3 Форма Пәннiң мiнездемесi Пәннiң сабақ беруiн мақсаты Халықаралық қатынастар тарихын және сыртқы саясатты тұтастай меңгеру үшін пән мазмұны ірі аймақтардың, әлемнің жетекші мемлекеттерінің сыртқы саяси тарихындағы негізгі оқиғаларға ерекше мән беріп, осы көпғасырлық үрдістің даму заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін қамтиды. Әсіресе басты көңіл дипломатияның рөліне, оның ерекшеліктеріне, әдістеріне және сыртқы саясатты жүргізу құралдарына бөлінеді.
Шешім қабылдау үрдістері және оларды саяси жетекшілер мен сыртқысаяси мекеме басшыларының жүзеге асыруын қарастыру да аса маңызды болып табылады. Сонымен бірге жиналған нақтылы деректерге теоретикалық тұрғыдан талдауға аса мән беріледі. Материалды беруде жүйелік, хронологиялық, жағрапиялық және маңызды мәселелік қағидалар пайдаланылған.
Көрсетілген мамандықтың типтік оқу жоспарының мақсаты мен міндеттерін ескере отырып, бұл бағдарлама студенттердің халықаралық қатынастар жүйесін және қазіргі сыртқысаяси мәселелерді толықтай түсінуін дамытуға көңіл бөледі.
Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiнiң жариялауы дүниелiк бiрлестiкке бiздің елiміздiң кiруiн бiлдiрдi. Өз сыртқы саяси функцияларының жүзеге асырулары үшiн егемендi республикаға халықаралық қатынастарға арналған мамандар керек. Олар халықаралық қатынастар тарихы білуі керек. Қазақстан Республикасы халықаралық аренаға шықты. Шетел елдерімен өзара әрекеттесуді оның саласы едәуір кеңіді.
Осы пәнді оқу барысында студенттер бұған дейін «Еуропа және Америка елдерінің тарихы», «Азия және Африка елдерінің тарихы», «Дипломатиялық және консулдық қызмет» пәнінен алған білімдеріне сүйенеді.
«Халықаралық қатынастар қазіргі заман тарихы» курсы «Халықаралық қатынастар» мамандығында оқылатын базалық пәндердің бірі болып табылады. «Халықаралық қатынастар тарихы» пәнінің бағдарламасы 1992 ж. басталған оқу үрдісі барысында шындалған осы бағдарламаның бірінші және екінші басылымдарына негізделеді.