1. МАҚСАТ, МІНДЕТТЕР МЕН ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компанияларының тобында еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі» туралы корпоративтік стандартының (бұдан әрі – Стандарт) мақсаты ҚМГ компанияларының тобында денсаулық сақтау, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау саласындағы менеджмент жүйесінің элементтерін практикалық қолдану мен іске асыру болып табылады.
1.2. Стандарт еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау (бұдан әрі – ЕҚжЕҚ) саласындағы қызметтің басым бағыттары ЕҚжЕҚ бойынша басқару процесінің құрылымы мен барлық қатысушыларының жауапкершілігін, өндірістік және мінез-құлықтық тәуекелдерді (қауіпті және зиянды өндірістік факторларды) талдау мен бағалауды, бақылау шараларының иерархиясын, жүргізілетін іс-шараларын бағалауды және жетілдіру мақсатында оларды қайта қарауды белгілейді.
1.3. Стандарт «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компанияларының тобында денсаулық сақтау, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау саласындағы менеджмент жүйесінің бір бөлігі болып табылады және операциялық қызметінің шеңберінде еңбекті қорғауды басқару жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді (еңбекті жақсарту, өндірістік жарақаттылық пен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша ұйымдастырушылық-техникалық, әлеуметтік-экономикалық, санитариялық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық, құқықтық іс-шаралар кешенін жүзеге асыру бойынша шешімдерді дайындау, қабылдау және іске асыру бойынша талаптар).
1.4. Стандарт еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды, қауіпсіз өндірісті, өндірісте тәуекелдерді (қауіпті және зиянды өндірістік факторларды) уақытылы айқындауды, жоюды және азайтуды, еңбек процесінде қызметкерлердің денсаулығы мен жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың бірыңғай тәртібін реттейтін егжей-тегжейлендірілген ережелерді, әдістемелік ұсынымдар мен нұсқауларды қамтиды және белгілейді.
1.5. Стандарт ЕҚжЕҚ саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық, салааралық және нормативтік құжаттарының, ұлттық және халықаралық стандарттардың, Халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының (IOGP) озық тәжірибесі бойынша ұсынымдардың негізінде әзірленді және ҚМГ-нің ішкі құжаты болып табылады.
1.6. Стандарт келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
1) өндірістің барлық деңгейлерінде ЕҚжЕҚ саласында басқару жүйесін жетілдіру және интеграциялау;
2) ЕҚжЕҚ-ға әсер ететін тәуекелдер/қауіпті және зиянды өндірістік факторларды айқындау, оларға қол жеткізу мақсаттар мен жоспарларды әзірлеу негізінде жоспарлау;
3) қызметкерлерді қауіпсіз жұмыс істеу әдістеріне үйретудің бірыңғай тәртібін белгілеу;
4) өндірістік объектілерді жобалау, салу, қабылдау және пайдалану кезеңінде ЕҚжЕҚ талаптарын сақтау;
5) қызметкерлерді жеке қорғау құралдарымен (ЖҚҚ) қамтамасыз ету;
6) еңбектің тиісті санитариялық-гигиеналық талаптарын қамтамасыз ету;
7) өндірісте оқиғалар мен жазатайым жағдайлардың, ықтимал қауіпті оқиғалардың уақытылы және лайықты түрде тергелуі мен есепке алынуын қамтамасыз ету және олардың себептерін жою;
8) қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету бойынша белсенділігін және қызығушылығын арттыру;
9) еңбек және өндірістік тәртіпті күшейту;
10) қызметкерлердің ЕҚжЕҚ бойынша қағидалардың, нормалар мен нұсқаулықтардың талаптарын сақтауын қамтамасыз ету және бақылау;
11) басшы және инженерлік-техникалық қызметкерлердің ЕҚжЕҚ бойынша жауапкершілігін арттыру;
12) еңбек жағдайы бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау;
13) үнемі жетілдіру шараларын талдау және қабылдау.
1.7. ЕҚжЕҚ саласындағы міндеттерді шешу, осы Стандартқа сәйкес ҚМГ Директорлар кеңесіне, ҚМГ Басшылығына, Бизнес-бағыттар басшыларына, Қызмет бағыттары басшыларына, Құрылымдық бөлімшелер басшыларына, ҚМГ компаниялар тобы ұйымдарының бірінші басшыларына және Желілік басшыларға жүктелген функциялар мен міндеттерге сәйкес, олардың бірлескен қызметімен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ оны Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен белгіленген қызметкерлердің өкілдері қамтамасыз етеді.
1.8. Төменде көрсетілген Комитеттер ҚМГ компанияларының тобындағы ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметінің бағыттары шеңберінде ЕҚжЕҚ саласындағы басқарудың негізгі органдары болып табылады:
1) ҚМГ компаниялар тобының деңгейінде – ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшесі басқаратын ҚМГ Директорлар кеңесінің комитеті (ЕҚЕҚОҚОДК);
2) ҚМГ Орталық аппаратының деңгейінде – ҚМГ Басқармасының төрағасы басқаратын ҚМГ комитеті;
3) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының деңгейінде – бірінші басшы басқаратын ҚМГ компаниялар тобы ұйымының комитеті.
ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ бағытындағы әртүрлі комитеттердің, үйлестіру кеңестері мен тұрақты жұмыс істейтін комиссиялардың жұмысының тиімділігі және оны оңтайландыру мақсатында, ҚМГ компаниялар тобы ұйымының деңгейінде, Заңнамалық талаптарға қарама-қайшы келмейтін шарттарда, оларды Комитетке біріктіруге болады.
1.9. Осы Стандарт талаптарының сақталуын бақылау және ЕҚжЕҚ саласындағы жұмысты үйлестіру ҚМГ ЕҚОҚД/ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметтеріне жүктеледі.
1.10. ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметі, өз мәртебесі бойынша, ҚМГ компаниялар тобының негізгі өндірістік құрылымдық бөлімшелеріне теңеледі және ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бірінші басшысына тікелей бағынады.
1.11. Осы Стандарт ЕҚжЕҚ саласындағы талаптарды белгілейді, ал Стандарттың бөлімдерінде ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы басқа да бағыттармен өзара байланыс (жауапкершілік, оқу тәртібі, бақылау мен мониторинг, қауіпті және зиянды өндірістік факторларды басқару мәселелері бойынша) байқалса, тиісті сілтемелер көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |