5.4. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
5.4.1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі құжаттама
5.4.1.1. ЕҚжЕҚ бойынша құжаттаманы басқару
5.4.1.1.1. ЕҚжЕҚ мәселелерін басқару процестері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та ИБЖ құжаттарын басқару қағидаларына (KMG-PR-1.14-9) сәйкес ЕҚжЕҚ саласында және тұтастай алғанда, МЖ нәтижелілігін қамтамасыз ету үшін қажетті құжаттаманы қамтуы тиіс.
5.4.1.1.2. ҚМГ компаниялар тобының ұйымдары бойынша құжатталған ақпараттың көлемі мыналарға байланысты ерекшеленуі мүмкін:
1) ұйымның мөлшері және оның қызметі, процестері, өнімдері мен көрсетілетін қызметтері түрлерінің мөлшері;
2) қолданылатын заңнамалық талаптардың және өзге де талаптардың орындалуын көрсету қажет болған жағдайларда жүзеге асырылады;
3) процестердің күрделілігі және олардың өзара әрекет етуі;
4) қызметкерлердің құзыреттілігі.
5.4.1.1.3. ЕҚжЕҚ бойынша құжаттаманы жасау және өзектендіру кезінде ұйым:
1) сәйкестендіру мен шығыс деректерін (мысалы, атауы, күні, авторы немесе сілтеме нөмірі);
2) форматты (мысалы, тілі, нұсқасы, графикасы), тасығыштарды (мысалы, қағаз, электрондық);
3) жарамдылықты сақтау және сәйкестік үшін қайта қарауы және бекітуі тиісті.
5.4.1.1.4. ЕҚжЕҚ бойынша құжаттаманы:
1) қолдану үшін қол жетімділік және жарамдылық;
2) тиісті қорғауды (мысалы, құпиялылықты жоғалтудан, дұрыс пайдаланбаудан немесе тұтастығын жоғалтудан) қамтамасыз ету үшін басқару қажет.
5.4.1.1.5. Құжатталған ақпаратты басқару үшін ҚМГ компаниялар тобының ұйымы мыналарды жүзеге асыруы тиіс:
1) қол жеткізуді тарату, қамтамасыз ету, беру және пайдалану;
2) тиісті жағдайда сақтау және ұстау;
3) өзгерістерді басқару (мысалы, нұсқаны басқару);
4) сақтау мерзімдерін және жою тәртібін орнату.
5.4.1.1.6. Сыртта жасалған құжаттама сәйкестендірілуі, сондай-ақ қажеттілігіне қарай басқаруында болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |