Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


каноны» – толық аты «Дәрігерлік ғылымның каноны»



Pdf көрінісі
бет117/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   313
Байланысты:
treatise20490

каноны» – толық аты «Дәрігерлік ғылымның каноны» үлкен сұранысқа ие 
болды.  ХІІ  ғ.  оны  Г.  Кремонский  латын  тіліне,  кейін  басқа  да  еуропа 
елдерінің  тіліне  аударылды.  Бұл  медициналық  энциклопедия  40  рет 
басылымға шығып, Еуропа елінде Библиядан кейінгі ең кӛп оқылатын кітап 
болды. Бұл кітап бойынша бірнеше ғасырлар бойы (ХІХ ғ. қосқанда) Еуропа 
елдерінің университеттері теория мен дәрігерлік практикаға үйретті.  
Егер  Авиценнаны  шығыс  философиясының  патшасы  атаса,  батыстың 
араб-мұсылман  философиясының  патшасы  деп  Испанияның  Кордовасынан 
шыққан  Ибн  Рушдты  атаған  (1126-1198  жж.)  Бұл  әмбебап  оқымысты  еді: 
дәрігер,  құқықтанушы,  теолог,  математик,  философ-перипатетик.  Оның 
трактаттары  бізге  ислам  теологтары  тарапынан  жоққа  шығарылып,  испан 
еврейлері арқылы жеткен. 
Ол орта ғасыр перипатетиктерінің ӛзекті мәселесіне айналған сенім мен 
білімнің,  дін  мен  ғылымның  рационалистік  бағытын  зерттеген. 
Гносеологияны  зерттеуде  Аверроэс  пассивті  және  активті  сана  деп  бӛледі. 
Пассивті  сана  адамнан,  оның  ынтасынан  бӛліп  қарастырылмайды.  Активті 
сана  жалпыға  ортақ  және  ол  мәңгілік.  Жалпы  ой-сананы  ғажайып  санмен 
қатар  алып  қарастырамыз.  Жеке  тұлғалардың  санасы  жалпыадамзаттық 
санамен байланысты. 
Бұндай  тұжырымдамалар  догматикаға  берілген  теологтардың  ызасын 
келтірді.  Олар  Авиценнаны  Құдайға  сенбейтін,  еретист  деп  атады.Олармен 
қоса,  перипатетиктердің  іліміне  қарсы  шығып,  олардың  мәңгілік  әлем  және 
ғаламның  жаратылмағандығы  туралы  ойларын  теріске  шығарған  Әл-
Ғазалидің «Философтарды теріске шығару» атты еңбегін негізге ала отырып, 
Ибн  Рушд  «Теріске  шығаруды  теріске  шығару»  еңбегін  жазады. 
Философияны  ортодоксальды  мұсылмандықтан  қорғай  отырып,  бұл 
еңбегінде  философияның  теологияға  тәуелді  еместігін  айтады.  Ой-сананы 
ӛрістететін  философияда  қарастырылатын  мәселелер  мұсылмандық 
шарттармен  шешілмейді.  Ибн  Рушд  «дінді  философиялық  дәрежеге  кӛтеру 
керек»,  осылайша  діни  мәтіндер  философияның  арқасында  құпталады  деп, 
«екіжақты ақиқат» концепциясын құрды. 
Бұнымен  Шығыстың  соңғы  перипатетигі  сенімді  еді.  Осы  жігерлі 
рационализмі  үшін  ол  мұсылмандық  андуалзимнің  құрбанына  айналып, 
тарихта  жазылғандай  уланып  ӛлтірілген  еді.  Бірақ,  оның  идеялары  бірнеше 
онжылдықтан кейін Сигер Брабатский, Роджер Бэкон және т.б. Батыс Еуропа 
елдерінің  ойшылдары  кӛмегімен  жүзеге  асты.  Шығыстың  араб-мұсылман 
философиясы  Платоннан  –  Аристотельге  дейін,  Авэрроэсадан  –  Еуропа 
елдеріне кеңінен жайылды.  
Түркі  мәдениеті  мен  философиясындағы  рационалдық  дәстүрде  ХІ 
ғасырдың  кӛрнекті  ӛкілі,  ғұлама  ғалым  «Құтты  біліктей»  терең 


философиялық  мұра  қалдырған  Жүсіп  Баласағұнның  орны  ерекше.  Орта 
ғасыр 
философы 
«шығыс 
пантеизмінде 
сопылық 
идеологияның» 
концепциясын  жақтады.
 
Билікті  бір  қолға  жинау,  мемлекетті  барынша 
орталықтандыру  үшін  тарихи  қажеттіліктен  туған  туынды.  Сондықтан  бұл 
еңбекті  мемлекеттік  басқару  саясаты,  заң  ережелері,  халықтың  мінез-құлқы 
мен  салт-санасы,  әдет-ғұрыптары  негізінде  барша  прициптерді  ӛз  бойына 
жинақтаған  энциклопедия  деп  атауға  болады.  «Құтты  біліктің»  тақырыбы, 
мазмұны  негізінен  бақыт,  әділет,  ақыл,  қанағат  сияқты  мораль 
философиясындағы  басты  ұғымдарға  балама  ретінде  алынған.  Орта  ғасыр 
философының негізгі туындысы «Құтты біліктегі» кӛзқарасы орта ғасырдағы 
Ресейдің  «Домострой»  энциклопедиясындағы  айтылған  оймен  ӛте  ұқсас 
келеді.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет