Қазіргі заманғы дидактикалық ЖҮйелер (Педагогикадан курстық жұмыс )


Оқыту процесінің негізгі құрамдық бөліктері



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата15.12.2023
өлшемі453,99 Kb.
#138653
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қазіргі дидактиканың 10 мәселесін тұжырымдаңыз және негіздеңіз

Оқыту процесінің негізгі құрамдық бөліктері. 
Дидактика тарихында оқытудың мақсаты туралы екі көзқарас болды. 
Біріншісі: мақсат – жеке тұлғаның ақыл-ойын, есін және басқа қабілеттерін 
дамыту деген тұжырым. Екіншісі: мақсат – ғылым негіздерін меңгерту, 
өмірге қажет нақты білімдер беру. 
Қазіргі оқытудың мақсаты білім туралы құжаттарда белгіленген. Ол 
мұғалімнің сабақ жоспарында нақтыланады. 
Оқу материалын меңгертудің әрбір кезеңінде мұғалім өзінің алдына төрт 
түрлі дидактикалық мақсат қояды. Олар: 
- оқушыны оқу материалдарымен таныстыру және оны бірінші рет бекіту; 
- оқығанды еске түсірту, іс жүзінде репродуктивтік және продуктивтік 
деңгейде қолдандыру; 
- білім және іскерлікті қолдану арқылы жүйелеу; 
- білім, іскерлікті бақылау және есепке алу. 
Оқыту мазмұны - оқыту процесінде оқушы меңгеретін ғылыми білімдер, 
тәжірибелік іскерлік, дағды, іс-әрекет және ойлау тәсілдері, оқыту мазмұны 
пән бойынша жасалған мемлекеттік оқу жоспарында, мемлекеттік оқу 
бағдарламаларында, оқулықтарда жазылған. 
Оқыту процесінде бастапқы кезеңінде мұғалім оқушыларды оқу
материалдарымен және оны қолдану әдістерімен таныстырады.Оқу 
материалдарының жаңа бөлігін меңгеру және бекіту қатар жүреді. Оқытудың 
мақсаты - оқу материалдарының негізгі ойын және тәжірибелік маңызын 
оқушыға меңгерту. 
Екінші кезеңде оқу материалы қайталанады және оқушылар алған 
білімдерін қолданады. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты – алған білімді нақтылау, 
кеңейту, кең түрде жаңғырту, тәжірибелік қолдану. 
Үшінші 
кезеңде мұғалім оқушылардың тәжірибелік жұмыстарын 
ұйымдастырады, сол арқылы ұғымдарын жүйеге келтіреді. Оқушы алған 


білімін мұғалімнің көмегімен де және өз бетімен де қолданады, меңгерген 
білімдерін бір-бірімен салыстырады. Бұл кезеңдегі оқыту нәтижесінің 
көрсеткіші:
- оқушылардың мәселелерді өз бетімен шешуі; 
- білімді түрлі жағдайларда қолдана білуі. 
Оқыту процесін кезеңдерге бөлу, талдау оның ерекшеліктерін анықтауға 
мүмкіндік береді. 
Бірінші ерешелік. Оқыту мен оқудың бірлігі. Олардың біреуін өзгерту 
екіншісінің өзгеруіне де ықпал етеді. Оқыту барысында осы бөліктер 
арасында үйлесімді дидактикалық өзара әрекет болу керек. 
Іс-әрекет субъектілерінің жақсы қарым-қатынасы оқытудың нәтижелерін 
көтерудің негізгі жолдарының бірі. 
Оқыту процесінің екінші ерекшелігі: оқыту мен оқудың өзара байланысы 
арқылы білім мазмұны оқушының іс-әрекетіне негіз болады. 
Бір циклден екіншісіне жоспарлы түрде өту – оқытуды басқаруға 
қойылатын келесі талаптардың бірі. 
Үшінші ерекшелік оқу ақпараттарын оқушылардың қалай қабылдағанын, 
оны меңгеру нәтижесінде қандай ішкі процестер өтетінін, қандай 
жағдайлардың оқытуға ықпал ететінін бірден бағалауға болмайтындығында.
Оқу процесінде жоспардан ауытқулар болуы мүмкін, оның алдын алу үшін 
мұғалім ең басты ұғымдарға назар аударады. 
Оқытушы іс-әрекеті. Оқыту – оқыту процесінің негізгі бөліктерінің бірі. 
Оқытушының іс-әрекеті оқушымен тікелей де, жанама да байланыста жүзеге 
асырылады. Оқыту процесі оқу процесінің белсенділігін талап етеді. Бұл 
талапты орындау оқушылардың іс-әрекетін мұғалімнің ұйымдастыруына, 
бақылауына, өздігінен білім алуды жолға қоюына, өз мақсаты мен оқушы 
мақсатын сәйкестендіруіне байланысты. Оқытушы: 
- оқу ақпараттарын іріктейді, жүйелейді, бөліктерге бөледі және оқушыларға 
ұсынады. 


- осы ақпараттарды үйретеді, меңгертеді, олармен істелетін жұмыс әдістерін 
белгілейді. 
- әрбір оқушының білімдер жүйесін меңгеруін және оларды оқу-өндірістік 
жұмыстарда қолдануын ұйымдастырады.
- оқушылардың оқу – танымдық іс-әрекетіне басшылық етеді. 
- оқытушы оқушылардың белсенділігін және саналылығын ынталандырады, 
білімнің және оқу іс-әрекетінің сапасын бақылайды, оқыту нәтижелерін 
талдайды, оқушының жеке тұлғасын одан әрі дамытуды жоспарлайды. 
Оқушының оқу – танымдық іс-әрекеті. Оқу мазмұны және мәнін зерттеген 
бихевиоризм, гештальпсихология, когнитивизм, іс-әрекет теориясы, 
гуманистік психология. 
Оқу - оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Оқушының оқыту процесіндегі
іс-әрекеті бір нәтижеге жетуге бағытталған. 
Осы іс-әрекеттің маңызды белгілері: өзін-өзі сынау және өз бетімен 
жұмыс істей білу, қызығушылық, қажеттілік, танымдық белсенділік, 
табандылық, жігерлілік, өзінің алдында тұрған міндеттерді дұрыс түсіну, 
керекті іс-қимылдарды таңдау. 
Оқу іс-әрекетінің өнімдері - білімдерде, іс-әрекетте, рухани өмірде,
қоғамдық қатынастарда, бағаларда бейнеленген. Оқу іс-әрекетінде тұлғаның 
барлық сапалары көрінеді және қалыптасады. 
Оқу іс-әрекеті мазмұн, жеке іс-қимылдар, мотивтер сияқты бөліктерден 
тұрады. Оқу іс-әрекеті арқылы оқу міндеттері шешілсе, оның құрамында 
мынадай бөліктер болады: міндеттерді талдау; міндеттерді орындау туралы 
шешімге келу; оларды шешуге керекті білімдерді еске түсіру; міндеттерді 
шешу жоспарын жасау; жүзеге асыру, шешілетін міндетті бақылау және 
бағалау; оқу міндеттерін шешу процесіндегі іс-әрекет тәсілдерін түсіну. 
Оқыту нәтижелері, оны бағалау. Оқыту қол жеткен нәтижелерді 
талдаумен аяқталады. Бірінші сабақтағы ең басты назар оқушыға жаңа білім, 
іскерліктерді меңгеруге көмектесуге аударылып, келесі сабақтарда бақылау 
және талдау күшейтіледі. 


Оқушылар жаттығуларды, үй тапсырмаларын жеткілікті деңгейде 
орындағаннан кейін меңгерілген оқу материалын қолдануға назар 
аударылады. Мұғалім оқушының фактілерді, анықтамаларды түсінгендігін 
тәжірибелік жұмыста білімді дұрыс қолдануынан көріп, оқыту мақсатына 
жеткендігі, білімнің меңгерілгендігі туралы қорытынды жасайды. 
Қорытындыларды шығаруға оқушылардың өздері де қатыстырылады. 
Сөйтіп, оқытудың соңғы кезеңінде білімдегі, іскерліктегі кемшіліктер 
анықталып, меңгерілген тақырыптармен және бөлімдермен одан әрі жұмыс 
істеу жолдары белгіленеді. 
Мотив –оқу қызметінің маңызды бөлігі. 
Оқу іс-әрекеті, мазмұны оқушыны оқуға итермелейді. Оқу-танымдық 
мотивтері (Д.Б.Эльконин) бар оқушы ақпараттармен шектелмей, әр пәндегі 
іс-әрекет тәсілдерін үйренуге тырысады.
Оқу танымын алға бастыратын жағымды себептерболып табылады.
Танымға оқушының ықыласы болу керек. Оған қалай қол жеткізуге болады? 
Педагогика ғылымы бұл сұраққа толық жауап берген жоқ. Іс - әрекеттің 
негізгі себептері – қажеттілік, қызығушылық. 
Мұғалімнің жеке тұлғасы, іс-әрекеті, оқу материалы мазмұны, оны 
меңгерту әдістері оқушының оқуға деген ықыласын оятып, жақсы сезім, 
қызықты сабақтар, жаңа көрнекіліктер, техникалық құралдар оқушыларды 
сабаққа қызықтырады. Болашақты ойлап пәндерге қызығу, түрлі пәндерге 
қабілет, белсенділік, ата-аналарының алдындағы парыз баланың білім алуына 
себепші болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет