Б. Қ. Әбдіғұлова ҚазаҚстан тарихынан Әңгімелер



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата16.02.2017
өлшемі0,89 Mb.
#4230
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
§8. тарихи карта
сабақтың  мақсаты:  оқушыларға  карта,  картаның  шартты  белгілері, 
картамен  жұмыстың  маңызы  туралы  мәселелерді  ашып  көрсету. 
Оқушылардың тарихи кеңістік туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың 
тарихи  құбылыстарды  салыстыра  білу  біліктерін  дамыту  жұмысын 
жалғастыру.

24
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  физикалық  карта,  Қазақстан 
Республикасының әкімшілік картасы.
Оқып-үйренген  материалды  қайталау  оқулықтағы  сұрақ-тапсырма-
ларға  негізделеді.  
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
Карта тарихы. 
Картадағы қазақ жері туралы мәліметтер. 
Картаның маңызы.
Практикалық сабақ түрінде өткізіледі.
Ұзақ  жылдар  сабаққа  қатысу,  оқушылар  білімін  тексеру  олардың  бі-
разының тарихи картаны, ондағы объектілерді дұрыс көрсете алмайтынына 
көз жеткізді. Оның көптеген себептері болуы мүмкін, соның бірі – мектепте 
тарихи  оқиғаларға байланысты карталардың жетіспеуі, ал кей мектептерде 
карталар  өте ескірген, не болмаса мүлдем жоқ. 
Бұл  мәселені  шамалы  болса  да  шешуге  электронды  оқулықтар  кө-
мектесе  алады.  Мысалы,  «Қазақстан  тарихы»  деп  аталатын  электронды 
оқулықта сонау көне заманнан бүгінгі кезеңге дейінгі кең ауқымды тарихи 
материалдар,  иллюстрациялар,  карталар,  түрлі  сызбалар  мен  тестілер, 
олардың жауаптары  сияқты қажетті материалдар баршылық.
Сабақта  тарихи  кеңістік  бойынша  жұмыс  жүргізгенде  оқушылардың 
есінде  жақсы  сақталатындай  борлы  карта-сызбасын  пайдаланған  орынды.  
Мұғалім қолына бор алып, оқушыларға Қазақстан Республикасының аста-
насына, солтүстік пен оңтүстікке, батыс пен шығысқа, облыс орталықтарына 
«ойша саяхат» жасайтындарын айтады. Мұғалім бормен тақтаға Қазақстан 
Республикасының  шекарасын,  Астана  қаласын,  содан  кейін  Алматы 
қаласын белгілейді. Содан кейін солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс, орталық 
облыстарды атап, сол аймақтарды, осы өңірдегі ірі өзендер мен таулардың 
суретін  салып  белгілейді.  Батыс  облыстар  аталып,  Каспий  теңізі,  Жайық, 
Тобыл өзендерін сызып көрсетеді. Содан кейін Арал теңізін, Балқаш көлін, Іле 
Алатауын, Сарыарқа даласын, Қарағанды көмір бассейнін, Алтай тауларын,  
Ертіс, Есіл өзендерін, Жетісудың жеті өзенін, Мұғалжар тауларын, Түркіс-
тан қаласын, Байқоңыр ғарыш айлағын, т.б. тізбектерін белгілейді.
Борлы сызбамен жұмыс істеу оқушылардың картографиялық білімдері 
мен біліктерін қалыптастыруға ықпал жасайды. Мұғалім ең басты объек-
тілерді оқушыларға нақты сызып көрсету арқылы, олардың картаны дұрыс 
пайдалана білуіне көмектеседі.
Жаңа  сабақты  оқып-үйрену  оқушылардың  оқулықтағы  пәнаралық 
байланысқа арналған сұрақтарға жауап беруден басталады.
Мұғалім  карта  тарихы  және  картадағы  қазақ  жері  туралы  тақы-
рыпшаларды оқушыларға түсіндіреді. 

25
Содан  кейін  оқушылар  үш  топқа  бөлініп,  «Картаның  маңызы»  деген 
тақырыпшаны әркім ішінен оқып шығады. Әр топ оқушылары осы оқылған 
тақырыпша бойынша өздігінше сұрақ құрастырады. Осы сұрақты ол алдымен 
жанындағы парталас серігіне қояды, содан кейін өз тобына қояды. Осыдан 
кейін  сұрақ  дайындаған  оқушылар  өз  сұрағына  өздері  жауап  қайтарады. 
Мұғалім,  тікелей  осы  тақырыпша  бойынша  оқушылар  өздері  дайындаған 
және сыныптастарына қойған сұрақтарды қолдап отырғаны жөн.
Оқушылар  оқулықта  қойылған  сұрақтарға  жауап  береді.  Картамен 
жұмыс жүргізіледі: Картаны білу не үшін қажет? Географиялық және тарихи 
картаны салыстырып, оларға не ортақ және қандай айырмашылықтары бар 
деген сауалға карталарды салыстыра отырып жауап береді.
Оқушылар  жұмыс  дәптерлеріндегі    тапсырмаларды  өздігінше 
орындайды. Мұғалім тексереді.
Үйге  тапсырма:  §8  «Тарихи  карта»  тақырыбын  оқып,  сұрақтарына 
жауап  дайындау,  оқулықта  берілген  қосымша  тақырыпты  оқып  танысу   
тапсырылады. 
             
§9. Қазақстан әлем картасында 
сабақтың мақсаты: оқушылардың бастауыш сыныптарда Қазақстан 
Республикасының аумағы, ірі қалалары, қандай мемлекеттермен шектесетіні 
туралы алған білімдерін одан әрі толықтыру және жүйелеу. «Топонимика» 
ұғымын қалыптастыру үшін жұмыс жүргізу. Оқушылардың отансүйгіштік 
сезімін  тәрбиелеуге  көмектесу.  Оқушылардың  тарихи  құбылыстарды 
салыстыру біліктерін дамыту үшін жұмыс жүргізу.
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  Қазақстан  Республикасының 
картасы,  еліміздің  жер-суы,  өзен-көлдері,  таулары,  табиғат  жағдайлары 
бейнеленген иллюстрациялар мен бейнефильм, электронды оқулық.
оқып-үйренген  материалды  қайталау  оқулықтағы  сұрақтар  мен 
тапсырмаларға және мұғалімнің қосымша сауалдары негізінде өткізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Қазақстан аумағы.
2. Топонимика.
Бұл  сабақ  оқушылармен  жұп  болып  практикалық  жұмыс  жасауға 
негізделіп жүргізіледі. Оқушылар төрт топқа бөлінеді. 
Мұғалім  тапсырмасы  бойынша  Бірінші  топ  оқушылары  оқулықтың 
«Қазақстан  жерінің  аумағы»  деп  аталатын  тақырыпшасын  ашып,  ондағы 
картамен жұмысқа арналған тапсырманы орындайды.
Екінші  топ  оқушыларына  «Білімпаздарға  арналған  материалмен» 
танысып, ондағы негізгі ойды айтып беру тапсырылады.

26
Үшінші  топ  оқушылары  дүние  жүзі  картасы  бойынша  төмендегідей 
тапсырмаларға жауап береді: Картадан Қазақстанның қандай мемлекеттер-
мен  шектесіп  жатқанын  табыңдар.  Осы  мемлекеттердің  астанасын  атап, 
картадан көрсетіңдер. Осы мемлекеттер туралы не білесіңдер? 
Төртінші  топ  оқушылары  оқулықтағы  «Сен  білесің  бе?»  атты  қосым-
шадағы «Еуразия» деп аталатын материал мазмұнымен таныстырады.  
Оқушылар  жауаптары  талданып,  мұғалім  олардың  жауаптарын  то-
лықтырады.
Оқушылар  назары  тақтаға  аударылады.  Онда  мынадай  тапсырма 
берілген:  Өзің  тұратын  қаланың  (ауылдың)  аты  қалай  аталады?  Ол  қала 
атауының  шығу  тарихы  туралы  не  білесің?  Өзің  тұратын  өлкедегі  өзен-
көлдер атының мағынасы нені білдіреді? 
Мұғалім оқушылар жауаптарын тыңдап: «Топонимика дегеніміз не?», 
«Жер-су аттарын білу бізге не үшін қажет?» деген сауалдар негізінде әңгіме 
өрбітеді. Оқушылар топонимика сөзінің мәнін дәптерлеріне жазып алады. 
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі.
«Қазақстан  –  менің  Отаным»  атты  кестені  әр  оқушы  оқулық  мәтінін 
пайдалана отырып өздігінше толтыра бастайды. Келесі сабақта бұл кестемен 
жұмыс жалғастырылады.
Кесте: «Қазақстан – менің отаным»
№ Қр қандай 
мемлекет-
термен 
шектеседі?
отан 
дегені-
міз не?
Қазақстанның 
табиғат жағдай-
лары
Қазақстан-
ның қазба
ба йлық-
тары
Қазақстан 
қалалары
Оқушылар  оқулықты  өздігінен  оқи  отырып,  оның  бірінші  бағанасын 
толтырады. Мұғалім сабақ соңында оқушылар білімін бағалайды.
Үйге  тапсырма:  §9.  «Қазақстан  әлем  картасында»  тақырыбымен 
танысып,  оған  берілген  сұрақтар  мен  тапсырмаларға  дайындалып  келу 
тапсырылады.  Оқушыларға  қосымша  тапсырма  беріледі.  Бірінші  топ 
оқушылары «Қазақстан – менің Отаным» деген тақырыпта иллюстрациялық 
материалдар, екінші топ оқушылары «Отан, туған өлке», «Қазақстан – менің 
Отаным»  деген  тақырыпта  мақал-мәтелдер  дайындайды.  Ал  үшінші  топ 
оқушыларына «Отан үшін батырлық көрсеткен хандар, билер, батырлардың 
және  қазіргі  адамдардың  ерлігінен»  мысалдар,  әңгімелер  дайындап  келу 
тапсырылады. 

27
§10. Қазақстан – менің отаным
сабақтың мақсаты: оқушылардың «Отан», «Туған өлке», «Қазақстан – 
менің Отаным» туралы түсініктеріне, бастауыш пәндерден алған білімде-
ріне сүйене отырып, оқушылардың өзі туып-өскен жеріне, мекеніне, халқы-
на  деген  сүйіспеншілік  сезімін  ояту.  Бастауыш  мектепте  алған  білімдерін 
қорытындылау,  одан  әрі  толықтыру.  Оқушылардың  өз  Отанына  деген 
отаншылдық сезімін тәрбиелеуге септігін тигізу. 
Сабақтың  басты  идеясы  –  әр  оқушы  өзін  ең  алдымен  халқының  бір 
бөлшегі,  Қазақстан  Республикасының  азаматы,  сонан  кейін  әлем  азаматы 
ретінде сезінулерін дамыту.
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, бейне және аудиофильм, 
иллюстрациялық материал.
оқып-үйренген  материалды  қайталау  оқулықта  берілген  сұрақ-
тапсырмалар бойынша өткізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
Отан.
Қазақстан – менің Отаным.
Отанды сүю дегеніміз не?
Бұл тақырып алдыңғы § 9-дың жалғасы болып табылады.
Оқушылар  назары  бейнефильм  не  аудиофильмнен  пайдаланылған 
үзіндіге  аударылады.  Үзінді  көрсетілгеннен  кейін  оқушылар  §10 
тақырыбындағы  «Отан  деген  не?»  атты  тақырыпшамен  танысып,  ондағы 
сұрақтарға жауап береді.
Содан кейін мұғалім «Қазақстан – менің Отаным», «Отанды сүю деген 
не?» деген мәселелер бойынша оқушылардың көңіліне қонымды мысалдар 
келтіре отырып баяндайды.
Мұғалім оқушыларға төмендегідей сұрақтар қояды. Біздің  Отанымыз 
қалай  аталады?  Еліміздің  толық  атын  оқулықтан  тауып,  оқып  шығыңдар. 
Патриот деген сөзді қалай түсінесіңдер? Ата-бабаларымыз туған жері мен 
елін қорғау үшін қандай ерліктер жасады? Қазіргі күні Отан үшін қандай 
ерлік істер жасалуда? Күнделікті өмірден мысалдар келтіре отырып, ойыңды 
дәлелде. «Қазақстан – менің Отаным» дегенде сендерге қандай сезім келеді? 
Қазақстан тарихын оқып білудің қандай маңызы бар?
Содан кейін оқушыларға «Қазақстан – менің Отаным» атты қысқаша 
эссе (шығарма) жазуға 10 минут беріледі.
Шығарма не эссенің көмегімен келесі сабақта оқушылардың тақырыпты 
қалай түсінгенін білуге болады. Оқушылар жұмысты ойдағыдай әрі жақсы 
орындауы үшін үнемі жазбаша жұмыстар жасап дағдыландырған пайдалы.

28
Шығарманы бағалаудың критерийлерін жасап алған оңды, бұл тексеру 
жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Кесте: оқушылар шығармасын бағалау критерийлері
р/с
критерийлер
Баға
1
Тақырыппен байланыстылығы.
2
Сенімді және сендіре алу шеберлігі.
3
Идеяның ерекшелігі.
4
Нақты дәлелдер келтіруі.
5
Мәтінді жоспарлау дұрыстығы.
6
Грамматикалық  және  әріптік  жағынан  дұрыстығы, 
қателігі.
Жалпы баға:
Үйге  тапсырма:  §10.  «Қазақстан  –  менің  Отаным»  атты  тақырыпты 
оқып-үйрену, ондағы сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалып келу.
§ 11. Қазақстанның табиғаты
сабақтың  мақсаты:  оқушылардың  еліміздің  табиғат  жағдайлары, 
қазба байлықтары, өсімдіктер дүниесі мен жануарлары туралы білімдерін 
одан әрі кеңейте түсу. Еліміздің жері, табиғи, қазба байлықтары, өсімдіктері 
мен  жануарлары,  су  көздері  т.б.  мемлекет  меншігінде  екендігін  нақты 
материал  арқылы  жеткізу.  Табиғат  байлықтарын  сақтау  мен  ұқыпты 
қорғау  республиканың  әрбір  азаматының  міндеті  екені  ашып  көрсетіледі. 
Оқушыларға экологиялық тәрбие беруге көмектесу.
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  электронды  оқулық, 
аудио және бейнефильм нен үзінді, иллюстрациялық материалдар.
оқып-үйренген  материалды  қайталау  оқулықтағы  сұрақтар  мен 
тапсырмалар және мұғалімнің қосымша сауалдары бойынша өткізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Қазақстанның табиғат жағдайлары. 
2. Қазба байлықтары.
3. Өсімдік дүниесі мен жануарлары.
Жаңа материалды оқып-үйрену «Қазақстан Республикасының табиғаты, 
табиғи ресурстары» туралы бейнефильмнен үзінді пайдаланудан басталады. 
Бейнефильм болмаған жағдайда кадаскоп арқылы еліміздің табиғаты, қазба 
байлықтары, өсімдіктері мен жануарлары туралы иллюстрациялық материал 
көрсетіледі.

29
Мұғалім: Ал, балалар! Біз бүгін қандай тақырыпты оқып-үйренеміз? 
Оқушы: Еліміздің әсем табиғаты туралы оқимыз.
Оқушы: Еліміздің қазба байлықтары жайлы сабақ оқимыз.
Оқушы: Өсімдіктері мен жануарлары туралы оқып білеміз.
Оқушылар жұптасып жұмыс жасайды. Оқушылар үш топқа бөлінеді, 
бірінші  топтағылар  «Қазақстанның  табиғат  байлықтары»,  екінші  топтағы 
оқушылар «Қазба байлықтары», үшінші топтағылар «Еліміздің өсімдіктер 
дүниесі  мен  жануарлары»  туралы  оқулық  мәтінімен  өздігінше  танысады. 
Мұғалім нұсқауымен оқушылар бетпе-бет жұптасып тұрады (не отырады). 
Әр топ берілген уақыт көлемінде тапсырманы орындайды.
Содан кейін әр топтың оқушылары (үш топтың) тақтада не үлкен ватман 
қағазда жазылған кестені толтырып, өздері дайындаған материал бойынша, 
сынып алдына шығып сөйлейді.
Кесте: «менің елім – Қазақстан»  
р/с
табиғат 
байлықтары
Қазба  
байлықтары
өсімдіктері мен 
жануарлары
Мұғалім  жұмысты  бақылап,  қателескен  жағдайда  не  толықтырулар 
қажет кезде көмекке келеді.
Осындай жұппен жұмыс істеу оқушылардың белсенділігін  арттыруға, 
өз  ойларын  ашық  айтуға,  көзқарасын  қорғауға  не  дәлелдеуге  үйретуге 
септігін тигізеді.
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі.
Үйге тапсырма: §11. «Қазақстанның табиғаты» тақырыбымен танысу, 
сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалып келу тапсырылады.
           
§12.  Қазақстанның халқы
сабақтың мақсаты: оқушылардың «Отан» туралы түсінігін кеңейту 
және  «халықтар  арасындағы  ұлтаралық  келісім»  туралы  түсініктерін 
қалыптастыруда жұмыс жүргізу. Оқушыларды Отанын сүюге, қазақ халқы 
мен республикада тұратын басқа халықтардың тарихын, тілін, салт-дәстүрін 
құрметтеуге  тәрбиелеу.  Халықтар  арасындағы  өзара  түсіністік,  татулық 
және достық қарым-қатынастың дамуы –еліміздің өркендеуінің басты кепілі 
деген  идеяны  оқушылар  жасына  сай  күнделікті  өмірден  нақты  мысалдар 
келтіріп түсіндіру. 
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  электронды  оқулық, 
бейне  және  аудиофильмнен  үзінді,  иллюстрациялық  және  этнографиялық 
материалдар.

30
оқып-үйренген материалды қайталау оқулықтағы сұрақ-тапсырма-
лар бойынша өткізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Қазақстан халқы.
2. Халықтар арасындағы ұлтаралық келісім.
Жаңа материалды оқып-үйрену электронды оқулықпен жұмыстан және 
бейнефильмнен  көрсетілетін  «Қазақстанда  тұратын  халықтар»  туралы 
үзіндіден,  не  оқушылар  өздігінше  жинақтаған  халықтар  достығы,  түрлі 
ұлт  өкілдерінің  киімі,  әдет-ғұрпы,  салт-дәстүрі  туралы  иллюстрациялық-
этнографиялық материалды көрсетуден басталуы мүмкін.
Мұғалім: Оқушылар! Біз бүгін қандай мәселені оқып-үйренеміз? 
Оқушы: Республикада тұратын халықтар туралы.
Оқушы: Халықтар арасындағы достық және бейбіт қатынас жайлы.
Оқушы: Халықтардың тұрмысы, салт-дәстүрімен танысамыз.
Мұғалім:  Иә,  балалар,  дұрыс  айтасыңдар.  Бүгінгі  тақырыбымызда 
көп ұлтты Қазақстан халқы, түрлі ұлттар арасындағы достық пен татулық 
қатынас,  өзара  түсінушілік  пен  көмек,  ауызбіршілік  туралы  оқып  білеміз. 
Олай болса, тақтаға қараңдар. Кадаскоп арқылы тақтадағы мына сөздерге 
назар аударыңдар. Құрметті оқушылар! Қазақстан Республикасында қандай 
ұлттың адамдары бейбіт қатар, достық қатынаста өмір сүріп жатыр? Әрқай-
сың бір ұлттың атын тауып, дөңгелек ішіне жазып шығыңдар. Басқаларың 
біреу сөйлеп жатқанда сөзін бөлмей тыңдаңдар.
Қазақстан
республикасында
қандай ұлттың өкілдері
бейбіт қатар,
достық қатынаста
өмір сүріп жатыр? 

31
Оқушылар  өздері  жазған  ұлт  туралы  не  білетінін  айтады,  басқалары 
толықтыруы мүмкін. Сөйтіп, барлық оқушылар ұлттар туралы не білетінін 
айтып болғанша, осылай әңгіме жалғаса береді. Бақылап отырған мұғалім 
қорытынды жасайды.    
Сабақтың  негізгі  идеясы  –  халықтар  арасындағы  ұлтаралық  келісім 
болғандықтан,  осы  мәселеге  ерекше  мән  берген  дұрыс.  ҚР  Президенті  
Н.Ә.  Назарбаевтың  республикамыздағы  халықтар  арасындағы  келісім  ту-
ралы саясатты жүргізудегі маңызды рөлі атап көрсетілуі тиіс. 
Содан  кейін  оқушылар  өз  қалауы  бойынша  жұп  болып  отырады. 
Оқулықтың  әрбір  абзацын  оқып  танысады.  Жаңа  терминдердің,  ұғым-
дардың,  сөздердің  (мәтінде  кездессе)  анықтамасын  тауып,  дәптерлеріне 
жазады.  Топтағы  әр  оқушы  абзац  бойынша  оқып,  білгенін,  терминдердің 
мағынасын бір-біріне айтады. Оқығаны бойынша сұрақтар даярлайды, оны 
сыныптасына қояды. Оқушылар жаңа тақырып бойынша оқығанын жақсы 
меңгерген соң, бір-бірімен ауысып отырады да (басқа топтың балаларына), 
білетін ақпаратпен алмасады. Сөйтіп, оқушылар оқулық мәтініндегі барлық 
мәліметтерді өздігінше бір-біріне жеткізеді. Сабақ соңында материалдармен 
және  тапсырмалармен  танысады.  Оқушылар  «Білімпаздар  үшін»  мәтінін 
оқып, алған әсерімен бөліседі. 
Үйге тапсырма: §12. «Қазақстанның халқы» тақырыбын оқып танысу, 
сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беруге дайындалып келу.
§13. Қазақстанның қалалары
сабақтың мақсаты: оқушылардың Қазақстанның қалалары, олардың 
тарихы, өнеркәсіп орталықтары, мәдени ошақтары туралы білімдерін одан 
әрі тереңдете түсу. Оқушылардың туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілік 
сезімін тәрбиелеуге көмектесу. Тарихи құбылысты салыстыра білу біліктерін 
дамыту. 
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, бейне және аудиофильм-
нен үзінді, иллюстрациялық материалдар. 
Оқып-үйренген  материалды  қайталау  оқулықтағы  сұрақ-тапсырмалар 
бойынша жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Алматы.
2. Қарағанды.
3. Атырау.
4. Павлодар.
5. Семей.

32
Жаңа  материалдарды  оқып-үйрену  барысында  «Қазақстан  Республи-
касының аумағы, мемлекеттік рәміздері, астанасы, халықтары бейнеленген». 
«Тәуелсіз Қазақстан» бейнефильмінен үзінділер, не Отан туралы түрлі түсті 
иллюстрациялық материал пайдаланылады.
облыс орталықтары, ірі қалалары жайлы  жаңа материалдарды оқып-
үйрену картамен жұмыс істеуден басталады. Қазақстан Республикасының 
шекарасын, астанасын картадан табыңдар. Қазақстанның қандай қалаларын 
білесіңдер?  Атаңдар  және  картадан  көрсетіңдер.  Қазақстан  қанша 
экономикалық  аймаққа  бөлінген?  Атап,  картадан  аймақтарды  табыңдар. 
Елімізде қанша қала және ауыл бар екендігін білесіңдер ме? Қалалар мен 
ауылды мекендер туралы не білесіңдер? Әңгімелеп беріңдер. 
Электронды оқулық пен бейнефильмнен республикамыздағы қалалар, 
облыс орталықтары, халқы, негізгі шаруашылығы туралы үзінділер көрсе-
тіледі. 
Мұғалімнің  нұсқауы  бойынша  «Менің  сүйікті  қалам»  атты  жұп 
бойынша жұмыс жүргізіледі. 
Сыныптағы парталар екі-екіден қойылып, оқушылар 4–5 баладан 5 топқа 
бөлініп отырады. Мұғалім оқушыларға тапсырманы түсіндіреді. Оқулықта 
5 қала туралы материал берілген, осы қаланың тарихы, халқы, кәсібі, мәдени 
орталықтары  туралы  сипаттама  дайындаңдар.  Оқушылар  қала  туралы 
иллюстрациялық  материалдан  қабырға  газетін;  қаланың  карта-сызбасын 
дайындауын; өз қолдарымен қаланың суретін, өнеркәсіп орындарын, мәдени 
орталықтарын  салуын;  осы  қалада  туып-өскен,  не  қызмет  жасаған  қоғам 
қайраткері, тарихи-мәдени ескерткіштер туралы қысқаша хабарлама не эссе 
(шығарма) дайындап келуіне де болады.
Бұл тапсырманы орындауға 7–8 минут уақыт беріледі. 
Әр топтан екі не үш оқушы шығып, мысалы, біреуі Павлодар қаласы 
туралы  сипаттама  береді,  келесі  оқушы  осы  қалаға  қатысты  тарихи 
қайраткердің өмірі мен қызметі жайлы мәлімет береді. Үшінші топ қолдан 
сызған карта-сызбасын көрсетуі мүмкін.
Келесі топтың бір оқушысы мүмкін Алматы қаласына сипаттама беріп, 
ал  екінші  топтағы  балалар  тарихи-мәдени  ескерткіштер,  халқы  туралы 
дайындаған қабырға газетін  көрсетуі мүмкін.
Сөйтіп, әр топ оқушылары қаланы сипаттаудан басқа, тағы да қосымша 
қандай материалдар дайындағанын көрсетіп, оның мәнін түсіндіреді.
Оқушылар бір-біріне сұрақ қоюы мүмкін, оған жауап беріледі.
Жұмыс  соңында  қай  қаланың  сипаттамасы  қаншалықты  жақсы 
шыққанын сынып оқушылары таңдап, өздері шешеді.
Мұғалім, тапсырма орындау барысында топтың біреуі түсінбей жатса, 
қайта түсіндіріп, қажет болса көмек береді.

33
Жұмыс дәптерімен және оқулықтағы «Сен білесің бе?» материалдарымен 
жұмыс жүргізіледі.
Үйге  тапсырма:  §13.  «Қазақстан  қалалары»  тақырыбын  оқып-танысу 
және сұрақтар мен тапсырмалар бойынша дайындалып келу тапсырылады.
§14. і бөлім бойынша қорытынды қайталау  
сабақтың  мақсаты:  13  сабақтың  материалын  жинақтап  жүйелеу. 
Оқушылардың  деректер,  тарихи  уақыт,  тарихи  карта  туралы  түсініктерін 
одан  әрі  кеңейте  түсу.  Оқушылар  бойында  «Қазақстан  –  менің  Отаным» 
идеясын  қалыптастыруда  жұмысты  жалғастыру.  Оқушылардың  өз 
халқының тарихына деген қызығушылығын дамыту. Қазақ халқының және 
республикада  тұратын  басқа  халықтардың  тарихын,  тілі  мен  мәдениетін 
құрметтеуге  тәрбиелеу.  Тарихи  материалды  салыстыру,  оқиғалар  мен 
құбылыстардың ортақ белгілерін анықтау, өз пікірін еркін білдіру біліктерін 
қалыптастыруда жұмыс жүргізу. 
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, электронды оқулық, аудио 
және бейнефильм, иллюстрациялық материалдар, карточкалар, кадаскоп.
Қайталау  сабағында  жұмыс  істеудің  негізі  –  оқулықтағы  сұрақтар 
мен  тапсырмалар  және  оқушылардың  өзіндік  жұмысын  ұйымдастыруға 
арналған проблемалы тапсырмалар, құжатпен жұмыс, кроссворд, викторина 
шешу, т.б. пайдалануға болады. 
Мұғалім  оқушылар  назарын  оқулықтағы  қайталауға  арналған  негізгі 
түйінді  мәселелерге  аударады.  Сонда  берілген  сұрақтар  мен  тапсырмалар 
бойынша жұмыс жүргізіледі.
Содан кейін осы тақырыптарды оқу барысында кездескен жаңа сөздер 
және терминдермен жұмыс жүргізіледі.
1. термин сөздердің мағынасын көп нүктенің орнына жазыңдар:
Тарих – ...
Археология – ...
Этнография – ...
Жазбаша деректер – ...
Заттай деректер – ...
Карта – ...
Топонимика – ...
2. «күнтізбелер» атты кесте-сызбаны толтырыңдар.
Қандай 
күнтізбелерді 
білесіңдер?

34
3. сен білесің бе? тапсырманы орындаңдар.
1. Біз тарихты қалай оқып білеміз?
1.
2. Уақыт өлшемдерін атаңдар.
2.
3. Тарихи деректерге не жатады?
3.
4. Жер-су аттарының мәнін білу не үшін 
керек?
4.
5. Қазақстанда қанша қала мен ауыл 
бар?    
5.
4. тарихи даталар бойынша диктант.
Алматы қаласының неше мыңжылдық тарихы бар?
Қарағанды қандай өнеркәсіп орталығы?
Атырау деп қала қай жылдан бастап аталады?
Павлодар қаласының іргесі қай жылы қаланған?  
Семей қаласының іргесі қашан қаланды?
төмендегі кестеге дұрыс жауабын тауып жазыңдар:
р/с
терминдер
Қате жауап
дұрыс жауап
1
Папирус
Халықтың шығу тегін, таралуын 
баяндайды.
2
Пергамент
Қамыс сабағына жазылған жазу.
3
Палеография
Төл терісіндегі жазу.
4
Шежіре
Деректерді жазу-сызу 
материалдары мен құралын, 
жазумен безендіруілуін 
зерттейтін тарихи пән.
5
Өлке
Отанға деген сүйіспеншілік.
6
Патриотизм
Ел, жер, аймақ, өңір.
Үйге  тапсырма:  §14.  Бірінші  бөлім  бойынша  қорытынды  қайталауға 
арналған сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалып келу. 

35
іі Бөлім. тарихҚа саяхат
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет