Қазизмұрат Меруерт Биотехнология 1 курс



Дата27.02.2023
өлшемі14,25 Kb.
#70317

Қазизмұрат Меруерт
Биотехнология 1 курс
Адам мен оның жеке тұлғасының ерекшеліктері бірнеше жүздеген жылдар бойы адамның керемет ақыл-ойын зерттеудің нысаны болып келеді. Психологиялық ғылымның дамуы басталған кезеңнен бастап бүгінгі таңға дейін адамдар осы бір қиын да қызықты істе өздерінің дағдыларын айтарылықтай дамытып, жақсарта алды. Сондықтан қазір адам психикасының ерекшеліктері мен оның тұлғасын зерттеудегі нақты мәліметтерді алуда адамдар психологиядағы әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Қазіргі таңда психология саласының осындай жетістікке жетуі ұзақ жылдар бойғы ізденістер мен тәжірибелердің жемісі деп білемін.Өмірдің өзі көбінесе психологиядан білім жинақтауға мүмкіндік береді. Кітап оқып бастау арқылы, ойлану, түрлі адамдармен сөйлесіп ой алмасу арқылы ең бірінші өзімізді,адамдарды,ситуациялық жағдайларды түсіне бастаймыз. Бұл білім бізге туыстармен, әріптестермен, достармен қарым-қатынас орнату үшін қажет. Сондай-ақ қиын жағдайда кем дегенде дұрыс сөзбен көмектесе білу өте маңызды деп ойлаймын. Осы ғылымның қалай пайда болғанын танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі болған емес. Ал осы таным жолында жантану ғылымының аталатын орны аса ерекше. Адам болмысының табиғатынаоның саналы қоғам шеңберінде өркендеу мен қалапитасуына , төңірегіндегі басқа адамдар мен қарым – қатынасының ерекшеліктеріне деген прсихология дамуынығ негізінде жатқан қызығушылық уақыт озығуымен өрістей түскен. Қазіргі кезде өндіріс, ғылым,, медицина өнер, оқу, ойын және спорт салаларындағы бірден бір іс әрекеттік психологиялық заңдылықтарды түсініп танып білмей тиімді орындалу мүмкін емес. Адамның даму заңдары мен оның болмысының жасампаздық мүмкіндіктері жөніндегі білімдер жүйесі. Бұл қоғамның кемелденіуі үшін өте қажет адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін обьекті ал ғылымдардың әр бірі өзіне тәнерекше көкесті мәселер мен айналысады.
Менің ойымша психологияны ғылымғада,тәжірибегеде жатқызсақ болады.Себебі ғылымның өзі әртүрлі тәжірибелерді жүргізу арқылы қалыптасады.Сонау Аристототель заманынан бастап гипотезалар жасалды,бақылау және тәжірибелер өткізілді.Осылайша психологияның әлеуметтік психология,медициналық психология,әскери психология, еңбек психологиясы және т.б түрлері қалыптасып жеке алдына ғылым болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет