Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


«Ұмытылғанның  хаттарында»



Pdf көрінісі
бет226/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   313
«Ұмытылғанның  хаттарында»  Шәкәрім  жақсы  ӛмірге  адал  еңбек 
пен нұрлы ақыл және таза жүрек қана негіз болуы керек деп кӛрсетеді. Бұл 
үш қасиет барлығынан үстем, себебі оларсыз ӛмірде бейбітшілік пен бірлікке 
қол  жеткізу  мүмкін  емес.  Ӛзіндік  кӛзқарастарымен  жұртшылықты  ӛзіне 
қаратқан  ойшылдың  философиясы  «шынайы  сенім  мен  ғылымды,  білімді 
және  дінді  салыстыру  негізінде  қалыптасты»  (О.А.Сегізбаев).  Кеңес 
заманында  мұндай  кӛзқарас  бүлікшіл  кӛзқарас  деп  саналды  және  ол 
кӛзқарасты  бӛліскен  кез  келген  адам  қауіпті  адамдар  қатарына  қосылды. 
Бірақ  Шәкәрімге  ол  кедергі  болмады.  Ол  жазып  қана  қоймады,  ӛзінің 
еңбектерін  газет-жорнал  беттерінде  жариялап  тұрды.  Оның  еңбегін 
әділеттілік  үшін  және  халқы  үшін  істеген  азаматтық  ерлік  деуге  болады 
(О.А.Сегізбаев).  
 Ахмет  Байтұрсынов  (1873-1937  жж.)  –  белгілі  қазақ  ағартушысы, 
ақын,  түркітанушы,  ғалым,  аудармашы,  педагог,  публицист  және  қоғам 
қайраткері.  
Оның  әкесі  –  Байтұрсын  Шошақов  халық  батыры  Үмбетейдің  ұрпағы 
болатын және батыр, дана, ӛзіндік кӛзқарасы бар дана адам болды. Ол қазақ 
ауылдарындағы  тәртіпсіздікпен,  бассыздықпен  келісе  алмайды,  жергілікті 
билеушілермен  жиі  жаға  жыртысып  жүретін.  1885  жылы  Байтұрсын  мен 
оның  ағасы  уезд  басшысының  басын  жарғаны  үшін  15  жылға  бас 
бостандықтарынан  айырылып,  Сібірге  жер  аударылады.  Биліктің  әкесін, 
туысқандарын,  ауылдастарын  жазалауы  болашақ  ақынның  жүрегіне  жара 
салған  еді.  Семей  абақтысынан  Анасына  жазған  хатында  (1909) 
А.Байтұрсынов  бұл  оқиғалар  жӛнінде:  «13  жасымда  қайғыға  батқан 
жүрегімде жазылмайтын жара мен ӛшпес із қалды» деп жазады.  
Ахмет  ауыл  молдасынан  сауат  ашады.  1886  жылы  Торғайдағы 
екікластық училищеге оқуға түседі, сосын Орынбордағы қырғыз мектебінде 
оқып,  оны  1895  жылы  бітіріп  шығады.  Байтұрсынов  ауылдар  мен 
болыстардың  мектептерінде,  сондай-ақ  Ақтӛбе,  Қарқаралы  уездеріндегі, 
Қостанай  қаласындағы  екікластық  орыс-қазақ  училищесінде  ұзақ  жылдар 
бойы  мұғалім  болды.  «Жиған-терген»  деп  аталатын  кітабындағы  ӛлеңдері 
осы кезеңде жазылды.  
 Байтұрсынов  ағарту  мен  білім  әлеуметтік  ӛзгерістерден  кейін  ғана 
пайда  әкелетінін  түсінді.  Жергілікті  билеушілердің  зорлық-зомбылығы  мен 
патшаның отаршыл саясатына қарсы боды.  
1905-1907  жылдардағы  революция  қоғамдық  ӛмірді  ӛзгертуге  сенім 
ұялатты.  Ол  халықтық  толқуларға  белсенді  қатысып,  жиындарда  жиі 
сӛйлейді, қазақ зиялыларының басын біріктіріп, Петербурге үкіметтің атына 


петиция  жазады.  Реакцияшыл  бағыттағы  толқулар  жиілеген  кезде  ол 
астыртын  ұйымдарда  жұмыс  істейді.  1909  жылы  жандармдар  оны 
жолдастарымен  бірге  тұтқындап,  Семей  абақтысына  жабады.  Онда  ол  8  ай 
бойы тергеуде болады. Содан кейін оны қазақ даласынан аластатылып, ұзақ 
уақыт  бойы  полицияның  бақылауында  болады,  бірақ  ол  халықтың  еркіндігі 
жолындағы күресін тоқтатпады.  
 Осы  жылдары  ол  ӛлеңдер  жазып,  орыс  классикасын  аударумен 
айналысады. 1909 жылы Петербургте оның «Қырық мысал» жинағы жарық 
кӛреді.  Жинақ  А.Байтұрсыновты  ақын,  аудармашы  және  халқының 
жанашыры  ретінде  танытты.  «Маса»  ӛлеңдер  жинағы  1911  және  1914 
жылдары  Орынборда  басылып  шықты.  Байтұрсынов  халыққа  білім  беріп, 
жалпы  адамзаттық  құндылықтарды  насихаттау  арқылы  мәдениетті  кӛтеруге 
болатынын жақсы түсінді.  
1913-1917жж.  –  А.Байтұрсыновтың  ӛміріндегі  есте  қаларлық  жылдар 
болды. Ол «Қазақ» газетінің редакторы болып қызмет етті. «Қазақ» газеті сол 
кезеңде қазақ тіліндегі жалғыз газет еді, ол Орынбордан шығарылып тұрды. 
Газетте  ол  білім  беру,  әдебиет,  тіл  білімі  мәселелері  бойынша  кӛптеген 
мақалаларын  жариялап,  оқырмандарды  халқының  бай  мәдени  мұраларымен 
таныстырады, білімге, рухани жетілуге шақырады.  
Ақпан  және  Қазан  революциясы  жылдарында  басқа  да  қазақтың  және 
орыстың  зиялылары  сияқты  А.Байтұрсынов  жағдайдың  мәнісін  бірден 
аңдамады.  1919  жылы  кеңес  үкіметінің  жағына  ӛтіп,  оған  Лениннің  қолы 
қойылған  мандат  беріледі.  Қазақ  ӛлкесін  басқару  бойынша  Революциялық 
комитеттің  жұмысына  қатысады.  Қазақ  кеңес  республикасы  құрылғаннан 
кейін  А.Байтұрсынов  халық  ағарту  ісінің  наркомы  болып,  үкіметтің 
құрамына енеді. Халық ағарту ісінің комиссариаты жанындағы Қазақстанның 
академиялық орталығынан шығатын «Ақ жол» газетінде оның тіл білімі мен 
әдебиетке қатысты бірқатар еңбектері жарияланды.  
Репрессия  жылдары  А.Байтұрсынов  басқа  да  мемлекет  және  мәдениет 
қайраткерлермен бірге негізсіз тұтқындалып, түрмеге отырғызылады, сосын 
Архангельскіге  жер  аударылады.  1934  жылы  М.Горький  мен  оның  әйелі 
Е.П.Пешкованың  араласуымен  және  Халықаралық  Қызыл  Крест  ұйымының 
кӛмегімен  түрмеден  босатылады.  Бірақ  ол  еркіндікте  ұзақ  жүрмеді,  1937 
жылы  Ахмет  Байтұрсынұлы  екінші  рет  тұтқындалып,  ату  жазасына 
тартылды. Әділдік тек жарты ғасыр ӛткен соң ғана орнады, 1988 жылы кеңес 
сотының шешімімен ол дүниеден озғаннан кейін ақталды.  
 М.  Дулатов  (1885-1935  жж.)  –  саяси  әрі  қоғам  қайраткері,  ақын  және 
жазушы,  Алаш  ұлттық-демократиялық  партиясының  мүшесі,  1928  ж.  басқа 
да  алшордалықтармен  бірге  ату  жазасына  кесіліп,  қылмысы  дәлелденбеген 
соң, 10 жыл абақтыға тоғытылды, сол жерде қаза болды.  
Қазан  революциясына  дейін  М.Дулатов  ӛзінің  «Оян,  қазақ!»  атты 
атақты  поэмасын  жазды.  Ол  зиялылар  қауымына,  халқына  осылай  танымал 
болды.  
М.Дулатов  ӛзінің  шығармашылығында  қоғамдық  қатынастарға, 
адамның  мінез-құлқына  үлкен  мән  берді.  Ол  «Бақытсыз  Жамал»  деп 


аталатын  әлеуметтік-психологиялық  романында  анық  байқалады.  Романда 
адамдардың  түрлі  әлеуметтік-психологиялық  типтеріне,  олардың  ішкі  жан 
дүниесіне талдау жасалады.  
Белгілі  ақын-демократ  С.  Торайғыров  (1893-1920  жж.)  ғылыми-
техникалық прогресс дәуірінде адам мәселесіне ерекше мән беру керек деді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет