3-2511
*•
ж
33
мағынаға ие болады, олар тіпті күлкі етіледі. Мысалы, хикаядағы шайтан
мен Алдар көсе ақымақ ететін шайтан - екі бөлек, бір-біріне үқсамайтын
образдар. Хикаяда шайтан адамға зиянды, қауіпті де, қолынан келмейтіні
жоқ зүлым болса, сатиралық ертегіде шайтан ақылы шолақ, қауқарсыз,
бейшара кейіпкер. Сонымен бірге ертегінің бұл түрінде емірдің келеңсіз
жақгары, адамның жағымсьв мінез-құлқымен, ісі ащы мысқылға, мазаққа
үшырайды, ашық сыналады. Мұнда жүмсақтық жоқ, тұспалдап айту, иша-
рамен білдіру өте аз. Бұл тәсілдер, негізінен, анеқцотта кездеседі, бірақ
қазақ фольклорында аталмыш жанр аитарлықтаи дамымаған, өиткені ол
- қала тұрғындарының фольклоры. Анекдот тек XX ғасырда ғана етек ала
бастады.
Әпсаналар мен хикаяттар. Халық прозасының ертегіден тыс бұл
жанрлары үш түрге бөлінеді: тарихи-мекендік эпсаналар, әлеуметтік-
утопиялық әпсаналар жэне діни-кітаби хикаяттар, Әпсана (парсыша-офсо-
на) - шындық пен қиялдың элементтерін пайдалана отырып, белгілі бір
тарихи оқиға, немесе атақгы тұлға, я болмаса топоним жайында баяндай-
тын әңгімелер. Мұнда кереметтілік айтарлықтай орын алады, сол себепті
кейіпкерлер де ерекше жан болып керсетіледі. Әпсана, эдетге, аңыз не-
гізінде пайда болады, бірақ кейде өз бетінше де туындайды. Мәселен, өте
ерте заманда туған аңыздар бірте-бірте әпсанаға айналады (Қорқыт туралы
әпсаналар, т.б.). Тарихи-мекендік эпсаналар кей жағдайда ежелгі мифтен де
тарайды. Бұлармен салыстырғанда элеуметтік-утопиялық эпсаналар бол-
мысты, өмірдщ көкеикесті мэселелерін молырақ эрі аиқынырақ қамтиды.
Бүларда халықтың бақыт туралы, жақсы өмір жайлы арман-аңсары анық
көрінеді де, кейіпкерлер дәріптеле суреттеледі. Елдің элеуметгік қиялы,
бақытты ғұмыр жөніндегі түсінігі қоғамның бір тарихи кезеңдерінде
жаңғырып отырады, сөйтіп утопия қайта өріс алады. Ертеде, есте жоқ кез-
де “қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған” заман болған деген идея Алтын
Орда мен Ноғай Ордасы ыдырап, ел күйзелген тұста “Жерұйықты іздеген
Асан қайғы” туралы, содан соң XVIII ғасырда Өтегеннің Жиделі Байсын-
ды іздегені жайында эпсаналар туғызған. Бұл әпсаналарда бас кейіпкер
барынша дәріптеліп, құтты қоныс алыста, табылмайтын жүмақ болып
бейнеленеді. Ж ү м ақ - ең бақытты мекен болып көрсетілетін шығармалар
- діни-кітаби хикаяттар. Мұнда исламның ұстанымдары уағыздалады,
пайғамбарлар мен әулиелер жөнінде әңгімеленеді. Қүранның, Інжілдің сю-
жеттері пайдаланьшады. Әрине, хикаяттарда да ескі жэне жаңа, исламдық
мифология қатар жүреді.
Ацыздар мен шешендік сөздер. Аңыз - фольклорлық прозаның
ішіндегі ең тарихқа жақын жанр, ол кереметтіліктен ада десе де болады.
Аңыздар эр кезде де туып отырады, сондықтан біздің фольклорда ежелгі
заманда, сондай-ақ кейінгі уақыттарда пайда болған аңыздар қатар жүреді.
Коркемдік сипаты мен шындыққа қатысы жағынан алғанда аңыздар екі
түрге белінеді. Бірі - тарихи аңыздар, екіншісі мекендік (топонимикалық)
аңыздар. Алғашқысында сюжеттің негізі - тарихи оқиға болады да, кейіп-
34
кердср де коп жагдаііда емірдс ёолгаіі, ьл тағде^ында елеулі рол атқарған
айтулы адамдар болып келеді. Топонимикалық аңызда, негізінен, бел-
гілі бір жердің тарихы, оның солай аталу себебі әңгімеленеді. Мұнда да
тарихи жәйттер кездеседі, бірақ олар басты мәнге ие емес, сол себепті
топонимикалық аңызда қиял да (вымысел) орын алады.
Баяндалатын оқиғалары мен бейнеленетін кейіпкерлеріне қарай тари-
хи аңыз бірнеше топ құрайды: а) оғыз-қыпшақ заманының оқиғаларына
байланысты аңыздар. Олардың біразы уақыт өте келе әпсанаға айналған,
ә) Алтын Орда дәуіріне қатысты аңыздар, олардың кейіпкерлері: Шыңғыс
хан мен Жошы, Ақсақ Темір мен Едіге, т.б. Бұларда тарихилық басымырақ;
б) Қазақ хандығы тұсындағы оқиғаларды әңгімелейтін аңыздар, олардың
басты қаһармандары; в) XIX ғасырдағы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты
туған аңыздар, олардың кейіпкерлері; г) XX ғасырда жасаған тарихи
тұлғалар туралы аңыздар.
Тарихи аңыз тобына шешендік сөздер де енеді. Олар мазмұнына
және қаһармандарына қарай, негізінен, Қазақ хандығы тұсында және
одан кейін де өмір сүрген билердің төрелік жүргізген даулы оқиғалары
туралы әңгімелейтін тарихи аңыз болып табылады. Әрине, бұл аңыздарда
халықгың өмірде осылай болса екен деген ой-арманы реалды шындықты
әсірелей корсетеді. Ал, мұның өзі, түптеп келгенде, фольклордың
табиғатынан туындайтын қасиет екені белгілі.
Баты рлар жыры. Қазақ фольклорында бұл жанрдың алатын орны
ерекше. Өйткені, біріншіден, халықтың рухани өмірінде, әсіресе, сөз
өнерінде эпос басты рөл атқарды; екіншіден, эпоста фольклорға тән ерек-
шеліктер толығырақ жэне айқынырақ көрінеді. Дэл осы жанрда қазақ
жүртының эстетикалық та, этикалық та түсінік-пайымы, дүниетанымы да,
арман-аңсары да мол табылады.
. •
и
Батырлар жыры - көп сатылы жанр. Мұнда бірнеше дәуірдің бол-
мысы, санасы, ұғымы қатар жүреді, яғни алғашқы қауымда пайда
болған түсініктер мен соларға негізделген мотив, сюжеттер және кейін-
гі дәуірлерде туған пайымдар мен оқиғалар аралас болады. Батыр-
лар жыры - ежелгі сюжеттер мен мотивтердің фольклорлану процесін
толық көрсететін жанр. Сол себепті мұнда тұтастанудың барлық түрі
бар: сюжеттік, ғұмырнамалық, шежірелік, тарихи және географиялық.
Батырлар жыры - халық идеалының айнасы. Сондықтан мұнда батыр
романтикалық дәріптеу мен типтендірудің үздік үлгісі болып көрінеді,
яғни батырлар жырында бүкіл фольклордың көркемдік эдісі мен бей-
^нелеу шарттары бар. Батырлар жыры — ел тарихының поэзия түріндегі
көркем шежіресі. Мұнда қазақ халқының арғы заманда өмір сүрген ата-
бабаларының іс-эрекеттері мен бертінгі кездер оқиғаларының іздері,
сұлбасы сақталған. Міне, осының бэрі батырлар жырын жан-жақты, көп
қырлы жанр етіп сипаттайды.
Батырлар жырының өз тарихи даму жолдары және онда эр заманның
өзіндік белгілері бар. Ру-тайпалық эпос ертеде туып, қалыптасқан. Ол
35
өзінің эрі қарай дамуында сюжеттік эрі ғұмырнамалық тұтастану про-
цесінен өткен (“Алпамыс батьф”, “Қобыланды батыр”, “Қамбар батыр”
жырлары). Алтьш Орда мен Ноғайлы дэуірінде пайда болған эпос тари-
хи жэне шежірелік тұтастануға түскен (“Қырымның қырық батыры”, “Ер
Көкше”, “Ер Қосай”, “Ер Тарғын”, “Едіғе” жырлары). Эпос жанрына XV-
XVIII ғасырлар оқиғалары әсер етіп, бұл дэуірде эпикалық дәстүр қайта
өрлейді.
1
■
-
•• .-?<у«Нкфн
Батырлық жыр - соз онерінің үлғісі. Жырдың сюжеті, композиция-
сы мен поэтикасы күрделі эрі қызғылықгы. Жырдағы дәстүрлі мотивтер
(перзентсіз ата-ана, батырдың ғажайып тууы мен өсуі, түс көруі, т.б.) мен
формулалардың атқаратын қызметі, эпикалық уақыт пен кеңістіктің си-
паты - эпостың поэтикалық типолоғиясы. Жырдағы образдар, олардың
типтік жэне өзіндік белғілері, батыр мен оның жақтастары, дұшпандары
өздерінің іс-эрекеттерімен эпосты нағыз коркем фольклор дэрежесіне
көтерғен. Эпостағы қиял мен шындық, мифолоғиялық кейіпкерлер мен
тарихи тұлғалар - бэрі біртұгас, реттелғен жүйеде көрінеді.
Тарихи ж ы рлар. Қазак хандығы тұсында мемлекетті қорғау, нығайту
проблемасы ең басты эрі өзекті міндет болды. Қалмақтармен толассыз
шайқасқан заманда эпикалық дэстүр қайта түлеп, соны сипат қабылдады.
Ежелгі жырлар қайта жырланды, олардың мазмұнына өзгеріс енгізілді.
Сөйтіп, батырлар жыры тарихи тұтастану процесін бастан кешірді, яғни ерте
замандағы оқиғалармен бірге кейінгі қақгығыстар туралы да әңгімеленді,
бұрынгы ындыс, қызылбас сияқты жауларға енді қалмақ қосылды. Алайда,
байыргы эпос жаңа заман талабын толық қанағаттандыра алмады, өйткені
ондағы батырларды жырдан және ел жадынан шығарып тастау мүмкін
емес еді. Енді қалмақпен соғыста асқан ерлік көрсеткен батырлар тура-
лы арнайы жырлау қажет болды. Сөйтіп, жаңа эпикалық туындылар, яғни
тарихи жыр дүниеге келді.Юның ескі батырлық жырдан өзгеше бірнеше
белгісі болды. Біріншіден, мұндағы бас кейіпкер - көпшіліктің оз кезімен
көріп, ерлігіне тамсанған тарихи тұлғалар еді; екіншіден, оұл жырлар-
да нақгы оқиғалардың баяндалуы басым еді; үшіншіден, тарихи жырда
ғұмырнамалық сипат толық емес, яғни батырдың керемет туып, жедел
өсуінен бастап, бүкіл өмірін суреттеу өте сирек, көбінесе, батырдьщ екі-
үш ерлігі ғана әңгімеленеді; төртіншіден, мұнда батыр ғажайып жағдайда
туған ерекше адам емес, ол кэдімгі ел арасынан шыққан қолбасшы, эрі
ол бүрынғы батырлар тэрізді алып күштің де иесі емес, қалың жауды бір
өзі қьфып салмайды, бесіншіден, бұл жырларда мемлекеттік белгілер
бар, батырлар бір орталыққа, дәлірек айтқанда, бір эміршінің маңайына
жиналған, соның қол астында болған. т.67
Әрине, тарихи жыр бұрынғы эпостың эдіс-тэсілдерін пайдаланған,
эсіресе, оның поэтикасына арқа сүйеген. Батырды дэріптеген, тарихтағы
әміршіні эпикалық билеуші дэрежесіне көтерген. Абылай, Бөгенбай,
Қабанбай, Олжабай туралы жырлардағы тарихи шындық пен эпикалық
суреттеудің ара-қатынасы бұрынғы батырлық жырдан өзгеше. Осы
36
өзгешелік кейініректе тарихи жырдың жаңа түрін - реалды-тарихи эпос-
ты туғызады. Бұл, негізінен, XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасыр фоль-
клорына тэн. Реалды-тарихи эпос тек жаугершілікті, тек ерлікті ғана су-
реттемейді. Онда ерлік жырларымен бірге көтеріліс жырлары, сондай-ақ
сүйіспеншілік туралы да шығармалар бар (“Арқалық батыр”, “Хан Кене”,
“Қаншайым-Наурызбай”, “Мырзаш батыр”, “Түкібай-Шолпан”).Бұлардың
сюжеттік баяндалуы, композициялық қүрылымы, бейнелеу мен коркемдеу
қүралы, образдарының суреттелуі, - осының бәрі эпос үрдісіне, әсіресе,
тарихн жыр мен ғашықтық жырдың дәстүріне сай.
Ғ аш ы қты қ жырлар. Бүл жанр бүрын “лиро-эпос”, “іүрмыс-салт
жырлары” деп аталып жүрді. Әлемдік ғылым қазір оны “романдық эпос”
дейді. Сондықтан оны біз де синоним ретінде қолданамыз.
Қазақтың ғашықтық жыры — көне жанрдың бірі. Оның төркіні
ғүрыптық, дәлірек айтқанда тұрмыстық фольклормен байланысты. Ал,
сюжеттік негізі сонау түркі заманына меңзейді, яғни кейбір жырдың
сюжеті түркі халықтарының бірлігі кезінде туған. Кейін бұл халықгар
бөлініп, жеке өмір сүрген шақга, ол сюжеттер эр елде өзінше жырла-
нып, баяндалған, бірақ негізі сақгалған. Әр халықгың фольклорында эр
түрлі формада әңгімеленген бұл сюжеттер жеке халықтың ұзақ тарихын-
да өзгерістерге түсіп отырған және басқа фольклор жанрларымен аралас
өмір сүргендіктен эр түрлі жанр болып қалыптасқан. Сондай жырдың
бірі - “Қозы Көрпеш - Баян Сұлу”. Оның сюжеті бірнеше елде бар:
алтайлықтарда, башқұрттарда, татарларда...
Қазақтың “Қозы Көрпеші” - ежелгі сюжетті үлкен эпикалық жырға
айналдырған туынды. Бұл, шамамен, ХУІ-ХУІІ ғасырларда жүзеге асқан,
бірақ XVIII ғ., әсіресе, XIX гасырда жыр осы күнгі түріне келген. Шоқан
Уэлихановқа Жанақ жырлаған “Қозы Көрпеш — Баян Сұлу” — бізге жет-
кен үлгілердің ішіндегі ең толығы, эрі көркемдісі. Демек, қазақ романдық
эпосының күрт қаулап, гүлденген тұсы — XIX ғасыр. Оның басты себебі
— қазақ жұртының сыртқы жау шапқыншылығынан құтылып, өмірде енді
жаугершіліктің орнына біршама тыныштық орнаған болатын. Осы шақта
лирикалық жанрлар алға шығып, ғашықгық жырлар жиі орындалатын
бодцы, сонымен бірге қоғамда идеал да өзгерген-ді. Ендігі жерде үлкен
күштің ғана емес, сондай-ақ сұлулықтың, парасат пен эр алуан өнердің
иесі, яғнн сегіз қырлы, бір сырлы жігіт - идеалга айналған еді.
Міне, осы кезеңде “Қозы Көрпешпен” қатар “Қыз Жібек”, “Айман-
Шолпан”, т.б. жырлар, шығыстан келген дастандар ел арасына кең тарады.
“Қыз Жібек” жыры классикалық эпостың да дэстүрін пайдаланган. Онда
ғашыктық тақырыппен бірге батырлық та енген. Айталық, Сансызбайдың
Қорен ханмен жекпе-жегі, содан кейін қалың қолмен бір озінің соғысуы.
Жалпы, ғашықтық жырда қаһармандық мүлде жоққа шыгарылмайды,
бірақ басты сарын — екі жастың сүйіспеншілігі мен олардың махаббат үшін
күресі. Бұл үрдіс кейінгі дәуірде туған жырларда да байқалады. Мысалы,
“Айман-Шолпан” жыры. Рас, қазақтың гашықтық жырында суреггелетін
37
махаббат шығыс дастандарындағыдай емес, кэдімп тіршіліктегі шынаиы
сезім, сондай-ақ ғашықтар да әдеткі күйлерінен адаспайды, есінен та-
нып, құлап жатпайды. Жіғіттер мен қыздар бейнесінде батырлық эпосқа
қарағанда біршама өзғешелік бар. Тіпті, эр мезгілде туған гашыктық
жырлардың оз ішіндегі кейіпкерлер де бір-бірінен ерекшеленеді. Баян
мен Жібек бірдей емес, ал Айман - басқа типтегі қыз. Бұл образдарда эр
дэуірдің идеалдық түсінігі көрінеді.
Ғашықгық жырларда ғүмырнамалық түтастану бар, олардың поэтикасы,
эсіресе, композициялық қүрылымы мен кейіпкерлерді суреттеуі таза эпостық
үлгіде болады. Алайда, мүнда да нақгы портрет, терең психологизм жоқ.
Дастандар. Бүл жанр шығыс фольклоры мен әдебиетінің әсерінен
пайда болған. Үнді мен Иранның ертеде жэне орта ғасырда кең тараған
колемді прозалық ауызекі, кейде қолжазба кітап күйіндегі, шығармалары
дастан деп аталған. Олар түркі халықтарының фольклорына енгенде
осы елдердің өздерінің дэстүрі мен мэдениетінің әсерінен олең түрінде
айтьшып, үлкен эпикалық туындыларға айналған. Дастанның езіндік
ерекшеліктері оны қазақтың дэстүрлі жырынан оқшауландырып түрады.
Ең эуелі дастандағы кеңістік, адамдарды қоршаған орта мүлде басқа:
іс-әрекет, негізінен, шаһарда, патша сарайында, қала алаңында, немесе
гажайып гүл-бақшада өткеріледі. Кейіпкерлер де эдеттегіден өзгеше: пат-
ша, оның уэзірі, баласы, оның досы, т.б. Бүлардың көліктері де қазаққа тэн
емес: қайық, кеме, сал... Олар теңізбен жүзеді, мүхитқа түседі, ғажайып
аралдарға, қалаларға тап болады, неше түрлі мақүлықгарға кездеседі. Дас-
тан жанрының тағы бір айырмасы — біршама психологизмінің дамуы. Бүл
— әдебиетке жақындықгың, немесе эдебиеттің тікелей ықпалының көрінісі.
Дастандар бірнешетүрге бөлінеді: қаһармандық дастандар, ғашықтықдас-
тандар, хикаялық дастандар, діни дастандар. Бүлар, негізінен, шыгыстық
сюжеттерге құрылған (кірме дастандар). Осы дастандар үлгісінде туған
қазақтың төл дастандары да бар: әлеуметтік-сүйіспеншілік дастандар
жэне ертегі дастандар. Аталған түрлердің өзіндік белгілері де бар. Әрбір
ішкі жанр бүкіл дастанға ортақ қасиеттермен қатар, тек өзіне гана тэн
ерекшеліктерімен дараланады. Бүл, эсіресе, бас қаһарманға, оның іс-
эрекетгеріне, сондай-ақ дастанның айтылу мақсаты мен мәнеріне байла-
нысты болады. Әрине, эпикалықжанрға жататындықтан дастанның барлық
түрінде дерлік эпостық сипат айқын сезіледі, ол, негізінен, қаһарманды
суреттеуде, оның қуанышы мен ренішін хабарлауда, кейіпкерлердің бір-
бірімен қатынасын көрсетуде сезіледі.
Қаьармандьщ дастандар.
Бүлар мазмұны жағынан да, сюжеті
жағынан да таза батырлық сипатта болмайды. Мұнда кейіпкердің ерлігі-
нен гөрі басынан кешкендері көбірек әңпмеленіп, оның қаһармандығы
елге шапқан жаумен шайқаста емес, оған кездейсоқ кездескен қауіпті жан-
дарды, немесе айдаһар, дию, дэу сияқты мақұлық-құбыжықтарды өлтірген
тұста көрінеді. Осы тұргыдан келгенде бұл дастандар классикалық батыр-
лар жырына емес, біздің батырлық ертегілерге ұқсайды. Мұны кейіпкердің
38
іс-әрекетінен ғана емес, дастанның сюжетінен де көруге болады: олардың
сюжеті, негізінен, ертегілік болып келеді. Сондықтан қаһармандық дас-
танды кейбір ғалымдар жеке дараламайды, оны новеллалық, немесе ер-
тегілік дастан деп атайды, я болмаса діни дастандар құрамына енгізеді,
өйткені батырлар кейде исламның қайраткерлері болып келеді. Алайда,
соған қарамастан бұл дастандардың баяндалуы, жалпы поэтикалық бол-
мысы батырлық эпостың табиғатына жақын (“Иранғайып шаһ Ғаббас”,
“Баһрам”, “Мәлік Хасан”, т.б.).
Ғашықтық дастандар.
Мұнда негізгі сюжет екі жастың сүйіс-
пеншілігін жыр етеді. Қазақтың ақын-жыршылары мен қиссашылары
ғашықтық мәселесіне арналған шығыс дастандарын ғана жырлап қоймай,
солар типтес шығармаларды өздері де шығарған. Сөйтіп, “Сейпілмәлік ,
“Жүсіп-Зылиқа” сияқты таза шығыстық дастандармен бірге сол үлгіде
ғашықтық дастандар тудырған (“Бозжігіт”). Жалпы, ғашықтық дастан-
дар да шығыста кең тараған кітаби шығармалардың сюжетіне құрылған.
Мысалы, “Мың бір түн” кітабы және Фирдоуси, Низами, Физули сияқгы
классиктер туындылары. Солай бола тұрса да, бұл шығармалар қазақ
топырағында біздің фольклорлық сипатты қабылдаған, эпикалық дәстүрлі
мотивтермен, қосымша сюжеттермен, ситуациялармен толыққан. Рас,
соның өзінде де бұл дастандар қазақтың ескіден келе жатқан ғашықтық
жырларынан ерекше. Мұны кейіпкерлердің мінез-құлқынан, олардың іс-
эрекетінен, сюжеттің құрылымы мен оқиғалардыңдамуынан, т.б. белгілер-
ден көруге болады. Айталық, бас кейіпкерлер сауатты, медреседе оқып,
білім алған; екі жас бір-біріне сырттай, түс көріп, немесе басқа жағдайда
ғашық болады. Екеуі, әсіресе, жігіт көп қиналады, ұзақ сапар шегеді.
Қызды тауып, жолыққанда ол көрген азабын айтады, мұңьш шағады, тіпті
жылап та жібереді. Ғашықтар сезім күштілігінен естерінен танып, талып
жатады, т.т. Мұнда махаббат экзальтациялық мэнге ие болған.
Хикаялық дастапдар
. Сюжеті мен тақырыбы жағынан бұл дастан-
дар біркелкі емес. Мұнда ең басты мәселе — адамгершілік пен адалдық,
имандылық пен ізгілік, ал оқиға —
осылардың зұлымдыққа, зымияндыққа,
арамдыққа қарсы күресі. Әрине, бүл күрес адамдар арқылы жүреді,
өйткені жақсы да, жаман да қасиеттер адам боиында болады. Демек,
адам типтері қанша болса, мұндағы сюжет те, тақырып та сонша болуы
ықтимал. Осыған орай бірнеше сюжеттік топ байқалады. Бір топ дастан
ізгілік пен зұлымдықгың күресін бейнелейді (“Мұңлық-Зарлық , “Шэкір-
Шәкірат”, т.б.), екінші топ - әйел затының зор адамгершілігі мен адалдығын
(“Марғұба”), сонымен қатар оте айлалығы мен аярлыгын ( Ғаяр қатын )
корсетеді. Енді бір топ адал достық пен таза сезім туралы эіігімелесе
(“Патшаның ұлы Әбділмәлік”, “Шахмаран”, “Абу Харис ), тагы бір топ дін-
ді пайдаланып арамдық істейтін адамдар (“Болат-Жанат ), алаяқтар жайын-
да баяндайды (“Үш аяр”)... Бұлардың сюжетгері ертегіден, кітаптардан,
тарихи аңыздардан алынған. Бұл дастандардың мазмұны кейде біршама
авантюралық та болып келеді, сондай-ақ ғажайыпты сипатқа да ие.
39
Д іни дастандар.
Бұл шығармалардың мазмұны мен тақырыбы ислам
дініне, оның пайғамбарлары мен сахабаларына арналған, ал күллі поэти-
касы, кейіпкерді бейнелеу тәсілдері, сюжеттік кұрылымы, - бэрі дәстүрлі
эпостың жэне дастанның аясында, солардың шартына сәйкес. Діни дас-
тандар қазақ арасына әсіресе XIX ғасырда ете кең тараган (“Қисса-и
әнхәзрәт-и Расүлнің Миғражға қонақ болғаны”, “һаза кітап Мүхаммед-
Ханафия”, “Қисса-и Зарқұм”, “Абу Шахма”, “Қисса-и Салсал”, “Қисса и
Сейітбаттал”, т.б.). Бұларды үлкен екі топқа бөлуге болады: а) таза дінді
уағыздайтын дастандар, б) мұсылман пайғамбарлары мен әулиелерінің
өмірін, кейбір кезеңдерін баяндайтын дастандар. Бірінші топтағысы —
көркемдігі жоғары, сюжеті қызғылықгы, эстетикалық эрі эмоциялық әсері
күшті шығармалар. Ал, екінші топтағылары, негізінен, гүмырнамалық,
бірақ соньщ өзінде де фольклор поэтикасын жақсы пайдаланған, көркем
қиялды да ұтымды қолданған. Жалпы, діни дастандардың басты мақсаты
- исламды уағыздау эрі мұсылмандық өмір салтын орнықтыру. Осы
тұрғыдан алғанда, оларды былайша топтауға болады: 1) исламның ереже-
шарттары мен тыйымдарын және оларды бұзғаны үшін қолданатын жаза-
ларын баяндайтын дастандар; 2) исламның батырлары туралы, олардың
мұсылман дінін тарату жолындағы ерлік істерін көрсететін шығармалар; 3)
Мұхаммед пайғамбардың, одан кейін 4 халифтің исламды орнықтырудағы
іс-әрекеттерін суреттейтін туындылар.
Әпеуметтік-сүйіспеншілік дастандар.
Қазақгың ез топырағында
туған әлеуметтік-сүйіспеншілік және ертегілік дастандары ұлттық
фольклордың ХІХ-ХХ ғасьфларда жалғасқан дәстүрін көрсетеді. Акьшдар
мен жыршылар ежелгі эпос пен дастанның поэтикасын пайдалана оты-
рып, өзіндік сипаты бар жаңа шығармалар туғызған. Олардың сюжеті эр
алуан: өмір шындығы, немесе халық ертегісі, я болмаса ескі кітаптарда
баяндалатын оқиға, т.б. Осыған байланысты олардың мазмұны шын-
шыл, әлеуметтік мәселе мен махаббат, яки ертегі кейіпкерлерінің барлық
қиындықты жеңіп, бақыт-мұратына жеткені болып келеді.
Бұл шығармалардың алғашқы үлгілері өмірде болған XVIII ғасырдың
оқиғаларын негіз етіп алған. Әуелде ел арасында әңгіме, аңыз түрінде та-
рап жүрген сюжетті XIX ғасыр ақындары дастанға айналдырған. Бірте-
бірте мұндай шығармалар (авторлары болса да) көпшілікке тарап, вари-
анттар туғызған (“Қалқаман-Мамыр”, “Еңлік-Кебек”). Бұлардың кейбірі
шежірелік тұтастану процесіне түскен. Мысалы, Еңлік пен Кебектің ар-
тында қалған Ермек атты баласы туралы дастан пайда болып, оның кек
алуы баяндалады.
Әлеуметтік-сүйіспеншілік дастандардың, әсіресе, көбейген тұсы
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бірінші жартысына тура келеді.
Бұл кезеңдегі дастандардың басты ерекшелігі - махаббат үшін күрескен
жастардың эр түрлі тапқа жататындыгы: қыз - бай, ауқатты әулеттен
болады да, жігіт - кедей, малшы, қолы қысқа, бірақ кісілігі мықты аза-
мат. Мұндай таптық тартысты енгізу - жазба әдебиеттің әсері. (“Айса-
40
ры-Шорман”, “Назымбек пен Күлше қыз”, “Ахмет-Кәшім”, “Ақбөбек”,
т.б.). Бүл дастандарда қиял-ғажайыпты жағдай жоқ, махаббат сезімі ес-
тен танарлықгай көтермеленіп көрсетілмейді, кейіпкерлердің іс-эрекеті,
ауылдың тыныс-тіршілігі барынша шындыққа жақын суреттеледі. Шы-
тырман оқиға жоқ.
Ертегілік дастандар.
Бүл шығармалардың екі түрлі сипаты бар.
Бірі -сюжет ертеғілік болғанмен біршама шыншыл болып келеді, эрі
кейіпкерлердің махаббат үшін күресін де қамтиды (“Жаскелең”, “Қүбьш”,
“Қүбығүл”, т.б.). Мүнда ертеғіғе тән қиял мен ғажайыптық қатар жүреді:
бас қаһарман ерекше болып туады, ол батыр болып еседі; қызға түсінде
ғашық болып, соны іздеп шығады, т.б. Екіншісі - таза ертеғінің сюжетіне
қүрылғандығы. Мүндай ертегі дастандар шығыста да кең тараған. Алай-
да, біздің ертегілік дастандар оларға қарағанда тым әсірелеуді пайдалан-
байды, оқиғаны қоюландырмайды, тартысты күрделендірмейді. Көбінесе,
белгілі бір мақсатқа құрылады, ғибрат айтуға, үлгі көрсетуге бейім болады.
Қиял-ғажайып ертегілермен қатар новеллалық, кейде сатиралық ертегілер
негіз етіп алынады. Соның озінде де дастанның бүкіл қүрылымы, оқиғасы,
коркемдігі, кейіпкерлердің іс-әрекеті эстетикалық түрде баяндалғанмен
практикалық-тәрбиелік міндет атқарады (“Қүламерген”, “Қисса-и Дотан
Қүбанақбайүлы”, “Аяз би”, “Ақыл, Қыдыр, Бақ”, т.б.).
Айтыс. Фольклордың өнер екендігін барынша айғақтайтын жанр -
айтыс. Ол - синкреттілігімен ерекшеленеді. Мүнда театрлық эрі драмалық
енердің басы қосылған, сондықтан айтысты - фольклорлық театр, неме-
се фольклордың драмалық жанры десе де болады. Оның үстіне айтыс
- әдебиетке өте жақын жанр, сол себепті кейбір ғалымдар оны әдебиетке
жатқызады да эдеби жанр деп есептейді. Бір жағынан алғанда бүл пікірдің
де кисыны бар, өйткені айтыс - екі адамның шығармашылығы. Осы
түрғыдан алғанда, айтысты үлкен екі түрге бөлуге болады: фольклорлық,
яғни анонимдік айтыс жэне ақындар айтысы. Біріншісі фольклорга жата-
тын себебі - тек авторы жоқгығынан емес, сондай-ақ ол айтыс текстерінің
фолыслор поэтикасынан шықпайтындыгы. Ал, екіншісі - авторы белгілі,
өзіндік “мені”, стилі бар, ал тексі біршама түрақты, әрі варианты аз бола-
ды. Демек, ақындар айтысы - авторлық, ауыз әдебиеті, ягни акындар мен
жьфаулар поэзиясы қатарында қарастырылуы керек. Олай болса, фоль-
клор қүрамына тек анонимдік айтыстарды енгізу қажет те, ақындар айты-
сын бүл саладан шығару шарт.
Фольклорлық айтыс өте ерте заманда пайда болған. Оның шығу тегі
рулық қауыммен тікелей байланысты. Ежелгі рулық қогамда эндогамиялық
йеке салты болган. Сол бойынша екі ру адамдары тек өзара, бір-бірімен
гана некелесетін болған. Жігіт жагы басқа рудан қыз алуга, ал қыз жагы
бөтен ру адамына шыгуға хақысы болмаған. Соның өзінде де екі рудың
арасында тайталас, күш сынасу міндетгі болган. Жігіттің руы қыздың руы-
нан білек күші болсын, әдет-ғұрыпты білу жонінен болсын, сөз өнерінен
болсын басым екендігін дәлелдеуге тиіс болған. Екі рудың құдалық салты
41
бойынша екі ақыны, екі шешені өнер мен ой сайысына түсіп, жігіт жагы
асып түсуге міндетті болган, ал, егер жеңіліп қалса, айып төлеген, немесе
басқа шартгы орындаган. Кейін, қогамдық омір дамып, эндогамия сал-
ты экзогамиялық некеге, ягни өз руынан қыз алмау дәстүріне айналған.
Бүл кезде де қүда болатын екі рудың сынасуы, сайысуы қалмаган,
бірақ олардың түрі, сипаты өзгерген. Сөйтіп, сөзбен сынасу — алгашқы
гүрыптық маңызын озгертіп, өнер деңгейіне жеткен... Бірақ ежелгі риту-
алды айтыстың өзгерген түрлері үлттық фольклорымыздың қүрамында
сақгалып, бізге жеткен. Олар - үйлену салтына қатысты “жар-жар” мен
ескі нанымга негізделген “бэдік” жанрлары. Бүларды галымдарымыз
“әдет-салт айтыстары” деп атайды (М.Әуезов).
Әдет-салт айтыстары.
Мүндай айтыстар жеке адамдардың сөз
сайысы емес. Олар белгілі бір дэстүр бойынша топ-топ болып, екі жақтың
алма-кезек сөз қайыруы, ой жалгастыруы түрінде болады. Олардың
тақырыбы - сол эдет-гүрыпқа қатысты, ягни шектеулі болады. Ондагы ой-
пікірлер, сөз орамдары алдын-ала белгілі, қай топ нені айтатыны мэлім
болады. Топ болып айтқандықган сөздері жаттаулы болады жэне эні де
көпшілікке аян, хормен айтуга бейім болады. Демек, мүнда фольклорлық
дәстүр айқын керініс береді. Мэселен, әдет-салт айтысының тамаша үлгісі
“Жар-жардың” орындалу мезгілі мен мазмүны дэстүрден шықпайды, олар
ел білетін шартқа жауап беруге тиіс. Сол сияқгы “бэдік” те екі топтың
жатқа білетін сөзінен эрі әуенінен түрады. Оның да өзіндік орындалу
шарттары мен мақсаттары бар.
Қайым айтыс.
Халықтың өте қызық көріп, тамашалайтын сөз өнері.
Мүнда ешқандай гүрыптық белгі жөқ. Бүл айтыс, негізінен, екі жастың,
көбінесе бөйжеткен мен бөзбаланың арасында бөлады, сол себепті оны
“қыз бен жігіт айтысы” деп те атайды. Мүндай айтыс, әдетте, кездейсоқ
болады: жігіт пен қыз жиында, немесе оңашада кездесіп қалады да, сөз
сайысына түседі. Сөл себепті мүнда тақырып кең болады, жастар өздерін
еркін сезінеді. Айтыстың бүл түрінде ең әуелі тапқырлыққа мэн беріледі,
сөндықган айтысушылар бірін-бірі сөзден, уэжден үту үшін тапқырлық
танытып қана қөймайды, өлар алуан түрлі әдісті қөлданады, тіпті дерекі
сәздерге дейін барады, бірақ бүл сөкет деп саналмайды.
Қайым айтыстың кәлемі үлкен бөлмайды, мазмүны өте қызгылықгы
бөлады. Айтысқан жастар жеке басының мэселесімен қатар әлеуметтік
те прөблемаларды қөзгайды, этикалық эрі эстетикалық түргыдагы
тақырыптарга барады. Айтыстың фөрмасы қарапайым бөлады. Көп
жагдайда қыз бен жігіт бір шумақпен гана шектеліп өтырады, сөндықтан
өлар қара өлең фөрмасын жиі қолданады.
Мысал айтыс.
Бізде айтыстың ерекше бір түрі бар. Ақиқатында, бүл
классикалық формадагы, ягни өз магынасындагы айтыс емес, ягни мүнда
адамның сөз сайысы жөқ. Мүнда екі жақтың атынан бір кісі сөйлейді.
Мысалы, біреу астындагы атымен, немесе тау-таспен, я бөлмаса аруақпен
айтысады. Әрине, бүл жерде екі адамның айтысы жөқ, бірақ екі кейіпкер
42
бар: бір адам екі кейіпкердің атынан сөйлейді. Бұл - нағыз өнер. Басқаша
айтқанда, бір адам екі рөлде көрінеді, екі адамның рөлін атқарады. Демек,
ол әрі автор, әрі кейіпкер, яғни автор басқа бір кейіпке түсіп, бөтен рөлде
ұлттық
бұл
фольклор туралы ғылымда мұндай шығармаларды айтыс жанрына ен-
гізіп, шартты түрде “мысал айтыс” деп атау орныққан. Бұл айтыстың да
тақырыбы әр алуан, бірақ соған қарамастан ортақ белгі бар: ол - адам,
яғни автор - субъект, ал екінші кейіпкер (тау, аруақ, қой, т.б.) - антисубъ-
бұл
теуге негіз болып саналады.
|
Өлеңдер. Фольклордағы әрі көне, әрі өміршең, яғни кез келген
дәуірде, қоғамда туып, дамып, өзгеріп отыратын айрықша жанр - өлең.
Қазақ қауымының өмірінде өлеңнің орны ерекше, сол себепті оның түрлері
де көп: лирикалық олең, тарихи өлең, қара өлең, нақыл өлең, өтірік олең,
т.б. Бұлардың бәріне ортақ белгілерімен бірге әрқайсысының озіндік
қасиеттері бар. Олар орындалу мәнері, шындыққа қатынасы, мазмұны мен
түрі жағынан бір-бірінен ерекшеленіп тұрады.
Қара олең
. Қазақ фольклорының ең кеңтараған, құрылысы қарапайым,
тұрақты шумағы мен ұйқасы бар жанры. Қара өлеңнің тақырыбы әр алуан,
оның меншіктеп алған әуені болмайды. Мұнда жеке бастың да, қауымның
да мәселелері сөз болады. Ол белгілі бір ситуацияға қатысты айтылады,
сол себепті оның мазмұны ситуативті болып келеді. Сонымен бірге қара
өленде нақтылықган гөрі жалпылық басым болады, онда баршаға қатысы
бар, тіпті “мәңгілік” ой мен сезім айтылуы да мүмкін. Қара олең жастардың
ойын-сауығында, қыз бен жігіттің сөз сайысында жиі орындалған.
Лирикалық олең.
Бұл жанр да халық арасына коп тараған. Мұнда
сүйіспеншілік, екі жастың бірін-бірі сағынып іздеуі, зарыға күтуі
~ басты тақырып. Лирикалық өлең міндетті түрде әнмен орындалады,
эрқайсысының өзіне тиісті эуені болады. Бұл шығармаларда отбасы
мәселелері, адамның көңіл-күйі, оның басқа субъектілермен қарым-
қатынасы да сөз болады. Сондаи-ақ табигатқа, жануарға қатысты олеңдер
де лирикалық сипатқа ие болып, айтушы өзінің сүйікті сәйгүлігі, құмай та-
зысы, қыран құсы жайында төлқып, толганып эндетеді. Лирикалық олеңге
үйлену салтына, жерлеу рэсіміне қатысты кейбір жырлар да жатады, алай-
да, олар көбінесе ғұрып жолымен орындалады.
Тарихи олең.
Басқа түрлерге қарағанда бұл топтагы шығармалар
тарихилығымен ерекшеленеді. Халықтың басынан өткен тағдырлы
оқиғалар қай кезде де болып тұрган. Осы оқигаларды жедел түрде олец
етіп жырлау, өндағы негізгі сәттерді, ерен ісімен көзге түскен адамдар-
ды суреттеу дэріптеу —
тарихи өлеңнің үлесі. Осы тұргыдан келгенде
оны - елгезек (оперативті) жанр десе де болады. Батырлық жэне тарихи
жырдың біраз бөлігі осы тарихи өлеңдер негізінде пайда болган. Тари-
хи өлеңнің кейбірі тұрақты эуенмен айтылады. Соның бірі - “Қаратаудың
басынан көш келеді” деп айтылатын өлең ( Нлім-ай ). Біздің дәуірімізге
43
жеткен тарихи өлеңцердің ішіндегі ең көнесі - Дайырқожаның өліміне
жэне Жошының қаза болуына байланыстырылады. Одан кейінгі шақтарда
туған өлеңдер де бар. Олардың мазмұны нақгы, оқиғасы реалды, адамда-
ры тарихи болып келеді.
Өтірік опең.
Ұлттық фольклорымыздың ерекше түрі. Оның арғы торкіні
- ежелгі замандардағы омір туралы түсініктер, діни нанымдар, гүрыптық
ырымдар. Заман жылжып, қоғам дамыған сайын бүл ұғым-түсініктер қайта
қаралып, жоққа шығарылған, күлкіге, эжуаға айналған. Бізге жеткен өтірік
өлеңдер екі функция атқарған: бірі - әлеуметгік, екіншісі - эстетикалық.
Бірақ өлеңде бүл мақсат айқын сезілмейді, сол себепті әр өтірік өлең ко-
медиялы болып қана көрінеді. Ал, түптеп келгенде сол күлкінің астарьш-
да әлеуметтік жағдайды баяндау жатады. Өмірдегі шындықгы дэл айта
алмайтындықган өтірік деген атаумен аллегория арқылы ащы шындық
паш етіледі. Сонымен бірге өтірік өлең - таза соз өнері ретінде де корінеді.
Өлендегі айтылатын жағдайдың өмірдегіге мүлде сэйкессіздігінен туындай-
тын күлкі - елді күлдіру үшін пайдаланылады, сөйтіп, адамдарды бір сэтке
болса да түрмыс болмысынан алыстатьш, қиялындағы өмірге апарады, оны
басқа бір күйге, ризашылық сезімге бөлейді. Өтірік олеңнің поэтикасы
түгелімен осы мақсатқа қызмет етеді. Мүндағы қиял - мақсатты, ол әдейі
қолданылады, тіпті ғажайып сипатқа ие болады. Тыңдаушылар қиялдың
шартты екенін біледі, сөйтіп отірік өлеңде өмір көркем түрде бейнелендік-
тен ондағы ситуаңияны түсініп, толық қабьшдайды.
Б алалар фольклоры. Фольклордың бүл түрі өзіндік сипатымен
ерекшеленеді. Ең бастысы - осы топқа жататын шығармалар кімдерге
арналғандығы жэне қандай мақсатта орындалатындығы, яғни қандай
функция атқаратындығы. Осы екі шартқа сүйене топтағанда, балалар
фольклоры эр түрлі ішкі жанрларға, немесе түрлерге бөлінеді. Бірінші
шарт бойынша балалар фольклоры үлкен үш топ құрайды: а) үлкендердің
балаларға арналған фольклоры, э) үлкендер репертуарынан балалар аузы-
на көшкен шығармалар, б) балалардың өз ортасында айтылатын фольклор.
Демек, бұл шарттың ұстанымы - генетикалық негіз. Ал, екінші шарт ба-
лалар фольклорының атқаратын функциясын негізге алады. Ол бойынша
мынадай топтарды бөлуге болады: а) балалар ойынына байланысты, ойын
үстінде орындалатын шығармалар; э) ойыннан тыс, басқа мақсатга орын-
далатын шығармалар.
Қазақтың балалар фольклорын үлкен екі сала бойынша қарастыруға
болады: а) балаларға арналған шығармалар, э) балалардың өздері шығарған
шығармалар.
Балаларга арналган шыгармалар.
Бұл шығармалар көбінесе
тұрмыстық-тәрбиелік мақсат көздейді. Олардың бір бөлігі жас баланы
әлпештеу, желеп-жебеу, уатып-алдарқату үшін орындалады (бесік жыры,
сәбилік ғұрып жырлары - шілдеханада, тұсау кесерде, т.б. әдет-салтқа
қатысты орындалатындар). Енді бір тобы - жас баланың өсіп-жетілуіне
байланысты ырым-ғұрыптық іс-әрекеттер кезінде айтылады (мәпелеу
44
жьфлары, алдарқату өлендері, т.б.). Үшінші топтағысы - жеткіншек-
терге арналған эр түрлі өлең, жыр, ертегі (тақпақ, санамақ, жаңылтпаш,
жұмбақ, ертегі, т.т.). Жалпы, балаларға арналған фольклордың көркемдігі
айтарлықтай жоғары болмайды. Олар, негізінен, балалардың жасы мен
психологиялық ерекшеліктеріне байланысты келеді. Тек жеткіншектер
үшін айтылатын шығармаларда тәрбиелікпен қатар эстетикалық та мақсат
қойылады. Мүнда поэзиялықта, прозалықта фольклор бар, тіпті драмалық
түр де кездеседі. Олардың өзіндік поэтикасы, композициясы, образдар
жүйесі болады.
Балалардың өздері шыгарган шыгармалар.
Негізінен, мүндай
шығармалар ересек балапардың арасында туып, орындалады. Олардың
ішінде ғұрыптықта, ойындықта фольклор бар. Демек, мүндаэрі түрмыстық,
эрі эстетикалық мақсат қатар жүреді. Бір топ шығарма маусымға байланыс-
ты болса, екінші топты балалардың арнау-тілек, сондай-ақ күнделікті тір-
шілікке, табиғатқа, жан-жануарға қатысты жай өлеңдері қүрайды. Ендігі
бір топқа балалардың бірін-бірі сынау, білу, тану үшін айтылатын, сондай-
ақ сөз бен өнер сайысын көрсететін шығармалар жатады (тақпақ, сүрамақ,
қызықтама, мазақгама, санамақ, өтірік өлең, жүмбақ, т.б.). Бүларда бір-
шама коркемдік сипат бар, олардың ұйқасы, ырғағы, шумағы, тағы басқа
бейнелеу құралдары - тегіс фольклор дәстүріне сай.
Әрине, балалар фольклоры тек осы аталған үлкен екі топпен шек-
телмейді. Мұнда үлкендердің де кейбір, дәлірек айтқанда, оу-баста
үлкен адамдарға арналып, бірақ бірте-бірте балалар қауымына ойысқан
шыгармалар да бар. Бүлар - балалар репертуарынан мықтап орын алып,
оздерінің алғашқы мән-мағынасын, ежелгі функциясын жоғалтқан, сөйтіп
басқа мақсатга орындалатын шығармалар (этиологиялық мифтер мен ер-
тегілер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңьштпаштар). Олар керкемдік
қасиеті жағынан да ерекшеленіп тұрады.
Д идактикалы қ фольклор. Фольклордың бұл түрі езінің қүрамы
жағынан біркелкі емес. Мұнда оу-баста дидактикалық мақсат емес,
танымдық, ғұрыптық қызмет атқарған жанрлар (жұмбақ, мақал, мәтел),
сондай-ақ тек ғибраттық рел атқарьш дүниеге келген жанрлар (мысал, тер-
ме) жэне таза практикалық міндет арқалаған жанрлар бар (жаңылтпаш,
шешендік сез). Соған қарамастан бүлардың басын біріктіретін қасиет
- дидактикалық сипаты. Бұл топқа енетін шығармаларда, негізінен,
дайын ақыл, кеңес беріледі, сейтіп белгіпі бір оқиганы баяндау, немесе
кұбылысты суреттеу аркьшы күдік тудьфмайтын қорытынды жасалады.
Олардың әрқайсысының түкпірінде тагылымдық, тэлімдік ой жатады
да, тыңдаушысына нақты іс-эрекетті, я болмаса бір жағдайда езін қалай
ұстауды, не істеуі керектігін нұсқайды. Бүлай болатын себебі - қорытынды
да, ақыл-кеңес те жинақгалған тэжірибеге негізделгендігі. Ғибратты ой
мен ақыл-кеңес кебінесе есте сақтауға ыңғайлы, жаттауга жеңіл түрде
айтылады, ал мұның езі сол шығарманың да, ондағы ой-пікірдің де ұзақ
емір сүруін қамтамасыз етеді. Дидактикалық мэндегі шығармалардың
45
басым көпшілігі ұйқасқа құрылған эрі ырғақты болып келеді, тіігп гіроза
гүріндеіілердің өздері де ұйқас тіркестермен аяқгалады. Осындай ортақ
белгілермен қатар дидактикалық жанрлар өзіндік сипаттарымен де ерек-
шеленеді.
Жұмбақтар.
Ең көне жанрлардың қатарына жатады. Ежелгі рулық
қоғам адамдарының құціретті деп таныған құпия тілінің, сөздерінің не-
гізінде пайда болған. Магиялық қасиет танылған осындай астарлы создің
көмегімен анды, табиғатты “алдауға, көңілдендіруге” болады, сөйтіп аң
аулағанда, ау құрғанда табыс келеді деп сенген. Ескі нанымдар бойынша
адамдар маңайдағы аң-кұс, тау-тас, ағаш-орман адамша өмір сүріп, адам
тілін түсінеді деп ойлаған, сол себепті олар жұмбақгап сөйлейтін болған.
Осындай эдіс арқылы тылсымға толы табиғатпен күресіп, оны жеңуге бо-
лады деп иланған. Сөздердің орнын ауыстырып, немесе бір заттың атауын
екінші нәрсеге көшіру арқылы шартты тіл жасаған.
Қоғам дами келе бұл утилитарлық қызмет өзгереді, бірте-бірте
жұмбақ танымдық, тәрбиелік, тіпті сейілдік мақсатта айтылатын болады.
Бара-бара жұмбақ адамдардың тапқырлық пен білім сайысына айналады,
сөйтіп өнер деңгейіне көтеріледі. Өмір ағымындағы өзгерістер жұмбақгы
балалар репертуарына енгізеді, оны фольклорлық ойынға айналдырады...
Сонымен, жұмбақ дегеніміз - елге аян бір зат, немесе құбьшыс тураль
түсінік эдейі жасырылатын шағын ғана көркем шығарма.Оның тақьфыбы эу
алуан, өзіне тэн бейнелеуіш кұралдары мен стилистикалық қүрьшымы бар.
Мақал мен мәтел.
Шыгу тегі жағынан бұл да - көне жанр жэне
жұмбаққа жақын. Олардың стилистикалық құрылымы көп жағдайда бірдеі-
болып келеді. Екеуінде де ұйқасты сөз бен тіркес - негізгі форма. Ал олардьп-
айырмасы - мағынада, яғни жұмбақ затгы, я болмаса құбылысты суретгей
ді, мақал - ой түйеді. Жұмбақга тұспал аталады, ал мақадца - түсіндіріледі.
Ақиқатына келгенде, жұмбақ пен мақал бертінгі замандарда ажьіраған.
Мақал мен мәтел - бірін-бірі толықгырып тұратын жанр. Мақал - бейнелі
соз, онда емірдің бір құбылысы туралы жинақгалган тұжырым айтылады, ягни
факгілер қорытылып, үлкен ой, нақыл, үлп ұсынылады. Мәтел—осы топталған
факгілерді нақіъшайды, жеке құбылыстарды сипалтайды. Мұнда тікелей нақыл
айтылмайды, бір ғана оқиғаға, жағдайға байланысты пікір болады.
Мақал мен мэтел қазақ өмірінің барлық саласына қатысты айтылады.
Өзінің фил ософиялық, нақылдық мағынасы және нақгылық сипатьі арқасында
мақал мен мэтел әрі пракгикалық, эрі эстетикалық қызмет атқарган. Әсіресе,
бұрынгы қдзақ қауымы үшін олар белгілі дәрежеде заң рөлінде болған. Билер
ел арасындағы дау-дамайды шешкенде мақал мен мәтелді жиі пайдаланып,
соған сүйенген. Сондай-ақ мақдл-мәтел өмір тәжірибесіне негізделгендіктен
тәлімдік те мақсатга қолданылған, сондықтан да онда дидактикалық, үлгілік,
ақыл-кеңес берерлік қасиет басым. Тіршіліктегі әр қилы жағдайға, қиындыққа,
сауалға дайын жауап болып көрінеді.
Терме.
Бұл жанр құрылысы мен формасы жағынан өлеңге жатады.
Алайда, терме тақырыбы мен мазмұны жагынан іштей ерекшеленеді.
46
Айталық, лирикалы-эпикалық сипатта айтылатьш термелер нақты бір
оқиғага, жағдайға байланысты болады. Сонымен қатар терме көбінесе
нақылдық, ғақлиялы болып келеді. Міне, осы топтағы терме дидактикалық
жанрға кіреді. Мұндай термелердің басты мақсаты - ғибрат беру, сол се-
бепті олардың мазмұны өмірдеғі бір ситуацияға, көбінесе адамның мінез-
құлқына, әсіресе, отбасының жағдайына байланысты мэселелер болып ке-
леді. Бұл шығармаларда тіршіліктің эр түрлі аспектілері теріліп алынады
да, олар кейде салыстырыла, бірде қарсы қойыла, я болмаса қатарластыра
баяндалады, соның неғізінде нақыл айтылады, адамға ой салынады. Тер-
меде де белгілі бір жағдайда не істеу керек деғен сауалға өзіндік жауап
беріледі. Бірақ осы таза практикалық ақыл-кеңестер ұйқас сөздермен,
келісті әуенмен жеткізіледі, ал бұл қасиеттер термені халықгың сүйікті
өнеріне айналдырады.
Мысал.
Кеңтараған жанрдың бірі. Оның қайнар көзі екі түрлі: а) ежел-
гі фольклор, дәлірек айтқанда миф пен хайуанат туралы ертегі; э) көне кі-
таптар, шығыстық кітаби тәмсілдер. Қазақ арасында мысалды (прозалық)
эңгіме түрінде де, өлеңмен де орындау дәстүрі болған. Мысалдың негізгі
мақсаты - мораль айту, тэлім беру. Бүл тұрғыдан ол мақалға жақын. Оларды
жақындастыратын тағы бір нәрсе - нақты бір жағдайға байланыстылығы.
Бірақ мақал мінез-қүлықтың моделін керсетеді, ал мысал - емір салтының
түрін жасайды. Мысалда аллегория басым, бірақ ол жалаң болмайды.
Аллегория мысалға эстетикалық функция дарытады. Оның эстетикалық
болмысы баяндаудан көрінеді: кейіпкерлер көнтраста бөлады, өлардың іс-
әрекеті тартыста көрсетіледі. Сюжет мықты мен элсіз кейіпкердің күресіне
күрылады да, көбінесе әлсіз жеңіп, әділеттілік өрнайды. Осы аркылы
ғибрат беріліп, мөраль айтылады, халықтық утөпия жүзеге асады.
ФОЛЬКЛОРДЫ Ш Ы ҒАРУШ ЫЛАР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР
ЖӘНЕ САҚТАУШЫЛАР. Қай фөльклөрлық шығарманы бөлсын өу-бас-
та бір адам шығаратыны белгілі. Уақыт өте келе өл шығарма бірден-бір-
ге тарап, фөлыслөрлық прөцеске түскенде алғашқы автөр ұмытылады да,
айтушылар өз жанынан қосып, тілін көркемдеп, оқиғасын ширата түседі.
Сөйтіп, фөльклөрлық шыгарма бірнеше ұрпақтың илеуінең. өтеді... Қазақ
арасында фольклорды шығарушылар, - сөз жөқ, аузы дуалы, сөзге ебі бар
өлеңшілер, эңгімешілер мен ертекшілер, ақындар мен шешендер бөлған.
Елге тарап, дэстүрге айналып кеткен туындыларды арнайы өрындай-
іын жыршылар бөлған. Олар жыр айтуды кэсіп еткен. Сөндықтан қазақ
елінде жыршылық мектеп қалыптасқан. Қазақстанның байтақ жерінде
бірнеше мектеп бөлған, олардың жыршылық дэстүрі, орындау мэнері
ұстаздан шәкіртке ауысып, гасырдан ғасырға жетіп отырган. XX гасырга
дейін жыршылықтың мектебі мен дэстүрі қазақ үлтының рухани тала-
бын қамтамасыз етіп, халық мәдениетінің негізгі саласына айналган. XX
жүзжылдықта жыршылық дәстүр бұрынғьщан гөрі сәл саябырлап, жыр-
ды кәсіп қылған жырщылардың орнын халық ақындары басты. Олар өз
47
Достарыңызбен бөлісу: |