Зерттеу нәтижелері бойынша 2 -ші және 3-ші курс студенттерінің арасында физикалық белсенділікпен шұғылданатын студенттер саны 1-ші және 4-ші курс студенттерімен салыстырғанда жоғары болды. Көбіне студенттер негізінен үш себеп бойынша пассивті өмір салтын жүргізетінін анықтадық. Бірінші топ көп уақыттарын компьютермен, ақыл-ой жүктемелерімен айналысуға жұмсайды, екіншісі сабақтан тыс уақыттарын қосымша табыс табумен өткізеді, бұл топтар физикалық белсенділікке уақыттарының жетіспеушілігімен немесе қызығушылықтың болмауы, шаршау себептерімен сипатталады. Ал үшінші топ денсаулық жағдайы бойынша толыққанды белсенді айналыса алмайды. Сонымен қатар, студенттер үшін тәуліктік физикалық белсенділік көлемі, әдетте, оқу орны шеңберінде және оқу күні тәртібінде жасалатын қимыл-қозғалыс қызметінің түрлерінен құралады. Нәтижеге сәйкес студенттердің дене белсенділігімен шұғылданбауының негізгі себебі - уақыттың жетіспеушілігі және шаршау болып табылады.
ПРАКТИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР
Университет жастары арасында физикалық белсенділік деңгейін арттыру үшін дене белсенділігімен дене шынықтыру сабақтарында ғана емес, сондай-ақ студенттердің басқа да күнделікті жағдайларында да айналысуға жағдай жасау;
Студенттерге әрі қызықты әрі физикалық белсенділік туралы білімді қалыптастыруға мүмкіндік беретін жаңа бағдарламалар әзірлеп, білім беру процесіне енгізу және студенттердің өз бетінше жұмыс істеуін ынталандыру;
Оқу ғимараттарында және студенттік жатақханаларда ақпараттық және ынталандыру стенділерін орналастыру, физикалық белсенділікке байланысты әлеуметтік желілердің көмегін пайдаланып, марафон, челлендждер, басқа да ақпараттандыру жұмыстарын жасау;
Студенттерге - күніне кем дегенде 30 минут қандай да бір физикалық белсенділік түрімен шұғылдануға кеңес;
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Скоробрущук Ю.А., Николаева И.В. Факторы, влияющие на мотивацию молодежи к здоровому образу жизни // Известия Института систем управления СГЭУ. 2017. № 2 (16). стр. 74-78.
Активный образ жизни и здоровье студента: учебное пособие / Н. А. Агаджанян (и др.). — 2-е изд. перераб. и доп. — Ташкент: Медицина, 1988. стр. 341
Зуйкова Е. Г., Бондарчук И. Л. Влияние физической культуры на работоспособность и адаптацию студентов к физическим нагрузкам // Здоровье — основа человеческого потенциала: проблемы и пути их решения. 2012. № 1. Стр. 121
Виленский В. И. Физическая культура студента. — М: Гардарики, 2005, — стр.110
Официальный сайт Всемирной Организации Здравоохранения https://www.who.int/ru
Жук Э.И. Образ жизни молодежи – показатель духовного кризиса человечества // Чалавек. Культура. Экалогія: Материалы международной науч. конф. / Под общ. ред. Профессора В.П. Скороходова. – Мінск: Бел ИПК, 1998. – С. 58–59.
Димов В.М. Здоровье как социальная проблема // Социально-гуманитарные знания. – 5 - 11 классы Смоленск: Вентана-Граф. – 1999. – № 6. – С. 179 - 226.
https://studfiles.net/preview/3835780/
https://studfiles.net/preview/6306424/
https://tutknow.ru/bodyfitness
Belokonev SIu. Strategy of state youth policy in Russian Federation up to 2016. Moscow; 2013. [Internet]. 2013 [updated 2017 May 10; cited 2017 May 10]. Available frorn: http://xn--80abucjiibhv9a.xn-p1ai/rnedia/events/files/41d4701a45d6785bb30b.pdf (in Russian)
Bernshtejn NA. Essays on motor physiology ofphysiology of activity. Moscow; 1966. (in Russian)
Bal'sevich VK. Onto-kinesiology of man Moscow; 2000. (in Russian)
Ponornarev NI. Sorne problerns of functioning of physical culture theory
Дамер, Н. А. Физическая культура — ведущий фактор укрепления здоровья молодежи / Н. А. Дамер // Здоровый образ жизни человека — национальная проблема современного общества : сб. материалов Межрегион. науч.-практ. конф. — Омск : Изд-во Омского экономического института, 2009. — С. 83—86
Kolpakova E. M. 2018. Motor activity and its effect on human health. Health, Physical Culture and Sports, 1 (8), рр. 94-109 (in Russian). URL: http://journal.asu.ru/index.php/zosh
А. А. Николаев «двигательная активность и здоровье современного человека», Смоленск 2005, 37 стр.