Қазтест тапсырмаларының жаңа сипаты



бет1/2
Дата07.01.2022
өлшемі22,45 Kb.
#19845
  1   2
Байланысты:
AZTEST-tapsyrmalaryny -zha a-sipaty


ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының жаңа сипаты

ҚР Білім және ғылым министрлігі

Ұлттық тестілеу орталығы

Қазтест жүйесін дамыту

басқармасының сарапшылары

Н.Б.Тоғызбай, А.С. Бердіқұлова, Ш.Балғожина

Азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – Қазтест ТРКИ, IELTS, TOEFL, TÖMER т.б. сияқты шетелдік тілдік білімді бағалау жүйелерімен салыстырғанда жаңа жүйе, 10 жылдан астам ғана тарихы бар. Сол себепті жүйені жетілдіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп отырады. Қазтест жүйесінің негізгі мазмұнын құрайтын, тест әзірлеу талаптарын, мазмұнын анықтайтын – Тест спецификациясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстары үнемі іске асырылады.

Қазтест жүйесінің жұмыс тобын елімізге белгілі ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы, өңірлік тіл оқыту орталықтарының әдіскер-мамандары, ғылыми дәрежесі магистрден кем емес мамандар құрайды. Жұмыс тобы жыл сайын байқау арқылы өзге мамандармен толықтырылып, бір мақсатқа жұмыс істейді – Қазтест тапсырмаларын жетілдіру.

Осы мақсатта Ұлттық тестілеу орталығы дәстүрлі түрде жылына бір рет Қазтест тапсырмаларының әзірлеушілері мен сарапшыларының біліктілігін арттыруға арналған халықаралық және республикалық семинар-тренинг, курс ұйымдастырады.



Қазтест жүйесінің әрбір бөлігі – өз алдына терең шығармашылық зізденісті, зерттеуді қажет ететін ғылым. Сондықтан Қазтест жүйесін дамыту басқармасында әрбір бөлікке жетекшілік жасайтын маман тағайындалған.

Қазтест жүйесі мамандарының, Қазтест тапсырмаларының әзірлеушілері мен сарапшыларының зерттеулері, ғылыми негізделген ортақ тұжырымдары негізінде Тест спецификациясына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Тапсырмалардың жарамдылығы, сапасы азаматтарды тестілеу барысында анықталып, сұрыптаудан өтеді.

Жүйенің алғашқы бөлігі Тыңдалымда мәтіндер диалог, монолог, полилог түрінде берілетін. Полилогтың көлемі үлкен, мазмұны тыңдаушы тарапынан ауыр қабылданатындықтан, тест тапсырмаларына жауап беруде шатастыруға алып келетіндіктен, Тест спецификациясынан алынып тасталды.



Қазіргі кезде тыңдалым мәтіндері тек диалог, монолог түрінде ұсынылып жүр. Сондай-ақ

  • қосымша ақпаратты табыңыз

  • ақпарат мәтіннің қай бөлігінде айтылды

деген сияқты алғашқысы субъективті пікірге байланысты болатын, екіншісі тыңдап түсіну дағдысын нақты бағаламайтын тапсырма түрлері қолданыстан шығарылып,


  • сөйлемді толықтырыңыз

  • ойды аяқтаңыз

  • сұраққа жауап беріңіз

  • эмоция түрін табыңыз, т.б.тапсырма түрлерімен толықтырылды.

Қазтест жүйесінің тағы бір ерекшелігі – лексика-грамматикалық құрылымның бөлек қамтылуында. Лексика-грамматикалық бөлік бойынша қазақ тілінің грамматикасын тестілеу жоғарыда аталған мемлекеттік стандартқа сәйкес қарапайым деңгейде қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарын меңгеру, қарапайым лексикалық бірліктердің қолданысын игеру, олардың мағынасын түсіну, жалғаулардың және етістік шақтарының қарапайым құрылымдар арқылы қолданысы қамтылады.

Лексика-грамматикалық құрылым бойынша тестіленушінің тілдік білімі функционалдық тұрғыдан бағаланады. Тест тапсырмалары тестіленушінің тілдік бірліктердің функционалдық (қолданымдық) ерекшеліктерін ажырата алу дағдысын қалыптастыруға бағытталады. Лексика-грамматикалық бөлік бойынша тест тапсырмаларын құрастыруда тілдік терминдер қолданылмай, тест тапсырмасын кез келген мамандық иесі түсіне алатындай, мәнмәтінге қарай, лексикалық-грамматикалық құрылымдардың тіркесуіне қарай, дұрыс жауапты таңдай алатындай етіп беріледі.

Мысалы, тестіленушінің лексикалық қорын анықтау, синоним сөздерді ажырата алу дағдысын қалыптастыру мақсатында

  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет