Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет297/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   313
Байланысты:
treatise20490

бәсекелестік.  Оның  ойынша,  капитализмнің  қазіргі  түрі  ӛз  мақсатында 
неғұрлым  қаталдырақ,  дегенмен  кейнсиандық  пен  қоғамның  жалпы  әл-
ауқаттылығы  идеологиясының  әсерінен  1930-1940  жылдары  қалыптасқанға 
қарағанда,  ӛз  құралдарында  анағұрлым  иілімдірек.  Оның  айтуынша: 
«Дамудың  жаңа,  ақпараттық  тәсілінде  ӛндірімділік  кӛзі  білімді  қалып-
тастыру,  ақпаратты  ӛңдеу  және  символикалық  коммуникация  техноло-
гиясында қамтылады. Әрине, білім мен ақпарат дамудың барлық тәсілдерінде 
ең маңызды элементтер болып саналады, себебі ӛндіру процесі әркез белгілі 
бір  білім  деңгейіне  және  ақпараттың  ӛңделуіне  негізделеді.  Дегенмен, 
дамудың ақпараттық тәсілі үшін ӛндірімділіктің негізгі кӛзі ретіндегі білімге 
дәл сол білімнің ӛзінің ықпал етуі ӛзіндік ерекшелік болып табылады». 
Кастельс  ақпараттық-технологиялық  революцияның  оның  тарихи 
ізашарларымен салыстырғандағы түбегейлі ерекшелігі келесіде деп санайды: 
егер  бұрынғы  технологиялық  революциялар  шектелген  аумақта  ұзақ  уақыт 


бойына  қалған  болса,  жаңа  ақпараттық  технологиялар  бүкіл  ғаламшар 
кеңістігін лезде қамтап алады. 
М.Кастельс  ақпараттық-технологиялық  революцияда  ӛнертапқыштар, 
кәсіпкерлер,  қаржылық  корпорациялар  мен  мемлекет  арасындағы  байла-
нысты талдайды. Ол (АҚШ-тан бастап Қытай мен Үндістанға дейін мысалдар 
негізінде)  бүкіл  әлемде  мемлекет  (ӛнертапқыш  емес)  осы  революцияның 
бастамашысы  әрі  негізгі  ынталандырушысы,  әлеуметтік  және  мәдени 
күштерді  білдіріп  ұйымдастырушы,  үлкен  және  қорғалған  нарықтардың 
дамуына  септігін  тигізетін,  макрозерттеу  бағдарламаларын  қаржылан-
дырушы  фактор  болып  саналғандығын  дәлелдейді.  Сонымен  қатар, 
орталықсыздандырылған инновациялар технологиялық белсенділік мәдение-
тімен және жедел жеке табыс үлгілерінің рӛлімен ынталандырылады. 
Ақпараттық қоғамның басқа бір негізгі тұсы Кастельс бойынша, оның 
базалық  құрылымының  желілік  логикасы  болып  табылады.  Ол  ақпараттық 
дәуірдің  әлеуметтік  құрылымын  желілік  қоғам  деп  атайды,  себебі  ол  уақыт 
пен  кеңістікті  кесіп  ӛтетін  ғаламдық  ағындағы  виртуалдық  мәдениетті 
қалыптастыратын 
ӛндірістің, 
билік 
пен 
тәжірибенің 
желілерімен 
құрастырылған.  Оның  пікірі  бойынша,  жаңа  ақпараттық  қоғам  ӛндірістік 
қатынастарда,  билік  пен  тәжірибе  қатынастарында  құрылымдық  қайта 
құрылу байқалған кезде (және байқалатын болса), пайда болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет