«ҚазҰту оскары 2013» 2013 жылдың 22 қараша күні сағат 17: 32-де дәстүрлі «ҚазҰту оскары 2013»



Pdf көрінісі
Дата27.01.2017
өлшемі114,13 Kb.
#2798

«ҚазҰТУ Оскары - 2013» 

 

2013 жылдың 22 қараша күні сағат 17:32-де дәстүрлі «ҚазҰТУ Оскары 

- 2013» салтанатты марапаттау кеші өтті. «ҚазҰТУ Оскары - 2013» - ғылымға 

зер  салған,  тамылжытып  ән  шырқайтын,  билегеннен  шаршамайтын, 

сұлулығымен кез-келгенді баурап алатын студенттердің байқауы!  

Университетіміздің  жеті  институтынан  «Әнші  студент»,  «Биші 

студент»,  «Гламурлы  қыз»,  «ҚазҰТУ  Оскары»  номинациялары  бойынша 

студенттер өзара додаға түсті. 

Жастарды  жан-жақты  тұлға  ретінде  қалыптасуына  ықпал  ету 

мақсатында  өткен  байқауға  «Студенттік  ректор»  атанған  ҚазҰТУ-дың 

ректоры Ж.М. Әділовтің келуі мерекені одан әрі мерейлендірді.  

«ҚазҰТУ  Оскары  -  2013»  марапатына  тәрбие  жұмысы  жөніндегі 

проректор 

Г.Ә. 

Сәрсенбекова,

 

Алматы 



қаласы 

жастар 


саясаты 

басқармасының  бастығы  С.  О.  Боқаев,  Базалық  білім  беру  институтының 

директоры  Р.Ш.    Бердібаев,  Студенттер  шығармашылық  орталығының 

директоры  Ж.Н.  Кәпесов,  Жастар  ұйымдары  комитетінің  төрағасы  Е. 



Наурызбаев  қазылық  етті.

  Кешті  ҚазҰТУ  жүргізушілерінің  майталмандары  



Қосқанат  Көпжасар

  мен  Алмас  Сағынұлы  жүргізді.  Сонымен  қатар 

«әлемдік  деңгейдегі  жүргізушілер»  Олжас  Мұхаметқалиұлы  мен  Дана 



Апсалямова

 кешті одан әрі әрлендірді.  

Биыл студенттердің тек мәдени белсенділігін бағалап қоймай, олардың 

оқудағы  талпыныстары  мен  ғылымдағы  ізденістеріне  негізделген  «ҚазҰТУ 

Оскарына»  үміткерлерінің  жобалары тамашаланды.  Бәлкім осы  жобалардың 

таңдаулысы  кім  білсін,  ертең  бас  қаламыз  Астанада  өтетін  EXPO-2017 

көрмесінің  төрінен  орын  алып  қалар.  EXPO  халықаралық  көрмесі  көп 

шараның бірі емес. Сондықтан, оны өткізуге ынталы ел көп, керісінше, шама-

шарқына  қарап,  кей  мемлекеттер  бұл  көрменің  көкжиегіне  көп  бас  сұға 

бермейді.  Ал,  Қазақ  елі  бұл  әлемдік  шараға  қатысуға  2008  жылы-ақ  ниет 

білдірген. Биыл алпауыт елдермен аламанға түсуге бел буып, сол бәйгеде топ 

жарды.  Талайдың  таңдайын  қақтырды.  Бұл  жеңіс  азат  атанғанына  бар 

болғаны  22  жыл  толатын  Қазақстан  секілді  жас  мемлекеттің  алып  адымын, 

қарқынды  дамуын  көрсетеді.  Себебі,  бізге  дейін  ТМД  мен  Орта  Азия 

аумағында  ЕХРО-ны  өткізу  бақыты  ешбір  елге  бұйырмапты.  «ҚазҰТУ 

Оскары»  номинациясы  бойынша  7  үміткер  іске  асырылатын  7  жобаны 

ұсынды.  Бұл  сайыстағы  жіліктің  ең  майлысы  «ҚазҰТУ  Оскары  –  2013». 

Көптен  күткен  бұл  атаққа  лайықтысы  кім  екенін  анықтау  әрине  оңайға 

түспеді.  Мыңнан  тұлпар,  жүзден  жүйрік  шыққан  «ҚазҰТУ  Оскары  2013» 

атағы  Ә.Бүркітбаев  атындағы  ӨИИ  студенті  Бақыт  Төлегеновке 

бұйырды. 

 

 



 

 


 

         Дүйім  жұртты  ауызына  қаратқан  жез  таңдай  әншілеріміздің  үздігін 

анықтау  тіпті  қызық  өтті.  Тек  ән  салып  қоймай,  эстрада  жұлдыздарына 

пародия  жасады.  «Әнші  студент»  номинациясы  бойынша  Ө.Байқоңыров 



атындағы  ТКМИ  студенті

  Бақытжан  Ақнұр  (Айжан  Нұрмағанбетова) 

жеңіске  жетті.  Залдағы  жігіт  атаулысын  қызықтырған  сұлу  қыздарымыз  өз 

мамандығы  бойынша  арнайы  дайындаған  киімдерді  киіп,  сән  үлгісін 

көрсетті.  «Гламурлы  қыз»  номинациясы  бойынша  Т.Бәсенов  атындағы 

Сәулет  және  құрылыс  институтының  студенті  Қанатбай  Айман  лайық 

деп танылды. 

Келесі  кезекте  мың  бұралған  бишілер  1930-40  жылдардағы  билерден 

бастап  бүгінгі  заманауи  биге  дейін  биледі.  Бұл  номинация  көрерменнің 

ерекше 

ықыласына 



бөленген 

номинация 

болды. 

«Биші 


студент» 

номинациясы  бойынша  Ә.Бүркітбаев  атындағы  ӨИИ  студенті  Дуан 



Карамелдин жүзден жүйрік болды.

 

Әр номинация  жеңімпаздары  «Оскар» бейнесіндегі мүсін  мен  диплом, 



ақшалай  сыйлықтармен  марапатталды.  Қаржылай  қолдау  көрсеткені  үшін 

Студенттер кәсіподағына алғысымызды білдіреміз.  

Кеш барысында тек қатысушылар ғана емес, сондай-ақ, көрермендер де 

өзара  додаға  түсті.  Жүргізушілер  көрерменмен  ойын  ойнап,  ерекше  көңіл-

күйге бөледі.  

 

        Қызығы мен шыжығы мол студенттік кезеңді жарқын қылатын осындай 



іс-шаралар  керек-ақ.  Дәстүрге  айналып  екніші  жылы  22  қарашада  өтуде.  

Олай болса, «ҚазҰТУ Оскары - 2014-те» жолыққанша.... 



 

ЖҰЖБ

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет