ҚазҰму қалыпты физиология кафедрасы 014-2015 оқу жылы курс, «Жалпы медицина» факультеті



бет1/7
Дата25.11.2023
өлшемі1,71 Mb.
#125858
  1   2   3   4   5   6   7

№5 дәріс Жоғарғы жүйке іс-әрекеті туралы түсінік. Мінез-құлықтың туа біткен және жүре пайда болған түрлері. Уақытша байланыстардың механизмі. Қыртытыстық тежелудің түрлері. Жоғары жүйке іс-әрекетінің типтері. И.П. Павловтың І және ІІ сигналдық жүйелері.

  • ҚазҰМУ Қалыпты физиология кафедрасы 2014-2015 оқу жылы 2 курс, «Жалпы медицина» факультеті

Жоспары:

  • Павловтың шартты және шартсыз рефлекстер туралы ілімі.
  • Шартты және шартсыз рефлекстер сипаттамасы.
  • Шартты рефлекстің шартсыздан айырмашылығы.
  • Шартты рефлексті қалыптастыру әдістері.
  • Шартты рефлекстің түрлері, динамикалық стереотип.
  • Шарты рефлекс негізі-уақытша байланыс, оның түзілу механизмі.
  • Ми қыртысының талдау іс-әрекеті.

Алғаш рет психикалық қызметтің негізі ретінде рефлекстік қағиданы

  • Алғаш рет психикалық қызметтің негізі ретінде рефлекстік қағиданы
  • И.М.Сеченов (1863 ж) дәлелдеді.
  • XX ғасырдың басында И.П. Павлов ми қыртысын зертеуде көптеген өзгерістер енгізді. Адамның мінез-құлқы негізінде, ЖЖІӘ-нің маңызды орын атқаратынын атап көрсетті. Сілекей бөліну үрдісін зерттей келе И.П. Павлов шартты рефлексті ашты. Ол шарты рефлекстің жоғарғы деңгейі тітіркендіргіш емес, оған ілесіп жүретін сигнал (ишара) екенін көрсетті.

Шартсыз рефлекстер – гомеостаз тұрақтылығын сақтау үшін тұқым қуалайтын (филогенезде қалыптасқан) рефлекторлы механизмдер.

  • Шартсыз рефлекстер – гомеостаз тұрақтылығын сақтау үшін тұқым қуалайтын (филогенезде қалыптасқан) рефлекторлы механизмдер.
  • Шартты рефлекстер – организмнің қоршаған ортаға бейімделу реакциясы.
  • Шартты рефлекстер - ойлау қабілетінің, мінез-құлықтың және қоршаған ортаға бейімделуінің негізі.

Шартты мен шартсыз рефлекстің айырмашылығы.

  • Шартсыз рефлекс
  • Шартты рефлекс
  • 1. Туа біткен ;
  • 2. Түрлік;
  • 3. Рефлекстік доға тұрақты;
  • 4. Рефлекстік доға қыртыс асты құрылымында тұйықталады ;
  • 5. Рефлекс тұрақты ,әрі нықты;
  • 6. Рефлекс арнайы рецептивтік өріске арналған тітіркендіргіште байқалады.
  • 1. Жүре пайда болған ;
  • 2. Жекешілдігі;
  • 3. Рефлекстік доға тұрақсыз( уақытша байланыс);
  • 4. Рефлекстік доға ми қыртысында тұйықталады;
  • 5. Тұрақсыз;
  • 6. Кез-келген индиферентті тітіркендіргіште байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет