5.7.4. Комитеттер
5.7.4.1. ЕҚжЕҚ басқару бойынша озық және ең үздік практикаларды ескере отырып, барлық деңгейлердегі басшылар мен қызметкерлердің ЕҚжЕҚ бойынша басқару процестерін ұстанушылығы мен тартылу дәрежесін арттыру үшін, ҚМГ компанияларының тобында ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ жөніндегі комитеттер жүйесі құрылды.
5.7.4.2. ҚМГ компаниялар тобының комитеттері ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы қызметтің шеңберінде ЕҚжЕҚ бағыты бойынша бағдарламаларды, жоспарлар мен бастамашылықтарды қамтамасыз ету, іске асыру және орындау процесінің консультативтік-кеңес органдары болып табылады, олардың негізгі функциялары мынадай:
5.7.4.2.1. ҚМГ Директорлар кеңесінің деңгейінде (ЕҚЕҚОҚОДК):
1) ҚМГ Директорлар кеңесі үшін ҚМГ саясатының негізгі бағыттарын және МЖ жетілдіруге бағытталған ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы негізгі бастамашылықтарды белгілеу, сондай-ақ ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы ішкі реттеуші құжаттарды (стандарттарды) әзірлеу және бекіту мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу;
2) ЕҚЕҚОҚОДК міндеттеріне сәйкес, ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы ҚМГ бағдарламалық құжаттарының тиімділігін бақылауды жүзеге асыру;
3) ЕҚЕҚОҚОДК міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ҚМГ-нің лауазымдық тұлғалары мен құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру;
4) ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы іс-шаралардың мониторингі және оларды бағалау;
5) ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ мәдениетін қалыптастыру және арттыру;
6) өндірістегі өлім жағдайлары мен ірі технологиялық апаттарды тергеу нәтижелерін талдау, сондай-ақ қажетті шараларды қабылдау бойынша ұсынымдарды әзірлеу;
7) ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ және, тұтастай алғанда, МЖ жақсарту және үнемі жетілдіру.
ҚМГ Директорлар кеңесі Комитетінің (ЕҚЕҚОҚОДК) құрамы ҚМГ Жарғысында белгіленген тәртіппен сайланады.
11.4.2.2. ҚМГ Орталық аппаратының деңгейінде (ҚМГ Комитет):
1) ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы шешімдерді қабылдау кезінде қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы ҚМГ саясатын іске асыруда жәрдемдесу;
2) ҚМГ ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы тиімді корпоративтік басқару жүйесін ұйымдастыру және қажетті ресурстармен (қаржылық, материалдық және адами) қолдау бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындау;
3) ҚМГ ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы көрсеткіштердің мониторингі, қойылған мақсаттар мен міндеттерді талдау және оларға қол жеткізуді бағалау;
4) ҚМГ компаниялар тобы ұйымдарының Комитеттерімен өзара іс-қимылды үйлестіру және оның тиімділігі.
ҚМГ Комитетінің құрамы ҚМГ Басқармасының бұйрығымен тағайындалады.
5.7.4.2.3.
ҚМГ компаниялар тобы ұйымының деңгейінде (ҚМГ компаниялар тобы ұйымының Комитеті):
1) оқиғалар мен жазатайым жағдайлар статистикасының өзгеру үрдістерін анықтау және есепті жасау үшін оларды талдау, сондай-ақ түзету іс-қимылдары бойынша ұсынымдар беру;
2) ЕҚжЕҚ саласындағы ішкі реттеуші құжаттардың (стандарттардың) енгізілуін бақылау;
3) мемлекеттік бақылау органдарының тексеру актілері мен ұйғарымдарын және аудиторлық тексеру есептерін қарау;
4) саясаттарды, нұсқаулықтарды әзірлеуде көмек көрсету;
5) ЕҚжЕҚ бойынша оқу тиімділігінің мониторингі;
6) ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша қызметкерлерді ақпараттандыру мониторингі және оны жетілдіру;
7) ЕҚжЕҚ басқару тиімділігін талдау және бағалау.
ҚМГ компаниялар тобы ұйымының немесе Құрылымдық бөлімшенің деңгейінде, ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ бағыты бойынша әртүрлі комитеттер (ЕҚжЕҚ жөніндегі өндірістік кеңес, ЕҚжЕҚ жоғары көрсеткіштері жөніндегі комитет және басқалары) жұмысының тиімділігі және оны оңтайландыру мақсатында, Заңнамалық талаптарға қарама-қайшы келмейтін шарттарда оларды біріктіру ұсынылады.
5.7.4.3. ҚМГ Орталық аппараты мен ҚМГ компаниялар тобы ұйымдарының арасындағы тиімді және пәрменді үйлестіру Комитеттердің жүйесі (қосалқы тармақ) мен ҚМГ компаниялар тобының қазіргі бар ұйымдық құрылымы арқылы (желілік ұйымдық құрылым, иерархия) ұйымдастырылады, ол өндіріске байланысты іс-шараларды орындауға, сондай-ақ ҚМГ саясатын (іске асыру тармағы) орындауға арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |