Балабақшадағы жаңа технологиялар» мақаласы авторы Дукенбаева С.) 13бет.  

3.

 

Қарағанды  білім  басқармасының  әдістемелік  кабинеті.  «Заманауи  білім » 



облыстық  ғылыми  конференция.  («Сыни  тұрғысынан  ойлау  арқылы  қазақ 

тіліне оқыту» авторы Жарикова А.С.);  Қарағанды, 2014ж. 45-б. 

4.

 

«Өзін-өзі тану» хрестоматиясы. Алматы-2003ж. («Шәкәрім тағлымы») 55бет.  



 

 

ТАБИҒАТ БАЛАНЫҢ СӨЙЛЕУІН ДАМЫТАТЫН БАЙ ҚОЙМА 



 

Тулепова О.А. 

№108 "Арман" балабақшасы КМҚК  

 

 



Қазақ  ағартушысы  Ы.Алтынсарин  өзінің  педагог-ағартушылық  жолында  білім  беруді 

кәсіппен, қоршаған ортамен байланыстырып, бала дүниетанымын қалыптастырудың жаңаша 

жолдарын атап көрсетті. Мәселен, балаға кәсіптің құдіретін түсіндіруде жағрафиялық білім 

беруді мақсат тұтып, туған өлкесінің табиғатын, оның құбылыстарын білгізуден бастап, әрі 

қарай кеңейте берудің мәнін айқындап берген. Ал, ағартушы А. Құнанбаев қара сөздеріндегі 

философиялық  ой  пікірлерімен  білдіріп,  оған  байланысты  ғылыми  тұжырымдарын  да 

танытады. Абай атамыз өз өлеңінде табиғат пен адам өмірін, тіршілігін ажырамайтын, бөліп 

қарастыруға  келмейтін  біртұтас  дүние  ретінде  қарастырған.  Ол  адам  баласына  байлық 

беріліп, таусылмас азық болып отырғанын көрсете келіп, "Кім өзіне махаббат қылса, сен де 

оған махаббат қылмағың парыз",- деп өскелең ұрпақты табиғат ананы сүйе білуге үндейді. 

Сол  сияқты  осы  ұлы  педагогтарымыздың  айтқандары  менің  педагогикалық 

идеяларымның негізі болып табылады. Қазіргі таңдағы күрделі мәселелердің бірі мектепке 

дейінгі жастағы балалардың тілі шықпай, я дұрыс сөйлей алмайтын балалар саны жыл сайын 

артып  барады.  Өкінішке  орай,  көргенін,  есіткендерін,  не  сезінетіндерін  байланыстырып 

дұрыс  сөйлей  білу  балалар  үшін  қиынға  соғатынын  балалардың  сөйлеуінен  білеміз.  Чех 

педагогы  Я.А.Комеский  жазған:  "Оқытуды  ауызша  талқылаумен  емес,  қоршаған  ортаны 

нақты бақылау үстінде жүргізу керек " ,  ал  Швейцар педагогы И.Г.Песталоцци, қоршаған 

ортаны  бақылауды  қалыптастыру  балаларды  нақты  мәліметтерді  жинауға  көмектесе  келе 

балалардың  сөйлеу  қабілеттерін  дамытатынын  айтқандай,  табиғат  -  балалардың 

интелектуалдығын, адамгершілігін және сөйлеуін дамытатын бай қоймасы. Ол өзінің алуан 

түрлілігімен,  сұлулығымен  қарқындығымен  балаларды  өзіне  тартады,  сонымен  қатар 

балаларды көптеген қуанышты сезімдерге бөлейді, танымдық қабілеттерін дамытады. 

Жаңа  ғасырда  табиғатсыз  баланы  тәрбиелеуді  көз  алдымызға  елестете  алмаймыз. 

Балалармен жұмыс істеу барысында ұйымдастырылған оқу қызметі өтілетін бөлме ғана емес, 

сонымен  қатар  мекеме  орналасқан  ғимарат  та  әсем  болуы  керек.  Егер  балалар  сұлулықты 

өмірден  өз  көздерімен  көре  отырып,  оның  өмірімен  байланысын  сезіне  білсе,  онда  олар 

сұлулықтың  бар  екеніне  сенеді.  Балаларды  табиғатқа  деген  сүйіспеншілікке  тәрбиелеу 

барысында  оларды  сұлулықты  көріп  қана  қоймай,  сол  сұлулық  жолында  еңбетене  білуге 

үйретудің маңызы зор. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы, 

оларды күтіп баптаудың жолдарын үйрете отырып, табиғат анамызды аялай білуге тәрбиелеу 

керек.  Балалар  тірі  және  өлі  табиғат  арасында,  тірі  организм  мен  олардың  өмір  сүру 

ортасындағы  байланыстарды  орнатуды  үйренеді.  Балаларды,  мысалы  "Асхана","Әтеш  пен 

тауық" (табиғи және қалдық материалдармен жұмыс), "Бәйшешек гүлі", "Көбелек", "Жеміс- 

жидекке арналған себет" (қағаздан құрастырулар) тағы сондай сияқты тақырыптарда табиғи 

материалдармен  жұмыс  атқарудың  тәсілдеріне  инновациялық  технологиялардың 

формаларын  пайдаланып  оқыту  жолында  біз  тәрбиешілер  көп  еңбек  етуіміз  керек.  Әрине 



999 

 

999 



 

балаларды табиғатты жақсылап танып біліп, ойлау мен сөйлеу қабілеттерін дамытуда қазіргі 

замандық ақпараттық технологияның маңызы өте зор. 

Балаларға  білім  беру  және  тәрбиелеу  қызметінде  жаңашыл  технологияларды 

пайдалануымыздың өзіндік мақсаты бар. 

Мақсаты:  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  инновациалық  технологияларды  пайдалануға 

жағдай жасау, кәсіби қызметкерлердің білімін, біліктілігін дағдыларын қолдану.  

Міндеттері:  педагогтардың  кәсіби  мәдениеттерін  арттыру  үшін  инновациялық 

технологияларды енгізу.  

Мектеп жасына дейінгі ұйымдардағы қазіргі замандық технология мыналарды қамтиды: 

1. Білім беру процессінде денсаулық сақтау технологиясы; 

2. Пәндік-дамытушы ортаны жасау

3. Жобалау-зерттеу қызметтері; 

4. Ойын технологиялар

5.Инновациялық  технологияларды  пайдалана  отырып  тәрбиешілердің  жұмыс 

тәжірибесін қорыту. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  инновациялық  технологияны  пайдалана  отырып 

тәрбиелеу формасы мыналар: 

1. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдалана отырып тікелей білім қызметі: 

компьютерлік техника, ұялы телефонды пайдаланып, интерактивтік тақта арқылы,слайдтар 

презентациялар  тамашалату  ("Қысқы  орманға  саяхат",  "Зообаққа  саяхат",  "Алтын  күз" 

"Біздің еліміздің жануарлары" т.б. 

2. Саяхаттар: мезгілдік саяхаттар "Күз бояулары", "Аязды шілтелер", "Көңілді тамшы" 

3.  Өзіндік  қызмет:"Атам-әжем  ауылында",  "Менің  сүйікті  балабақшам",  "Ертегілер 

әлемінде" 

4.  Үйірмелер  мен  байқаулар:  "Табиғат  қорғаушылары",  "Ақылдылар"  үйірмелер, 

"Табиғатты  жырлаймын"  тақрыбында  өлеңдер  жатқа  айту  байқауы,  "Күзгі  шеберхана", 

"Жазғы демалыста" (ата-анасымен бірлесе жасап келген қолөнері туралы әңгімелеп беру) 

Мектепке  дейінгі  жастағы  баланың  бойында  табиғатпен  эстетикалық  қарым-қатынас 

жасаудың  базасын  құрайтын  экологиялық  тәрбиені  бере  отырып,  сонымен  бірге 

шығармашылық  қиялын,  көркемдік  талғамын  дамыта  келе,  оны  қорғай,  аялай  білуге  де 

тәрбиелейміз.Тәрбиеші - педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялық тәрбие 

берудегі  шешуші  фактор  болып  табылады.  Ол  экологиялық  ақпараттар  және  арнайы 

материалдармен  кең  көлемде  таныс  болуы  тиіс,  сонымен  қатар  балаларды  тәрбиелеу 

тәсілдерін  қолдана  білуі  керек.Адам  өмірі  табиғат  аясында  өтетіндіктен,  ол  табиғаттың 

тылсым тынысын, ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен. Тіпті айналадағы ортаның, 

табиғаттың  сұлу  да  әсем  көріністері  жас  нәрестені  де  қызықтыратыны,  таңдандыратыны 

бекер ме? Баланың мұндай қызығушылығын  байқап, жеткіншектің туған табиғат  әлемінің 

саналуан  сырларын  ұғынуына,  тереңдеп  түсінуіне  ерте  заманнын  өзінде-ақ  ұлағатты 

тәлімгерлер  зер  сала  көңіл  бөлген.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  экологиялық 

мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:  

1. мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын 

құру;  

2.балалардың  экологиялық  сауығуының  дамуы  үшін  атқарылатын  жұмыстарға 



көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;  

1000 

 

1000 



 

3. жан- жануарларды күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар 

ұйымдастыру;  

4. сабақта көркем құралдарды,әдістемелік және материалдық құралдарды, ойындарды, 

ойыншықтарды,түрлі ертегілер кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану;  

5. педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру қажет.      

Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл  сұлулықты, аспан, су, 

жапырақ түстерінің алуандығын  көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ 

балалар  көп  нәрсені  байқай  бермейді,  үстірт  қабылдайды.  Табиғат  сұлулығы 

рухани    қайырымдылыққа  тәрбиелеуде  де  үлкен  рөл  атқарады,  яғни,  балаларды 

мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар 

үшін табиғат – бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. 

Бұл – балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. 

Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. 

Қорыта  келгенде,    жоғарыда  айтып  өткенімдей  біз  балаларды  табиғатпен  жақынырақ 

жан-жақты  таныстыру  арқылы,  түрлі  ұйымдастырылған  оқу  қызметтерінде  және  өзіндік 

қызметтерінде  ойлауы  мен  сөйлеуін  дамыту  үшін  жаңашыл  технологияларды  пайдалана 

отырып іске асырсақ балаларға берген біліміміз сапалы да саналы болмақ. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 



1.  Мектеп  жасына  дейінгі  кіші  жастағы  балаларды  тәрбиелеу  мен  оқытуға  арналған 

"Зерек бала" бағдарламасы. Астана 2010ж. 

2. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту типтік оқу бағдарламасы. ҚР Білім 

және ғылым Министрі. 12.08.2016ж. №499 

3.Саморукова П.Г. Как познокомить дошкольников с природой.- М. Просвещение, 1983. 

-318с. 


4. Федосева Т.Г. Организация деятельности уголка. - Волгоград: Корицей, 2009. -298с. 

5. 


Жұмабаев 

М. 


Педагогика 

М. 



Жұмабаев– 

А.: 


Рауан,1993 

6.  Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030/ Назарбаев Н.Ә. – А.: 1997 

7.  Л.А.  Каменова,  Н.Н.  Кондратьева,  Л.М.  Маневцева,  Е.Ф.  Терентьева  Методика 

ознакомления детей с природой в детском саду

8.  Ж.Р.Саятова,  А.Т.  Қазыбаева,  Ж.Қ.Рахымбаева  "Құрастыру"    Әдістемелік  құрал. 

Арман-ПВ баспасы. 

 

ТӘРБИЕЛЕУ ӨНЕРІ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӨНЕРІ 

 

Кабылбекова Б.Ш. 

Қарағанды қаласы, КМҚК «Толағай» балабақшасы 

 

Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  дамыту  мәселесі  ұлттық  даму  стратегиясымен 

тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала  – біздің 

болашағымыз. Олай болса, балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің 



де  жарқын  болашағының  кепілі.  Ол-үздіксіз  білім  берудің

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет