Қазіргі заманғы дидактикалық ЖҮйелер (Педагогикадан курстық жұмыс )



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата15.12.2023
өлшемі453,99 Kb.
#138653
1   2   3   4   5   6   7
Топтардағы жұмыс істеу технологиясы 
Топ негізінен өз бетімен жұмыс істейтіндіктен, оған нұсқау беріледі, 
алдын ала тапсырмалар әзірленіп, топ жетекшілеріне кеңес беріліп, 
мұғалім жеке топтардың жұмысына қатысады. Топтың іс-әрекеті түрлері: 

сынып алдында сөйлеуге, тәжірибе көрсетуге әзірлену, әдебиеттер 
оқып, конспектілеу; 

«ой майданы» әдісі арқылы қойылған мәселені көп болып шешу; 

алдын ала әзірленген сұрақтармен оқушылардың топ ішінде сөйлеуі, 
жасалған тәжірибені көрсету. Топтың сыныпта үздік хабарламаларды 
оқуы; 

оқушыларды басқа топтармен өзара әрекетке әзірлеу – оларға 
қойылатын сұрақтарды ойластыру, сайыс жоспарын әзірлеу, топтың 
сыныпқа ортақ міндетті орындауға қатысуы; 



ұзақ уақыт шығармашылық тапсырманы орындау – объектіні 
зерттеу, прибор немесе механизмдерді құрастыру, жоба жасау, экскурсия, 
оның есебін дайындау, көркем шығарма дайындау және басқалары. 

семинар, т.б. оқу жұмыстарын өткізуге топ оқушыларын әзірлеу. 
Топ жұмысында іс-әрекеттің ұйымдастыру-қарекеттік түрі басым: 
оқушылар мақсат қойып, өз жұмысын жоспарлап, мәселені талдап, топ 
ішінде жұмысты бөліп, өзінің іс-әрекетін бақылап, талдап бағалайды. 
Топтағы талдау тәсілдері әртүрлі. Бірінші кезеңде топ мүшелері өз 
пікірлерін сағат тілі бойынша, яғни, бір-бірінің сөзін бөлмеу айтқаны 
тиімді. Бұл балаларды тәртіппен, өз сөздерін бақылауға, әр оқушының өз 
пікірін айтуына мүмкіндік береді, оқу жұмысы нашар жүретін топтарда 
мұғалім олардың белсенділігін көтеретін әртүрлі әдістерді қолданып, 
жұмысты өзі үйлестіріп отырады. Сабақтың соңында топта рефлексия 
арқылы қорытынды шығарылады. Топ ішіндегі жұмысты топ жетекшісі 
бақылайды. 
Оқыту процесінің өзіне тән қызметтері бар. Олар оқытудың білім беру
оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту қызметтері.
Оқытудың білім беру қызметі - бұл адам баласына білім байлығымен 
қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, іскерлік пен дағдыны игеруге 
даярлау. Қазіргі кезде білімді толық игеру үшін оған қойылатын талаптарды 
ескерген жөн. Олар:
білімнің толықтығы – оқу материалдарын түсіну үшін танымдық іс-әрекетті 
іске асыру;
білімнің түсініктілігі – оқушылардың өз бетімен ізденіп, ақыл-ойын дамыту; 
білімнің әрекеттілігі – жаңа білім алу үшін оқушыға бұрынғы білімін 
шеберлікпен қолдану мүмкіндігін жасау. 
Оқытудың тәрбиелік қызметі – оқытудың тәрбиелік ықпалы жайындағы 
Я.А.Коменскийдің, И.Ф.Гербарттың, Ф.АДистервектің, Н.И.Пироговтың 
және К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде мазмұндалған.


И.Ф.Гербарт оқыту – адамгершілік тәрбиесінсіз, мақсатсыз құрал деп 
тұжырымдады. Әлемнің екінші ұстазы аталған Әл-Фараби «Тәрбиесіз білім 
адамзаттың қас жауы болады » деп, қатты ескертті. Білім беру мен тәрбиелеу 
тұтас әрекет екендігін дәлелдеген ғұламалар соған байланысты өз 
шығармаларын да сол екі негізге байланыстырып құра білді.
М.Дулатов «Оқытудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, білім мен 
бірге жақсы тәрбиені беру керек» екендігін баса айтып, оқу мен тәрбиенің бір 
тұтас педагогикалық әрекет екендігін дәлелдеді. 
М.Жұмабаев көру, есту, сипау, иіскеу, бұлшықет сезімдері арқылы әдепке, 
әдемілікке, сымбаттылыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу керек, сол тәрбиелер 
арқылы зейін қалыптасады, баланың ақылы ересек адамдарға қарағанда 
төмен екендігіне байланысты тәрбиелік іс-әрекетке тәлімді тәсіл қолдана білу 
керек екенін түсіндіреді. 
Тәрбиелей 
отырып оқыту ғылыми теориялар мен ережелердің 
оқушылардың дүниетанымы мен сеніміне айналуын сипаттайды, моральдық 
нормаларды, мінез-құлықты игеруін қамтамасыз етеді. Оқыта отырып 
тәрбиелеу, оқушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді, ақыл –ой қабілетін 
дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады.Мектепте оқушыларға 
теориялық білім беру тәрбие процесімен тығыз байланыста өткізіледі.
Оқытудың дамыту қызметі, оқыту процесі – білімді меңгеру оқушыны 
дамытады. Оқушының тілі, ақыл-ойы, сенсорлық және қозғалыс аймағы 
сезімі, ерік-жігері, қажеттіліктері, мотивтері дамиды. Оқыту – жеке тұлғаны 
дамыту құралы. Л.С.Выготский (1896-1934) тұжырымдаған психологияның 
маңызды заңдарының бірі – баланың дамуы оқытуға байланысты.
Сондықтан білім мазмұнына баланы дамытатын материалдар енгізіледі. 
Оқыту процесінде П.А.Гальпериннің ақыл-ой жұмысын кезең бойынша 
қалыптастыру теориясы, М.Н.Скаткиннің, И.П.Лернердің мәселелік оқыту 
әдісі баланы дамытуға бағытталған. 
Қазіргі оқыту тек білім берумен шектелмей, оқушыны әр жақты дамытуға, 
алдымен ақыл-ойды дамытуға бағытталған.


Сонымен оқыту процесінің міндеті болды.Олар бір-бірімен тығыз 
байланысты және оқытудың барлық бөліктерінде жүзеге асады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет