Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет14/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   313
Миф  –  тарихи  дүниетанымның  ең  кӛне  түрі,  қоғамның  алғаш 
қалыптасуында рулық қауымнан бастап қалыптасқан. Мифтің құрылымында, 
яғни  жырлардың,  аңыздардың  негізінде  басты  сұрақтарға,  аспан  әлемі  мен 
табиғат  жағдайларының,  жануарлар  мен  адамның  пайда  болуы  жайлы 
сұрақтарға  жауап  берілген.  Мифологияның  кӛп  бӛлігін  космологиялық 
мифтер,  әлемнің  құрылымы  жайлы  түсінік  қамтиды.  Мифте  адамның  ӛмір 
сүру түрлері, ӛлім мен ӛмір құпиясы, адамдар күтетін түрлі сынақтарға қатты 
кӛңіл  бӛлінген.  Ерекше  орынды  «батырлық»  жайлы  мифтер  және 
«тұрмыстық»  мифтер  алады,  адамдардың  жетістіктері:  отты  жағуы, 
құралдарды  ойлап  табуы,  егін  шаруашылығының  дамуы,  жабайы 
жануарлардың қолға үйретілуі, ал біздің заманымызда – қоғамдық мифтер.  
Мифологияда  дүниетанымдық  сұрақтарды  шешудің  негізгі  ұстанымы 
генетикалық  болатын.  Дүниенің  алғаш  пайда  болуы  жайлы,  табиғат 
құбылыстары  мен  қоғамдық  құбылыстар,  «кім  нені  жаратты?»  деген 
аңыздан  құралды.  Гесиодтың  «Теогониясында»,  Гомердің  «Иллиада»  мен 
«Одиссейінде»  дүние  келесі  жағдайда  пайда  болды  деп  жазылған. 
Алғашында  тек  мәңгі,  шексіз,  қара  Хаос,  онда  дүние  жаратылысының  кӛзі 
жатты. Шексіз Хаостан бүкіл дүние мен мәңгі тірі Құдайлар, жер Құдайы  – 
Гея  пайда  болды.  Хаостан  ӛмір  нәрі,  күшті,  бәрін  тірілтетін  махаббат  – 
мейірімнің шындықтың, сұлулықтың жоғары түрі пайда болды.  
Миф  ӛзіне  екі  аспектті  біріктірді:  диахроникалық  (ӛткен  ӛмір  жайлы 
аңыз) және синхроникалық (бүгінгі мен болашақ жайлы түсінік). 
Мифтің  арқасында  ӛткен  ӛмір  болашақпен  ұштасып,  ұрпақпен  рухани 
байланысты  қамтамасыз  етті.  Мифтің  мазмұны  алғашқы  адамдарға  жоғары 
деңгейде шындық пен абсолюттік сенімді білдірді.  


Мифтің  негізгі  міндеті  адамға  білім  немесе  түсінік  беру  емес  еді.  Ол 
сенімдердің нақты түрі және мінез-құлықтың қалыптасуы үшін қызмет етті. 
Оның реттеуші қызметі дүние мен адамның, табиғат пен қоғамды, жеке тұлға 
мен қоғамның арасында тепе-теңдікті ұстау болды.  
Мифологияға  жақын,  бірақ  одан  айырмашылығы  бар,  ол  діни 
дүниетаным, жер қойнынан пайда болып, әлі бӛлектенбеген, қоғамдық ойда 
дифференциалданбаған.  Мифология  сияқты,  дін  қиял  мен  сезімге  жүгінеді. 
Бірақ, мифке қарағанда дін жердегі, оның ӛзіндік ерекшеліктерін (жазықтық 
пен таулы жерлер) «араластырмай» екеуін екі қарама-қарсы полюске бӛледі. 
Шығармашылық  құдіреті  күш  –  Құдай,  табиғат  пен  табиғаттан  тыс  тұрады. 
Құдайдың  болмысы  ашықтық  сияқты,  адам  сияқты  уайымдайды.  Шындық 
ретінде  адамның  жаны  мәңгі,  бейітке  барғаннан  кейін  де  оның  ӛмірі  мәңгі 
және Құдаймен кездесетінін біледі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет