Азықтарды санитариялық-гигиеналық зерттеу жəне бағалау əдістері


Сулы азықтар (жом, барда, сыра бытырасы, азықтық сірне)



бет3/3
Дата16.03.2023
өлшемі20,99 Kb.
#75012
1   2   3
Байланысты:
Азық

Сулы азықтар (жом, барда, сыра бытырасы, азықтық сірне). Сулы азықтардың үлгілерін ыдыстың ішінде жақсылап араластырғаннан кейін, əр жерінен жəне əр түрлі тереңдіктен ПВК-1 сынама алғыш құрылғысының көмегімен алады. Алынған сынаманы толуол мен хлороформның қоспасымен (1:1) немесе 2%-тік ерітіндісімен 1кг азыққа 3-5мл есебімен консервілейді.
Құнарландырылған мал азығы. Құнарландырылған азықтардан сынама алу үшін қоймадағы қуыс бұрғыны (щуп) пайдаланады. Сынамаларды қойманың əр жерінен немесе қаптардың кем дегенде 5%-нен алады. Əр жерден алынған сынамаларды араластырып алғаннан кейін, анализ жасау үшін орташа үлгісін жасап алады. Орташа үлгінің массасы 2кг шамасында болады жəне ол тез арада зерттелуі тиіс. Құрама жемдерді ұнтақталған, түйіршіктелген жəне брикеттелген түрінде шығарады. Əр түрлі рецепт бойынша жасалған құрама жемдерді араластыруға, ылғалдандыруға, металл, əйнек сынықтарымен жəне басқа да 89 зиянды қоспаларды ластануға жол бермеуі керек. Құрама жемнің орташа үлгісін, оны өндіріп жатқан кезде немесе транспортер лентасымен жүктеп жатқан кезде ағып жатқан ағынынан кескестеп, белгілі бір уақыт аралығы өткенде алып отырады. Қоймаларда немесе машиналарда, вагондарда қуыс бұрғының көмегімен алады. Егер үйіндінің биіктігі 75см-ге дейін болса екі қабатынан, ал 75см-ден жоғары болса үш қабатынан алады. Автомашиналардан жəне шағындау үйінділерден қуыс бұрғылардың көмегімен əр түрлі 5 жерден, жəне 0,5м шет жағынан алады. Құрама жем партиясынан алынған сынамалардың жалпы массасы 4кгнан кем болмау керек. Азықтың бастапқы үлгісін тегіс жəне таза жерге төгеді де, одан жазық квадратты пирамида жасайды жəне оны диагональ бойымен 4 бірдей бөлікке бөледі. Егер құрама жем брикеттелген болса, онда престен шыға берісінде, əр 2 сағатта алады. Толтырылған қаптарды сөгеді де, қаптың жоғарғы бөлігінен алады. Брикеттелген құрама жемнің орташа үлгісін бастапқы үлгіден алып құрастырады (6-8 брикет). Оларды қопсытып, квадраттарға бөлу арқылы 2кгын таңдап алады. Орташа үлгіні (2кг) 2 бөлікке бөледі де, əрқайсысын таза целофан қапқа немесе таза құрғақ банкаға салады. Əр үлгіні этикеткасы бар тақтайшамен қамтамасыз етеді. Онда құрама жемнің атауы, рецепт нөмірі, дайындалған күні, партияның жалпы массасы, азық дайындаушы мекеме, сапалық куəландыру нөмірі, орташа үлгінің нөмірі жəне алыну уақыты көрсетіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет