«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Құжаттың атауы: «ҚазМұнайГаз»


Қызметкерлерді кәсіп бойынша оқыту және білімін тексеру тәртібі



бет33/57
Дата22.09.2023
өлшемі497,49 Kb.
#109873
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57
Байланысты:
Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі

5.4.2.3. Қызметкерлерді кәсіп бойынша оқыту және білімін тексеру тәртібі
5.4.2.3.1. Жұмысқа қабылданған барлық қызметкерлер жұмыс беруші ұйымдастыратын алдын ала оқытудан міндетті түрде өтеді, одан кейін ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша білімін тексеруден міндетті түрде өтеді. Алдын ала оқудан, нұсқама алудан және ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша білім тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді.
Қызметкерлердің тізімін, олар бойынша оқыту жүргізілетін жұмыстар мен кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ оқыту тәртібін, нысанын жұмыс беруші кәсіптің сипатынан, жұмыстардың түрінен, өндіріс ерекшелігінен және ЕҚжЕҚ шарттарынан туындай отырып, қызметкерлердің өкілдерімен келісім бойынша белгілейді, ал ол болмаған кезде ұйым актісімен белгіленеді.
5.4.2.3.2. Қызметкерлерді жұмысшы кәсіптері бойынша оқыту және білімін тексеру жылына кемінде бір рет жүргізіледі. Қызметкерлерді жұмысшы кәсіптері бойынша оқыту еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін тексерумен (емтиханмен) аяқталады.
5.4.2.3.3. Білімді тексеру күні өндірістік бірліктердің басшылары ЕҚ, ӨКҚ және ҚОҚ қызметімен келісім бойынша жыл сайын бекітетін кестелермен белгіленеді (алдыңғы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей). Білімді тексерудің нақты күндері ТЖЕК отырыстарының күндерімен, кестеде көрсетілген білімді тексеру күнінен кешіктірілмей анықталады.
Ескертпе: қызметкерлердің білімін тексеру кестесінің нысандары компанияның менеджмент жүйесінің ішкі құжаттарында жазылуы мүмкін.
5.4.2.3.4. Өндірістік ұйымдарда кәсіптер бойынша оқытуды (сабақтарды, лекцияларды, семинарларды) жұмыс беруші тиісті салалардың жоғары білікті мамандарын, тәжірибелі инженерлік-техникалық қызметкерлерді және ұйымның өзінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерін тарта отырып жүргізеді.
Қауіпті өндірістік объектілердің қызметкерлерін оқыту және емтихандар қабылдау уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында жүргізілуі мүмкін.
5.4.2.3.5. ЕҚжЕҚ бойынша оқу бағдарламаларында ҚМГ компаниялар тобы ұйымының немесе құрылымдық бөлімшесінің ерекшелігі ескеріліп, теориялық және өндірістік оқыту көзделуі тиіс және оны басшы бекітуі тиіс.
5.4.2.3.6. Қызметкерлерді өндірістік (практикалық) оқыту осы мақсаттар үшін арнайы құрылған ҚМГ компаниялар тобының немесе құрылымдық бөлімшесінің оқу-өндірістік базасында (оқу шеберханаларында, өндірістік бірліктерде, учаскелерде, полигондарда, жұмыс орындарында) жұмыстардың тікелей басшысының басшылығымен немесе жеке, негізгі жұмыстан босатылмаған білікті жұмысшының басшылығымен жүзеге асырылады.
5.4.2.3.7. Заңнамалық талаптармен ЕҚжЕҚ бойынша арнайы талаптар қойылатын жұмыстармен байланысты жекелеген өндірістерде қызметкерлер қосымша арнайы оқудан өтеді.
