5.5.2. Мердігерлік ұйымдарды басқару
5.5.2.1. Мердігерлік ұйымдардың жұмыстарды қауіпсіз орындауын ұйымдастыру және бақылау тәртібі
5.5.2.1.1. Мердігерлік (қосалқы мердігерлік) ұйымдармен өзара іс-қимыл ҚМГ компаниялар тобының ЕҚжЕҚ саласындағы нәтижелілігіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады.
5.5.2.1.2. ҚМГ компаниялар тобы өндірістік жұмыстарды орындаудың барлық кезеңдерінде қауіпті және зиянды өндірістік факторларды анықтау, бағалау және төмендету мақсатында өндірістік объектілерде жұмыстарды орындайтын ЕҚжЕҚ саласындағы мердігерлік (қосалқы мердігерлік) ұйымдарды тиімді басқару және бақылау үшін бірыңғай талаптарды белгілейді.
5.5.2.1.3. ҚМГ компаниялар тобының ұйымдары мен құрылымдық бөлімшелер мердігерлік (қосалқы мердігерлік) ұйымдарға жұмыстардың қауіпсіз орындалуын бірыңғай ұйымдастыру және бақылау қағидаттарын қолданғаны жөн, бұл ретте мердігерлік (қосалқы мердігерлік) ұйымдардың қызметкерлері ҚМГ-нің ЕҚжЕҚ және жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі корпоративтік талаптарын сақтауға міндетті.
5.5.2.1.4. ЕҚжЕҚ саласындағы мердігерлік (қосалқы мердігерлік) ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі негізгі қағидаттар:
1) жұмыстарды қауіпсіз орындау тұжырымдамасын дамыту және ілгерілету және нольдік жарақаттылыққа ұмтылу;
2) мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдар қызметінің заңнамалық талаптарға және ҚМГ компаниялар тобының ЕҚжЕҚ саласындағы талаптарына сәйкестігі;
3) ЕҚжЕҚ саласындағы мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдар қызметінің тиімділігін таңдау, өзара әрекеттесу және талдау тәсілін жүйелеу;
4) ҚМГ компаниялар тобы активтерінің тұтастығын қамтамасыз ету үшін қауіпті және зиянды өндірістік факторларды тиімді басқару;
5) мердігерлік ұйымдар арасында қауіпті және зиянды өндірістік факторларды басқару жөніндегі тәсілдер мен әдістерді тарату;
6) ЕҚжЕҚ саласындағы мердігерлік ұйымдарды ынталандыру тетіктерін енгізу.
7) мердігерлік ұйымдарды ЕҚжЕҚ арттыруға ынталандыру тетіктерін енгізу;
8) ҚМГ компаниялары тобы ұйымдарының ЕҚжЕҚ саласындағы нәтижелілігін арттыру.
5.5.2.1.5. Мердігерлік ұйымдардың ЕҚжЕҚ талаптарын сақтау бойынша жауапкершілігі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобындағы еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі корпоративтік стандартпен (KMG-ST-3524.1-13) реттеледі.
5.5.2.1.6. ҚМГ компанияларының және құрылымдық бөлімшелерінің бірінші басшылары жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыру бойынша мердігерлік шарттар жасасу кезінде мердігерлік ұйымдардың міндеттемелерін белгілеу үшін жауапты болады.
5.5.2.1.7. Мердігерлік (қосалқы мердігерлік) ұйымдардың ЕҚжЕҚ бойынша бекітілген жоспарда айқындалған келісілген іс-әрекеттер үшін және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі үшін сақтауын бақылау және мониторингін жүргізу олардың басқаруындағы немесе бақылауындағы өндірістік объектілердің желілік басшыларына жүктеледі.
5.2.1.8. Қосалқы мердігерлік жұмыстарды жүргізудің қауіпсіздігін бақылау олардың басқаруындағы немесе бақылауындағы өндірістік объектілердің желілік басшыларына және мердігерлік ұйым белгілеген уәкілетті тұлғаға жүктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |