Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


Философиялық бағыттар мен жүйелердің алуантүрлілігі



Pdf көрінісі
бет17/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   313
1.3. Философиялық бағыттар мен жүйелердің алуантүрлілігі 
 
Философия  тарихы  үшін  негізгі  мәселе  оның  кезеңденуі  болып 
табылады.  Анағұрлым  бұл  мәселеге  жақын  Г.В.Ф.  Гегельдің  «дәуірдің 
рухани  квитэссенциясы»  болып  табылады.  Осыған  орай  Батыс  Еуропа 
философиялық  дәстүрінде  әрқайсысы  ӛзіне  тән  философиялық  ойдағы 
бірнеше тарихи кезеңдерді бӛледі: 

антикалық философия – б.д.д. VIІ-VI ғғ. аралығындағы Кӛне Грек 
және Ежелгі Мысырда дамыған философиялық ілім

орта  ғасыр  философиясы  –  II-XIV  ғғ.  Еуропада  пайда  болған 
тұжырымдамаларды қамтиды; 

қайта  ӛрлеу  дәуірінің  философиясы  –  XIV-XVI  ғғ.  Еуропада 
пайда болған тұжырымдамаларды қамтиды. 
-  жаңа  заман  философиясы  –  XVII-ХIХ  ғғ.  70  жылдары  Батыс  Еуропа 
мен америкалық ойшылдарды біріктіреді.  
-  заманауи  еуропалық  философия  –  ХIХ  ғ.  70-жылдарынан  бастап, 
қазіргі күнге дейін кӛптеген философиялық білімдерді қосады. 
Философия  –  бұл  тек  ғылым  емес,  сондай-ақ,  ол  қоғамдық  сананың 
формасы,  дүниетанымның  теориялық  негізі.  Оның  негізгі  қарастыратын 
мәселесі сана пайда болған дүние мен сананың қатынасы. Бұл екі мәселенің 
екі  аспектісі  бар:  1)  онтологиялық,  яғни  материя  мен  сана  бірінші;  2) 
гносеологиялық, біз бұл әлемді тани аламыз ба? Бұл сұрақтарға жауап бере 
отырып, философтар материалистер мен идеалистер, оптимистер, скептиктер 
немесе агностиктер болып бӛлінеді. 
 Философия  тарихы  дегеніміздің  ӛзі  материалистер  мен  идеалистер 
арасындағы тартыс. Шындығында, бұл тартыс  әрқашан шынайы түрде бола 
бермеген.  Сонымен  қоса  материализм  мен  идеализм  арасындағы  қайшылық 
абсолютті  болмаған,  екі  бағыттың  екеуі  де  философиялық  ойлаудың  даму 
процесінің бір-бірімен байланысты ӛзегі болды. Бірақ, ежелгі грек философы 
Парменид  (б.д.д.VII-V  ғғ.)  ойлау  мен  болмыс  мәселелерін  қарастырады 
(философияның  негізгі  мәселесі).  Аристотельдің  куәлілігімен  Парменид 
қозғалыс  пен  дамуды  жоққа  шығара  отырып,  «болмаған  нәрседен  ештеңе 
болмайды,  «...  болмаған  нәрсе  біреу  ғана,  басқа  ештеңе  жоқ»  дейді.  Оның 
материализмі  болмыстың  қозғалмауы  мен  ӛзгермеуінен  тұрады.  Платон  екі 


типтегі  философтарды  айтқан,  «олардың  бәрі  аспаннан  және  кӛрінбейтін 
саладан  жерге  қарайды,  дене  мен  болмысты  бір  нәрсе  деп  таниды»,  ал 
басқалары  «шындық  болмысты»  әлдебір  ақылға  сиятын  және  денесіз 
идеяларға әкеледі.  
Аристотельде  философияның  негізгі  мәселесі  айқын  кӛрінбейді.  Бұл 
мәселенің  кӛрінісі  онда  анық  емес  формада  бірнеше  нұсқада  беріледі.  Бұл 
біріншіден,  біздің  танымымызға  сәйкес  берілгендерден  басқа  нәрсе  бар  ма: 
«сезімімізге  әсер  ететін  қозғалыстағы  нәрсе  бар  ма,  әлде  жоқ  па,  осыны 
түсіну  қарастырылады,  егер  бар  болса  ол  не?»  деген  мәселе.  Қарсы  жатқан 
табиғатты қарастыра отырып, Стагирит анағұрлым бұны анық кӛрсетіп, оны 
«ӛзге аксиомдардың бастамасы» деп атайды. Ол былай айтылады: «бірдің ӛзі 
және  бір  уақытта  болған  және  бір-біріне  қатынаста  қатыссыз...»  және 
қысқаша: – «біреу бір нәрсені болған және болмаған деп есептей алмайды». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет