«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Құжаттың атауы: «ҚазМұнайГаз»


Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқу және білімді тексеру



бет30/57
Дата22.09.2023
өлшемі497,49 Kb.
#109873
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57
Байланысты:
Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі

5.4.2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқу және білімді тексеру
5.4.2.1. Қызметкерлерді жұмыстың қауіпсіз әдістеріне оқыту тәртібі
5.4.2.1.1. Осы Стандартта ҚМГ компаниялар тобының корпоративтік жүйесінде жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне нұсқамалықтарды ұйымдастыру және өткізу, қызметкерлерді оқыту және білімін тексеру тәртібі белгіленеді. Бөлімнің ережесі ЕҚжЕҚ бойынша заңнамалық талаптар ескеріліп, өндірісте қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша директивалық құжаттар негізінде әзірленді.
ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ (өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, ТЖ және азаматтық қорғаныс) басқа бағыттары бойынша қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі талаптар тиісті заңнамалық талаптармен айқындалған.
5.4.2.1.2. Қызметкерлерді жұмыстың қауіпсіз әдістеріне оқыту нұсқамалардың барлық түрлерін (кіріспе, жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама, жоспардан тыс және мақсатты), білімді тексеруді (бастапқы, мерзімді және қайталама) көздейді.
Қызметкерлерді жұмыстың қауіпсіз әдістеріне оқыту оқу нысандары (курстық, топтық және жеке) бойынша даярлау және біліктілігін арттыру кезінде жүзеге асырылады.
5.4.2.1.3. Өндіріс сипатына, күрделілігіне және қауіптілік дәрежесіне, сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс өтіліне, білімі мен біліктілігіне қарамастан, қызметкерлерді ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша оқытуды ҚМГ компаниялар тобының ұйымдары мен құрылымдық бөлімшелері жүргізуі тиіс.
5.4.2.1.4. Қызметкерлерді жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне уақытылы және сапалы оқыту – өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.
5.4.2.1.5. ҚМГ компаниялар тобы ұйымының немесе құрылымдық бөлімшенің әкімшілігі қызметкерлерді жұмысқа түскен кезде, тікелей жұмыс орындарында, арнайы курстарда, сондай-ақ оларды басқа жұмысқа аударған кезде, жаңа қағидаларды енгізген кезде, технологиялық процестерді өзгерткен кезде жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне уақытылы және сапалы оқытуды қамтамасыз етуге міндетті.
5.4.2.1.6. ҚМГ компаниялар тобы ұйымының немесе құрылымдық бөлімшенің әкімшілігі (бірінші басшының өндірістік мәселелер жөніндегі орынбасары, қызметтердің басшылары, құрылымдық бөлімшенің өндірістік бірлігінің басшылары) қызметкерлердің оқуын ұйымдастыру кезінде:
1) жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды, нұсқамалар бағдарламаларын әзірлеуге және бекітуге ;
2) қызметкерлерді оқыту мен нұсқама беруді жүргізетін барлық инженерлік-техникалық қызметкерлерді қажетті нұсқаулықтармен, бағдарламалармен, құралдармен және т.б. қамтамасыз етуге міндетті.
5.4.2.1.7. Қызметкерлер жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша көзделген нұсқамалардан, тиісті өндірістік оқытудан, арнайы бағдарламалар бойынша тағылымдамадан және білімін тексеруден өткеннен кейін ғана өз бетінше жұмыс істеуге жіберіледі.
Электр-техникалық персонал (қызметкерлер) техникалық пайдалану қағидаларының (ТПҚ және қауіпсіздік техникасы қағидаларының (ҚТҚ) талаптарына сәйкес дербес жұмысқа жіберіледі.
5.4.2.1.8. Нұсқамалар өткізу және қызметкерлерді жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне оқыту және ЕҚжЕҚ саласындағы жетістіктерді насихаттау үшін құрылымдық бөлімшелерде сабақ өткізуге арналған ЕҚжЕҚ кабинеттері және басқа да үй-жайлар ұйымдастырылуы тиіс.
5.4.2.1.9. Қызметкерлерді жұмыстың қауіпсіз әдістеріне уақытылы және сапалы оқытуға жалпы басшылық ету мен оны дұрыс ұйымдастыру үшін жауапкершілік, тұтастай алғанда, ҚМГ компаниялар тобы ұйымы немесе құрылымдық бөлімше бойынша басшыларға, ал олардың құрылымдық бөлімшелерінде (өндірістік бірліктерде, учаскелерде) осы учаскелердің басшыларына жүктеледі.
5.4.2.1.10. ЕҚжЕҚ жөніндегі талаптарды бұзған қызметкерлер жұмыстан шеттетіледі және заңнамалық талаптарда белгіленген тәртіппен тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
5.4.2.1.11. Қызметкерлерді жұмыстың қауіпсіз әдістеріне оқытудың дұрыс ұйымдастырылуына, уақытылығы мен сапасына әдістемелік басшылық ету мен оқыту жөніндегі құжаттаманы ресімдеудің дұрыстығын бақылау ҚМГ компаниялар тобы ұйымының және құрылымдық бөлімшесінің ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметіне жүктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет