12.2. Тарих философиясы
Тарих философиясы философиялық ілім тармақтарының бірі ғана
емес, тарихи процестің мазмұны ӛзіндік философиялық кӛзқарас пен пайым-
даудың тақырыбына айналған кездегі тарихи материалға қатысты ерекше
кӛзқарас. Ӛзгермелі заман, қарқынды әлеуметтік құрылымдар, кӛшпелі мәде-
ниеттер контекстіндегі адам пән ретіндегі тарих философиясының негізгі
мазмұны болып табылады. Адамзат тарихына қатысты философиялық
кӛзқарастардың дамуы кӛптеген ғасырлар бойына – Конфуций мен Лао-Цзы,
Платон мен Аристотель кезеңдерінен бастап ӛріс алды.
Философиялық ілімнің арнайы бӛлімі ретіндегі тарих философиясының
бастапқы нүктесі ретінде Гегельдің «Тарих философиясы бойынша
дәрістері» саналады.
Гегель ХІХ ғасырдың басында батыс еуропалық ойшылдары арасында
бірінші болып философия мен тарихты біріктірді. Ол дүниежүзілік-тарихи
процестің парасаттылығы тұжырымдамасын – тарих барысына алғаш тарихи
берілген бағаны әзірледі.
Еуропада тарих философиясына қызығушылық Француздық Ағарту
дәуірінде пайда болды. «Тарих философиясы» термині Вольтермен енгізіліп,
дүниежүзілік тарих туралы философиялық пікірлер жиынтығын олардың
қажеттілігі мен заңдылығының арнайы философиялық-теориялық негіз-
демесінсіз қамтып келді. Деректерді білу ретіндегі сипаттау тарихы мен та-
рихи процестің теориялық қайта құрылуы арасындағы айырмашылықтардың
дәлелдемесін Ж.-Ж.Руссо берді. Бірақ оған дейін Д.Вико «жаңа ғылыммен»
зерделенетін «мәңгілік мінсіз тарихты» түрлі халықтардың эмпирикалық та-
рихынан бӛліп ажыратты.
Материалистік негізде тарих философиясын К.Маркс жетілдірді.
ХХ ғасырда білімнің бұл саласына үлкен үлес қосқандардың қатарында
К.Ясперсті, А. Тойнби мен У. Ростоуды атауға болады.
Қазіргі тарих философиясы – бұл қоғамның табиғаттан ерекше дамуы-
ның сапалық ӛзінділігін ұғынуға арналған философиялық ілімнің салы-
стырмалы дербес саласы. Тарих философиясы бірнеше маңызды мәселелерді
қарастырады:
• тарихтың мәні мен бағытталуы;
• қоғамды типологияландырудың әдістемелік тәсілдері;
• тарихты кезеңдерге бӛлудің критерийлері;
• тарихи процесс ілгерілеуінің критерийлері.
Аталған мәселелерді қарастыруға кірісер алдында, тарих филосо-
фиясында жоғарыда аталған мәселелердің бір де біреуі бойынша айтылған
пікірлер арасында бірлік жоқ. Кӛзқарастардың түр-түрлігі соншалық, олар
бір-бірін толықтырудан гӛрі бір-біріне қарамақайшы келеді. Мәселен, кейбір
философтар тарихи заңдарды мойындайды, ал басқалары – жоққа шығарады.
Бірқатар философтар тарихта мән-мағына бар деп санаса, басқалары тарихта
мағына жоқ және болуы мүмкін емес деп ойлайды. Тарихи процесс қандай
қозғалтқыш күштердің арқасында жүзеге асырылады? Бұл сұраққа да түрлі
философтар алуан түрлі жауап қайтарады.
Бұл қайшылықтарды түсіндіру қиынға түспейді. Тарих түрлі әлеуметтік
уақытта, түрлі мәдениеттер мен ӛркениеттерде, түрлі географиялық ортада,
әр қоғамдағы техника мен ӛндірістік күштердің түрлі даму деңгейі барысын-
да ӛтіп жатады. Сарп еткенде, түрлі қоғамдарда түрлі құндылықтар иерархи-
ясы, түрлі діндер, идеологиялар және т.б. үстемдік етеді.
Дегенмен айта кететін бір жайт бар: тарихи даму жалпы объективті си-
патта болады, себебі адамдардың ӛмірі қай жерде, қашан ӛтетіндігіне қарама-
стан, материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігіне негізделеді,
яғни қалай болғанда да, қоғам ӛз дамуының қай сатысында болса да, матери-
алдық ӛндіріске үлкен кӛңіл бӛлуі керек. Бұл ӛндіріс алдыңғы ұрпақтардан
«мұра» болып қалған ӛндірістік күштер дамуының белгілі бір деңгейінде,
басқаша айтқанда, объективті түрде жүзеге асырылады. Осылайша, тарихи
процестің объективтілігі адамдардың тіршілік әрекетінің нақты материалдық
негіздерінің болуымен, олар тұтқан мүдделермен, олармен қанағаттандыры-
луы тиіс қажеттіліктермен байланысты болады.
Тарихтың «бағытталуына» қатысты мәселелер ұғыну барысында
қиындық тудырмайды: философтардың қоғам қайдан және қайда бара
жатқандығы туралы сұрақты қарастырғандығы және әлі де қарастыра-
тындығы түсінікті. «Тарихтың мәніне» қатысты мәселе біршама күрделірек,
себебі тарихтың мәнін тарих мақсаты ретінде ұғынуға болады. Ал тарихта
мақсат, яғни мағына бар ма? Осы мәселе адамдарды кӛптеген ғасырлар
бойына мазалап келеді. Әлеуметтік-философиялық ойда тарихтың мақсаты
мен мәніне қатысты мәселеге ӛз түсініктемелерін беріп жүрген түрлі тәсілдер
де бар.
Антикалық философияда қоғам ӛркениеттің дамуымен азады деп са-
найтын кӛзқарас кеңінен таралған болған. Ол «алтын ғасырдан» «күміс
ғасырға», ал одан «темір ғасырға» қарай созылады. Інжілдік дәстүрде бұл
кӛзқарас Әлемді су тасқыны басуын Құдайдың Берген жазасы ретінде
түсіндірулерде пайда болады. Бір қызығы, қарапайым-практикалық санада
ӛткен күндерді қуанышпен еске түсіретін мұндай ұстаным кеңінен таралған.
Антикалық кезеңде тарихи процестің басқа да түсініктемелері пайда
болған, олардың негізін Гераклит қалаған. Оның бірде ӛшіп, бірде жаңа
күшпен лапылдап жанатын мәңгілік от ретіндегі тарих «тамырының» соғуы
туралы идеясы «айналым теориясы» деп аталатындардың ішінде алғашқысы
болды.
Айналым
теориясының
авторлары
Аристотель,
Д.Вико,
Н.Я. Данилевский, О. Шпенглер, П.А. Сорокин, А. Тойнби болып саналады.
Үшінші топқа тарихты бірізді даму, қоғамның ӛмір сүрудің тӛменгі
формаларынан неғұрлым жетілген формаларына ауысуы ретінде қарастыра-
тын теориялар жатқызылады (Кондорсе, Тюрго, И.Кант, Гегель, К.Маркс).
Кӛптеген философтар тарих философиясын Аврелий Августиннен ба-
стайды. Ол тарихтың басталуы ретінде Христостың келу кезеңін белгілеп,
әлемдік-тарихи процестің бірлігін кӛрсеткісі келген. Осылайша, адамзаттың
тарихы – бұл «жаратылған» болмыс, оның ақыры Қияметтегі сотпен аяқтал-
мақ. Кӛптеген ғасырлар бойына, оған ХХ ғасырды да қоса санауға болады,
Августиннің ізбасарлары кӛптеп саналған.
Адамзат тарихын Құдай жолды тарихтан, жер бетіндегіні аспандағыдан
ажыратуға итальян ойшылы Д.Вико әрекеттеніп кӛрген. Ол тарихтың мәнін
табиғи қажеттілікпен, яғни себеп пен салдардың үнемі қайталанып отыратын
тәртібімен байланыстырған. Барлық халықтар үш дәуірден тұратын ортақ
жолдан ӛтеді: Құдай жолды, кейіпкерлік және адами дәуірлер, олар адамзат-
тың балалық шағына, жасӛспірім кезі мен ересек шағына сәйкес келеді.
Қажетті айналымнан ӛткен халықтар мен елдер жаңа айналымды бастайды –
жоғарыда аталып кеткен дәл сол үш дәуір. Сонымен қатар, Д.Вико адамдар-
дың нәпсін ауыздықтап отыратын Құдыретті күштің рӛлін де жоққа
шығармаған.
XVIII ғасыр туралы біз Вольтердің арқасында «тарих философиясы»
ұғымының пайда болған уақыты ретінде айтып кеткен болатынбыз. Бұл
кезеңде тарихтың мәні мен мақсатына қатысты Ағарту дәуіріне тән кӛзқарас
қалыптаса бастағандығын да айта кету керек. Бұл жағдайда тарих мәні адам
парасаттылығының ілгерілеуімен байланыстырылып, адамзат тарихы,
осылайша, осы ілгерілеудің сатыларымен жүзеге асырылатын қозғалысқа
айналды. Бұл идеяны дамытуға үлес қосқандар арасында ұлы неміс
философтары И.Г.Гердер мен И.Кантты атауға болады.
Алғашында Гердерде пайда болған тарихилық ұстанымының іргелі
негіздемесі Гегельге тиесілі. Гегельдің историцизмі екі негіз қалаушы
ұстанымнан тұрады:
1) тарихтың субстанциялығын, ондағы негіз қалаушы субстанция
ретінде шексіз қуатқа ие ақылдың болуын мойындау;
2) тарихи процестің тұтастылығы мен орындылығын кӛрсету;
дүниежүзілік тарихтың ақырғы мақсаты рухтың ӛз еркіндігін сезінуі.
Тарихилық ұстанымы марксистік философиямен қабылданды,
дегенмен, оны ұғыну елеулі ӛзгерістерге ұшырады, бұл ӛзгерістер, ең
алдымен, тарих пен қоғамды материалистік ұғынуға қайта бағдарлауға
қатысты орын алды. Марксизмде де «тарихилық» термині ӛзгеріске ұшырап,
«тарихшылдық» атауына ие болады. Тарихшылдық уақыт аралығында
ӛзгеріп дамып тұратын болмысқа қатысты кӛзқарасқа негізделген.
Тарихи процесті кезеңдерге бӛлуде бірегей тәсілді И.Г.Фихте ұсынған.
Оның ойынша, «адамзаттың жер бетінде ӛмір сүруінің мақсаты – ӛзінің
барлық қатынастарын еркін әрі ақылға сай жайғастыру. … Еркіндік …
парасатты заңдарға сай ғылым болуы тиіс, соларға қарап адамзат еркін ӛнер
арқылы ӛз қатынастарын орнатуы тиіс». Сонымен, Фихтеде дәуірлерді бӛліп
кӛрсетудің негізгі критерийі – еркіндік, оның түйсіктен алшақтану дәрежесі.
Бұдан әрі неміс философы бес дәуірді бӛліп кӛрсеткен: «1) адами қатынастар
мәжбүрлеусіз, бір ғана парасатты түйсіктің арқасында орнатылатын дәуір; 2)
әлсіреген, тек кейбір таңдаулыларда кӛрініс табатын бұл түйсік соңғы
аталғандармен басқалар үшін мәжбүрленген сыртқы беделге айналды-
рылатын дәуір; 3) осы беделмен бірге осы уақытқа дейін кӛрініс тауып
келген жалғыз нышандағы ақылдан бас тартылатын дәуір; 4) адамзат
арасында ғылым түріндегі ақылдың жаппай таралу дәуірі; 5) ӛмірді ғылымға
сай ӛзгерту мақсатында, ӛнердің ғылымға қосылу дәуірі… Кейін адамзат
басқа әлемнің жоғары аяларына аяқ басады».
Философияда «дәуір» терминін қолдану осы уақытқа дейін кеңінен
таралып келгендігін айта кету керек, дегенмен, бұл Фихтенің қосқан үлесі
деп айтуға болмайды, сірә, бұл экзистенциализм ӛкілдерінің қазіргі
философияға қосқан үлесі болса керек. К.Ясперстің ӛзі тарих – бір дәуірден
екінші дәуірге ауысу болып табылатындығы туралы тұжырым жасаған.
«Адам болмысының тарихи субстанциясын» дәстүр құрайды.
Ясперстің пікірі бойынша, адамзат біртұтас. Адамзат бірлігін түсіндіру
үшін, Ясперс бүгінде кеңінен танымал болған «ордалық дәуір (осевая эпоха)»
ұғымын енгізеді (б.д. дейінгі 1 ғасырдың ортасы), бұл кезеңде адамзат
тарихы ӛзінің жеке құрылымына ие болады. Әрбір тарихи дәуір басқасынан
ӛзіндік тарихи жағдайымен ерекшеленеді. Ұқсас тарихи жағдайлардың пайда
болуы да ықтимал. Мәселен, қазіргі адам түрі қалыптаса бастаған кезде,
бірдей тарихи жағдайлар Қытайда, Үндістанда, Парсыда, Палестина мен
Ежелгі Грецияда пайда болады. Міне, осыны әлемдік ӛркениеттің «ордалық
дәуірі» деп атайды.
Ясперс үшін әлем уақыт аралығында берілген нақты болмыс және әрбір
тарихи дәуір басқасынан ӛзіндік жағдайымен ерекшеленеді. Тарихи
нақтылық та сол себепті біржолғы әрі қайталанбас келеді, тарихты ұғыну
үшін, адамды ұғыну керек, адами болмыс ӛзін уақыт аралығында – тарих
арқылы танытады.
Дүниежүзілік тарих барысын қарастыра келе, Ясперс О.Шпенглер мен
А.Тойнбиден ерекше, бӛлек қоғамдардың арасында бар болып кӛрінетін
айырмашылықтарға қарамастан, адамзаттың шығу тегі мен даму жолы бір
деп санайды. Бұл қағиданы философ еш айғақсыз қабылдайды, себебі оны
(оның антитезисін де) қатал айғақтау мүмкін емес. Бірақ ол тарихтың
марксизммен қалыптастырылған материалистік түсіндірілуімен келіспейді,
онда тарихтегі негізгі рӛлді экономикалық факторлар атқарады: Ясперстің
пікірі бойынша тарих, адами нақтылық ретінде рухани табиғат
факторларымен анықталады; ал экономикалық факторлар, ӛздерінің
қаншалықты маңызды болғанына қарамастан, бағынышты рӛлді атқарады.
Осылайша, Ясперстің пікіріне сүйенсек, әлемдік тарихи процесс айқын
бірлікке ие және рухани бастау басымдылығына негізделеді. Ол мәселені
кӛтере отырып, тарих философиясының ескі христиандық дәстүріне қайта
оралады, бұл дәстүр тарихты басы мен аяғы бар, бір бағыттағы желілік
процесс ретінде қарастырады, ал тарих кульминациясы (Гегель бойынша –
«дүниежүзілік тарих ордасы») ретінде Христостың келуі саналады.
Қазіргі кезде тарихи процесті ұғынудың формациялық және
ӛркениеттік тәсілдері неғұрлым кӛп таралған. Тарихты формациялар мен
ӛркениеттер бойынша кезеңдерге бӛлу мәселесі әдебиеттерде талқыланып
келгеніне жүз жылдан астам уақыт ӛтті. Біз де ғалымдардың «формация» мен
«ӛркениет» категорияларына кіргізгендерімен танысып ӛтейік.
Қоғамдық-экономикалық формациялар
теориясының
авторлығы
К.Маркстің еншісінде. «Формация» термині геологиядан алынған, онда бұл
терминмен белгілі кезеңдегі геологиялық шӛгінділердің қабатталуы аталады.
Формациялар туралы философиялық ілімнің басы 1845-1846 жылдары
аралығында Ф.Энгельспен бірлесе жазылған, марксизмнің қалыптасу
кезеңіне жататын аса елеулі шығарма болып табылатын «Неміс идеоло-
гиясында» бастау алады. «Неміс идеологиясының» авторлары ӛндірістік
күштер – ӛндірістік қатынастар – саяси құрылым – қоғамдық сана
формаларын қамтитын қоғамдық құрылымды бӛліп кӛрсетеді. Бұл жұмыста
сондай-ақ, тарихи процестің кезеңделуі де беріледі. Адамдар қоғамының
тарихи дамуының негізгі кезеңдері – бұл жеке меншіктің кезекпен бірін-бірі
ауыстырып тұратын басым формалары: 1) тайпалық, 2) антикалық, 3)
феодалдық, 4) буржуазиялық, 5) жалпыға ортақ меншіктің болашақ
коммунистік формасы.
Осы жердің ӛзінде-ақ қоғамдық тарихтың болашақ формациялық
кезеңденуінің негіздері кӛріне бастайды, ал толық түрінде әлеуметтік-
экономикалық формациялар туралы ілім ХІХ ғасырдың 50-жылдарының
аяғына қарай қалыптастырылып, «Саяси экономияға сын» жұмысында
берілді. Толық «қоғамдық экономикалық формация» термині мен осы
ұғымның анықтамасы бірге алғаш рет К.Маркстің «Саяси экономияға сын»
(1859 жыл) жұмысына жазылған алғы сӛзінде кездеседі.
К.Маркс теориясы қоғам құрылымын жүйе және оның кезеңдері
ретінде кӛруге кӛмек берді, бұлар, бір жағынан, кез келген халық үшін
міндетті болса, екінші жағынан – әрбір қоғамның құрылымы әрбір нақты
кезеңде ұқсас болады.
Бүгінде философтардың кӛпшілігі қоғамдық-экономикалық форма-
циялар теориясы – қазіргі жағдайда кӛптеген реалияларды түсіндіре
алмайтын, сондықтан эвристикалық функцияларды орындамайтын батыс
еуропалық феномен екендігін мойындап отыр.
Формация теориясының негізіне салынған аталмыш негізгі теориялық
тармақтардың ешбіреуі бүгінде талассыз бола алмайды. Қоғамдық-
экономикалық формациялар теориясы ХІХ ғ. ортасындағы теориялық
тұжырымдарға негізделіп қана қоймайды, осының салдарынан кӛптеген
қалыптасып отырған қайшылықтарды түсіндіре алмайды: прогрессивті
(ілгері) даму аймақтарымен қатар артта қалушылық, стагнация және
тығырыққа тірелу аймақтарының болуын; мемлекеттің қандай да бір түрде
қоғамдық ӛндірістік қатынастардың маңызды факторына айналуын;
кластардың түр сипатының ӛзгеруі мен жетілдірілуін; жалпы адами
құндылықтарды
кластық
құндылықтардан
басым
санайтын
жаңа
құндылықтар иерархиясынның пайда болуын. ХІХ ғ. аяғында – ХХ ғ.
басында тарих барысын ұғынуға қатысты жаңа ӛркениеттік тәсіл пайда
болады. Ол О.Шпенглер, кейінірек А.Тойнбидің және т.б. еңбектерінде
қалыптастырылады.
|