5.4.2.4. Басшы қызметкерлер мен ЕҚжЕҚ қамтамасыз ету үшін жауапты тұлғаларды оқыту және білімдерін тексеру тәртібі
5.4.2.4.1. Өзінің функционалдық міндеттерін жүзеге асыру шеңберінде ҚМГ компаниялар тобының өндірістік объектілеріне келетін барлық басшы қызметкерлер мен ҚМГ орталық аппаратында немесе құрылымдық бөлімшесінде, ҚМГ орталық аппаратында ЕҚжЕҚ қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар кадрлардың кәсіби даярлығын, қайта даярлығын және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардағы біліктілікті арттыру курстарында ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша оқытудан және білімін тексеруден үш жылда кем дегенде бір рет оқтын-оқтын өтуге тиіс.
5.4.2.4.2. ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша оқу, әдетте, еңбек жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілген бағдарламалар бойынша топтық әдіспен жүргізіледі.
5.4.2.4.3. Басшы және жауапты қызметкерлердің ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша білімін тексеруді оқу орталығының актісімен құрылатын, саны кем дегенде үш адамнан тұратын емтихан комиссиясы оқу орталықтарында (сабақ өтетін жерде) жүргізеді.
5.4.2.4.4. Жұмысқа қабылданған басшы қызметкерлер еңбек шартына қол қойылған күннен бастап бір айдан кешіктірмей, ЕҚжЕҚ бойынша білімін тексеруден өтеді.
5.4.2.4.5. Басшы қызметкерлердің білімін тексеру жыл сайын жасалатын кестелер бойынша жүргізіледі.
ЕҚжЕҚ және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша білімді тексеру кестелерін ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметі жасайды және оны басшы бекітеді.
5.4.2.4.6. Басшы қызметкерлер мынадай жағдайларда ЕҚжЕҚ бойынша білімін қайта тексеруден өтеді:
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жаңа нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілген кезде, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде;
2) жұмыс берушінің шешімі бойынша жаңа жабдықты пайдалануға беру немесе жаңа технологиялық процестерді енгізу кезінде;
3) жауапты адамды басқа жұмыс орнына ауыстырған немесе оны ЕҚжЕҚ бойынша қосымша білімді талап ететін басқа лауазымға тағайындаған кезде;
4) топтық, өліммен немесе ауыр (мүгедектікпен) аяқталған, сондай-ақ апат, жарылыс, өрт немесе улану туындаған кезде жазатайым оқиғаларды тергеу жөніндегі комиссияның шешімі бойынша жүргізіледі. Көрсетілген жағдайларға жол берілген ұйымдардың, өндірістік объектілердің қызметкерлеріне қатысты;
5) мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының талап етуі бойынша, ҚМГ орталық аппаратының қызметкерлері үшін – ҚМГ басшылығының және ҚМГ ЕҚОҚД шешімі бойынша;
6) жұмыста бір жылдан астам үзіліс болған кезде
5.4.2.4.7. Басшы қызметкерлердің білімін тексеру үшін емтихан комиссиясы тестілеу әдістерін немесе емтихан билеттерін пайдалануы мүмкін. Емтихан билеттері немесе тестілер өндіріс ерекшеліктері, мамандарға қойылатын біліктілік талаптары және оқу бағдарламасы ескеріліп жасалады.
Басшы қызметкерлердің білімін тексеру үшін емтихан комиссиясы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері негізінде тестілеу әдістерін пайдаланады. Тестілер өндіріс ерекшеліктері, мамандарға қойылатын біліктілік талаптары және оқу бағдарламалары ескеріліп жасалады.
5.4.2.4.8. Басшы қызметкерлердің білімін тексеру нәтижелері құжатпен ресімделеді, ЕҚжЕҚ бойынша белгіленген үлгідегі сертификат беріледі, ал өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша Қазақстан Республикасының аумағында және онда көрсетілген қолдану мерзімі кезеңіне жарамды куәлік беріледі.
5.4.2.4.9. Емтиханды қайта тапсырмаған адамдар заңнамалық талаптарда белгіленген тәртіппен жұмысқа жіберілмейді.
5.4.2.4.10. МЖ енгізу және қолдау шеңберінде ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлері ЕҚ, ӨКҚ және ҚОҚ саласындағы оқудан қызметкерлерді дамыту және оқыту процесіне жетекшілік ететін ҚМК компаниялар тобының құрылымдық бөлімшелерімен келісім бойынша арнайы оқу бағдарламалары (модульдері) бойынша оқудан өте алады.
Достарыңызбен бөлісу: |