Мағынасы жақын сөздерді табыңыз.
Мағынасы қарама-қарсы сөздерді табыңыз, т.б.
Тест тапсырмаларының сапалы, ықшам, деңгейге сай болып құрылуы үшін тілдік материалдарды сұрыптап алу өте маңызды.
Тіл үйренушінің жаза білу қабілетін қалыптастыратын, дамытатын сөйлеу әрекетінің келесі түрі – жазылым әрекеті арқылы іске асып жүр. Тіл үйренуші бірнеше рет тыңдалған немесе оқылған мәтінді сауатты жазғандығын, берілген сұрақтарға сүйене отырып, көрсетілген коммуникативтік тапсырмаға сай, ұсынылған тақырып бойынша өз атынан мәтін құрағандығын бағалауда Қазтест жүйесінде бірнеше жазба жұмыстары ұсынылады және әр деңгейде жазба жұмысының түрі нақты анықталған.
Тестіленушілердің жазбаша сөйлеу тілінің дамығандығын орфографиялық дағдыларының қалыптасқандығын, өз ойын жазбаша дұрыс бере білуге дағдыланғанын анықтау жаттығу жұмысының тәжірибелік әдістерінің бірі – диктант арқылы айқындалады.
Тестіленушілердің оқылған мәтінді жүйелі баяндай білу қабілеті көрінетін, жазбаша тілін дамытуда жүргізілетін жазба жұмысының келесі бір түрі – мазмұндама. Алдымен тыңдалған мәтін негізінде жоспар құрылады. Жоспарға сәйкес өз сөздерімен мазмұндама, сонымен қатар оған берілген тапсырмаларға жауап жазылып, соңында ресми құжат түрін рәсімдеу ұсынылады.
Мазмұндама жоспарын құрастыру – жазылымға дайындық жұмысы болып табылады. Жоспардың құрылымына қарап логикалық ойлау қабілеті бағаланады. Жоспар мәтіннің бөліктеріне ат қою мақсатын көздейді және ол мәтінді оқып, талдаған соң құрастырылады. Мазмұндама жоспар негізінде жазылғанда тиянақты ойды білдіреді.
Тағы бір бағаланатын жазба жұмысының түрі – Эссе. Ол қандай да бір берілген өзекті тақырып аясында кең түрде орындалатын жазбаша жұмыс.
Жазба жұмыстарының бұл түрінде адамның дүниетануға деген құлшынысының артуы, өз бетімен дүние сырын танып білу құштарлығының оянуы байқалады. Тестіленушінің берілген тақырып бойынша эссе жазуы оның іс-әрекетін, өз қабілетінің, тілдік білімінің қаншалықты деңгейде екенін көрсетеді.
Қорыта айтқанда, тіл үйренушінің тілді қаншалықты меңгергендігі оның тіл тазалығынан көрінеді. Ал тіл тазалығы – тіл үйренушінің сауатты жазып, тілдік элементтерді дұрыс пайдаланып, ойын нақты жеткізе білуде. Демек, тіл үйренушінің тыңдап түсіну, оқып түсіну және лексика-грамматикалық құрылымды дұрыс пайдалана білу қабілетін жазылым бөлігі нақтылай отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |