«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Құжаттың атауы: «ҚазМұнайГаз»


Жазатайым жағдайларды ішкі тергеу және қызметкерлерді тарту



бет67/74
Дата24.02.2022
өлшемі497,49 Kb.
#26334
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   74
Байланысты:
Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі

5.7.1.2. Жазатайым жағдайларды ішкі тергеу және қызметкерлерді тарту

5.7.1.2.1. Оқиғалар мен жазатайым жағдайларды тергеу белгіленген Заңнамалық талаптарға сәйкес жүргізіледі. Сонымен бірге, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та оқиғалар туралы хабарлау және оларды тергеу тәртібі туралы қағидаларда (KMG-PR-2235.1-13), Заңнамалық талаптарға қарама-қайшы келмейтін бөлікте, оқиғаларды ішкі тергеудің жүргізілуін ұйымдастыру көзделген.

5.7.1.2.2. Арнайы тергелуі тиіс жазатайым жағдайлар бойынша ішкі тергеу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру ҚМГ компанияларының тобы ресми тағайындалған арнайы тергеу жөніндегі комиссия төрағасының келісімін алғаннан кейін жүзеге асырады.

5.7.1.2.3. Оқиғаны немесе жазатайым жағдайды ішкі тергеу мақсаты оның оқиғаның немесе жазатайым жағдайға және оның іске асырылуына әкеп соққан ерекше себептерін ескере отырып, ҚМГ компаниялар тобы ұйымының ЕҚжЕҚ басқарудағы кемшіліктерді айқындау және түзету арқылы болашақта осындай жағдайлардың қайталануын болдырмау болып табылады.

5.7.1.2.4. Ішкі тергеу қандай ішкі құжаттар қайта қаралуы немесе өзгеруі тиіс екенін, қауіпсіздікті басқарудың қандай әдістерін жақсарту қажет екенін, қандай қауіп-қатерлерді жою немесе азайту керек екенін көрсетуі тиіс. Жоспарларды әзірлеу және тиісті іс-шараларды іске асыру ішкі тергеу мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

5.7.1.2.5. ҚМГ компаниялар тобы ұйымының комиссиясы барлық ықтимал қауіпті оқиғалар бойынша ішкі тергеуді жүргізуі тиіс. Ішкі тергеу жөніндегі комиссияның саны мен құрамы әрбір нақты жағдайға байланысты. ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметі оқиғаның күні мен орнын, оның сипаттамалары мен себептерін, себептерді жою шаралары мен оларды орындау туралы белгілерді тіркей отырып, ықтимал қауіпті оқиғалардың есебін жүргізуі тиіс.

5.7.1.2.6. Ішкі тергеу есептерінің қорытындылары ҚМГ компаниялар тобы ұйымының ішкі құжаты болып табылады, оны тарату ҚМГ компаниялар тобының ішкі құжаттарымен белгіленеді. Ықтимал қауіпті оқиғаларды ішкі тергеу жөніндегі есептер ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметте электрондық форматта сақталуы тиіс.

5.7.1.2.7. Жазатайым жағдайларды ішкі тергеуді жүргізу және қызметкерлерді тәуекелдерді (қауіпті және зиянды өндірістік факторларды) басқару процестеріне тарту қажеттілігінің себептері:



  1. болашақта осындай жағдайларды болдырмау үшін;

  2. осындай жағдайлармен байланысты тәуекелдерді (қауіпті және зиянды өндірістік факторларды) жою;

  3. осындай жағдайға әкеп соққан негізгі қауіпті факторларды қарау;

  4. оқиғалар мен жазатайым жағдайлардың санаттары бойынша (мысалы, жиі туындайтын – сырғанау, сүріну, құлау) бойынша талдау үшін;

  5. қосымша оқуды жүргізу үшін;

  6. оны қайта қарау үшін тәуекелдерді басқару жүйесіндегі іркілістерге әкеп соққан түбегейлі (жүйелік) себептерді анықтау үшін;

  7. жақсарту үшін ұсынымдар;

  8. залалдарды болдырмау;

  9. бақылау немесе қадағалау органдарының ұйғарымдары;

  10. заңнамалық талаптар;

  11. IOGP кіретін басқа компаниялармен салыстырмалы талдау (бенчмаркинг) жүргізу;

  12. Уәкілетті органдарға хабарлау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет