Бақылау сұрақтары:
1.Мұсылмандық ортодокс философиясы (аль-Ашари, аль-Газали).
2.әл-Фарабидің сопылық философиясы.
3.Шығыстық перипатетизмнің философиялық идеялары.
4.Ибн-Рушдтың философиялық кӛзқарастары.
5.Сопылықтың түркілік тармағының ерекшелігі неде?
VI Бӛлім
Қайта ӛрлеу дәуірінің философиясы
6.1. Философия ӛнер ретінде: даралықты табу (Данте, Петрарка,
Леонардо да Винчи т.б.)
XIV-XVI ғғ. – Еуропа елдерінің экономикасындағы, саяси және мәдени
ӛміріндегі ӛзгерістер уақыты. Еуроәлем бірінші кезекте Орталық, Батыс
Еуропа және Жерторта теңізі елдерінің экономикалық мүдделері арқылы
саяси бірлікке ұмтылды. Ф. Бродель «XV-XVIII ғғ. материалдық ӛркениеті,
экономикасы және капитализмі» атты кітабында «... жаңа Еуропаның
бастауына мына екі ұлы кешендерді жатқызуымыз керек, олар: солтүстік
және оңтүстік Нидерландия және Италия, сонымен бірге Балтық және
Жерорта теңізі» деп кӛрсеткен. Соған қарамастан, екі кереғар бастаудан
басталған Еуропаның экономикалық дамуы оның нарықтық бірігуінен ғана
емес білімнің, ӛнердің, мәдениеттің ұштасуында жатыр. Осы процесс
қаланың және қалалық мәдениеттің ӛсуіне себепші болды.
Шығыстың қайта ӛрлеуі еуропалықтардан бұрын басталды. Оған Н.И.
Конрадтың айтуынша, XI-XVII ғғ. дейін созылған Аспанасты елінің
гуманистік тұжырымдамалары негізделген VII ғ. басталған Қытай
ренессансын жатқызуға болады. «Хань Юй және қытайлық ренессанс
бастауы» еңбегінде ол итальянша «гуманизм» терминінің синонимі ретінде
қытай тілінде адамды сүю мағынасына саятын «жень» сӛзін алды. Хань Юй
оны ертеде Қытай елінің ең ескі кітабы саналатын Конфуцийдің «И Цзин»
кітабынан тауып алса керек. Ал (XI-XVI ғғ.) Солтүстік Шығыс елінің қайта
ӛрлеуі ӛзбек әдебиетінің негізін салушы Әлішер Науаи есімімен байланысты.
Соған қарағанда, Қиыр Шығыс елінің қайта ӛрлеуі антикалық мәдениет –
перипатетиктердің ізбасары «екінші ұстаз» атанған әл-Фараби есімімен
тығыз байланысты.
Еуропа елдері әлеуметтік-экономикалық қатынастардың, тарихтың
жаңа үлгісіне дайын болған кезде шығыс мәдениеті батыс мәдениетінің
бастауы болды (В.К. Чалоян).
Қоғам ӛміріндегі осыншалықты ӛзгерістер ӛнердің, табиғи және нақты
ғылымдардың, сонымен қатар ұлттық тілдегі әдебиет пен философияның
кӛмегімен жүзеге асты. Ӛрлеу дәуірі философиясында: уақыт ӛте шешілетін
сұрақтар «таза» академиялық сипатта болмады. Философиялық ойлар
кӛптеген
жарияланымдарда,
ғылыми
трактаттарда,
ӛнерде,
тіпті
архитектуралық жаңартуларда жарияланып отырды. Басқаша айтқанда,
ақылға деген сүйіспешілік ӛнердің әр саласынан кӛрініс тапты. «Қайта
ӛрлеушілер» шіркеулік догматизмге қарамастан адамның Құдайға деген
сенімін
ақылдың
кені
ретінде
пайдаланды.
Теоцентризмнен
антропоцентризмге және гуманизмге ӛту адамдардың ӛнерге деген
қабілеттіліктерінен, ішкі бостандыққа деген ұмтылыстарынан байқалды.
Адам ӛзі Құдаймен, таңғажайып табиғатпен арақатынасқа түскенде ӛзінен
«жан-жақты адам» тәрбиелеп шығарады. Бұл адамның «жердегі
тәңірлігінде», оның сенімінде және әмбебаптылығы мен жеке тұлғалығында
байқалады. «Гуманизм» терминінің ӛзі латын тілінен аударғанда «һомо» –
«адам» деген мағына беретіндігі рас. Гуманизмнің қалыптасуы – қайта ӛрлеу
дәуірінің ерекшелігі. Италияда «гумманист» деп түрлі саланың ӛкілдерін
атаған: философтар мен мәмілегерлер, кӛпестер, шенеуніктер мен
патрициялар. Солардың ішінде – ақын Дантэ Алигьери, саясаттанушы
Никколо Макиавелли, философ Лоренцо Валла, граф Пико делла Мирандола,
дана Леонардо да Винчи және т.б. Оларды біріктірген, ӛздерінің
мамандықтарынан бӛлек гумманистік бағытта ӛмір сүру мен оған атсалысу
еді.
«Жанның
ұлылығын»
бағалаған
олар
жақсылыққа
деген
құштарлықтарын оятты. Гуманистер «уақытты жоғалтпау керек»
ұстанымымен отанға қызмет етіп, ол үшін еңбек етіп, оқып ӛз үлестерін
қосты. Олар оқуды сәнге айналдырды. Л.М. Баткин ӛзінің «Итальяндық
гуманистер: ойлау және ӛмір сүру стилі» атты еңбегінде: «ілімге деген
құштарлық дербес емес, ұлттық гуманистік» деген екен. Бірнеше тіл білетін
ғалымдар антикалық еңбектерді тек философиялық тілмен емес, қарапайым
халық түсінерліктей аударды. Ф. Энгельстің анықтамасы бойынша, бұл
титандарды күш жағынан да білім жағынан да қажет ететін дәуір болды. Ал
А.Ф. Лосев бұл дәуірді «титанизмнің ӛзге қыры» деп нақтылады.
Монахтардың дінін жасырын қабылдаған шіркеу ойшылы «Қайта ӛрлеу
эстетикасы» атты еңбегінде Қайта ӛрлеудің адам ӛміріне кері әсері мен
«рухани әлсіреудің» адам болмысына әсерлерін айта түсті. Ренесанстық
қоғамда жеке даралық ӛзін жақсылыққа жаны құмар, жамандыққа қарсы
тұрар адам ретінде кӛрсетеді. Олардың арасын бӛле жаратындай шекара да
жоқ. Құндылықтардың бағасы түсіп, ойлау әркімнің қолынан келетіндей
халге түссе, тұлғаның жекелей дамуы «жаңа заманның қайғысының азаюына
алып келеді» деді. Бұл ӛмірде ӛзін жалғыз, жан-жақты, сенімді сезінсе, бұл
адамзат үшін құлдырау» деген екен У.Шекспир. Сонымен қатар, ӛзіне тым
сенімді болу адамзатқа қауіп әкеледі. Жеке даралық және прагматизм
басымдылықпен емес творчестволық күшпен ӛлшенеді. Бұл қауіп «ӛткенді
жоққа шығару, келешектің әлі жоқтығын, қазіргінің жоқпен теңесуіне» әкеп
соқтырады (Б.Г. Кузнецов).
Осы шарттармен философия ӛнермен және ғылыммен тығыз
байланысқа түседі. Адамның бостандығын мойындау платонизм,
аристотелизм,
неоплатонизмде,
антикалықтың
–
пантеизм
мен
антропантеизмінде кең мағынаға ие. Жаратылстану, математика, физика,
астрономия ғылымдарының дамуы ӛмірге натурофилософия сияқты жаңа
ғылымды енгізді.
Достарыңызбен бөлісу: |