5.4.2.3.8. Кәсібі жоқ немесе біліктілігі төмен қызметкерлер оларды оқытқанға дейін өз бетінше жұмысқа жіберер алдында белгіленген тәртіппен білікті қызметкердің басшылығымен практикалық оқудан (тағылымдамадан) өтеді. Қызметкерді практикалық оқыту үшін бекіту өндірістік бірлік басшысының жазбаша өкімімен оқу ұзақтығы және оқытуды үнемі бақылауды жүргізуге міндетті жауапты тұлға көрсетіле отырып ресімделеді.
5.4.2.3.9. Осы жұмыс түрі, лауазымы, кәсібі бойынша үш және одан да көп жыл, ал қауіптілігі жоғары жұмыс кезінде бір жылдан астам үзілісі бар қызметкерлер өз бетінше жұмыс басталғанға дейін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан өтеді.
5.4.2.3.10. ЕҚжЕҚ бойынша білімін тексеруге жататын қызметкерлер оны өткізу басталғанға дейін отыз күннен кешіктірілмей ескертілуі тиіс.
5.4.2.3.11. Білімін тексеруден табысты өткен қызметкерге заңнамалық талаптарда белгіленген нысан бойынша ЕҚжЕҚ бойынша қағидаларын, нормаларын және нұсқаулықтарын білу мәніне тексеруден өткені жөніндегі куәлік беріледі.
5.4.2.3.12. Қызметкер қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда, оның білімін қайта тексеру бір айдан кешіктірілмей тағайындалады. Қайта тексерілгенге дейін қызметкер өз бетінше жұмыс істеуге жіберілмейді.
5.4.2.3.13. ҚМГ компаниялар тобы ұйымының немесе құрылымдық бөлімшесінің басшылығы тағайындайтын өндірістік бірлік басшыларының бірінің төрағалығымен ТЖЕК қызметкерлердің білімін тексеруді жүзеге асырады. ТЖЕК құрамына ЕҚ, ӨҚ және қоғамдық қызметінің, кадр қызметінің қызметкерлері, басшылардың орынбасарлары, объектідегі жұмыстардың тікелей аға басшылары, қызметкерлердің өкілі кіреді.
Нақты жағдайларға (тексерілетінінің кәсібіне, өндірістің ерекшелігіне және т.б.) байланысты ТЖЕК құрамына жабдықты жөндеу және пайдалану қызметінің, бас энергетик қызметінің мамандары және басқа да мамандар қосылуы тиіс.
Бұрғылау бригадасы, игеру және ұңғымаларды күрделі жөндеу жөніндегі бригадалар қызметкерлерінің білімін тексеру кезінде ТЖЕК құрамына ашық газ және мұнай бұрқақтарының пайда болуының алдын алу және оларды жою жөніндегі әскерилендірілген жасақтың өкілі енгізіледі.
5.4.2.3.14. ТЖК сандық құрамы, әдетте, нақты жағдайларға байланысты белгіленеді. ТЖЕК толық емес құрамда жұмыс істей алады, бірақ саны кемінде үш адам болуы тиіс.
5.4.2.3.15. ТЖЕК-тің жұмысына тиісті комиссияда білімін тексеруден өткен, оқудан өткені және білімін тексеруден өткені туралы сертификаты бар қызметкерлер қатыса алады.
5.4.2.3.16. Қызметкерлердің білімін тексеру қағидалар мен нұсқаулықтар негізінде әзірленген сұрақнамалар (билеттер, тестілер) бойынша жеке тәртіппен жүргізіледі. Сұрақнамаларды (билеттерді, тестілерді) өндірістік бірліктердің басшылары мамандармен бірлесіп әзірлейді, ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметімен келісіледі және ҚМГ компаниялар тобы ұйымының немесе құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысының өндірістік мәселелер жөніндегі орынбасары бекітеді. Сұрақнамаларда (билеттерде, тесттерде) орындалатын жұмыстардың барлық түрлері бойынша ЕҚжЕҚ талаптары көрсетілуі тиіс. Сұрақнамалар (билеттер, тестілер) мезгіл-мезгіл қайта қаралуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет