Қазтуған Сүйіншіұлы



бет3/3
Дата16.02.2023
өлшемі186,23 Kb.
#68611
1   2   3

Қазтуған жырларындағы шоқтығы биік шығарма – оның туған жермен қоштасу жыры. "Алаң да алаң, алаң жұртта" Қазтуған жырау халқының туған мекен Еділін тастап, Шу бойында алғаш хандық құрып, қоныс тебуі, тәуелсіз ел болу кезеңін меңзейді. Бұл қоштасу өлеңі он бесінші ғасырдың екінші жартысында өз қарамағындағы руларды бастап Еділден еріксіз ауып, Қазақ мемлекеті құрамына өткеннен сыр шертеді.

  • Қазтуған жырларындағы шоқтығы биік шығарма – оның туған жермен қоштасу жыры. "Алаң да алаң, алаң жұртта" Қазтуған жырау халқының туған мекен Еділін тастап, Шу бойында алғаш хандық құрып, қоныс тебуі, тәуелсіз ел болу кезеңін меңзейді. Бұл қоштасу өлеңі он бесінші ғасырдың екінші жартысында өз қарамағындағы руларды бастап Еділден еріксіз ауып, Қазақ мемлекеті құрамына өткеннен сыр шертеді.

Алаң да алаң, алаң жұрт,

Алаң да алаң, алаң жұрт,

Ақала ордам қонған жұрт,

Атамыз біздің бұ Сүйініш

Күйеу болып барған жұрт,

Анамыз біздің Бозтуған

Келіншек болып түскен жұрт,

Қарғадай мынау

Қазтуған батыр туған жұрт,

Кіндігімді кескен жұрт,

Кір-қоңымды жуған жұрт,

Қарағайдан садақ будырып,

Қылшанымды сары жүн оққа толтырып,

Жанға сақтау болған жұрт.

Бұл толғауда Қазтуған жырау батырларға тән қажыр-қайратын ұштап, намысын қайрап, елге дем беріп, рухтандыра түседі. Таудың əдемі көріністерін жырлап, адам туралы ойларға көшеді.

Басынан қарға ұшырмас,

Ер қарауыл қарар деп,

Алыстан қара шалар деп;

Балдағы алтын құрыш болат

Ашылып шапса дем тартар,

Сусыным қанға қанар деп;

Арғымақтың баласы

Арыған сайын тың жортар,

Арқа мен қосым қалар деп;

Ақ дария толқын күшейтер,

Құйрығын күн шалмаған балығым

Ортамнан ойран салар деп;

Азамат ердің баласы

Жабыққанын білдірмес,

Жамандар мазақ қылар деп!

  • Бітті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет