Б 82(5К) Қ44 Сеиіт ҚАСҚаьасод


оларды ғылыми түрғыдан саралағанда басты шарттардың бірі болуы керек



Pdf көрінісі
бет4/36
Дата06.02.2017
өлшемі22,51 Mb.
#3547
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

оларды ғылыми түрғыдан саралағанда басты шарттардың бірі болуы керек. 
Фольклор жанрларын зерггегенде  екі нәрсе қатар ескерілуі қажет.  Олар:  а) 
фольклордың сөз онері ретінде эдебиетпен туыстығы, жақындағы;  ә) фоль-
клорды  әдебиеттен алшақгататын ерекшеліктер.
Фольклор  жанрларын  этноғрафияға  сүйенбей  зерггеу  мүмкін  емес. 
Этнографиялық  материалды  пайдалану  жанрлардьщ  шығу  тегін  анықгау 
үшін ғана қажет емес. Этнография  фольклорхіық жанрлардьщ ерте замандағы 
сипагьш, алғашқы даму жолдарын зерттеуде өте пайдалы. Себебі жанрлардьщ 
да, сюжетгер мен мотивтердің де пайда болуы ғана емес, сондай-ақ олардың 
өмір сүруі  мен өзгеру, даму жолдары да түрмыспен, болмыспен тікелей бай- 
ланысты. Бүл жерде біз екі нәрсені анықгап алуымыз қажет.
Бірінші  -   фольклор  мен  әдебиеттің  бірдей  еместігі.  Мүның  себебі 
олардың пайда болуы мен омір сүру түрінің өзгешелігінде.  Бүл өзғешелік 
оларды зерттеу эдістерінің де екі түрлі болуын талап етеді.
Екінші -  үғымдар мен терминдеріміздің мағынасын дәлме дәл анықгау. 
Мысалы,  біраз  еңбектерде эдеби жанрларға байланысты  «баяндау тәсілі» 
(«способ  изложения»), «бейнелеу эдісі»  («способ  изображения»),  «хабар- 
лау  амалы»  («способ  передачи»)  сияқгы  тіркесті  үғымдар  қолданылады. 
Енді осылардың қолдану түріне көңіл бөлейік: «баяндау тәсілі», «хабарлау 
амалы», «бейнелеу эдісі».  Біреу (субьект) баяндайды, хабарлайды,  бейне- 
лейді.  Фольклорда ол -  жыршы,  ертекші,  не  өлеңші.  Әдебиетте  ол -  жа- 
зушы,  ақын, драматург.  Сонда жанрды анықгау үшін  біз осы  күнге  дейін 
шығарманың өз  ішінен, табиғатынан  шықпай,  оған сырттан  келіп  жүрген 
сияқтымыз. Дүрысы шығармадағы оқиғаның «баяндалу тәсілі», «бейнеле- 
ну  әдісі»  болу керек қой.  Демек,  сюжеттің берілу,  өрілу тэсілі деп  айтуы- 
мыз керек. Олай болса, жанр дегеніміз — шығармадағы сюжеттің баяндалу,
бейнелену, өрілу тәсілдері болуға тиіс.
Бүл әсіресе фольклорлық шығармада айқын көрінеді.  Фольклорда ал- 
дьшен сюжет пайда болады. Сюжет -  бір оқиға. Мәселен, айтушы өз басы- 
нан өткен бір қызық өқиғаны ағайындары мен жөлдастарына  жай ғана ай- 
тып беруі мүмкін.  Бірте-бірте бүл әңгіме  біреуден-біреуге жетіп, түрақгы 
сюжетке  айналады.  Уақыт  өткен  сайын  ол  әрленіп,  керкемделіп  айтыла- 
ды.  Сөйтіп 
эңгіме  (меморат)
  жанры  туады.  Бара-бара  бүл  әңгіме  басқа 
тайпаға,  бүкіл  аймаққа  тарайды,  жай  ғана  тарап  қоймайды,  неше  алуан 
өзгеріске үшырап, басқа бір детальдармен төлықгырылып, эсемделіп оты- 
рады. Бастапқы айтушының (эңгіме кейіпкерінің) аты да, айтылу ситуация-
I
55

сы  да  ұмытылуы  мүмкін,  бірақ  сюжет,  яғни  негізгі  оқиға  сақталып  оты- 
рады.  Ендігі  айтушылар  өзіне  қатысты  қылып,  немесе  өзіне,  көпшілікке 
қажетті  жағдайға  байланысты  етіп  айтуы  ықтимал.  Енді  алғашқы  жай 
эңгіме басқажанрғакөшеді. Ол -  
аңыз
 
я болмаса 
хикая
 
болуы мүмкін. Міне, 
алгашқы сюжет -  бір ғана оқиға -  әр түрлі әдіспен баяндалып, өрілген.  Ол 
қалай  өрілген,  ол  үшін  қандай  тәсілдер,  қүралдар  пайдаланылған  -   бүл 
жанрлардың  мүмкіндігіне  байланысты.  Осы  тұрғыдан  келгенде  ғана 
фольклордағы жанрды айқын білуге болады.
Фолыслорды сөз өнері деп қана білсек, онда жанр дегеніміз, әдебиетгегі 
сияқгы,  көркемдік  жүйенің  жиынтығы  болып  шығады.  Біз  бүл  жерде 
В.Я.Пропптың  пікірін толық қолдаймыз.  Ол былай деп жазады:
«Жанр  деп,  егер  кең  мағынада  алатын  болсақ,  коркемдік  жүйесі 
бірыңғай  ескерткіштер  жиынтығын,  немесе  тобын  айтуга  болады.  Фоль- 
клор  сөз  онеріне  жататын  шығармалардан  қүралғандықган,  ең  алдымен 
шығармашылықтың  осы  түрінің  ерекшеліктері  мен  заңдылықтарын, 
оның поэтикасын зерттеу керек...  Поэтика дегеніміз -  коркемдік нысана-
ны,  сезім  мен  ои  сырын  ашу үшін  қолданылатын тәсілдердщ  жиынтығы, 
қысқарта  айтқанда  -   оқиғалық  және  идеялық  нақты  мазмүнмен  бірлікте 
алынған форма»  [2].
Бүл  анықтама  коркем  әдебиет  жанрларын  сипаттайды.  Осыны 
қабылдай  отырып,  фольклор  жанрларын  анықтауда  тағы  бір  шарт  бар 
екенін  ескеру  қажет.  Ол -   фольклордың  әлеуметтік-тұрмыстық  функция- 
сы  және  осыдан  туындайтын  фольклордың өзіне ғана тэн белгілер:  ауыз- 
ша  туып,  ауызша  таралуы;  варианттарының  болуы;  халық  тұрмысымен 
тығыз байланысы; орындалу мәнері; әнмен сүйемелденуі.  Бұл белгілердің 
ешбірі  жеке тұрып  фольклорлық жанрды толық сипаттай  алмайды.  Солай 
бола түрса да бір фольклорлық жанрды сипаттау үшін бүл белгілердің бэрі 
түгел  болуы  міндетті  емес.  Олардың  екі-үшеуі  ғана басты  фактор болып, 
бір фольклорлық жанрға өзіндік қасиет бере алады.
Сонымен, біздің ойымызша, фольклордағы жанр ұғымы әдебиеттегіден 
сәл  өзгешелеу.  Фольклорда  жанр  -   сюжеттің  шыгармага  айналу  жолда- 
ры  мен  елге  тарау,  айтылу,  орындалу  мәнері.  Яғни,  фольклордың  поэти- 
касы  мен  әлеуметтік-тұрмыстық  функциясы  оның  жанрларын  сипаттап, 
эдебиеттен ерекшелендіріп түрады.
Демек, егер біз эдебиеттің эпос, драма, лирика тектері бар десек, онда 
фольклор  орындалу  мэнері  мен  ел  арасында  өмір  сүру  жағдайына байла- 
нысты  өзінше текке жэне жанрға саралануы  керек.  Осы түрғыдан  келген- 
де, фольклорды 
қара сөз
 
(проза), 
өлең
 
(стих) жэне 
сөйлесу
 
(диалог) деп үш 
үлкен текке бөлуге болады.
Қазақ фольклорында бұлардың үшеуі де бар. Ү шеуін де тек деп қарайтын 
болсақ, оларды жанрға бөлуге болады. Проза түріндегі фольклордың  жанр- 
ларына 
миф,  әңгіме,  ертегі
 
жатса,  өлең үлгісіндегі  фольклордың  жанрла- 
ры больш 
жыр,  тақпақ,  қара өлең, мақал-мәтелдер
 
саналады, ал диалогқа
-  
айтыс пен шешендік
 
сөзді жатқызуға болатын секілді.
56

Ескеретін  нәрсе:  бұл  жерде  жанрды  біз  кең  ұғымда  алуымыз  керек. 
Әдебиет теориясында жанрды түр мағынасында қолданып жүргені сияқты, 
біз де фольклордың тектерін бірден жанрға белген дүрыс деп ойлаймыз.
Жанр  -   тек  типологиялық  қана  ұғым  емес,  ол  -   әрі  тарихи  ұғым, 
құбылыс,  категория.  Сондықтан  жанрды  зерттеу  үшін  оның  қашан,  қай 
дэуірде пайда болғанын анықгау аса маңызды. Өйтпеген жағдайда зерттеп 
отырған  жанрдың  басқа  жанрлар  арасындағы  рөлі  мен  орнын,  маңызын 
ашу, сондай-ақ оның өзіндік қасиеттерін анықгау оңай емес.
Қазіргі  ғылымда  «жүйелі  зерттеу»  (системное  изучение)  эдісі  кең 
жайылуына байланысты жанрларды  зерттеу ісінде жанр туғызатын  фак- 
торларды  анықгауға,  жанрдың  қүрылысын,  ондағы  тұрақгы  белгілер- 
ді  айқындауға  көбірек  мэн  беріледі.  Осыған  байланысты  жанрлар  те- 
ориясына  жалпы  философиялық  қағидалар  да  әсер  ете  бастады.  Соның 
нәтижесі  ретінде  жанрда  тұрақгы  жэне  өзгермелі  құбьшыстар  бар  деп 
танитын  еңбектер жарық көрді  [3].  Тұрақты құбылыстарға қүрылымдағы 
элементтердің  өрілуі тәсілдері, олардың ұйымдасуы жатады, ал өзгермелі 
құбылыстар болып шығарманың бейнелеу объектісі, мазмұндық негізі са- 
налады  [4].  Негізінен  алғанда,  бұл  пікір  жаңсақ емес,  тек  біраз  анықтай 
түсуді  қажет  етеді.  Сез  жоқ,  эр  жанрдың  қалыптасқан,  тұрақгалған  бел- 
гілері болады. Ол кеп жағдайда шығарманың композициясында, сюжеттік 
қүрылымьшда, баяндау формасы мен көркемдік қүралдарында көрініс бе- 
реді.  Егер жанрдың түракты белгілері  болмаса,  оны жеке жанр етіп  беліп 
алу  мүмкін  болмас  еді  жэне  шығарманы  белгілі  бір  жанрға  жатқызу  да 
қиын болар еді. «Жанр» деген ұғым бір топ шығармага  тэн ортақ белгілер- 
ді  қамтиды.  Әрбір  нақты  шығармада  жалқы  (единичное)  қашан  болса да 
жалпымен (общее) белгіленіп, айқындалып отырады. Бұл тұрғыдан келген- 
де, әрбір шығарманың өз қыры мен сыры болады. Шығарманың қыры мен 
сыры оны бір топ шығармага ортақ қасиеттерге не жақындатады, не олар- 
дан  алшақтатады, яғни  белгілі  бір жанрдың кұрамына кіргізеді.  Мысалы, 
бір  шығарманы  ертек деп  атағанда,  біз ең алдымен оны  ертегі жанрының 
табиғатымен,  ерекшелігімен  салыстырамыз.  Басқаша  айтқанда,  ертегі 
жанрына  тэн  композициялық,  сюжеттік,  керкемдік-бейнелеу  тәсілдерді 
іздейміз.  Себебі бұлар -  жанрдың тұрақгы белгілері.
Сонда кейбір ертегі айтылған қағидаға толық сай кел се, ал қайсы біреу- 
лері жартылай сәйкес болуы ықгимал, үшіншісі бірнеше жанрдың белгісін 
бойына сіңіруі  де  ғажап  емес.  Егер  осы  үшеуінде  де  ертегі  жанрына тэн 
белгілері  басым  болса,  бұп  үшеуі  де  ертек  деп  саналып,  ертегі  жанрына 
жатқызылады.
Жанр  -   тарихи  категория.  Ол  эр  дэуірде,  әр  кезеңде  эр  түрлі 
өзгерістерге ұшырап отырады.  Бұл туралы болгар галымы  Ц.Тодоров  бы- 
лай  деп  жазады:  «Жанрдың  тұрақгы  белгілері  эр  дәуірге  сәйкес  өзгеріп, 
көптеген  қөсымша  сипат  қабыдцайды.  Бірақ,  өл  сипат  аса  маңызды  деп 
танылмайды,  сөндықган  шығарманы  белгілі  бір  жанрға  саралауда  өның 
айтарлықгай  эсері  бөлмайды.  Сөл  себепті  тарихтың  эр  түсында  бір
5
7
■  V

шығарманың өзі эр қилы жанр болып есептелуі мүмкін. Мүндай жағдайда 
басты рөл атқаратын нәрсе -  шығарма  қүрылымының (табиғатының) қай 
белгілері мәндірек деп саналуында.  Мысалы, антика заманында «Одиссе- 
яны»  эпопея  жанрына жатқызған болса, біздің уақытымызда оны «жыр» 
жанрына, яки «мифологиялық жыр» жанрына жатқызып жүр»  [5].
Шынында  да,  осы  күні  фольклорлық  деп  саналып  жүрген  көптеген 
шығарма  көне  заманда,  әйтпесе  орта  ғасырда  тарих  немесе  жылнама 
ретінде  танылып  жүрген.  Мысалы,  көне  түркілердің  Орхон  -   Енисей 
бойынан  табылған  жазу  шығармалары  эр  түрлі  жанрға  жатады.  Олар  өз 
дәуірінде,  мүмкін,  салтанатты  мақтау  мен  арнау  үлгісіндегі  шығармалар 
болған болар. Сол сияқгы орта ғасырда шын болған тарих деп есептелінген 
пайғамбарлар  мен  әулиелер туралы  әңгімелер  кейінгі  кезде  фольклорлық 
хикаят жанрына жатқызылып жүрді.
Фольклордың  кейбір  ескі  жанрлары  өзінің  айтарлықтай  біркел- 
кілігі  мен түрақтылығына  қарамастан  өмірге, дэуірге сэйкес түр-сипа- 
тын  өзгертеді.  Өзгеру  барысында  олар  мазмүнын  ғана  жаңартпайды, 
сондай-ақ  келбетін  де  өзгеріске  үшыратады.  Мысалға,  қазақ  тойын- 
да  айтылатын  «жар-жар»  өлеңін  алсақ  та  болады.  Бүл  өлең  осы  күнгі 
тойларда  шырқалады.  Бірақ  ол  бүрынғы  мазмүнынан  айырылған.  Егер 
бүрын  «жар-жардың»  мазмүны  қайғылы,  өкінішке  толы  болса,  қазіргі 
«жар-жардың»  мазмүны  керісінше.  Онда той  қуанышы  мен  салтанаты, 
жастар бақыты жырланады.  Сонымен бірге «жар-жар» өлеңінің айтылу 
формасы да (яғни мәнері) өзгерді.  Бүрын «жар-жарды» қыз үзатылатын 
ауылда  екі  хор  диалог  түрінде  айтатын-ды.  Біздің  заманымызда  «жар- 
жарды»  жігіт  жағы  жасайтын  той  үстінде  жиналған  топ  бір  хор  болып 
айтады. 
г
  *  -• *  -• •

,
=
  • 
^ /   т
Сонымен, фольклорлық жанр дегеніміз не?  Жанр дегеніміз -  оқиганы, 
сюжеттік  материалды  белгілі  бір  мақсатпен  түтас  мазмүнды,  айқын 
идеялы  шыгармаға  айналдыруцың  әдісі,  жолы,  қүралы.  Ойымызға 
дәлел  ретінде  айтарымыз  — бір  сюжет  негізінде  эр  түрлі  жанрға  жататын 
бірнеше  шығарманың жасалуы.  Мысалға Жүсіп  пен  Зылиханың хикаятын 
келтіруге  болады.  Бұл  хикаяттың  сюжеті  ертегіде  де,  дастанда  да,  кейінгі 
замандағы  драмада да  баяндалған.  Сюжет -   біреу,  ал  жанр  -   бірнеше.  Әр 
жанр -   өзінің  композиңялық жэне  көркемдік  әдісімен  бүл  сюжетті  өзінше 
жырлаған. Айталық, көне заманда Інжілге (Библияға) енген сюжет жай ғана 
хикаят, мысал болатын.  Кейін ол хикаялық (новеллалық) ертегіге айналған. 
Орта ғасырда  бүл  сюжет үлкен  дастан  болып жырланды.  Осының бэрінде 
түпкі  сюжет  сақгалған,  бірақ  бірде  ол  қарапайым  ғана  баяндалса,  екінші 
жанрда  сюжет  көптеген  қосымшалар,  детальдар,  эпизодтармен  толығып, 
көлемді  шығарма ретінде көрінеді.  Ал, енді бір жанрда (мәселен, драмада) 
сюжет басқа  элементтер  мен  компоненттер  арқылы  баяндалған.  Демек,  эр 
жанр  өзіне  тиісті  эдіспен  белгілі  сюжетгі  басқа  шығармага  айналдырады. 
Мұндай мысалды көптеп келтіруге болады [6]. Алайда, осы бір ғана Жүсіп- 
Зылиха хикаяты  жанрдың  эр түрлі  болуы  сюжетке  байланысты  емес  екен-
58

дігін дәлелдейді.  Жанрдың мұндай  болу себебін оның шығарманы баяндау 
түрінен, яғни сюжетті өру мен көркемдеу эдісінен  іздеу қажет.
Әр  жанрдың  ерекшелігі  неден  көрінеді?  Ол  үшін  бірнеше  факгор- 
ды  анықтап  алу  шарт:  біріншіден,  жанр  қай  заманда,  дэуір  мен  қоғамда 
пайда болған,  екіншіден,  оқиғаны  қандай  әдіспен, тэсілмен,  қүралдармен 
бейнелейді;  үшіншіден,  бейнелеп  отырған нәрсесіне қалай  қарайды,  оны 
қалай бағалайды; төртіншіден, осы өзінің бағасын, қатысын қалай, қандай 
түрде  көрсетеді;  бесіншіден,  ол жанр  қандай мақсатқа қызмет етеді, яғни 
жанрдың функциясы қандай?
Шығарманың белгілі бір жанр аясында болуы -  жай ғана нәрсе емес. 
Жанрдың ерекшелігі шыгарманың бүкіл көркемдік болмысын айқындайды. 
Бір  сюжет бірнеше  жанрда эр түрлі  шығарма  береді.  Ол  шығармалардың 
көркемдік  сипаты,  эмоңиялық  күш-қуаты  жанрдың  қасиеттеріне  байла- 
нысты.  Көркем  шығармашылықтағы  бүл  қүбылысты  кезінде  академик 
В.В.Виноградов  ете дэл байқаған  [7].  Жалпы,  әдебиетте де,  фольклорда 
да, енерде де бір сюжет бірнеше жанрда эр түрлі шығарма болып көрінетіні
-  заңдылық.  Осыған  орай  ойға  оралатын  тағы  бір  нәрсе -  сюжет  бүрын 
пайда бола ма,  әлде жанр бүрын туа ма? -  деген мәселе.
Біздіңше,  ең  алдымен  сюжет деген  не,  соны  анықгап  алу  керек.  Сю- 
жет  жайында әдебиеттану мен фольклор туралы ғылымда айтылған пікір 
эр түрлі.  Біз соның бэрін тэптіштеп айтып жатпай, осы күнгі анықтаманы 
жэне соған негіз болған ойды айтып етсек те жетерлік.
Әдебиеттану  ғылымында  сюжет  бірде  кең  мағынада,  бірде  нақты 
мәнде  түсіндіріледі  [8].  Кейбір  еңбектерде  сюжет  шығармадағы  харак- 
терді  ашудың  әдісі,  тэсілі  деп  қаралса,  ендігі  бір  зерттеулерде  сюжет 
шыгармадағы тіл, характер,  қимыл қосындысы ретінде пайымдалады.  Ал 
үшінші бір топ еңбектерде сюжет -  баяндаудың бір түрі деп түсіндіріледі.
Фольклордағы  сюжет  дегеніміз  -   фольклорлық  шығарманың  негіз- 
гі  оқиғалық қаңқасы,  езегі.  Ол  шығармадан  бүрын  пайда  болып,  одан тыс 
әмір  сүре  алады.  Көркем  шығармада,  әсіресе  фөлыслорда,  сюжет  көбінесе 
бөлмыстың  өзінен  пайда бөлады,  өйдан да  шыгарылады.  Сюжет -  бір  ізге 
түсіп, түрақгалған өқиға десе де бөлады.  Кез келген өқиға сюжет бөла бер- 
мейді. Сюжет бөлу үшін өқиға бірден-бірге тарап, фөльклөрлық сипат алуы 
керек. Сөйтіп  түрақталған сюжетке, сөдан кейін  шығармаға айналады. Ал, 
шығармаға айналу үшін жанрдың әдісі мен тэсілі қажет. Демек, түрақталған 
сюжет белгілі бір жанр аясында ғана көркем шығарма бөла алады.
Көркем  шыгарманың  жалпы  желісі  фабула  бөлмақ.  Негізгі  сюжет 
квлтеген  косымша  сюжетгермен,  эпизөдтармен,  детальдармен  өріледі. 
Осы  өрімнің  түрпаты,  яғни  баяндалуы  -   фабула.  Қай  шыгарманың  бол- 
са  да  мазмүнын  кең  түрде,  қосымшаларымен  бірге,  толық  айтып  берсе, 
ол  фабула  болады.  Ал,  сюжет  шығарма  мазмүнын  толық  қамтымайды, 
ол  түп оқиғаны ғана баяндайды.  Олай болса, фабула -  сюжеттің дамыган, 
тарамданған,  көлемді  түрі.  Осы  өйды  академик  В.Винөградөв  та  айтады. 
Ол  «фабульнөе  развитие  сюжета»  деген  тіркесті  қөлданады  [9].  Ендеше,
59

фольклордағы сюжет — шығарманың оқнғалық қаңқасы, ал фабула -  оның 
ұзын-ырғасы.
Жанр  мен  сюжеттің  ара  қатынасына  байланысты  шығатын  сауал  1  
жанр болу үшін  сюжет міндетті  ме? Әдебиетті былай қойып, фольклорға 
келетін  болсақ,  жүмбақ,  мақал-мэтел,  нақьш  сөз,  қайым айтыс,  қара өлең 
жанрларында  сюжет  оқиға  ретінде  ылғи  да  көрінеді  деп  айта  алмаймыз. 
Олай болса, фольклорлық жанрлардың тағы бір ерекшелігі -  шығарманьщ 
тұрақгы түрдегі бір ситуацияда айтьшуын қажет етуі.
Фольклор жанрларының  функциясы
Фольклорда да, эдебиетте де жанрлардың табиғатын анықтайтын бас- 
ты фактор -  олардың қоғамдық қызметі, өмірлік нысанасы.
Әдетте  өнердің  барлық  түрін,  оның  ішінде  фольклорды  да,  өмірді 
көркем  танудың  бірі  деп  түсінеміз.  Өнер  өмір  туралы  пайымдау  екені 
созсіз.  Тарихи  дамудың  эр  кезеңінде  онер  адамның  өзін 
қоршаған 
табиғатты,  шындықгы  қаншалықгы  меңгергенін,  озін  де  қаншалықгы 
біле  алғанын  көрсетеді.  Бүл  даусыз.  Әңгіме  сол  шындықгы  тани,  түсіне 
білу  қоғам  тарихының  қай  дэуірінде  өнер  үшін  басты  мақсат,  ныса- 
на  болуында.  Өнердің  атқаратын  қызметі  көп  екені  де  түсінікті.  Оның 
танымдық қызметінен басқа да өте маңызды функциялары  бар.  Айталық, 
идеологиялық,  тәрбиелік,  эстетикалық  т.т.  Ал,  онердің,  фольклордың, 
әдебиеттің  танымдық  қызметі  бүрынғы  замандарда  қазіргіден  басқаша 
түсініліп, бағаланған.  Демек,  фольклор эр тарихи дәуірде эр  түрлі  функ- 
ция  атқарган.  Бірақ  бір  дэуірде  белгілі  бір  функция  атқарған  шағында 
фольклор  басқа  функцияларынан  мүлде  айырылып  қалмаған.  Олар  да 
сақталған,  бірақ  көп  қызметінің  ішінен  сол  дэуір,  қауым  қажет  қылған 
функциясы  басымырақ (доминирующая) болған. Жалпы, көп функциялық
-   фольклорға  тэн  қасиет.  Басқаша  айтқанда,  дәуірге,  қоғамға  сәйкес 
фольклордың  белгілі  бір  функциясы,  сондай-ақ  белгілі  бір  жанры  акту- 
альды  сипат  алған,  сөйтіп  ол  басым  түсіп  жатқан.  Мысалы,  ХҮ-ХУІІІ 
ғасырларда  қазақ  қоғамы  мен  тарихы  үшін  елді  қорғау,  жауға  тойтарыс 
беру  аса  маңызды  саналды.  Бүл  кезде  қазақ  фолыслорының  барлық жан- 
рынан  батырлар  жыры  маңызды  болды,  оның  тәрбиелік,  идеологиялық 
қызметі  артты  [10]. 
Ал,  осы  жанр  ХІХ-ХХ  ғасырларда  көбіне  сейілдік 
(развлекательная) функция атқарды. Үлкен той-жиындарда уақытгы өткізу 
мақсатында  жэне  елге  ғибрат  беру  үшін  талантты  жыршылар  батырлар
жырын орындаған.
Сол  сияқгы  ХІХ-ХХ  ғасырларда  ақындар  айтысы,  лирикалық  жанр- 
лар  алға  шыға  бастады.  Олардың  басты  функциясы  -   эстетикалық  бол- 
ды,  бірақ  басқа  да  функцияларын  жоғалтқан  жоқ.  Әсіресе,  айтыстың 
эстетикалық  қызметі  айқын  әрі  зор  болды.  Эстетикалық  функция 
шығармада  не  айтылғанын  ғана  емес,  ол  қалай  айтылганын  да  қажет 
етеді.  Ал,  айтысты  тыңдап  отырған  қауымға  екі  ақынның  не туралы  ай-
60

тып  отырғанымен  бірге  қалай,  қаншалықты  өнерлі  айтып  отырғаны  да 
маңызды.  Бұл тұрғыдан келгенде, сал-серілер мен халық өнерпаздарының 
өнері  айтарлықтай  эстетикалық  қызмет  атқарды.  Яғни,  көркем  өнердің 
түріне айналған жанрлар ең алдымен эстетикалық функңия атқарады, со- 
дан  кейін  басқа  мақсат  көздейді.  Мысалға  халық  прозасының  аңыз  бен
ертегі жанрын алайық.
Аңыз  жанрының  басты  мақсаты  -  тыңдаушыға  елдің  өткені  туралы,
немесе бұрын жасаған атақгы адамдар жайлы хабар беру. Демек, аңыздың 
негізгі функциясы  -  танымдық, сонан соң тәрбиелік.
Ал,  ертегі  жанры  тыңдаушының  ерекшелігіне  байланысты  екі  түрлі 
қызмет атқарады:  жас үрпақ үшін ертегінің ғибратгық, тэрбиелік рөлі ба- 
сым болса, үлкендер үшін эстетикалық қызметі мэндірек.
Бүл  жерде  ескертетін  нэрсе:  фольклордың  кейбір  жанрлары  бір 
функцияны  өзіне  тұрақгы  түрде  «еншілеп»  алатындығы.  Бұл  -  жанрдың 
«мамандануынан»  туған  қасиет.  Басқа  сөзбен  айтқанда,  ол  — жанрдың 
табиғатынан  туындайтын  алдын  ала  шектеулік  (заданность  функции). 
Бұп  түсінікті  де,  себебі  ешбір  фольклорлық  жанр  омірдің  барлық  жағын 
түгел  қамти  алмайды.  Мүны  әдебиеттің де,  өнердің де  бір жанры  жүзеге 
асыра  алмайды.  Сол  себепті  қыры  мен  сыры  шексіз  мол  адам  өмірінің, 
бөлмыстың эр  саласын  бейнелеуге  фольклордың да,  эдебиет  пен  өнердің 
де эр жанры өзінше «маманданған». Жанрлардың даралануы, бір жағынан,
осымен де тығыз байланысты.
Әрине,  фольклордың табиғаты  профессионалды  эдебиет  пен  өнерден
басқаша  болғандықган  болмысты  тану  фольклор  үшін  сэл  өзгешелеу  -  
алғашқы сатыда табиғатгы, қоршаған ортаны білу үшін еліктеу орын алды. 
Бірақ бүл бізді шошытпау керек. Еліктеу деген бейнелеу  болып табьшады.
Өмірді көркем тану түрлері, эдетге, еліктеу түрлері деп те саналады [11].
Еліктеу  концепциясын  алғаш  ұсынған  -   Аристотель.  Ол,  мэселен, 
еліктеудің  үш  түрі  бар  деп  есептейді.  «Ақын  еліктеуші  болғандықтан,

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет