Азықтарды санитариялық-гигиеналық зерттеу жəне бағалау əдістері



бет1/3
Дата16.03.2023
өлшемі20,99 Kb.
#75012
  1   2   3

АЗЫҚТАРДЫ САНИТАРИЯЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖƏНЕ БАҒАЛАУ ƏДІСТЕРІ
Азықтарды зерттеу əдістері, сынамалар алу
Мақсаты: Азықтарды зерттеу əдістері мен азық сынамаларын алу тəртібін үйрену.
Мазмұны: 1. Азықтарды зерттеу əдістері. 2. Азықтың орташа сынамаларын алу тəртібі.
Қажетті материалдар: анықтамалар, кестелер.
Тапсырманың орындалу тəртібі.

  1. Азықтарды зерттеу əдістері.

Ветеринарлық-санитарлық тұрғыдан азықтарды зерттеудің келесі əдістері қолданылады: органолептикалық, биологиялық, химиялықаналитикалық. Органолептикалық анализ азықтың талапқа сай екендігін оның органолептикалық көрсеткіштері бойынша анықтайды: түсі, иісі, дəмі, ботаникалық құрамы, консистенциясы, ылғалдылығы, тікелей дайындау орындарындағы азықтың біркелкілігі, сақталуы бойынша жəне сонымен қатар зертханаларда анықтайды. Биологиялық зерттеулерге əртүрлі биологиялық тесттерді пайдалану жатады. Бұл тесттерді, азықтың құрамында болуы мүмкін физиологиялық белсенді заттарды анықтау үшін қолданады.
Əдетте шаруашылықтарда биологиялық сынаманы құны төмен малдардың шағын тобына қою қолданылады: сапасы күмəнді азықтарды жануарларға 5-6 сағаттық аштықтан кейін, рационның тəуліктік көлемі шамасында 10 күн бойына береді. Биологиялық бақылау қойылған кезеңде жануарларға клиникалық қадағалау ұйымдастырылады. Келесі өзгерістер болған жағдайда биологиялық сынама оң нəтижелі деп саналады: дене массасының келуі немесе өсімінің болмауы, асқазан-ішек жолдарының қызметінің бұзылуы (іш өту, іш қатып қалу, ішектердің əлсіреуі, іштің кебуі, құсу, азықтың нашар желінуі), мінез-құлық реакциясының өзгеруі (тістерін шықырлату, қимыл координациясының бұзылуы, күйзелу), дене температурасының көтерілуінемесе түсуі, жүрек соғуының жиілеуі немесе сиреуі, жиі-жиі қиын тыныс алу, гипоксия белгілері, буаз малдардың іш тастауы. Биологиялық сынама теріс нəтиже берген жағдайда азық барлық мал басына пайдалануға беріледі, ал оң нəтижеде – əрі қарай зерттеу үшін ветеринариялық зертханаларға жіберіледі. Биологиялық сынама зертханалық жануарларға, азықтың уландырғыштық қасиетін анықтау үшін қойылады. Зертханалық жануарлар қолданылады (қояндар, ақ тышқандар, атжалмандар, теңіз шошқалары), сонымен қатар тауықтар, тауық эмбриондары, аквариум балықтары жəне қарапайымдылар. Улы азықты немесе оның сығындысын теріге, шырышты қабыққа жағады, тері астына, бұлшық етке, көктамырға жəне 87 жануарлардың іш қуысына енгізеді. Зертхана жануарларының жауап көрсету дəрежесіне немесе өліміне байланысты азықтарды əлсіз улы жəне улы деп классификациялайды, жəне олардың ары қарай қолданылуы, жойылуы немесе залалсыздандырылуы туралы ұсыныстар беріледі.
Бактериологиялық, вирусологиялық жəне микологиялық зерттеу əдістері, азықтарды сараптаудың биологиялық əдісінің бір түрі болып табылады. Бұл əдістер ауру тудыратын вирустарды, бактерияларды, микроскоптық саңырауқұлақтарды табуға жəне салыстыруға бағытталған. Химиялық-аналитикалық зерттеулер азықтардағы табиғи жəне антропогендік шығу тегі бар улы қосындыларды анықтауды қарастырады: алколоидтарды, глюкозидтерді, фенолдарды, нитраттарды, нитриттерді, антибиотиктерді, пестицидтерді, микотоксиндерді, бактериалдық токсиндердегі, ауыр металдардың тұздарын жəне басқаларды.
2. Зерттеу үшін азықтардың сынамаларын алу тəртібі. Азықтарды анализ жасаудың нəтижелері жəне олардың дұрыстығы көп жағдайда зерттеуге сынама алудың дұрыстығына байланысты. Азық сынамаларын алу Мемлекеттік стандарттарға сəйкес, комиссиялы түрде зоовет мамандарының қатысуымен жүргізіледі. Азық сынамалары мөрленіп, акт жəне ілеспе құжат жасалады. Қосымша құжатта азықтың түрі, зерттеудің мақсаты, топтаманың массасы, сынама алынған жер; құрама жемдерде нөмірі жəне құрамының рецепті, дайындаушы мекеменің атауы, өнімнің шығарылған уақыты көрсетіледі. Диагностикалық зерттеулерде аурудың пайда болу уақытын, ауырған жануарлардың түрін жəне санын, аурудың немесе уланудың негізгі симптомдарын жазып көрсетеді. Жіберушінің мекен-жайы, күні, қызметі көрсетіліп, азықты анализге жіберетін адамдардың қолдары қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет