«ҚазҰму студенттері арасында өмір салтын қалыптастырудағы физикалық белсенділіктің рөлі»



бет4/5
Дата19.12.2023
өлшемі416,2 Kb.
#141034
1   2   3   4   5

ҚОРЫТЫНДЫ

Физикалық белсенділік - салауатты өмір салтының негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. Технология заманында ақыл-ой қызметімен айналысатын, оның ішінде жастардың болашақта психологиялық және физиологиялық дені сау маман иесі болуын қалыптастыруға олардың өмір салтының үлесі үлкен болмақ. Ғылыми жұмыс тақырыбы қазіргі уақыттағы әлемде актуалды мәселе бойынша таңдалынды.

Зерттеу барысында, студенттерден тұрақты физикалық белсенділікпен айналысу/айналыспауын анықтадық. 482 (47,1%) Курстар бойынша бөлсек, сауалнамаға қатысқан студенттердің арасында 1-ші курстан- 98 студент, 2-ші курс- 134 студент, 3-ші курс- 158 студент, 4-ші курс- 92 студент спортпен тұрақты шұғылданады. Бұл нәтижеден байқайтынымыз, басқа курстарға қарағанда 2 және 3- ші курс студенттері физикалық белсенді топқа жатады. Қатысқан студенттердің 544-і (52,9%) «жоқ» деген нұсқаны таңдады. Оның ішінде, 455 қыз бала және 89 ұл бала. Яғни, зерттеуге қатысушы 729 қыз баланың 62,4%-ы (455) аптасына кемінде 3 рет белгілі бір спортпен немесе дене шынықтырумен үнемі айналыспайды, ал 37,6%-ы (274) айналысады. Сондай-ақ, 297 ұл респонденттің 70,1%-ы (208) дене шынықтырумен тұрақты кемінде аптасына 3 рет шұғылданады және 29,9%-ы (89) бұл сұраққа «жоқ» деп жауап берді. Кестедегі бұндай көрсеткіш сауалнамаға жауап берген студенттердің арасында ер балалардың аздығына байланысты болуы мүмкін.

Зерттеу нәтижелері бойынша 2 -ші және 3-ші курс студенттерінің арасында физикалық белсенділікпен шұғылданатын студенттер саны 1-ші және 4-ші курс студенттерімен салыстырғанда жоғары болды. Көбіне студенттер негізінен үш себеп бойынша пассивті өмір салтын жүргізетінін анықтадық. Бірінші топ көп уақыттарын компьютермен, ақыл-ой жүктемелерімен айналысуға жұмсайды, екіншісі сабақтан тыс уақыттарын қосымша табыс табумен өткізеді, бұл топтар физикалық белсенділікке уақыттарының жетіспеушілігімен немесе қызығушылықтың болмауы, шаршау себептерімен сипатталады. Ал үшінші топ денсаулық жағдайы бойынша толыққанды белсенді айналыса алмайды. Сонымен қатар, студенттер үшін тәуліктік физикалық белсенділік көлемі, әдетте, оқу орны шеңберінде және оқу күні тәртібінде жасалатын қимыл-қозғалыс қызметінің түрлерінен құралады. Нәтижеге сәйкес студенттердің дене белсенділігімен шұғылданбауының негізгі себебі - уақыттың жетіспеушілігі және шаршау болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет